Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


Сабаққа байланысты деректі материалдар




А дейінгі сандарды қосу және азайту

Осу кестесін құрастырамыз

Мектеп: Ыбырай Алтынсарин

Күні: 

 

Мұғалімнің есімі: Мамадьярова Ш

СЫНЫП: 1-сынып

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Оқу мақсаты:

       бір таңбалы сандарды ондықтан аттамай қосу кестесін құрады, біледі және қолданады;

       “+”, “–”, “=” таңбасын қолдану;

       қосу мен азайту амалдарының компоненттері атауын өрнектерді оқу мен жазуда қолданады.

Барлық оқушылар:

Оқушылардың басым бөлігі:

Кейбір оқушылар:

Ресурстар:

       маркерлер;

       топта жұмыс істеу үшін әр оқушыға арналған ламинатталған А4 форматты қағаздар;

       қосу кестесінің көрнекі түрі.

Тірек сөздер

қосу кестесi.

Сабақтың мақсаты:

Осу амалының нәтижесін қосу кестесін пайда-ланып анықтау дағдысын қалыптастыру.

Сабаққа байланысты деректі материалдар

Сабаққа қатысты ескертпелер

 

Қосу кестесі қосу амалының нәтижесін тез есептеу үшін қажет. Сабақта оқушылар барлық бір таңбалы сандарды қосу үшін қосу кестесін құрастырып және пайдаланып үйренеді. Соның ішінде ондықтан аттап қосуда да кестені пайдаланады. Кестенің көмегімен 20-ға дейінгі сандарды қосып, нәтижесін тауып үйренеді.

— Заттарды сатып алу үшін қажет ақшаны са-нағанда ересек адамдар үнемі сандық сәулені пайдалана ма?

Ересек адамдардың бір таңбалы сандарды қосудың нәтижесін ойша есептейтінін айтыңыз. Олардың алған білімдері қосу мен азайтудың нәтижесін тез есептеуге көмектесетінін айтып өтіңіз. Бір таңбалы сандарды қосу нәтижесін жатқа білу керектігін ескертіңіз.

Кіріспе тапсырма. Бір таңбалы сандарды қосу-дың кестесін құрастыру мақсатында жобалық жұ-мыс ұйымдастырыңыз. Кесте кез келген уақытта пайдалану үшін анықтама кітап түрінде жасалуы мүм-кін. Бұл анықтама кітабына бір таңбалы сандарды ондықтан аттамай қосу нәтижесі кіру керек екенін ескертіңіз.

— Анықтама кітабында бірінші қай мысал тұру керек? (1 + 1 = 2.)

— Екінші сан — 1. Бірінші санның орнына қандай бір таңбалы санды қою керек? (Өсу ретімен 1-ден 9-ға дейінгі сандар.)

— Егер екінші қосылғыш — 2 болса, бірінші қосыл-ғыштың орнына қандай бір таңбалы сандарды қоюға болады? (Өсу ретімен 1-ден 8-ге дейінгі сандар.)

— Анықтама кітапқа ең соңында қандай мысалды жазасыңдар? (1 + 9 = 10.)

 

Қосу кестесін зертте. Қосу кестесінің қандай бағандардан тұратынына назар аудар. Бірінші саннан бастап кестедегi қосудың баған бойынша орналасуындағы ортақ негізгі принципін айтыңыз.

Жауабы:

       2 саны;

       10 саны;

       8 мысалдың жауабы 9 болады; Олар мыналар: 8 + 1; 7 + 2; 6 + 3; 5 + 4; 4 + 5; 3 + 6; 2 + 7; 1 + 8.

Ойлан. Тапсырманы барлық оқушылармен бірге орындау.

Қандай сандардың қосындысының нәтижесі 10 болатынын кестені зерттей отырып іздеу.

Жауабы:

9 түрлі жағдай:

9 + 1; 8 + 2; 7 + 3; 6 + 4; 5 + 5; 6 + 4; 7 + 3; 2 + 8; 1 + 9.

Шығарып көр. Оқушылармен жұптық жұмыс. Қосу кестесін қолданып, мысалдарды орындау. Оқушыларды бір-біріне көмектесе алатындай етіп бөлу. Мысалдардың жауабын параққа жазып, тексеру кезінде бір-біріне көрсетуді ұсыну.

Тапсырмада қосудың ауыстырымдылық қасиетіне байланысты мысалдар барын ескерту. Бұл заңның кейінірек кеңінен қолданылатынын айту.

Жауабы:

мысалдың бірінші қатары: 9, 8, 8, 7; мысалдың екінші қатары: 5, 9, 10.

Орындап көр. Жұмысты топпен ұйымдастыру. Оқушыларға қосу компоненттерін атауды және мысалдарды қосу кестесінің көмегімен шешуді ұсыну. Талдау жасату. Қосу кестесінде 0 са-нымен қосудың жағдайлары берілмеген. 0 санының ерекшелігіне байланысты қосу кестесінде бұл сан үшін жеке бағанның болуының қажеті жоқ. 0 санымен қосу амалын орындау ерекшелігін байқап және есте сақтауы керек: 0 санын кез келген санмен қосқанда сол санның өзі шығады.

Жауабы:

7 + 0 = 7;

5 + 0 = 5;

3 + 0 = 3;

2 + 0 = 2;

6 + 0 = 6;

4 + 0 = 4.

Тілдік құзыреттілікті қалыптастыру

Осымша тапсырмалар

Сабақ барысында оқушылардың өз сөздерінде математикалық терминдерді дұрыс айтып және орынды қолдануына қолдау көрсетіп отырыңыз. Топпен немесе жұппен талқылау кезінде оқушы-лардың коммуникативті дағдысы дамиды (бірін-бірі тыңдай білуі, өз көзқарасын дәлелдеп айта білуі, сұрақтарға негіздеп жауап беруі).

Жауаптары бірдей болатын мысалдарды сызықпен қос. Оқушылар мысалдарды қосу кес-

тесінің көмегімен шешеді және жауаптары бірдей мысалдарды сызықтармен қосады.

Жауабы:                               

4     + 5 = 9;      3     + 6 = 9;

6     + 2 = 8;      4     + 4 = 8;

8     + 2  = 10; 7     + 3  = 10;

3     + 4  = 7; 2     + 5  = 7;

4     + 1  = 5; 3     + 2  = 5;

3     + 3  = 6. 4     + 2  = 6.

                                                          

Қосу кестесінің көмегімен жауаптарды тап.

Mысалдарды мұқият қарап шығып, қосу кестесінің көмегімен тапсырмаға сәйкес келетін нұсқаларды табу керек. Сосын олар бірінші қосылғышты көк, ал екіншісін қызыл қарындашпен қоршау керек.

а) 2 + 8; 7 + 3; ә) 8 + 1, 4 + 5, 7 + 2; б) 2 + 1; в) 8 + 2, 1 + 9.

Бағалау

Оқушылар сабақтың соңында:

       қосу кестесін құрастыруды;

       бір таңбалы сандарды қосу үшін кестені пай-далануды меңгереді.

Оқушылардың тақырыпты қаншалықты меңгер-

генін білу үшін мына сұрақтарды қойыңыз:

— қосу кестесі не үшін қажет?

— қосу кестесінде неше баған бар?

— кестедегі ең кіші сан шығу үшін қандай бір таңбалы сандарды қосу керек?

— кестедегі ең үлкен сан шығу үшін қандай бір таңбалы сандарды қосу керек?

Оқушылармен жұмыс дәптеріндегі “Жетістік баспалдағымен” өзін-өзі бағалауға байланысты жұ-мыс өткізіңіз.

             


 

 

Оқу ісінің меңгерушісі: ___________ 

 

Сабақ тақырыбы:

Осу кестесі

Мектеп:

Күні: 14.11.2016

 

Мұғалімнің есімі:

СЫНЫП: 1-сынып

Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны:

Оқу мақсаты:

       бір таңбалы сандарды ондықтан аттамай қосу кестесін құрады, біледі және қолданады;

       қосудың ауыстырымдылық қасиетін; 0 және 1-дің қасиетін қолданады.

Барлық оқушылар:

Оқушылардың басым бөлігі:

Кейбір оқушылар:

Ресурстар:

       көрнекі қосу кестесі;

       әр оқушыға арналған қосу кестесі;

       ламинатталған А4 форматтағы қағаз;

       әрбір оқушыға маркер.

Тірек сөздер

қосу

Сабақтың мақсаты:

Бір таңбалы сандарды қосу үшін қосу кестесін пайдалану дағдысын қалыптастыру. “Баған”, “жол” түсініктері арқылы кестедегі санның орнын анықтай білу қабілетін дамыту.

Сабаққа байланысты деректі материалдар





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2018-10-15; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 298 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Если вы думаете, что на что-то способны, вы правы; если думаете, что у вас ничего не получится - вы тоже правы. © Генри Форд
==> читать все изречения...

2277 - | 2208 -


© 2015-2025 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.008 с.