* антибиотик;
* гамма-глобулин;
*+ үш серотипті /А,В,Е/ поливалентті сарысу;
* іш жүргізетін дәрі;
* жүректің жұмысын жақсартатын емдәм
Ботулизм дамуына қай тағамдар себепші болады? 2
* сүт тағамдары;
* кондитер бұйымдары;
*+ консерв өнімдері
*+ ысталған ет, балық өнімдері
* нан, макарон өнімдері
Тағамдық микотоксикоздарға қайсысы жатады? 3
*+Афлатоксикоз
* Гелиотропты токсикоз
* Стафилококкты токсикоз
*+ Фузариотоксикоз
*+Эрготизм
Фузариотоксикоздарға қайсысы жатады? 2
*+ Алиментарлы-токсикалық алейкия;
* Эрготизм;
*+ Мас нанмен улану;
* Триходесмотоксикоз
* Эрготизм
Эрготизм дегеніміз не?
* шартты патогенді микрофлора түскен тамақты қабылдаумен байланысты ауру;
*+ құрамында қастауыш араласпасы бар дән өнімдерін пайдаланудан дамитын ауру;
* токсикоз бен токсикоинфекция туғызатын микроорганизмдердің әсерінен болатын ауру;
* тамақта патогенді микроорганизмдердің болуымен шақырылатын жедел ауру;
*дезинфекциялық режим сақталмауынан дамитын ауру.
Бактериотоксикоз шақыратын токсиндерді көрсетіңіз: 2
* аманитин
*+ ботулотоксин
*+ энтеротоксин
* эрготоксин
* цикутотоксин
Афлатоксикоз ауруы қай азықты қолданудан туындайды? 2
* сүт пен сүт өнімдері
*+ какао, кофе дәндері
*+ дәнді дақыл мен арахистер
* нан өнімдері
* сусындар
! Тағамдық микотоксикоздың анықтамасы:
* тамақта патогенді микроорганизмдердің болуымен шақырылатын жедел ауру;
* этиологиясы бактериалды және бактериалды емес түрлі органикалық заттардың тамаққа түсуінен туындайды;
*+ құрамында микроскопиялық саңырауқұлақтың тіршілігі нәтижесінде түзілген уытты заттардың тағамға түсуінен дамитын ауру;
* бактериалды токсикоз ауруын шақыратын қоздырғыштардың тамаққа түсуінен туындайтын ауру;
* микроорганизмдердің тірі қоздырғыштарымен жаппай тұқымданған тамақты пайдаланудан туындайтын ауру;
Тамақтан улану профилактикасының алдын алу ұстындарын көрсетіңіз: 3
* егіс басындағы дәндердің дер кезінде жиналуын қадағалау;
* азық-түліктерге микологиялық бақылауды орнату;
*+ инфекция көзін оңашалау;
*+ микроорганизмдердің көбеюі мен токсин түзуінің алдын алу;
*+ эпидемиологиялық қауіпті азықтарды залалсыздандыру.
Микотоксикоздардың профилактикалық шаралары: 3
*+ егіс басындағы дәндердің дер кезінде жиналуын қадағалау;
*+ азық-түліктерге микологиялық бақылауды орнату;
* инфекция көзін оңашалау;
*+ астықтың сақталуы мен тасымалдану жағдайларын қадағалау;
* эпидемиологиялық қауіпті азықтарды залалсыздандыру
Табиғаты микробты тамақтан уланудың алдын алу ұстындары: 3
*+ тамақты қайнату, қуыру, стерилизациялау кезіндегі температуралық режимді сақтау;
*+ өндірісте санитариялық-гигиеналық режимді сақтау;
* тағамға түсетін түрлі зиянды қоспалардың мөлшерін анықтау
*+ тамақ өндірісінде жұмыс істейтін түрлі ауруы бар жұмысшыларды уақытша босату;
* пестицидтермен өңделу барысындағы гигиеналық талаптарды орындау.
! Табиғаты микробсыз тамақтан уланудың алдын алу ұстындары:
* Тамақты қайнату, қуыру, стерилизациялау кезіндегітемпературалық режимді сақтау;
* өндірісте санитариялық-гигиеналық режимді сақтау;
*+ тағамға түрлі зиянды қоспалардың, түрлі улардың түспеуін қадағалау;
* тамақ өндірісінде жұмыс істейтін түрлі ауруы бар жұмысшыларды уақытша босату;
* ветеринариялық-санитариялық бақылауды күшейту
Этиологиясы микробты тамақтан уланудың алдын алудағы негізгі ұстындар: 3
*+ эпидемиологиялық жағынан қауіпті тағамдарды зарарсыздандыру;
*+ азық-түліктердің қоздырғыштармен ластану жолдарын үзу;
* тамаққа табиғатынан улы заттардың түсуін ескерту;
* тамаққа белгілі жағдайда улылық қасиетке ие болған заттардың түсуін ескерту;
*+ инфекция қоздырғыштарының көзін оңашалау.
Саңырауқұлақтармен уланғанда жиі кездесетін белгілерді көрсетіңіз: 2
* дене қызуының көтерілуі;
* қосарланып көріну;
*+ дененің сарғаюы;
*+ сілекейдің бөлінуі;
* дауыстың шықпауы;
Ішек таяқшасы тобының бактериялары өздерінің түрін қай ортада сақтайды? 2
* ауада
*+ топырақта
*+ адамның ішегінде
* суда
* ылғалды ортада