Стратегияны әзірлеу деңгейлерi
• Корпоративтік стратегия - директор
• Бизнес стратегия -стратегиялық шаруашылық аймақтары (бөлімшелер) – бас менеджер
• Функционалдық (өндірістік, қаржылық, персоналды басқару) - бас маркетолог, кадрлар бөлімшенің басшысы
• Оперативтік - төмен деңгейдегі менеджерлер
• Стратегияны әзірлеу деңгейлерi
Тақырып. Фирманың мәні, мақсаттары мен міндеттері
1. Бизнестiң түсінігі.
2. Ұзақ мерзiмдi және қысқа мерзiмдi мақсаттарды анықтау.
3. Компания салымшыларының қызығушылықтарын еске алу
Корпоративтік мақсатты тұжырымдау
¨ ұйымның өзінің акционерлерінің қызығушылығын қалай көретіндігінің алғашқы негізгі көрсеткіші.
Мақсатты тұжырымдау фирманың бизнесін, негізгі мақсаттарын, сипаттамасын және оның жетекші философиясын анықтайды. Мақсатты тұжырымдау болашақ стратегиялық шешімдер үшін аса маңызды
Корпоративтік мақсатты тұжырымдау құрамдас бөліктен тұрады:
1. Компанияның бизнес түрін анықтау
2. Оның басты мақсаттарын белгілеу
3. Корпоративтік философияны анықтау.
Компанияның бизнес түрін анықтау үшін сұрақтарға жауап беру керек
1. біздің бизнес қандай клиенттердің қажеттіліктерін қанағаттандырады?
2. қандай тұтынушылар біздің нарықты құрайды?
3. тұтынушыларды қанағаттандыру үшін қандай технологиялар пайдаланамыз?
Фирма бизнес түрін анықтау
Басты мақсаттарға қойылатын талаптар
¨ Нақты,
¨ Белгілі бір сан арқылы өлшенетін,
¨ Қол жетімді,
¨ Шынайы болу керек.
Қойылған мақсаттармен алынған нәтижелерлі салыстыру арқылы жұмыс тиімділігін анықтауға болады.
Мақсатты тұжырымдау мен стратегияның анықтамасына түрлі ішкі және сыртқы топтар әсер етеді.
Зақ мерзімді мақсаттар бағыттары
1. Фирманың нарықтағы жағдайы (нарықтағы көшбасшы)
2. Инновациялар (жаңа нарықтар, технологиялар, тауарлар)
3. Маркетинг (сатылым бойынша 1 орын алу, компанияның имиджі)
4. Өндіріс (жоғары сапалы тауар, төмен шығындар)
5. Қаржынытиімді пайдалану
6. Персоналды тиімді басқару
7. Менеджмент (басқарудағы кемшіліктерді жою)
Ысқа мерзімді мақсаттар
Қандай нәтижелерге шұғыл және жақын арадағы (1-2 жылда) қол жеткізу керек
1. Жаңа байланыстар табу
2. Жана клиенттерге тауарды сату
3. Өнім ассортиментін кеңейту / жаңа түрін шығару
4. Процесстерді автоматтандыру
5. Ұйым қызметін жаңа деңгейіге көтеру
Мақсат таңдаудың негізгі көрсеткіштері:
1) жалпы өндіріс көлемі және өндіріс саласындағы ереже
2) кірістер мен пайданының жылдық өсу қарқыны
3) инвестициялық капиталды өтейтін пайда,
4) дивидендтердің жылдық өсу қарқыны
5) нарық сегменті
6) ұсынылатын өнімдер беделі және жаңа технологияларды пайдалану деңгейі.