Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


Азақстан Республикасы мемлекеттік саясатының діни экстремизмммен кҥрестегі негізгі басымдықтары және дінаралық диалог стратегиясын жетілдіру 4 страница




НҦСҚАУЛАР

Заң және басқару саласы бойынша:

- экстремизм мен лаңкестікке, атап айтқанда діни сипаттағы бұзушылықа қарсы іс-әрекеттер мәселелері бойынша ведомствоаралық ӛзара іс-қимыл механизмдерін жүзеге асыру үшін аумақтық заң мен ұйымдастыру- басқару базасын жетілдіру;

- азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды қамтамасыз ету бойынша ұзақ мерзімді мақсатты бағдарламаларды дайындау, әлеуметтік тәжірибеге толеранттық сана ұстанымдарын қалыптастыру мен енгізу және экстремизмге қарсы бағытталған алдын алу шаралары жүйесін жетілдіру, экстремистік және ксенофобты құбылыстардың алдын алу;

- дін саласындағы билік және басқару органдары мамандарының құзіреттілігін дайындау, қайта дайындау және кӛтеру, дінтану, теологиялық және діни сӛз білімінің сапасын кӛтеру, магистратура, PhD докторантура арқылы жоғары білікті мамандарды дайындау, мамандарды бұрынғыдан да дифференциалды дайындауға (заңгер-дінтанушы, дінтанушы-психолог, дінтанушы-журналист және т.б.) кӛшу;

- қандай да болмасын мӛлшерде дін саласын қамтитын барлық ұйымдардың: мемлекеттік, соның ішінде күш құрылымдары, Қазақстан мұсылмандарын діни басқару (ҚМДБ), Орыс православандық шіркеу, ғылыми-зерттеу орталықтары, қоғамдық ұйымдар және т.б. жұмысын біріктіретін экстремизм және лаңкестіктің алдын алу мен күрес мәселелері бойынша мемлекеттік арнайы үйлестіруші орган құру;


- қоғамдық басқару мен сараптау формаларын дамыту, сәйкес заңдар, нормативті актілер мен құқық қолдану тәжірибесі жобаларын бұқаралық талдауды белсендіру;

- діни экстремизм мен лаңкестікке қарсы іс-қимылдар саласында халықаралық ынтымақтастық.

Әлеуметтік-экономикалық сала бойынша:

- адам құқығы саласындағы бұзушылықтарды жеңу шаралары, сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар, сондай-ақ оларды жүзеге асыру үшін қоғамдық бақылау механизмдері бар аумақтарды әлеуметтік-экономикалық дамытудың кешенді мақсатты бағдарламасын дайындау және жүзеге асыру;

- аумақтар бойынша нақты әлеуметтік-экономикалық ӛзгерістерді ескере отырып, әлеуметтік, саяси мәселелерді шешуді экономикалық реформалармен келістіру. Бюджеттік ресурстар айтарлықтай шектелген жағдайда, және дағдарысқа қарсы жүзеге асырылып жатқан шараларға қарамастан, жұмыссыздық пен кедейлік деңгейінің динамикасы мен деңгейі қолайсыз болған жағдайда, дағдарыстың жағымсыз әлеуметтік салдарларын әрі қарай жеңілдету бойынша іс-шаралар іздестіру және оларды жүзеге асыру.

Ақпараттық орта:

- «зиянды» ақпаратты алып тастаудың құқықтық механизмін құру. Лаңкестікке қарсы ақпараттық күрестер мен ақпараттарды ақпараттық кеңістікке елдегі және шет елдегі нақты адресаттарға жіберуге адекватты әсер ету жүйесін құру. Осы іс-шараларға азаматтық қоғам институттарын, оған қоса ғылыми мекемелерді, діни ұйымдарды және т.б.тарту. Блогерлер мен интернет-форумдарға кірушілермен алдын алу жұмыстарын ұйымдастыру, сындарлы контент авторларын сырттай мадақтау мен әдепсіз авторларды айыптауды қолдану;

- медиялық кеңістікте мемлекеттің қатысуын ұлғайту, бюджеттік шығынды кӛбейту және кішкентай кезінен бастап ӛмірді, дін, патриотизм, әлеуметтік толеранттықты түсіне алатын, ӛзінің денсаулығы мен қоршаған адамдар денсаулығына жауапкершілік саласындағы тыйым салынатын тақырыптарсыз, адекватты қабылдауға жоғары адамгершілікті ӛнер үлгілерін құруға бизнес-қоғамдастықтарды тарту;

- аумақтық деңгейде бұқаралық-ақпарат құралдарының бүлушілік әсер етуіне, ақпаратқа монополияны теріс пайдалануға және ақпараттық соғыс жүргізуге кедергі жасайтын моральді және мәдени нормаларды бекітуге қабілетті БАҚ қызметін бақылайтын мемлекеттік-қоғамдық бақылауды қамтамасыз ету;

- діни экстремизм мен ксенофобияның алдын алу бойынша жұмыстарды жүргізуге БАҚ жауапкершілігін кӛтеру. Толеранттық, ізгілік, әлеуметтік жауапкершілік, соның ішінде прессаның жауапкершілігін, БАҚ- тағы экстремистік кӛңіл-күйді дезавуациялайтын хабарлардың, медиялық жобалар мен әлеуметтік жарнамалардың арнайы циклін құру. БАҚ-та діни


экстремизм мен лаңкестікке және т.с.с. қарсы әрекет ету бойынша жағымды тәжірибені кеңінен кӛрсету;

- адамның, әсіресе жастардың рухани ӛміріне әсер ететін (әдебиет, кино, теледидар салаларында) зайырлы ӛнімді ақпараттық кеңістікке адамдардың, әсіресе, ӛсіп келе жатқан жас ұрпақтың, дене және психикалық денсаулығына зиянын тигізетін ақпараттардың енуіне жол бермейтін, немесе оны алып тастау, немесе оларды адамдарға түсіндіру мақсатында кәсіби сыншылардың бағалау жүйесін жандандыру;

- адамдарды соңғы кезде экстремистік кӛңіл-күйінің, жастардың экстремистік топтарға тартылу және жалпы қоғамдық кӛңіл-күй динамикасын әлеуметтік-психологиялық мониторингін ретке келтіруде айтарлықтай мүмкіншілік беретін медиапедагогика саласындағы біліммен қаруландыру. Осы бағытқа медианың манипулятивті әлеуетін зерттеу, БАҚ ӛнімдері мен технологияларын сыни қабылдау дағдыларын бекіту,

«медиасауаттылық» деп аталатын сауаттылықты қалыптастыру тән болып табылады.

Жастар саясаты, білім мен мәдениет саласы:

- жас ұрпақ мәселелерін шешу аясында (мысалы, жастардың әлеуметтік және материалды қамтамасыз етілуі, жұмысқа орналасу, оқу, тұрғын үй мәселесі және т.с.с.) жастарды жағымды іс-әрекетке ынталандыру үшін экономикалық шарттар мен әлеуметтік-психологиялық ортаны оңтайландыру;

- жас адамды әлеуметтендіру үрдісіне тиімді әсер ету механизмін құру, оны ең жақын қоғамдастық және жалпы социумнің әлуеметтік-мәдени кеңістігіне енгізу. Жастарды құрылған сындарлы, позитивті алаңдар және аясында олардың қоғамдағы ӛсу, меңгеру, тәртіп нормалары мен стереотиптері қалыптасатын әлеуметтік институттар кеңістігі жүйесіне қосу есебінен жас адамды әлеуметтендірудің еркін, қадағалаусыз кеңістігін қысқарту идеясы, жастардың субмәдени ӛкілдерінің шығармашыл әлеуетін (граффити, музыкалық субмәдениеттер және оқушылар мен студенттердің бос уақытын ұйымдастыратын басқа клубтар мен орталықтар) жүзеге асыруға арналған алаңдар құру арқылы ӛте маңызды дүниетанымдық және әлеуметтік мәселелерді шешу;

- агрессияның алдын алуға бағытталған психологиялық түзету жұмыстары жүйесін құру, әлеуметтік ӛзара әрекет ету, рефлексия, ӛзін-ӛзі реттеу дағдыларын дамыту, толеранттық мінез-құлық дағдыларын, бүлікті діндерден, ұйымдардан, субмәдениеттерден шығу дағдыларын қалыптастыру. Жастардың агрессивті, экстремалды мінез –құлықтарын шығару үшін алаңдар құру есебінен әлеуметтік нормалар аясында спорттың экстремалды түрлерін және т.с.с. дамыту арқылы жастардың субмәдениетінің, формалды емес жастар бірлестіктерінің және кӛше топтарының бүлік әлеуетін тӛмендету идеясы.


- балалармен, жастар және жасӛспірімдермен жұмыс істейтін практикалық қызметкерлерді инновациялық тәсілдер және жасӛспірім- жастар ортасында экстремизмнің алдын алу технологияларымен таныстыруға мүмкіндік беретін тренинтер жүйесін енгізу;

- білім мекемелерінде, жастар саясаты мен жастардың қоғамдық ұйымдарындағы жағдайларға әлеуметтік мониторинг жүргізу. Балалар мен жастардың қоғамдық бірлестіктері, жастардың субмәдениеттерінің тізімдемесін жүргізу.






Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2017-03-18; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 503 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Слабые люди всю жизнь стараются быть не хуже других. Сильным во что бы то ни стало нужно стать лучше всех. © Борис Акунин
==> читать все изречения...

2192 - | 2111 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.012 с.