Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


Солтүстік Америка ормандары




Солтүстік Америкада (Канада және АҚШ) үздіксіз ормандар ауданы - 583 млн га, дүние жүзілік көрсеткіштің 20%. Бір адамға 2,3 га келеді. Континенттің ормандылығы - 31%.

Орман өсімдіктері бұл регионның 1/3 бөлігін алып жатыр. Солтүстігінде ормандар массиві негізінен қара қылқанды тұқымдардың - породалардың (Picea mariana (Mill) B.S.P. - ель черная, P. glauca - ель белая және ель канадская, Abies balsamea (L.) Mill - пихта бальзамическая) майда жапырақтардың қатысуымен (Populus tremula - осина, Betula papyrifera - береза бумажная).

Оңтүстікке жылжыған сайын орман құрамы кеңейеді, өнімділігі артады, қарағай көшеттері (Pinus strobus – қарағай веимутова, Pinus banksiana - банкса және т.б.) басым бола бастайды. Олардың ең бағалылары – Pinus taeda - сосна ладонная немесе Pinus ponderosa - арканзасская, ал Атлантика мұхиты жағалауында және жартасты тауларда – сосна желтая өседі. Калифорнияда адам тимеген Секвоядан қылқан жапырақтылардан ормандар сақталған.

Жалпақ жапырақты ормандар Аппалачаның ортаңғы және оңтүстік бөлігінде өседі. Аппалачаның беткейлерінде 700-1000 м жоғары аралас және қылқан жапырақты ормандар пайда бола бастайды. Субтропиканың батыс районында қылқан жапырақты ормандар Калифорния жағалауында және Сьер-Невада тауының етегінде кездеседі.

Бұл жерлерде құрамында секвоя, құрғақ қарағай көшеттері және Abies, Pinus silvestris бар ормандар бар.

Өте құрғақ оңтүстік райондарда ормандар қатты жапырақты мәңгі жасыл бұта еменмен (чапираль) алмасады.

 

Латын Америкасы ормандары

Латын Америкасында үздіксіз ормандар ауданы - 690,5 млн га, оның ішінде өнімді (жалпақ жапырақтылар) 552,9 млн га. Бір адамға 1,9 га келеді: ол дүние жүзілік көрсеткіштен 2,8 есе артық. Континенттің ормандылығы - 34% (22 кесте).

Латын Америкасы территориясының жартысынан артығында ормандар өседі. Жапырақты породалар басым. Ең мол таралғандары ылғалды мәңгі жасыл экваториальды, субэкваториальды және тропикалық ормандар. Бұл ормандар Амазонка бассейнінде, соған шектес қыраттар және Анды беткейінде, Колумбияның батыс бөлігінде және Орталық Американың ылғалды аудандарында өседі. Ол ормандарда лианалар өте көп болғандықтан түрін атау өте қиын. Ол ормандарға кактустар және бамбуктер тән. Анды тауында биіктік белдеулері жақсы бөлінеді. 1200 м биіктікке дейін ормандар тегістіктегі Гилелияға ұқсайды. 1800-2200 м дейін ағашқа ұқсаған папоротниктер және бамбуктер, хына ағаштары, кока өседі, одан да жоғары тұманды ормандар орналасқан. Ол тұманды ормандар құрамында аласа ағаштар, бұталар – диксония, қылқан ағашы, подокарпус, кассия, клетра, мирика, вакуиниум және т.б. болады.

Қысқа құрғақ кезеңі бар аудандарда жапырақтары түсетін мәңгі жасыл ормандар кездеседі. Ол ормандар көптеген ағаштар әдетте пальмалардың қатысуымен болады. Мұндай ормандар формациялары Куба жағалауларына да тән.

Тропикада құрғақшылықтың артуы ормандардың саваннамен және сирек орманды өсімдіктер формацияларымен алмасуына алып келеді. Өте құрғақ Бразилияның солтүстік-шығыс аудандарында тікенді бұталар, кактустар, бөтелке тәрізді ағаштар шоғырланған.

Гран-чако жазықтығында құрғақ тропикалық ормандар өте бағалы порода – аспидосперма (ақ квебраха) кездеседі.

Мексикада Антил аралдарында тауларда үлкен кеңістікті қылқан жапырақты ормандар (негізінен қарағай түрлерінен тұратын) алып жатыр.

Бразилия қыраттарында – өте сиреген ормандар өседі. Құрамында бразилия араукариясы, мәңгі жасыл бұталар (мате немесе парагвай шәйі) болады. Оңтүстік Американың атлантика мұхиты жағындағы алқабында Мангр ормандары болады. Ол Мангр ормандары құрамында ризофоралар, авицения және конокарпус болады.

22 кесте

Латын Америкасы ормандары сипаттамасы

  Өлшем бірлігі Латын Америкасы Бразилия
Жер ауданы млн га   851,2
Үздіксіз ормандар ауданы - 690,5 357,5
Өнімді ормандар ауданы оның ішінде:   552,9  
Табиғи ормандар Оның ішінде   546,9 301,2
Қылқан жапырақтылар   15,8 0,3
Орман плантациялары   5,9 3,9
Оның ішінде өндірістік   3,7  
Өнімді табиғи ормандар қоры оның ішінде млрд м3 80,3  
Қылқан жапырақтылар   1,2 0,03
Жыл сайынғы ормансыздандыру ауданы млн га 3,9 1,4
Жыл сайынғы көшет отырғызу ауданы   0,5 0,16




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2017-03-18; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 1193 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Человек, которым вам суждено стать – это только тот человек, которым вы сами решите стать. © Ральф Уолдо Эмерсон
==> читать все изречения...

2258 - | 2104 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.007 с.