Лекции.Орг


Поиск:




Ішкі жӘне сыртҚы сауда




 Сауда саясаты – белгiленген мақсаттар мен қағидаттарды iске асыру үшiн мемлекеттiк органдар жүргiзетiн ұйымдастырушылық, құқықтық, экономикалық, бақылау шараларының және өзге де шаралардың жиынтығы.

 Сауда қызметiн реттеудiң негiзгi принциптерi:

 1) сауда қызметі субъектілері құқықтарының теңдiгi;

2) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттiк органдардың сауда қызметiне араласпауы;

3) еркiн және адал кәсiпкерлiктi қолдау;

4) отандық тауар өндiрушiлердi қорғау;

5) сапалы сауда қызметiн көрсетудi қамтамасыз ету;

    6) сауда қызметi түрлерiн еркiн таңдау және оны сауда қызметi субъектiлерiнiң жүзеге асыру мүмкiндiгi;

    7) сауда саясатының Қазақстан Республикасының мемлекеттiк экономикалық саясатының құрамдас бөлiгi ретiндегi бiрлiгi;

8) тұтынушылардың, сауда қызметi субъектiлерiнiң және мемлекеттiң құқықтары мен заңды мүдделерiн тең дәрежеде қорғауды қамтамасыз ету болып табылады.

Сауда қызметiн реттеудiң мақсаттары:

1) халықтың тауарларға сұранысын қанағаттандыру және сауда инфрақұрылымын дамыту;

 2) сауда қызметiн көрсетудi және қоғамдық тамақтандыруды ұйымдастыру;

3) Қазақстан Республикасында сауда қызметiн дамытуға және жетiлдiруге жәрдемдесу;

4) Қазақстан Республикасының әлемдiк сауда жүйесiне ықпалдасуы үшiн жағдайлар жасау;

5) сыртқы нарықтарда отандық тауарлардың бәсекелестік қабілеттігін арттыру болып табылады.

 Ішкi сауда – Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асырылатын сауда қызметi.

Сыртқы сауда – тауарларды Қазақстан Республикасынан әкетумен және (немесе) Қазақстан Республикасына әкелумен байланысты сауда қызметi.

Тауар – сатуға немесе айырбастауға арналған, айналымнан алынбаған кез келген еңбек өнiмi.

 Сыртқы сауда қызметін кедендік-тарифтік реттеу шараларына:

1) кедендік баждарды;

2) тарифтік жеңілдіктерді;

3) тарифтік преференцияларды;

4) тарифтік квоталарды қолдану жатады.

Сауданың өзге түрлері: аукциондық сауда, комиссиялық сауда, тапсырыс бойынша сауда, шекара маңындағы сауда, көшпелi сауда, көрме-жәрмеңке қызметі, электрондық сауда, тауарлармен биржалық сауда жасау.

Тапсырма. Мәтінді оқып шығып, аударыңыз.

Тапсырма. Мәтіннен жаңа сөз тіркестерін дәптерге жазып, жаттаңыз.

Тапсырма. Мәтіннен бір сөйлемді сөз құрамына талдаңыз.

Тапсырма. Сөйлемдерді қазақ тіліне аударыңыз.

Хоть Чокан Валиханов и жил мало, но сделал много.

Хоть мы и занимаемся много, но еще плохо говорим по-казахский.

Хоть он и хороший студент, но ленивый.

Они хвастаются, как будто много знают.

Тапсырма. Мақал-мәтелдерді аударып, жаттап алыңыз.

Адам ақылымен бай, астық дақылымен бай.

Ақыл тозбайды, алтын шірімейді.

Білекті бірді жығады, білімді мыңды жығады.

 

ТАБИҒИ РЕСУРСТАР

Адамзаттың күн көрісі мен тіршілік етуіне қажетгі заттар және табиғатта кездесетін жаратылыс дүниелері – табиғи ресурстар деп аталады. Су, жер, өсімдік жан-жануар, тау-тас, қазба-байлық және өзге де, тікелей не өнделген күйінде тұрмысқа, өндіріске қажетті дүниелердің бәрі де Табиғи ресурстарға жатады Табиғи ресурстарды пайдалану нәтижесінде, адамзат – азық-түлік, киім-кешек тұрмыс қажетін өтеуге керекті заттар, жанар-жағар майлар жөне өнеркәсіпке қажетті шикізаттарды алады. Табиғи ресурстар, олардың қолдану саласына қарай – өндірістік, денсаулық сақтауға қажетті, ғылыми, эстетикалық деп бөлінеді. Табиғи ресурстары сарқылмайтын және сарқылатын деп екіге бөлінеді. Сарқылмайтын қорлар адам баласына тәуелсіз болып келеді. Соның бірі – су. Жер шарындағы судың үлесі барлық жердің 2/3 алып жатыр. Сондықтан оның қоры үздіксіз айналымға түсіп, қалпына келіп отыр. Сарқылатын қорлар өз кезегінде қалпына келетін және қалпына келмейтін деп жіктеледі. Мысалы, қазба байлықтар, мұнай, көмір қорлары қалпына келмейтін байлық көзіне жатады. Қалпына келетін қорлар да адамның ақыл-ойына тәуелді болады. Олар – топырақ, өсімдік пен жануарлар әлемі. Табиғат пайдалану қоғамдық өндірістің ерекше саласы ретінде табиғат байлығын кешенді үнемдеп пайдалану арқылы қоғамның материалдық қажетін өтеуге және табиғи ортаға өндірістің зиянды әсерін болдырмауға бағытталған. Өндіріске қатыстырылатын табиғат байлықтары: пайдалы қазба байлықтар (минералдық шикізат), су, ауа, орман, жер, тек қана өндіріс шікізаты емес, сонымен қатар, өндіріс құралы да болып табылады. Өндірістік қатынасқа қосылмаған табиғат байлығын да ұлттық байлық ретінде қарап, оның табиғи қалпының сақталуын, сапасының төмендемеуін қамтамасыз ету керек. Табиғат байлығын тиімді пайдалану өндірістің дамуын қамтамасыз етіп қана қоймай, табиғи ортаның тазалығын, оның қалпына келетін қорын молайту және табиғи ортаның тепе-теңдігін сақтау болып табылады. Басқаша айтқанда, табиғи орта мен ондағы өндірістің даму тепе-теңдігі сақталуы тиіс. Сондықтан табиғи ортаны, табиғат байлығын қорғау халықтың материалдық, рухани, әлеуметтік мұқтажын үздіксіз өтеуге, табиғат байлығын қалпына келтіруге, молайтуға бағытталуы қажет. Ғарыш қорларына – күн сеулесінің радиациясы, теңіздің тартылуы мен тасуы жатады. Климаттық қорға — атмосферадағы ауа, жел энергиясы, жауын-шашын жатады.

 





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2018-10-15; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 710 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Студент всегда отчаянный романтик! Хоть может сдать на двойку романтизм. © Эдуард А. Асадов
==> читать все изречения...

998 - | 819 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.01 с.