Президенттің өкілеттілігіне азаматтық мәселесі, саяси баспана беру, ҚР-сы мемлекеттік наградаларымен марапаттау, жоғары әскери және арнаулы шен, дәреже беру, кешірім жасау сияқты өкілеттіктер кіреді.
Тапсырма. Аударыңыз.
Президент Республики Казахстан является главой государства, его высшим должностным лицом, определяющим основные направления внутренней и внешней политики государства и представляющим Казахстан внутри страны и в международных отношениях. Президент Республики - символ и гарант единства народа и государственной власти, незыблемости Конституции, прав и свобод человека и гражданина. Президент Республики обеспечивает согласованное функционирование всех ветвей государственной власти и ответственность органов власти перед народом. Президент избирается на пять лет из граждан не моложе 40 лет, проживающих в республике не менее 10 лет и свободно говорящих на государственном (т.е. казахском) языке.
Тапсырма. Мәтін бойынша сұхбат құрастырыңыз.
Тақырып. Ұлттық қауіпсіздік. Қарулы күштер. Болымсыздық категориясы.
ЛТТЫҚ ҚАУІПСІЗДІК
Ұлттық қауіпсіздік – азаматтардың, қоғамның және мемлекеттің өмірлік мәнді мүдделерінің, ұлттық құндылықтарының, өмір салтының әртүрлі (саяси, экономикалық, әскери, экологиялық, психологиялық және тағы басқалар) ішкі және сыртқы қауіп-қатерлерден қорғалғандығын айтамыз.
Ұлттық қауіпсіздік өзара байланысты үш деңгейден тұрады:
• жеке адамның қауіпсіздігі;
• қоғамның қауіпсіздігі;
• мемлекеттің қауіпсіздігі.
Олардың өзара байланысы қозғалмалы және қоғамдық қатынастардың сипатымен, саяси және экономикалық құрылымдармен, құқықтық мемлекет пен азаматтық қоғамның даму деңгейімен анықталады. Ұлттық қауіпсіздіктің мемлекет пен қоғам қауіпсіздігі өзіндік мақсат емес, жеке адамның қауіпсіздігін қамтамасыз ету қызметіне айналған жағдайда толық жүзеге асырылады.
Сыртқы ұлттық қауіпсіздік – ұлттық мүдделердің, ұлттық құндылықтардың, байлықтың және өмір салтының сырттан келетін қауіп-қатерден қорғалуы. Ұлттық қауіпсіздік әскери жолмен де, басқа да әдістермен бұзылуы мүмкін, мысалы, шекара арқылы заңсыз шикізат, ресурстар, валюта, көркем және өзге құндылықтарды енгізу, алып өту, өнеркәсіптік немесе өзге де тыңшылық, рухани басакөктеу, іріткілік ақпарат тарату және тағы басқа. Қазақстанның сыртқы қауіпсіздігі халықаралық құқықтың негізгі қағидаттарын мойындап, қорғауға негізделеді және белсенді сыртқы саяси және өзге де әрекеттермен жүзеге асырылады. Ішкі ұлттық қауіпсіздік жеке тұлғаның, қоғамның, мемлекеттің тұрақты қызмет етіп, дамуына әсер ететін қауіп-қатерден қорғануы.
1-тапсырма. Мәтінді түсініп оқып, мәтін бойынша сұрақтар дайындаңыз.
Тапсырма. Синтаксистік талдау жасаңыз
Ұлттық қауіпсіздік – азаматтардың, қоғамның және мемлекеттің өмірлік мәнді мүдделерінің, ұлттық құндылықтарының, өмір салтының әртүрлі (саяси, экономикалық, әскери, экологиялық, психологиялық және тағы басқалар) ішкі және сыртқы қауіп-қатерлерден қорғалғандығын айтамыз.
Тапсырма. Сөз тіркестерін толықтырыңыз, аударыңыз, сөйлем құрастырыңыз.
Ұлттық.....,.... құндылықтар, өмір..., адамның....,.... қауіпсіздігі, жүзеге.....
Тапсырма. Мәтіндегі септік жалғауларын ажыратыңыз.
Тапсырма. «Қауіпсіздік» сөзіне синонимдік қатар жасаңыз.
АРУЛЫ КҮШТЕР
1992 жылдың 7 мамырында Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері құрылды. Конституцияға сәйкес, Қазақстан Республикасының Президенті Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас Қолбасшысы болып табылады.
ҚР Қарулы Күштерінің басты мақсаты – елдің егемендігін, аумағының тұтастығын, экономикасын, мемлекеттік институттары мен азаматтарын соғыс қатерінен қорғау, жаугершілік немесе әскери қақтығыстар туғызудың алдын алу. ҚР Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас Қолбасшысы 7 мамыр – Отан қорғаушы күнін Қазақстан Республикасының мемлекеттік мерекесі деп белгіледі.
Қазақстан Қарулы Күштерінің қатарында әскери қызмет атқару әрбір қазақ азаматының аса маңызды әрі құрметті міндетінің бірі болып табылады. Қарулы Күштер қатарында қызмет ету – Отанымызды қорғаудағы қасиетті борышыңды өтеу деген сөз.
Қазақстан Республикасының Конституциясының 36-бабында былай деп жазылған: «Қазақстан Республикасын қорғау – оның әрбір азаматының қасиетті парызы және міндеті. Республика азаматтары заңда белгіленген тәртіп пен түрлер бойынша әскери қызмет атқарады».






