| № | Тапсырмалардың мазмұны | Сағ. саны | Тапсыру мезгілі | Бақылау түрі |
| СӨЖ №1 | Тапсырма 1.Шәді Жәңгірұлының «Абылай» дастанындағы Абылай бейнесі.- 20 балл Тапсырма 2.М.Ж.Көпейұлы поэмаларындағы Ибраһим пайғамбар тұлғасы.- 40 балл Тапсырма 3. Шәді Жәңгірұлы поэмаларындағы Ибраһим пайғамбар тұлғасы.- 40 балл | 20 | 2-4 апта | Ассоцио грамма құрастыру Дербес жоба дайындау Дербес жоба дайындау |
| СӨЖ №2 | Тапсырма 1.Шәкерім лирикасындағы бейнелі сөздерді теру, көркемдік талдау жасау- 20балл Тапсырма 2.Шәкерім өмірінің беймәлім қырлары- 25 балл Тапсырма 3.Шәкерім әлемі- 25 балл Тапсырма 4.Ақын қазасы- 30 балл | 20 | 5-7 апта | Кесте № 1 толтыру Презентация жасау Есте сақтау картасын құрастыру Эссе жазу |
| СӨЖ №3 | Тапсырма 1.«Тәуелсіз елімнің тарихы» -40 балл Тапсырма 2.С. Торайғыровтың «Айтыс», «Таныстыру», «Адасқан өмір», «Кедей» поэмаларындағы нақыл сөздер мен мақал-мәтелдер.- 30 балл Тапсырма 3. Сұлтанмахмұт Торайғыровтың «Айтыс» поэмасы бойынша сұрақтарға жауап -30 балл | 20 | 9-11 апта | Ұсынылған мәтінді тірек етіп, эссе жазу Кесте №2толтыру Ұсынылған 12 сұраққа жауап жазу |
| СӨЖ №4 | Тапсырма 1.«Ахмет Байтұрсынұлы-ұлттың рухани көсемі» тақырыбында ой-толғау(өзіндік шығармашылық)- 40 балл Тапсырма 2. Міржақып Дулатұлының «Бақытсыз Жамал»романында қазақтың қандай әлеуметтік тұрмыстары көрініс тапқан? Сол тұстарды романнан теріп жазу.- 20 балл Тапсырма 3. Ғұмар Қараштың қилытағдыры мен Бернияз Күлейұлының махаббат трагедиясы негізінде және өмірде болған оқиғамен байланыстырып, новелла жазу, атын қою (өзіндік шығармашылық) .- 40 балл Ескерту: Екі автор тағдырының бірін таңдау. | 15 | 12-14 апта | Ұсынылған тақырыпқа ой-толғау жазу. Кесте №3 толтыру Новелла жазып, өткізу |
| Барлығы | 75 |
Лестіріп берілетін материалдар
СӨЖ 1. Д іни-ағартушылық бағыттағы әдебиет
Тапсырма 1. Шәді Жәңгірұлының «Абылай» дастанындағы Абылай бейнесі бойынша АССОЦИОГРАММА (АҚЫЛ -ОЙ КАРТАСЫ) құрастыру
Лгі: №1
Лгі: №2
Әдебиеттер: Кенжебаев Б. ХХ ғасыр басындағы әдебиет Алматы:
Білім, 1993.-243бет. Әбдіманұлы Ө. ХХ ғасыр бас кезіндегі қазақ әдебиеті.-Алматы: Қазақ университеті, 2002ж., Қазақ әдебиетінің тарихы. 6-том. Алматы:-ҚазАқпарат, 2006 ж.
Тапсырма 2. «М.Ж.Көпейұлы поэмаларындағы Ибраһим пайғамбар тұлғасы» тақырыбына дербес жоба дайындау.
Әдебиеттер: Көпейұлы М.Ж. Шығармалар жинағы. Көп томдық. - Алматы: Алаш, 2003. Кенжебаев Б. «ХХ ғ. басындағы әдебиет».- Алматы. 1993 ж. Коңыратбаев Ә. Қазақ әдебиетінің тарихы. - Алматы: Санат, 1994. Қалижанұлы У. Қазақ әдебиетіндегі діни-ағартушылық ағым. - Алматы: Білім, 1998. Көпеев С. Ш. Мәшһүр-Жүсіп өмірі: Аңыз бен ақиқат. -Павлодар, 2000ж.
Тапсырма 3. «Шәді Жәңгірұлы поэмаларындағы Ибраһим пайғамбар тұлғасы» тақырыбына дербес жоба дайындау.
Дербес жоба - ғылыми-зерттеу элементі бар жұмыс.
Жобамен жұмыс 4 кезеңді қамтиды:
- Жоспарлау;
- Талдау кезеңі;
- Ақпаратты жалпылау кезеңі;
- Алынған нәтижені көрсету кезеңі.
І кезең. Жоспарлау.
Бұл кезеңде тақырыпты топ болып талқылау кезеңі болады. Оның нәтижесінде 5-6 тақырыпта бөлініп шығады және оны орындаушылар анықталады. Жобаны жоспарлау дегеніміз орындалатын іс-әрекетті жоспарлау болып табылады.
ІІ кезең. Талдау.
Бұл дербес жүргізу, ақпарат алу және талдау кезеңі болып, мыналарды орындауды талап етеді:
- Жобаға қатысушылардың әрбіреуінің міндеттерін дәлелдей түсу
және анықтау;
- Ақпаратты іздеу және жинақтау. Оған бақылау, анкеталау,
социологиялық сауалнама, интервью, эксперимент жүргізу, әдебиетпен жұмыс жатады.






