Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


Тараудың қысқаша мазмұны




Орманның биосферадағы және әлеуметтік рөлі өте маңызды. Орманның биосферадағы рөліне климат өзгертушілік, топырақ өзгертушілік және гидросфера өзгертушілік рөлдері жатады. Оларға қосымша орман, флораның және фаунаның биологиялық алуантүрлілігін, тұрақтылығын қамтамасыз етеді.

Орманның әлеуметтік рөліне оның орта жасауы, санитарлық-гигиеналық, рухани және шикізаттық рөлдері жатады.

Дүние жүзінде орманды жерлердің жалпы ауданы - 4 млрд га, оның ішінде үздіксіз ормандар 3 млрд га. Жер шарында ормандардың таралуы біркелкі емес. Үздіксіз ормандардың жартысынан көбі және үздіксіз емес ормандардың 17% Еуропада, Солтүстік Америкада және ТМД елдерінде. Жер шарының бұл бөлігінің ормандылығы орташа алғанда - 34,3%.

Ормандар - жер шарындағы климаттың өзгеруінің және адамдардың шаруашылығы нәтижесінде өзгеріп отыратын ұзақ жылдық эволюциялық процестің өнімі.

Еуропаның солтүстік-батыс аудандарында адамдардың шектен тыс пайдалануының нәтижесінде ормандар қатты өзгерген. Мысалы, Ұлыбритания, Ирландия, Нидерландияда байырғы ормандар түгел кесіп алынған. Қазіргі мұндағы ормандар жасанды ормандар, олар негізінен жас және орта жастағы қылқан жапырақты көшеттерден тұрады.

Солтүстікте Скандинавия регионы үлкен ормандылығымен сипатталады және ол жерде қылқан жапырақтылар көшеттерінің басымдылығын көруге болады. Негізгі орман түзуші породалар – кәдімгі қарағай, кәдімгі шырша, жалпақ жапырақтылардан – қайың және көктерек.

Орталық Еуропа ормандарында негізгі қылқан жапырақты орман түзушілер – кәдімгі қарағай, кәдімгі шырша, самырсын және Еуропалық балқарағай, жалпақ жапырақтылардан – шамшат, граб, емен, үйеңкі, шаған, қайың, қандыағаш, терек және тал, тауларда тисс және самырсын.

Оңтүстік Еуропа ормандары жалпақ жапырақты және мәңгі жасыл қатты жапырақты ағаштардан және Жерортатеңіздік типті қылқан жапырақтылардан тұрады.

Шығыс Еуропа ормандарында қылқан жапырақтылар басым, мысалы, қарағайлар. Жалпақ жапырақтылардан емендер, шамшат, граб, үйеңкі және т.б. кездеседі. Бұл регионда үлкен территорияларды таудағы ормандар алып жатыр. Әсіресе, Венгрия, Болгария, Чехия, Словакия және Румынияда.

Азияда бұрынғы КСРО-ны қоспағанда үздіксіз ормандар ауданы - 451,2 млн га., ол дүние жүзі ормандарының 15%. Жер шарында бір адамға 0,67 га үздіксіз орман келсе, Еуропада – 0,3 га., ал Азияда – 0,18 га. Азия континентінің 1/5 бөлігін ормандар алып жатыр.

Африкада үздіксіз ормандар ауданы - 223 млн га., дүние жүзілік көрсеткіштің 7,5%, бір адамға 0,7 га келеді. Африка континентінде ормандардың таралуы біркелкі емес. Негізгі ормандар массивтері Орталық және Батыс Африкада шоғырланған.

Солтүстік Америка (Канада және АҚШ) үздіксіз ормандар ауданы - 583 млн га., ол дүние жүзілік көрсеткіштің 20%, бір адамға 2,3 га келеді.

Латын Америкасында үздіксіз ормандар ауданы - 690,5 млн га., бір адамға 1,9 га келеді, ол дүние жүзілік көрсеткіштен 2,8 есе артық.

Латын Америкасы территориясының жартысынан артығында ормандар өседі. Жапырақты породалар басым. Ең мол таралғандары ылғалды мәңгі жасыл экваториальды, субэкваториальды және тропикалық ормандар.

Австралия және Океанияда үздіксіз ормандар ауданы - 81,8 млн га., оның ішінде пайдаланылатыны 51 млн га., бір адамға 4,1 га келеді. Ол әрине дүние жүзі бойынша көрсеткіштен 6 есе артық.

Жалпы Австралия және Океанияда ормандар негізінен жағалауларда ені 100 км шамасындағы алқапта шоғырланған.

Ресейде шамамен ағаштардың және бұталардың 300 түрі өседі (Лесная энциклопедия, 1986). Орманы бар жерлердің 80% негізгі породалармен жамылған. Оның 38,1% - балқарағай, 16,3% - қарағай, 12,2% - шырша, 13,3% - қайың сирегірек самырсын, кедр қарағайы, емен, үйеңкі, жөке, граб, тал және қараағаш кездеседі.

Қырғызстан ормандарында 120 шамасында ағаштар және бұталар түрлері өседі. Қырғызстан орман фондының жалпы ауданы - 2,68 млн га. Орманмен жамылған аудан мөлшері 632,9 мың га, оның ішінде қылқан жапырақты ормандар 146,7 мың га, жапырақты ормандар 100 мың га (грек жаңғағы басым – 26 мың га, пыста – 23,9 мың га, үйеңкі – 17,5 мың га, алма – 13,1 мың га, қарағай – 7,1 мың га, терек – 3,7 мың га, қайың – 3 мың га, бұталар – 178 мың га, бір адамға шаққанда – 0,2 г орман келеді.

Өзбекстан ормандарында ағаштардың және бұталардың 100-ден астам түрлері өседі. Өзбекстан ормандарын: 1) тау ормандары, 2) құм ормандары, 3) аңғар ормандары, 4) жайылма ормандары деп 4-ке бөлуге болады.

Қазақстанда шамамен 600 ағаш және бұталар түрлері өседі (Лесная энциклопедия, 1986). Орман түзуші қылқан жапырақты породалар – кәдімгі қарағай, Шренк және Сібір шыршалары, Сібір балқарағайы, сирегірек Кедр қарағайы, Түркістан және Казацкий аршасы, жапырақты тұқымдардан – ақ сексеуіл, қара сексеуіл, Зайсан сексеуілі, үлкен және қотыр қайыңдар, көктерек, қаратерек, ақтерек, тау терек (Salix arbuscula) қара қандыағаш.

Қазақстан ормандарын орман өсімдіктері жағдайына байланысты 7 топқа бөлуге болады:

1) Орманды дала

2) Дала

3) Жартылай шөл

4) Шөл аймақтары

5) Алтай және Сауыр

6) Солтүстік Тянь-Шань

7) Батыс Тянь-Шань

Қазақстан ормандары ішінде ғылыми тұрғыдан жан-жақты терең зерттелгені – шыршалар орманы (Быков, 1985). Шыршаның таулардағы түрлерінің ылғал және топырақ қорғап сақтаудағы рөлі зор. Шыршаның түрлеріне Кавказда өсетін Picea orientalis, Қиыр Шығыс тауларындағы - Picea ajanensis, Тянь-Шандағы Picea schrenkiana жатады. Шренк шыршасы фитоценоздары жоғары өнімді және сымбаттылығымен және сұлулығымен ерекшеленеді.

Picea schrenkiana Fisch. et Mey – Шренк шыршасын 1842 жылы Ф.Г. Фишер және К.А. Мейер Жоңғар Алатауынан жиналған данасы бойынша сипаттады. Бұл мәңгі жасыл қылқанды ағаш биіктігі 45-50 м және одан да биік болуы мүмкін.

Шренк шыршасы – полиморфты. Қазіргі кезде оның бірнеше түр тармақтары, вариациялары және формалары бар. Шренк шыршасының полиморфизмдігі - оның генофондының молдығының дәлелі, тек морфологиясын, биологиясын және экологиясын, адаптациясының кең мүмкіншілігін ғана емес, оларға қосымша ценотикалық және трофикалық байланыстарын дәлелдейді. Шырша туысы - алғашқы юра дәуірі шөгінділерінен белгілі. Яғни тіршілік ете бастағанына 175 млн жыл болды.

Академик Б.А. Быковтың (1985) пікірінше, Шренк шыршасының бүкіл ареалдарын (бұрынғы КСРО шекарасында) 7 ауданға бөлуге болады:

1. Сауыр – ең солтүстіктегі шырша орманының кішкентай учаскесі.

2. Жоңғар – Жоңғар Алатауының солтүстік беткейлеріндегі шырша ормандары Abies sibirica қатысады.

3. Солтүстік Тянь-Шань – ең жоғарғы өнімді шырша ормандары. Ол ормандар Іле Алатауында және Күнгей Алатауында және Талас, Теріскей Алатауларында орналасқан.

4. Солтүстік Тянь-Шань (Іле Алатауының және Күнгей Алатауының шығыс сілемдері, Кетпентау, Иныльчек және Куйлю). Бұл ормандар Солтүстік Тянь-Шань және Орталық Тянь-Шань ормандарына өте жақын ерекше Arctous alpina өсімдігінің қатысуымен.

5. Орталық Тянь-Шань салыстырмалы аласа және өнімділігі аз Талас Алатауы (оңтүстік макроклин) Сусамыртау, Нарынтау, Атбашитау ормандары.

6. Батыс Тянь-Шань Picea schrenkiana subsp. tianschanica доминант ормандар

7. Алай-Шренк шыршасының ең оңтүстігіндегі ормандары. Алай және Заалай жоталарындағы биік таудағы қайыңды шыршалықтар.

Академик Б.А. Быковтың (1985) пікірінше, Тянь-Шань шыршалы ормандары экожүйелерінің көптеген ерекшеліктері әлі жеткіліксіз зерттелген. Сондықтан комплексті экожүйелік зерттеулер (экологтар, ботаниктер, зоологтар, топырақтанушылар, климатологтар) жүргізілуі керек.

Орман морфологиясы дегеніміз – орман құрамы, формасы, құрылысы және ерекшеліктері туралы орман шаруашылығының бөлімі. Орман фитоценоздары бірнеше компоненттерден тұрады, оның негізгісі - ағаш өсімдіктері жиынтығы, әрбір ағаштың және көшеттердің ерекшеліктері. Экологиялық факторлар қиюласуына, құрамына, шығу тегіне, өсу тарихына бағынышты. Бірақ та барлық ағаштар жиынтығына тән жалпы белгілері де бар, ол ормандағы барлық ағаштар түрлері, әртүрлі жастық ұрпақтар ярустар арасындағы өзара қарым-қатынастар ерекшеліктерімен түсіндіріледі. Өте жиі өзара қарым-қатынастар сыртқы орта арқылы көрінеді. Оларды жанама деп атайды. Жанама әсерлердің ішіндегі ең маңыздысы бәсеке болып саналады. Жанамадан басқа тікелей қарым-қатынастар да бар, мысалы, симбиотикалық, паразиттік, физиологиялық (тамырлардың бірігіп кетуі), химиялық (аллелопатия), механикалық (қысым көрсету). Ағаштардың сыртқы көрінісінде, оның динамикасында бәсекелестік әсері айқынырақ білінеді. Бәсекелестік ағаштардың морфологиялық дифференциалануының негізгі себептері деуге болады.

Ормандардың таралу шекаралары олардың құрамы және өнімділігі климат факторларымен анықталады. Орманға әсер ететін негізгі климат факторларына жарық, жылу және жауын-шашын жатады.

Орманның типін және өсу ортасының жағдайын анықтағанда топырақ классификациялау белгісі ретінде пайдаланылады. Өйткені онда осы территорияның даму тарихы фиксирленеді (жазылып қалады).

Орман шаруашылығының дамуына және орман туралы жүйелі көзқарас қалыптасуына байланысты орманды орман түзуші факторлар бірлігі және екпе ағаштар және топырақтың сол регион климаты шекарасындағы бірлігі ретінде ормандарды классификациялауға сұраныс түсе бастады. Әдебиетте ормандарды классификациялаудың әртүрлі тәсілдері ұсынылды (Гутарович, 1897, Рожков, 1901, Серебенников, 1913).

Жалпы ормандар типтері ілімінің негізін қалаушы Г.Ф. Морозов болды. Г.Ф. Морозов ең алғаш рет:

1) шаруашылық қызметте орман типологиясын кеңінен пайдаланудың қажеттігін дәлелдеді;

2) орман типологиясы ілімін методологиялық тұрғыдан (қазір оны табиғатта зерттеудің жүйелі тәсілі деп атайды) теориялық дәлелдеді;

3) орман типологиясын орман туралы іліммен (ормантанумен) табиғи байланыстырып оны ормантанудың бір бөлімі етті;

4) сол замандағы орман типтері туралы тәжірибені және оларды шаруашылықта пайдалануды талдап, жалпы қорытынды жасады.

Г.Ф. Морозов сияқты В.Н. Сукачев орманның типін танумен жұмыс бітпейді, орманды шаруашылық объектісі ретінде зерттеу керек деп бірнеше рет жазды. Орманды классификациялауда оның динамикасын есепке алу өте қиын, бірақ қажет деді.

 

 

Пысықтау сұрақтары:

1. Орманның биосфералық және әлеуметтік рөлі

2. Еуропа ормандары. Орталық, оңтүстік және шығыс Еуропа ормандары. Оларды түзуші негізгі породалар, аудандары

3. Азия ормандары батыс, шығыс және оңтүстік Азия ормандары, оларды түзуші негізгі породалар, аудандары

4. Солтүстік Америка ормандары, ауданы, таралуы, негізгі орман түзуші породалары

5. Ресей ормандары, ауданы, негізгі орман түзуші породалар

6. Қырғызстан ормандары, ауданы, орман түзуші түрлер саны, негізгі орман түзуші породалар

7. Өзбекстан ормандары, типтері, ауданы, негізгі орман түзуші породалары

8. Қазақстанның ормандары, олардың типтерге бөлінуі, негізгі орман түзуші породалар

9. Шренк шыршасы ормандары, мекен жайы, экологиясы, су режимі, көбеюі

10. Шренк шыршасының экоморфологиясы, тарихы

11. Тянь-Шань шыршасы ормандары, классификациясы, академик Быков шырша ормандарын классификациялауда қандай көрсеткіштерді негіз етіп алды?

12. Төселген шыршалар ормандары, типтері. Олардың таралуы, экологиясы, флорасы

13. Орман морфологиясы. Орман құрамы, формасы, құрылысы және ерекшеліктері

14. Орман экологиясы. Орман және климат, орман және жарық, орман және жылу

15. Орман типологиясы. Ормандарды классификациялаудың әртүрлі тәсілдері

 

ГЕОБОТАНИКАЛЫҚ ТЕРМИНДЕРІНІҢ ҚЫСҚАША ОРЫСША-ҚАЗАҚША СӨЗДІГІ

 

Абиотические факторы - абиотикалық факторлар. Сыртқы ортадағы бейорганикалық факторлар /жер бедері, температура, ылғалдық, атмосфералық ауа қысымы және т.б./.

Абориген – абориген. Белгілі бір аймақтағы байырғы өсімдіктер.

Абрис – абрис. Геоботаникалық карта сызуға қажетті мәліметтер көрсетілген схема.

Автогенная сукцессия – автогенді сукцессия. Фитоценоздардың ішкі себептерге байланысты өзгеруі /сингенез және эндогенез/.

Автотрофные организмы – автотрофты организмдер. Жасыл өсімдіктер мен кейбір бактериялар, бұлар қоршаған ортадағы бейорганикалық заттан фотосинтез немесе хемосинтез процесі кезінде органикалық зат түзеді.

Агенты распространения растений - өсімдіктерді таратушылар. Бұларға жел, насеком, құс, жануар, адам т.б. жатады.

Агроценоз – агроценоз. Мәдени өсімдіктер қауымы.

Агроценология – агроценология. Мәдени өсімдіктер қауымы жайлы ілім.

Адаптация – адаптация. Организмдердің тіршілік ету жағдайына бейімделуі.

Азональная растительность - аймақсыз өсімдіктер. Белгілі бір аймаққа жатқызуға келмейтін өсімдіктер, мысалы, суарма шалғын, құм өсімдіктері.

Аллогенная сукцессия – аллогенді сукцессия. Фитоценоздың сыртқы себептердің әсерінен өзгеруі.

Альпийский пояс – альпі белдеуі. Таудың белгілі бір өсімдіктер тобы ғана өсетін биіктігі.

Анализ флоры - флораның анализі. Өсімдіктердің генезистік байланысын, флораның экологиялық ерекшелігін, өсімдік түрлерінің халық шаруашылығындағы ролін т.с.с. зерттеу.

Ареал – ареал. Өсімдіктер түрлері, туыстары және басқа да категориялары таралған аймақ.

Аспект ассоциации – ассоциация аспектісі.

Аспект фитоценоза – фитоценоз аспектісі.

Ассектаторы - ассектаторлар. Өсімдіктер қауымындағы үшінші дәрежелі орын алатын топтар.

Ассоциация – үйлесімді бірлестік. Белгілі орында табиғи пайда болған, құрамы айқын, тіршілік жағдайы біркелкі бірлестіктегі өсімдіктер қауымын жіктеу жүйесінің негізгі өлшемі.

Ассоцированность вида, сопряженность вида - түр белгісі, түрдің ассоциациялануы. Өсімдік қауымы мен оның орта бірлігінің сыртқы көрінісі.

Аутоэкология – аутоэкология. Жеке организм түрлерінің ортамен қарым-қатынасын зерттейтін ғылым.

Базофильные растения – базофильді өсімдіктер. Топырағы сілтілі болып келетін шөл және шөлейт далада өсетін көптеген өсімдік түрлері.

Биогеосфера – биогеосфера. Биосфераның биогеоценоздар және экосистемалар таралған бөлігі.

Биогеоценоз – биогеоценоз. Зат алмасуы және энергия алмасуы негізінде тірі организмдер мен өлі компоненттерді біріктіретін күрделі табиғи жүйе, автотрофты және гетеротрофты организмдер – биогеоценоздардың тірі компоненттері.

Биогеоценология – биогеоценология. Биогеоценоздар туралы ілім.

Биогоризонты – биогоризонттар. Ярустың ценоэкосистемадағы функциональдық бөлшегі.

Биом - биом. Белгілі бір ауданда немесе табиғи зонада мекендейтін өсімдіктер және жануарлар түрлерінің жиынтығы.

Биомасса - биомасса. Бір түрдің особьтарының, түрлер топтарының немесе түгел қауымның аудан немесе көлем бірлігіндегі органикалық заттардың мөлшері.

Биоморфа - биоморфа. Түрлердің систематикалық орнымен, олардың өсу формаларымен және биологиялық ритмімен анықталатын тіршілік формасы.

Биота - биота. Территориясының ортақтығымен бірлескен өсімдіктердің, жануарлардың, саңырауқұлақтардың және бактериялардың тарихи құрылған жиынтығы.

Биосфера – биосфера. Жерде тіршілік таралу аймағы, оның құрамы, құрылысы және энергетикасы негізінен алғанда бұрынғы немесе қазіргі тірі организмдердің әрекеттері бойынша анықталады.

Биотипические факторы - биотикалық факторлар. Басқа организмдер трішілік әрекетінің организмге ықпалы.

Биотоп - биотоп. Белгілі бір организмдер ғана тіршілік ететін орта. Мысалы, қияқты батпақты, шыршалы орман және т.б.

Биоты – биоталар. Белгілі территорияда орныққан әртүрлі жануарлар мен өсімдіктер.

Биохор - биохор. Ұқсас биотоптар қамтитын биосфера бөлігі.

Биоценоз – биоценоз. Тіршілік жағдайы біркелкі болып келетін ортада тіршілік ететін өсімдіктер, жануарлар, микроорганизмдер бірлестігі.

Биоценология – биоценология. Биоценоздарды зерттейтін ғылым.

Биоценон – биоценоз типі.

Болота – батпақ, саз.

Болотоведение – батпақты, сазды зерттейтін ғылым.

Бор - қарағайлы орман.

Ботаническая география – ботаникалық география. Өсімдіктердің жер бетінде таралуы туралы ғылым.

Бурьяны – қурай. Қатты сабақты, қурап қалған көнекті өсімдіктер.

Валентность экологическая - экологиялық валенттілік. Түрдің әртүрлі орта жағдайында өмір сүруге қабілеттілігінің сипаттамасы.

Валовая продукция – жалпы өнім.

Вегетационный период - вегетациялық кезең. Өсімдіктің қаулап өсетін кезі.

Вегетация – вегетация. Өсімдіктің тіршілік ету кезеңі.

Взаимоотношения внутри видовые - түр ішілік өзара қатынас.

Взаимоотношения организма и среды - орта және организмнің өзара қатынасы.

Викарирущий вид – ұқсас түр. Өзара өте ұқсас, бірақ әртүрлі географиялық аймақта тіршілік ететін организм түрі.

Виды диагностическое – синтаксондарға диагноз қоюға пайдаланылатын түрлер.

Виоленты - виоленттер. Өсімдіктің тіршілік қабілеті басым және ортаның жағдайын толық пайдалана алатын түрі.

Вместимость пастбища - жайылым сиымдылығы. Жайылымды жаюға болатын мал саны.

Встречаемость вида - өсімдік түрінің жиілігі.

Выживание - тірі қалу.

Выносливость – төзімділік.

Гейтогенез – гейтогенез. Бір немесе бірнеше фитоценоздардың осы жердің шеңберінен аспайтын сыртқы факторлардың әсерінен болатын аллогенді сукцессия.

Генерализация геоботаническая – геоботаникалық топтау, қорыту. Геоботаникалық картаны құрастырғанда іріктеп, талдап қорытынды жасау процесі.

Геоботаника – геоботаника. Жер бетіндегі өсімдіктер және өсімдіктер қауымдары туралы білім.

География ботаническая – ботаникалық география жабындарының таралу заңдылықтарын зерттейтін ғылым.

География растений - өсімдіктер географиясы. Өсімдіктердің жер шарында таралуы және сол таралу заңдылықтарын зерттейтін ғылым.

География растительности - өсімдіктер жабыны географиясы. Жер бетіндегі синтаксондардың географиялық таралу заңдылықтарын зерттейтін ғылым.

Гербаризация – гербарий жасау. Өсімдіктерді жинау, кептіріп сақтау.

Гербарий – гербарий. Кептірілген өсімдіктер коллекциясы.

Гетерогенность фитоценозов – Фитоценоздың әр тектілігі. Фитоценоздың жеке бөлшектерінің әр тектілігі.

Гетеротрофные организмы – гетеротрофты организмдер. Дайын органикалық заттармен қоректенетін организмдер.

Гидрофиты - гидрофиттер. Тамырлары, тамырсабақтары және түйнектері жер бетіне жақын орналасқан артық ылғалды жағдайда өсетін өсімдіктер.

Гологенез – гологенез. Табиғатқа немесе антропогендік факторларға байланысты түгел ландшафтың даму процесінің салдарынан болатын антропогендік сукцессия.

Гомогенность фитоценозов – фитоценоздардың біртектілігі /біркелкілігі/: Фитоценоздың флоралық және структуралық біркелкілігі.

Диаспоры - диаспоралар. Тұқым, пиязшық, т.с.с. табиғи жолмен бөлініп шығып, таралу нәтижесінде өсімдікті көбейтетін бөліктері.

Динамика фитоценозов – фитоценоздар динамикасы. Фитоценоздардың структурасының сыртқы және ішкі себептерге байланысты қайтып оралмайтын /немесе ұзақ циклды/ өзгерістері.

Дискретность растительного покрова - өсімдіктер жабындарының үзілмелілігі.

Доминанты – доминанттар. Өсімдіктің әрбір ярусында ең жақсы және көп өсетін өсімдік түрі.

Доминирование – басым болу, доминантты болу.

Емкость пастбища – жайылым сиымдылығы. Бір айда жайылымда қоректендіруге болатын үй жануарларының түрлерінің саны.

Естественные кормовые угодья - табиғи жайылымдық және шабындық жерлер.

Естественный отбор - табиғи сұрыптау.

Жизнедеятельность – тіршілік әрекеті.

Жизненная форма- тіршілік формасы.

Жизненность – тіршілікке икемділік, өмір сүруге бейімділік.

Замкнутность фитоценоза – фитоценоздың тұйықтығы.

Залежь - тыңайған жер. Ұзақ жылдар бойы егін егілмей, жабайы өсімдіктер өсіп кеткен жер.

Залужение - шалғындандыру. Өнімділікті арттыру үшін ұйымдастырылатын шаралар.

Зональность растительности - өсімдіктер зоналығы (сиымдылығы). Негізінен климатқа байланысты, ал климат күн сәулесінің түзу бұрышының өзгеруіне қарай өзгеріп отырады (зоналық тік және горизонталь болып бөлінеді).

Зябь - аңыздық. Келесі жылғы егіске арнап, жерді күзде жырту.

Изменчивость фитоценоза - фитоценоздың өзгергіштігі.

Индивид – индивид. Жеке өз бетінше өмір сүре алатын организм.

Индикация – индикация. Ортаның жағдайын өсімдіктер арқылы анықтау.

Интерзональные фитоценозы - фитоценоздың аймақ аралық типтері.

Интерзональная растительность - интераймақты өсімдіктер. Әртүрлі аймақта кездесетін өсімдіктер.

Карта геоботаническая - геоботаникалық карта.

Картирование фитоценозов - өсімдіктер қауымын картаға түсіру.

Катаклизм - катаклизм. Сыртқы табиғаттың немесе антропогендік фактор әсерінен өсімдіктер қауымының структурасының кенеттен өзгеруі.

Классификация фитоценозов - фитоценоздар классификациясы. Өсімдіктердің қасиеттеріне, өскен жерінің ерекшеліктеріне байланысты олардың қауымдарын топтастыру.

Климакс - климакс. Автогенді және аллогенді сукцессиялар нәтижесінде пайда болатын өсімдіктер жабындарының салыстырмалы тұрақтылық күйі.

Колония растений, группа растений - өсімдіктер тобы. Жаңа, бұрын өсімдіктер жоқ тақыр жерде пайда бола бастайтын өсімдік тобы.

Комбинация – комбинация. Фитоценоздардың алмасуы бір жүйеде, тұрақты болмауының салдары.

Комплексность фитоценозов - фитоценоздардың комплекстілігі. Бір ландшафтағы әртүрлі ассоциациялардың экотоп жағдайына байланысты алмасулары бір жүйемен, тұрақты болуы салдарынан өсімдік жабынының біркелкі еместігі.

Кондоминанты - кондоминанттар. Белгілі бір өсімдік қауымында доминанттардың саны екі түрден немесе одан да артық болса оларды осылай атауға болады.

Конкуренция - конкуренция. Организмнің белгілі бір қолайлы жағдайға таласуы.

Коннекторы - коннекторлар. Вегетативтік жолмен көбеюіне байланысты қалың болып өсетін доминант өсімдіктер.

Консорты - консорттар. Өздерінің тіршілік әрекетінде тағдырының бірлігімен консорция орталық объектісімен байланысқан организмдер тобы.

Консорция – консорция. Биогеоценоз структурасындағы негізгі бірлік. Автотрофты өсімдік особынан немесе популяциясынан және онымен трофикалық және топикалық байланысқан түрлер популяциясынан тұрады.

Констанность видов - түрдің тұрақтылығы.

Консументы - консументтер. Органикалық заттарды пайдаланатын жануарлар және кейбір өсімдіктер тобы.

Континуум фитоценотический – фитоценотикалық үздіксіздік. Өсімдік қауымының бір-біріне ақырын ауысу қасиеті.

Кормовая единица - мал азығының өлшем бірлігі. Орташа сапасы бар 1 кг сулы дәніне қоректік жағынан сәйкес келетін азық мөлшері.

Космополиты - космополиттер. Барлық жерде бірдей кездесіп, өсе беретін өсімдік түрі.

Криптофиты - криптофиттер. Көпжылдық шөптесін өсімдіктер; бұлардың қысқа қарсы жер бетіндегі бүршіктері өледі, ал келесі жылы өсіп шығатын бүршіктері жер астындағы тамыр сабағында түйнегінде, жуашығында т.с.с. болады.

Ксерофиты - ксерофиттер. Құрғақшылыққа төзімді өсімдіктер.

Культурфитоценоз - жасанды фитоценоз.

Ландшафт - ландшафт. Жер бедерінің жалпы көрінісі.

Ланды - мәңгі жасыл бұталардың / Erica / формациясы /Батыс Европада/.

Латентные особи - Особьтардың жасырын кезеңі. Мысалы, күрделі өсімдіктердің тұқым, түйнек жуашық, тамырсабақ күйінде өтетін кезеңі.

Легенда к геоботанической карте - геоботаникалық картаның мазмұнын қысқаша жазып сипаттау.

Леса - ормандар.

Лесоведение - ормантану, Ормантану - ғылыми, орман өсіру кәсібі.

Летнезеленые растения - Жаздық жасыл өсімдіктер.

Листопад - жапырақ түсу.

Литофиты - литофиттер. Таста өсуге бейімделген өсімдіктер.

Лоциация - лоциация. Англо-американдық таксондар жүйесіндегі формация бөлігі.

Луга - шалғындықтар. Табиғи немесе екпе шөптер өскен аймақ.

Луговодство - шалғындық шаруашылығы.

Луговедение - шалғындықтану.

Мангровы - мангралар. Тропика аймағындағы теңіз, өзен жағалауларында өсетін ну ағаш, бұл өсімдіктердің тыныс тамыры болады.

Межвидовые взаимоотношение – түр аралық қарым-қатынас.

Местонахождение – таралу аймағы.

Местообитание- тіршілік ету орны.

Местопроизрастание - өсу орны. Өсімдіктің өсіп тіршілік ететін орны.

Метод проективный – проективті әдіс. Бір қауымға жататын өсімдік түрлерінің таралуын зерттеу әдісі.

Метод укосный - ору әдісі.

Моноценоз - моноценоз. Құрамында бір ғана түрі болатын өсімдік қауымы.

Мезофиты - мезофиттер. Ылғалдылығы жеткілікті, бірақ шамадан артық болмайтын жағдайда өсетін өсімдіктер.

Мертовый покров /опад/ - Өлі жабын. Өсімдікпен байланысын үзіп жердің бетіне түскен бөліктері /жапырақ, сабақ, қабық, т.с.с./.

Мозаичность - теңбілділік. Фитоценоздың жазықтағы біркелкі еместігі.

Монодоминантные фитоценозы - бір доминант түрі бар өсімдіктер қауымы.

Мортмасса/ опад+опад/ - “опад” және “опад” деген сөздерді қараңыз.

Мутуализм - мутуализм. Фитоценоздағы ценопопуляциялар немесе жеке особьтар арасындағы екеуіне де пайдалы қарым-қатынас формасы.

Неофит - неофит. Жергілікті флорада жаңадан пайда болған түр.

Нетто-продукция – таза, немесе биологиялық өнім, биомассаның бір жылдағы өнімі /демалуға пайдаланған өнімнен басқасы/.

Нитрофиты - нитрофиттер. Азотты қосылыстары мол топырақта жақсы өсетін өсімдіктер.

Ниша экологическая - экологиялық тауша. Экожүйедегі түрдің қызмет атқаратын орны.

Обилие видов растений - өсімдік түрлерінің көптігі.

Облик – келбет.

Объединение фитоценозов - фитоценоздардың бірігуі.

Оксилофиты - қышқылы мол топырақтарда жақсы өсетін өсімдіктер.

Олиготрофные растения - топырақтың құнарлылығын онша қажет етпейтін өсімдіктер.

Олигоценозы – құрамында бірнеше ғана күрделі өсімдіктер бар фитоценоздар.

Омброфиты - омброфиттер. Жауын-шашынды және конденсацияланған ылғалды пайдаланатын өсімдіктер.

Опад - өсімдіктердің жерге үзіліп түскен өлі бөліктері /жапырақ, сабақ, бұта, гүлдер, қабық тағы с.с./.

Описание фитоценозов - фитоценоздардың ерекшеліктерін көрсетіп сипаттау.

Оптимум - белгілі бір факторлардың өсімдік үшін ең қолайлы мөлшері.

Ординация - ординация. Өсімдіктердің кейбір факторларға байланысты өзгеру сипатын көрсететін - ось бойында түрлерді немесе қауымдарды ретке келтіру процедурасы.

Отава – көрпекөк. Шауып алынған шөптің орнында өсіп келе жатқан көк.

Отбор - сұрыптау, сұрыпталу.

Отпад - өсімдіктердің тірі бөлігінен әлі ажырамаған, бірақ қурап өліп қалған бөліктері.

Отчуждение – шөп орғанда немесе мал жегенде өсімдіктердің тірі мүшелерін немесе бөліктерін ажырату.

Паразитизм - паразитизм. Бір организммен екінші организмнің қоректенуі.

Пастбище – жайылым.

Пастбищеоборот - ауыспалы жайылым.

Патиенты – патиенттер. Өсімдіктің қолайсыз ортаға түйе сияқты төзімді түрі. Өсімдік әлемінің “түйелері”.

Площадка пробная – тәжірибе алаңы.

Площадка укосная – орым алаңы

Площадь обитание - тіршілік алаңы. Өсімдік тіршілік ететін алаң.

Поедаемость растений - өсімдіктің желінгіштігі.

Покой растений - өсімдіктің толас кезеңі.

Покров растительный - өсімдік жабыны.

Полидоминантность фитоценоза – фитоценоздардың полидоминанттылығы. Көп доминантты қауым.

Поликлимакс - поликлимакс. Климаты бірдей аудандағы көп климаксті өсімдік жабыны.

Полиценоз - полиценоз. Құрамында түрлері көп өсімдік қауымы.

Полог - қалқа. Ярустың көлденең бөлігіндегі бөлшегі.

Популяция - популяция. Бір түр особьтарының жиынтығы.

Почвообразующая роль фитоценозов - фитоценоздардың топырақ түзу ролі.

Поясность растительности - өсімдіктер алқабы. Өсімдіктердің әртүрлі тау биіктігінде белдеуленіп орналасуы.

Продуктивность биологическая - өсімдік қауымының белгілі бір уақыт ішінде беретін органикалық заттарының шамасы.

Проективное покрытие – проекциялық жабын

Проценоз – проценоз. Қалыптасып келе жатқан өсімдік қауымы.

Псаммофиты - псамофиттер. Құмды жерде тіршілік етуге бейімделген өсімдіктер.

Психрофиты - психрофиттер. Суық және ылғал топырақты жердің өсімдіктері.

Пустыня - шөл.

Развитие растений - өсімдіктің дамуы. Өсімдіктің сапа өзгерістерін басынан өткізіп өсіп жетілуі.

Разложение органических веществ - органикалық заттардың ыдырауы.

Размножение растений - өсімдіктің көбеюі. Өсімдіктің ұрпақ беріп өсіп көбеюі.

Разъеденение фитоценозов - фитоценоздардың ажырауы.

Район геоботанический – геоботаникалық аудан.

Распределение растительности - өсімдіктердің таралуы.

Расселение растений - өсімдіктердің таралуы.

Растение рудеральное – қоқыс өсімдігі. Тұрғын үй айналасындағы қоқыс төгілген жерлерге, жол бойында өсетін өсімдік.

Растение синантропное – синантропты өсімдік, арамшөп өсімдік. Адамның әрекетімен байланысты арамшөп өсімдіктер.

Растительное богатство - өсімдік байлығы.

Растительное сообщество, фитоценозов - өсімдік қауымы, фитоценоз.

Растительность - өсімдіктер.

Растительные ресурсы - өсімдік қоры.

Растительный мир - өсімдіктер дүниесі.

Растительный покров - өсімдік жабыны.

Рекогносцировка - реконосциновка, барлау. Территорияны алдын-ала маршруттық геоботаникалық зерттеу.

Рекреция - адамның демалысы кезіндегі сыртқы ортаға әсері.

Реликты – реликтер. Ертерек кезде флора құрамында болған, ал кейіннен жоғалған өсімдік түрлері.

Рельеф - жер беті формалары.

Ретрогрессия - ретрогрессия, артқа жүруші. Өсімдіктердің күйреуіне байланысты өзгеру процесі.

Ритмы развития - даму ритмі. Организм дамуының бірқалыпты кезектесіп жүруі.

Ряды фитоценозов - фитоценоздың кеңістіктегі алмасуы.

Ряды экологические - ортаның градиенттері бойындағы популяциялардың, түрлер тобының фитоценоздардың жүйелілігі.

Саванна - саванна. Африка мен Оңтүстік Америка тропиктерінде шөптесін өсімдіктер өскен көлемді алқап.

Сапрофиты - сапрофиттер. Органикалық заттардың қалдығымен қоректенуші өсімдіктер /мысалы, кейбір саңырауқұлақтар мен бактериялар/.

Сигматизм - сигматизм. Браун-Бланке және оны қолдаушылардың геоботаникадағы дамытқан бағытының аты, фитоценоздардың флоралық классификациясының аты.

Симбиоз - симбиоз, селбесу. Екі организмнің біріне-бірі пайда келтіріп, бірігіп тіршілік етуі.

Симбионт - симбионт. Симбиозға қатысушы организмдердің бірі.

Синморфология - синморфология. Фитоценологияның бір бөлігі /фитоценоздардың морфологиялық құрылысы туралы/.

Синтаксон - синтаксон. Қауымдар систематикасындағы, фитоценоздардың рангсі анықталған типі.

Сингенез – сингенез. Фитоценоздардың қалыптасу процесі.

Синузия - синузия. Экологиялық тұрғыдан қарағанда ролі бірдей, ассоциацияның бір бөлігі.

Синэкология - синэкология. Өсімдіктер тобымен тіршілік ортаның байланысын зерттейтін ғылым саласы.

Смена аспектов – аспектілердің алмасуы. Маусымдық даму кезеңіндегі фитоценоздың аспектісінің өзгеруі.

Смена экзодинамическая – экзодинамикалық алмасу. Сыртқы ортаның әсерінен өсімдіктер қауымының өзгеруі.

Смена эндодинамическая – эндодинамикалық алмасу. Ішкі ортаның өзгерісінен өсімдіктер қауымының тезірек алмасуы.

Спектр биологический – биологиялық спектр. Белгілі бір аймақтағы немесе аудандағы өсімдіктер құрамының, тіршілік формасының көрсеткіші.

Спектр флористический – флоралық спектр. Белгілі бір ауданның флорасы құрамының систематикалық көрсеткіші.

Стабилизация – стабилизация. Өсімдік қауымының қалыптасып тұрақтануы.

Стенобионты - стенобионттар. Ортаның салыстырмалы тұрақты жағдайында ғана өмір сүруге қабілеті бар экологиялық бейімделген қысыңқы организмдер.

Степь - дала, сахара. Көпжылдық астық тұқымдас өсімдіктер өсетін кең жазықтық.

Строение фитоценоза - фитоценоз құрамы.

Структура фитоценоза - фитоценоз структурасы.

Структура фитоценоза вертикальная - фитоценоздың вертикальді /тік өлшегендегі/ структурасы /мысалы, қабат, ярус, қалқа/.

Структура фитоценоза во времени - фитоценоздың уақытқа байланысты структурасы. Фитоценоздың даму процесіндегі тәуліктік, маусымдық және әр жылдардағы өзгеруі.

Структура фитоценозов горизонтальная - фитоценоздың горизонталь /көлденең/ структурасы /мысалы, мозайкалылығы - теңбілдігі/.

Структура фитоценоза функциональная – фитоценоздың функциональдық структурасы /мысалы, ценоэлементтер, ценоячейкалар, синузиялар, ценопопуляциялар/.

Структура фитоценоза эколого-биологическая - фитоценоздың эколого-биологиялық структурасы. Фитоценоздың биоморфаларының және экоморфаларының сандық құрамы.

Субассоциация – субассоциация. Фитоценоздардың флоралық классификациясындағы ассоциациядан төменгі рангсі.

Сукцессия - сукцессия. Өсімдіктердің алмасуы, бір фитоценоздың орнын екінші фитоценоз басып алмастырады.

Сукцессия - сукцессия. Өсімдіктердің алмасуы, бір фитоценоздың орнын екінші фитоценоз басып алмастырады.

Сциофиты - сциофиттер. Көлеңке сүйгіш өсімдіктер.

Стратегии растений - өсімдіктер стратегиясы. Өсімдік қауымында және экосистемаларда популяциялардың тұрақтылығын сақтау әдістері /мысалы, Раменский виоленттерді, патиенттерді және эксплеренттерді ажыратты/.

Съемка геоботаническая - геоботаникалық карталар құрастыру және ол үшін мәліметтер жинау жұмыстары.

Тайга - тайга. Европаның солтүстік бөлігіндегі және Батыс Сібір мен Шығыс Сібірдегі ағаш өскен кең алқап.

Таксон - таксон. Систематикалық категориялар түр, туыс, тұқымдас, қатар, класс, тип.

Таксономическая единица - таксономимиялық топ.

Таксономия - таксономия. Өсімдіктерді классификациялау принципі жөніндегі ілім.

Теория формирования ареалов - ареалдардың қалыптасу теориясы.

Термофильные организмы – термофильді организмдер, жылу сүйгіш организмдер.

Терофиты - терофиттер. Тұқыммен ғана көбейетін біржылдық шөптер.

Тип растительности - өсімдік типі. Өсімдіктер систематикасының жоғарғы категориясы.

Травяной покров - шөп қабаты.

Трансекта - трансекта. Түрлердің сапалық және сандық ерекшеліктерін зерттеуге арналған тар тіке тартылған алаң.

Трансбиотические взаимоотношения - трансбиотикалық қарым-қатынас. Организмдердің ортаға және ортаның организмдерге әсер етуінің әртүрлі формалары.

Трихофиты /трихогидрофиты/ - трихофиттер /трихогидрофиттер/. Топырақтағы капилляр ылғалмен өмір сүретін өсімдіктер.

Трофическая сеть - трофикалық тізбегі /қоректену тізбегі/.

Трофность /почвы или водной среды, экосистемы/ - биоталарға қажетті заттармен байлығы /топырақтың, судың, экосистеманың/.

Тугай - тоғай. Ағаш бұта және шөп өсімдіктері қалың өскен алқап.

Тундра - тундра. Европа, Азия және Американың терістік шетіндегі ормансыз тегіс алқап.

Укос - пішен.

Унион - унион. Синузиялар классификациясындағы бірлік.

Урожайность – түсімділік.

Устойчивость видов - түрдің тұрақтылығы.

Устойчивости фитоценозов - фитоценоздардың тұрақтылығы.

Фаза - фаза, кезең. Өсімдік дамуының белгілі бір кезеңі.

Фаза вегетативная - вегетациялық кезең.

Фаза фенологическая - фенологиялық кезең.

Фактор влияния человека - адамның әсер ету факторы.

Фактор климатический - климаттық фактор.

Фактор орографический - орографиялық фактор, рельеф факторы. Рельеф факторына жазықтық, тау, төбе сай-сала, беткей сияқтылар жатады.

Фактор среды - орта факторы.

Фактор эдафический - эдафикалық фактор /топырақтың астыңғы және үстіңгі қабаттары жатады/.

Фанерофиты - фанерофиттер. Бүршіктері топырақ бетінен жоғары орналасқан ағаштар және бұталар.

Фация - фация. 1) Фитоценоздардың флоралық классификациясындағы синтаксономиялық иерархияның ең төменгі сатысы. 2) Ландшафтың көлемі жағынан биогеоценозға жақын элементі.

Федерация - федерация. Синузия классификациясындағы өлшем бірлігі.

Фенологическое наблюдение - фенологиялық бақылау. Өсімдік тіршілігінде климат жағдайына байланысты болатын құбылыстарды бақылау.

Феноритмотипы - феноритмотиптер. Өсімдіктердің фенологиялық фазаларын өту мерзімі.

Феноспектр - феноспектр. Жеке өсімдіктің, түрдің немесе түгел фитоценоздың маусымдық дамуындағы фенологиялық фазалардың ұзақтығын және жүйелілігін көрсететін графикалық формасы.

Физиономия фитоценоза - фитоценоздың сыртқы көрінісі.

Фитоактиномерия - фитоактиномерия. Актиномерия бөлімі, фитоценоздағы сәуленің тасымалдануын және айналуын зерттейді.

Фитобентос - фитобентос. Судың түбінде тіршілік ететін өсімдіктер тобы.

Фитогегорафия – фитогеография. Өсімдіктердің географиясы.

Фитография - фитография. Ботаниканың өсімдіктерге сипаттама беру тәртібі жайлы саласы.

Фитографы - фитографтар. Фитоценоздағы түрлердің көптігі, жиілігін, биіктік класын және жабынын проекциясын көрсететін диаграммалар.

Фитоклимат - фитоклимат. Өсімдікке байланысты қалыптасатын климат.

Фитомасса - фитомасса. Белгілі бір аудандағы өсімдіктердің тірі және өлі органикалық заттарының жалпы салмағы.

Фитомелиорация - фитомелиорация. Өсімдіктердің табиғат жағдайында өсу жағдайын жақсартуға арналған шаралар жүйесі.

Фитонциды - фитонцидтер. Өсімдіктерден көбінесе газ күйінде бөлініп шығатын заттар.

Фитопланктон - фитопланктон. Суда қалқып жүріп тіршілік ететін өсімдіктер.

Фитосоциология - фитосоциология. Өсімдіктер қауымы туралы ғылымның ескі аты.

Фитосреда – фито орта, өсімдік ортасы.

Фитосфера - фитосфера, өсімдік әсері тиетін аудан.

Фитотаксономия - фитотаксономия. Өсімдіктер таксономиясы.

Фитофаги - фитофагтар. Өсімдіктермен қоректенетін гетеротрофты организмдер /жануарлар, кейбір саңырауқұлақтар/.

Фитофенология - фитофенология, өсімдіктер фенологиясы.

Фитоценогенез - фитоценогенез. Фитоценоздың пайда болуы.

Фитоценоз - фитоценоз, өсімдіктер қауымы. Белгілі құрамы бар, өзара бір-бірімен және сыртқы ортамен байланысты өсімдіктер қауымы.

Фитоценоз девственный - адамның әсері мүлде тимеген өсімдіктер қауымы.

Фитоценоз мозаичный – теңбіл фитоценоз, әшекей фитоценоз. Құрамындағы жеке өсімдіктері теңбілденіп /әшекейленіп/ топтанып орналасқан өсімдіктер қауымы.

Фитоценоз реликтовый - реликт фитоценоз. Нашарлап құру дәрежесіндегі өсімдік қауымы.

Фитоценоз искусственный - жасанды фитоценоз. Егістіктегі, бақшадағы газондағы өсімдіктер қауымы /егер олардың компоненттері арасында қарым-қатынас болса/.

Фитоценоз эндемичный - эндемикалық фитоценоз.

Фитоценология - фитоценология. Өсімдіктер қауымының қалыптасу және даму заңдылықтарын зерттейтін ғылым.

Фитоценом - фитоценом. Фитоценоз типі.

Фитоценотип - фитоценотиптер. Фитоценоздағы немесе региондағы рөлі, фитоценотикалық позициясы және бірге өмір сүруге бейімделу ерекшеліктері ұқсас түрлер популяциясының немесе түрлердің тобы.

Фитоценотипы видовые - түрлік фитоценотиптер. Таралған ареалы ішінде белгілі бір рөл атқаруға қабілетті барлығымен ажыратылатын популяциялар категориясы.

Фитоценотипы популяционные - популяциялық фитоценотиптер. Фитоценоз тіршілігінде атқаратын рөлдерімен ажыратылатын популяциялар категориясы.

Фитоэдифон - фитоэдифон. Қауымның қабаты, топырақтағы өсімдіктер /саңырауқұлақтар, балдырлар, бақтариялар/ жиынтығы.

Флористическая классификация - флоралық классификация.

Флора- флора. Белгілі бір жердегі өсімдіктердің барлық түрі.

Флорогенез - флорогенез. Флораның пайда болуы.

Форма жизненная - тіршілік формасы.

Флуктуация - флуктуация. Өсімдіктер қауымының әртүрлі жылдардағы белгілі бір бағыты жоқ өзгеруі.

Формация растений - өсімдіктер формациясы.

Формирование фитоценоза - фитоценоздың қалыптасуы.

Фратри формация - формация фратриясы. Фитоценоздың генетикалық классификациясындағы синтаксономиялық иерархияның жоғарғы сатыларының бірі.

Фреатофиты - фреатофиттер. Тамырлары терең дамып орналасулар /грунтовая вода/ есебінен өмір сүретін өсімдіктер.

Фригана - фригана. Құрғақшылыққа төзімді құрғақ тасты баурайлардың өсімдіктері /жартылай бұталар және шөптер/.

Хазмофиты - хазмофиттер. Жартас саңылауларында өсетін өсімдіктер, литофиттердің бөлігі.

Хамефиты - хамефиттер. Қайтадан өсіп шығатын бүршіктер жер бетіне тақау орналасқан өсімдіктер /бұталар/.

Характерные виды - характерлі түрлер. Өсімдіктердің белгілі категориясына /мысалы ассоциацияға/ үйреншікті түрлер.

Химический состав - өсімдіктің химиялық құрамы.

Хиомофиты - хиомофиттер. Қардың үстінде өсетін өсімдіктер /мысалы, кейбір балдырлар/.

Холодостойкость - суыққа төзімділік.

Хорология - хорология. Организмдер мен қауымдардың географиясы және топографиясы туралы ғылым.

Цветение - гүлдеу.

Ценобиоз - ценобиоз. Организмдердің /биоценоздарда/ бірге өмір сүруі.

Ценобионты - ценобионттар. Өсімдіктер қауымының құрамындағы түрлердің жеке өсімдіктері, индивидтері.

Ценогенез – ценогенез.

Ценогенетический ряд - ценогенетикалық қатар. Бір-бірімен ценодинамикалық сукцессиялар арқылы байланысқан фитоценоздардың ландшафтағы кезектесуі /алмасуы/.

Ценогеография - ценогеография. Геоботаника бөлімі жер бетінде фитоценоздардың таралу заңдылықтарын зерттейді.

Ценоз - ценоз. Өсімдіктердің табиғи тобы.

Ценоквант - ценоквант. Фитоценоздың біркелкі бөлігін қамтитын, барлық түрлердің проекциялық жабынын /бүркеудің/ бағалауға жеткілікті өсімдік қауымын сипаттайтын аудан.

Ценосфера – ценоорта.

Ценотип – ценотип /эдификатор, субэдификатор, ассектатордың т.б. жалпы аты/.

Ценопопуляция - ценопопуляция. Бір фитоценозда өсетін, жасы және тіршілік күйі жағынан айырмашылықтары бар түр особьтарының жиынтығы.

Ценотическая мощность - ценотикалық қуат. Биотикалық және трансбиотикалық қарым-қатыныастың, соның ішінде конкуренцияның /бәсекенің/ нәтижесінде түрдің ценозда әртүрлі орналасу қабілеттілігі.

Ценохоры - ценохоралар. Өсімдіктердің хорологиялық өлшем бірлігі.

Ценоэлемент - ценоэлемент. Фитоценоздың функциональдық структурасының өлшем бірлігі. Мысалы, ценоэлементтерге ценоячейка, ценопопуляция, синузия және консорция жатады.

Центр ареала - ареал орталығы.

Ценоэкотип - ценоэкотиптер. Өсімдіктер қауымдарындағы эдификаторлар қалыптастырған ортаға бейім экотип.

Ценоячейка - ценоячейка. Фитоценоздың функциональды структурасының өлшем бірлігі.

Цепи питания - паразитизмге және жыртқыштыққа /хищничество/ негізделген консортивтік байланыстар.

Циклы развития – даму циклы.

Чапарель - Чапарель. Құрғақшылыққа төзімді, мәңгі жасыл бұта емендерімен тұратын субтропикалық формациялар /Калифорния/.

Численность вида - белгілі аудандағы немесе тәжірибе ауданындағы түрлердің саны.

Шкала Браун-Бланке - Браун-Бланке шкаласы. Өсімдік түрлерінің жабынының проекциясын және көптігін балл /1-5/ қойып бағалау.

Шведская классификация - Швед классификациясы /Дю Рие ұсынған фитоценоздар классификациясы/.

Школа геоботаническая - геоботаникалық мектеп. Геоботаниканың дамуындағы негізгі бағыттар.

Шкала Друде - Друде шкаласы. Шөптесін өсімдіктерінің үлкендігін көзбен анықтау үшін қолданылатын шкала.

Шкала Крифта - Крифт шкаласы. Бір популяция ағаштарының басымдық және өміршеңдік дәрежесіне қарай таралуы.

Шкала обилия растений - өсімдік көптігінің шкаласы. Өсімдік түрінің белгілі бір ауданындағы не аймақтағы шамасын анықтау әдістерінің бірі.

Шкала поедаемости растений - өсімдіктің желінгіштік шкаласы.

Шкала покрытия – жабыну /бүркену/ шкаласы. Өсімдіктердің жабынын көзбен анықтау үшін қолданылатын шкалалар.

Шкала размещения растений - өсімдіктің орналасу шкаласы.

Шкала увлажнение – дымқылдану /сулану/ шкаласы. Өсімдіктің сумен қамтамасыз етілгендігін анықтауға арналған экологиялық шкала /Раменский, 1938/.

Шкалы цветов - Түс-рең шкаласы. Түс-реңді дәл анықтауға арналған құрал. Мысалы 720 түс-реңді анықтауға арналған шкала бар.

Эволюция фитоценозов - фитоценоздар эволюциясы. Фитоценоздар динамикасының формасы, соның нәтижесінде жаңа фитоценоздар қалыптасады.

Эврибионты - эврибионттар. Әртүрлі орта жағдайында өмір сүруге қабілеті бар, экологиялық кең бейімделген организмдер.

Эдафические условия - эдафикалық жағдай. Өсімдіктердің тіршілік әрекетіне, таралуына әсер ететін топырақ жағдайы.

Эдафогенные смены - эдафогенді алмасулар. Сыртқы факторлардың /мысалы, сортаңдану/ әсерінен топырақтың өзгеріп, соның салдарынан өсімдіктердің алмасуы.

Эдафототипы - эдафототиптер. Әртүрлі топырақ жағдайының әсерінен қалыптасқан экотиптер.

Эдафофиты - эдафофиттер. Топырақ қабаттарында кездесетін төменгі сатыдағы өсімдіктер.

Эдификаторы - эдификаторлар, құрушылар. Фитоценоздардың негізін құрушы және фитоценотикалық ортаны құруда негізгі рөл атқаратын өсімдіктер.

Эйремы - эйремдер. Бұл аймақ территорисынан сырт жерде пайда болған түрлер.

Экзодинамические смена - экзодинамикалық алмасулар. Сыртқы ортаның өзгеруіне байланысты ценоздардың алмасуы.

Экзоты - экзоттар. Бұрын өспейтін жерде өсірілген өсімдіктер.

Экоид - экоид. Экосистема структурасындағы қарапайым өлшем бірлігі.

Экология - экология. Организмдердің немесе организмдер тобының қоршаған ортаға қатынасы туралы ғылым.

Экологическая амплитуда - экологиялық тербеліс. Түрдің мекен ететін жердің жағдайына бейімделуінің шектері.

Экологическая классификация фитоценозов - фитоценоздың экологиялық классификациясы. Бұл классификациялар эдификаторларға экоморфтық талдау жасайды.

Экологические ряды - экологиялық қатарлар. Мекен ететін жерінің жағдайының өзгерісіне байланысты түрлердің жеке особьтарының көптігінің және фитоценоздардың флоралық құрамының өзгерісі.

Экологический спектр - экологиялық спектр. Белгілі бір формацияның, өсімдіктер типінің, территорияның пайызбен берілген экоморфтық құрамы.

Экобиоморфа - экобиоморфа. Экоморфа мен биоморфаның бірлігінен шыққан.

Экоморфа - экоморфа. Сырқы ортаның жағдайымен қарым-қатынасына байланысты тіршілік формасы.

Экотипы - экотиптер. Белгілі бір өсімдік түрінің тұқым қуалауындағы тұрақты формасы.

Экотопический отбор - экотопикалық сұрыптау.

Экосистема - экожүйе. Тірі организмдер қауымынан және олардың мекендейтін ортасынан тұратын функциональдық жүйе.

Экотоп - экотоп. Екі фитоценоз арасындағы өтетін алқап.

Экотон - экотон. Ортаның алғашқы факторлар комплексі.

Эксплеренты - эксплеренттер. Ценотикалық қуаты төмен өсімдіктер. Өсімдіктер әлемінің “шие бөрілері”.

Эксплуатация - пайдалану, қанау. Фитоценоздағы популяциялар немесе жеке особьтар араларындағы қарым-қатынас формалары. Мұндай қарым-қатынас кезінде бір партнер екінші партнерді басынып пайда көреді.

Экспермация - экспермация. Диаспоралардың фитоценоздың шекарасынан шығуы.

Экстразональные фитоценозы - зонадан сырт фитоценоздар.

Элемент географический - географиялық элемент. Ареалдың бір типіндегі түрлердің жиынтығы.

Элементарный состав растений - өсімдіктің элементтік құрамы /өсімдіктің химиялық құрамына кіретін элементтер/.

Элемент флоры - флора элементі. Ареалдардың орналасуы дерлік сәйкес келетін өсімдік түрлерінің тобы.

Элизия - элизия. Түрдің әртүрлі себептермен фитоценоздан шығып қалуы.

Элиминация - элиминация. Биологиялық, экотопикалық немесе биоценотикалық факторлардың әсерімен особьтардың, популяциялардың немесе түрлердің биоценоздан шығып қалуы.

Эмергентность фитоценоза - фитоценоздың эмергенттігі. Күрделі жүйе - фитоценоздың қасиеттерін оның жеке элементтерінің /мысалы өсімдік популяциясының/ қасиеттерімен теңдестіруге болмайтындығы.





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2017-03-18; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 2124 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Слабые люди всю жизнь стараются быть не хуже других. Сильным во что бы то ни стало нужно стать лучше всех. © Борис Акунин
==> читать все изречения...

2192 - | 2114 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.01 с.