Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


Тянь-Шань шыршасы ормандары классификациясы




Тянь-Шанның (Нарынтау) шырша ормандары типтерінің сипаттамасын алғаш рет Н.Н. Дзенс-Литовская (1933) берді. Одан кейін Л.Е. Родин (1934) Кетпентау және Жоңғар Алатауы ормандарына сипаттама берді. И.Г. Серебряков, 1945 Іле Алатауында және Күнгей Алатауында жасаған жұмыстары туралы монография жариялады. Зерттеген ормандарын ол 2 топқа бөлді:

1) Қабысқан,

2) Парктәрізді,

Оның біріншісінде 4 типті, ал екіншісінде 5 типті ажыратты.

А.Г. Головкова (1959) Орталық Тянь-Шанда шырша ормандарының 20 типін сипаттады.

К. Исаков (1959) Күнгей Алатауының батыс бөлігінде және Іле Алатауының оңтүстік беткейінде шырша ормандарының 10 типін сипаттады.

Б.А. Быков (1950) Тянь-Шань шыршасы ормандары классификациясы негізіне олардың қалыптасуы тарихын алған.

Б.А. Быков ((1985) бойынша орманның ең ескі типі болып аралас ормандар, ал ең жасы болып биік таулы жердегі шөпті, қыналы және төселген шыршалар болып саналады. Биік таулы жердегі шөпті шыршалардың салыстырмалы жас екендігіне А.Н. Краснов (1988) кезінде көңіл аударған.

Н.В. Лысова және Л.С. Чешев (1962) Теріскей Алатаудың солтүстік беткейіндегі шырша ормандарының классификациясын және олардың бонитетін ұсынды (I-V) (27 кесте).

 

27 кесте

Теріскей Алатауы ормандарының классификациясы және таралу типтерінің экологиялық жобасы және бонитеті (I-V)

 

  Ылғалдылық Топырақтың қалыңдығы
Дамымаған тасты (30 см дейін) Қалыңдығы аз (30-50 см) Орташа (0,5-1 м) Қалың (1 м артық)
Құрғақ Шыршалар құрғақ V-Va Шыршалар мезгіл-мезгіл құрғақ+IV-V - -
Жаңа (свежие) - - Шыршалар жаңа (свежие)+ II-III(IV) Шыршалар жаңа (свежие)++ I-II
Ылғал Шыршалар ылғал (I-II) - Шыршалар ылғал++ I-II - -
Дымқыл - - - Шыршалар дымқыл (IV) V-Va
Ескерту: + шыршалар гранитте, карбонатты саздақта, ізбес және доломиттерде (құрғақ-бонитеті III-IV, жаңа - I-II) ++ биіктік орнын басушы биік таулы жердегі типтер (жаңа – бонитеті - IV-V, ылғалды - III-IV)

 

Д.Е. Гуриков және О.Н. Печенкина (1971) Солтүстік Тянь-Шанның ормандарының шамалы басқашалау классификациясын ұсынды. Бұл классификацияда ормандардың байырғы типтері биіктік климаттық белдеулер шекарасында рельеф ерекшеліктеріне байланысты бөлінген. Бұл авторлар орман типтерінің 3 тобын ажыратады:

А) төменгі-тау климат белдеулері шыршалары теңіз деңгейінен биіктігі 1550-2050 м дейін. Өзен жағалауындағы, жалпақ беткейлердегі, тік беткейлердегі және тастардағы.

Б) ортатау климаты белдеулеріндегі 2050+2500 м (теңіз деңгейінен биіктігі) дейін. Өзен жағалауларындағы, жалпақ беткейлердегі, тік беткейлердегі, тасты субстраттағы.

В) биік тау климаты белдеуіндегі 2500-2900 м (теңіз деңгейінен биіктігі) (өзен жағалауларындағы, тастардағы).

 

Б.С. Родионов (1969) Түрген өзені бассейніндегі (Іле Алатауы) шыршалар классификациясын жасағанда оның негізі етіп олардың белдеулік таралуы және топырақ типтерін алды.

Л.С. Чешев (1976) Солтүстік және Орталық Тянь-Шанның шыршалы ормандарының орман шаруашылық типологиясын жариялады.

Академик Б.А. Быковтың ойынша, егер де геоботаниктер және ормантанушылар бірігіп жұмыс жасаса, нәтижесі өте пайдалы болып, биологтарды да, экологтарды да және орман өсірушілерді де қанағаттандырған болар еді.

Б.А. Быков (1985) жасаған классификациясына негіз етіп мыналар алынған:

1) Орман типтерінің негізгі топтарының генетикалық айырмашылығы (олардың қалыптасуындағы үлкен немесе кіші ескілік (көнелік);

2) Тип туралы түсінік – толық дамыған және тұрақты ценоэкожүйе шырша ценопопуляциясының азды-көпті біркелкі жастық құрамы бар;

3) Биоценотикалық ортаның топырақ және гидрогеологиялық ерекшеліктері;

4) Ортаның индикаторы ролінде субдоминанттар ценопопуляциясының ерекшеліктері алынды және ценоэкожүйенің басқа да ерекшеліктері (теңіз деңгейінен биіктігі, грунттың тастылығы, экспозиция) алынған.

Осы классификация негізінде Шренк шыршасы ценоэкожүйелерінің барлық типтері 4 топқа бөлінеді:

1) Біріншісіне өзінің құрылымында ең көнелік (ескі) белгілері бар ормандар типтері жатады – аралас ормандар.

2) Екінші топқа шырша ормандарының ең дағдылы типтері (көп жағдайда бореальдық (грек. boreas - солтүстік) құрылымды оның ішінде жасыл мүкті ормандар;

3) Үшінші топқа шыршалы белдеудің (белдеулердің) жоғарғы алқаптарындағы бұталы және шөпті шыршалар жатады.

4) Соңғылар әрине өте жас, оны олардың субдоминанттары популяцияларынан көруге болады. Бұл топ өте кеш (плейстоцендік) Шренк шыршасының жатаған (стланик) типтерін біріктіреді.

Классификацияға ормандардың ең кең таралған типтері ғана ендірілген.

Аралас ормандар (Mixtipiceeta). Б.А. Быков бұл топқа ормандардың Батыс Тянь-Шандағы екі типін жатқызады, олардың құрамында Торғай орман флорасының реликті түрлері бар. Олар Шатқал жотасының төменгі орман белдеуінде орналасқан.

1. Жаңғақ-самырсынды шыршалар Солтүстік беткейлерде күлгінденген саздақ батпақты орман топырақтарында (Picea schrenkiana var. tianschanica + Abies semenovii – Juglans regia). Басқа ағаштардан бұл жерде Түркістан үйеңкісі, Сиверс алмасы, Түркістан доланасы, ал бұталардан – Lonicera rummularifolia, Aflatunia ulmifolia, Prunus divaricate, Euonymus koopmanni. Бұл жерге тән өсімдіктер Brachypodium sylvaticum, Melica altissima, Poa nemoralis, Phyteuma argutum Н.Н. Дзенc-Литовская (1930) сипаттап жазған.

2. Үйеңкілі-шыршалар күлгінденген солтүстік беткей топырақтарында орман белдеуінің төменгі алқаптарында (Picea schrenkiana var. tianschanica – Acer turkestanicum) құрамы жағынан өткен типке жақын. Сары-Шелек қорығында Х.У. Борлаков (1966) сипаттап жазған.

Дағдылы ормандар (Piceeta). Бұл ормандарға Жоңғар Алатауы және Тянь-Шань шыршасы ормандарының көп бөлігі жатады. Олардың арасында Сібір шыршасы Picea obovata ормандарына ұқсас ормандар типі кездеседі. Олар тау биіктіктерінде – кең диапазонда теңіз деңгейінен биіктігі 1400-2500 м аралығында, яғни шырша белдеуінің төменгі және ортаңғы алқаптарында орналасқан. Өзінің құрылымы жағынан күрделі ормандар алқаптың төменгі бөлігінде орналасқан. Бұл топтың шыршаларын 4 топқа бөлуге болады:

1) Күрделі шыршалықтар (жоғарыда қаралған реликті аралас ормандармен байланысы бар);

2) Мүкті (бореальдыларға жақын, ерекше жасыл мүкті ормандар;

3) Шөпті – мүктер;

4) Шөпті.

Күрделі шыршалықтар (Piceeta composita). Жапырақтары түсетін ағаштар немесе бұталардың азды-көпті көрінетін ярусымен ерекшеленеді, сиректеу мәңгі жасыл ағаш Түркістан аршасымен. Мұндай орманның 8 типін ажыратады (3-10).

3. Шалғын-орман қара топырағына ұқсас аллювиальді жұқа топырақтағы кең тау алқаптарындағы алмалы-шыршалық (Picea schrenkiana – Malus sieversii + Crataegus sp. + Acer semenovii + Armeniaca vulgaris). Орманда сонымен қатар Betula tianschanica, Sorbus tianschanica, Padus avium, көптеген бұталар (Cotoneaster multiflora, Rosa beggeriana, Berberis heteropoda, Atraphaxis muschketovii, Euonomus semenovii, Lonicera microphylla, Spiraea hypericifolia, Rubus idaeus және т.б.) кездеседі. Шөптесін өсімдіктерден Melica altissima, Roegneria canina, Vicia tenufolia, Bunium setaceum, Eremurus robustus, Poa pratensis, Stachys sylvatica, Aegopodium podagraria, Semenovia transiliensis, Adenophora lilifolia, Poa nemoralis, Atragene sibirica кездеседі. Мүк жамылғысы жоқ.

Шырша ярустарының қабысуы - 0,3-0,4, басқа ағаштардікі – 0,3-0,4, бұталар ярустары жамылғысы - 25-30%, ал шөптесін өсімдіктер – 30-60%. Мұндай ормандар бұрын үлкен Алматы (Іле Алатауы) өзені алқабында болған. Ол ормандардың қалдықтарын кейбір басқа шатқалдардан көруге болады (Кіші Алматы, Ақсай).

4. Солтүстік беткейлердегі қалың қара топырақ тәрізді лесс саздақ топырақтарындағы Алмалы шыршалық (Picea schrenkiana – Malus sieversii + Crataegus songorica) шыршалардың кроналарының қабысуы 0,3-0,6. Бұталардан бұл орманда – Rosa acicularia, Lonicera altmannii, Berberis heteropoda кездеседі.

И.Г. Серебряков (1945) бұл шыршалықтарды сипаттағанда шығу тегі алғашқы бірақ та дерлік жойылып кеткен деді.

5. Орталық Тянь-Шанның биік террасаларындағы және тау беткейлерінің төменгі бөліктеріндегі қайыңды шыршалық (Picea schrenkiana – Betula turkestanica + B. saposshnikovii). Бұталардан Cotoneaster multiflora, Lonicera hispida, L. microphylla, Berberis heteropoda, Rosa albertii, Juniperus sabina. Шөптесін жамылғылар нашар дамыған (10%), мүктер – 25% (Dicranum scoparium, D. montanum) (Головкова, 1959).

6. Қара түсті орман топырақтарындағы көктеректі – шыршалық (Picea schrenkiana – Populus tremula - herbamusci). Мұндай шыршалықтар Жоңғар Алатауының (Родин, 1934) Солтүстік беткейлерінде (1400-1600 м теңіз деңгейінен биіктігі) және Іле Алатауында (Быков, 1950), Кетпен тауда (Родин, 1934) сипатталған. Шыршалардың кроналарының қабысуы 0,6-0,8, көктеректікі – 0,1. Аласа ағаштар және бұталардан Тянь-Шань шетені (Sorbus), Альтман үшқаты (Lonicera), раушан (Rosa), Семенов бересклеті (Euanymus), таңқурай (Rubus). Шөптесін өсімдіктерден Dryopteris filix mas, Phalaroides arundinaceae, Roegneria canina, Thalictrum minus, Th. flavum, Lathyrus gmelinii, Aconitum leucostomum, Bupleurum aurenum, Geum urbanum, Vicia crassa, Cicerbita asurea, Alphredia acantholepis, Senecio nemorensis, Ligularia macrophylla, Crepis sibirica және т.б. кездеседі. Мүк қабаты жоқ.

7. Жұқа қабатты қоңыр түсті шалғынның аллювиальды топырағындағы теректі шыршалық (Picea schrenkiana – Popoulus talassica – Betula tianschanica) Күнгей Алатауының Шығыс бөлігінде және Тау-Шелек өзені аңғарында өседі. Шыршалардың жанасуы – 0,6, Теректікі – 0,2. Аласа ағаштар бұталар бар Lonicera stenentha, Ribes meyeri, Atragene sibirica. Шөптесін өсімдіктер жабыны (40%). Әртүрлі шөптер кездеседі (Equisetum hyemale, Polygonatum roseum, Epipactus latifolia, Listera ovata, Neottia kamtchatica, Orchis maculate, Aegopodium alpestre, Rubus saxatilis, Geum urbanum, Stachys sylvatica, Cicerbita azurea, Milium effusum. Corallorhiza trifida) (Быков, 1950).

8. Аршалы шыршалық (Picea schrenkianaJuniperus turkestanica – ағаш тәрізді) Х.У. Борлаков (1966) Шаткал жотасында тапқан.

9. Бұталы шыршалықтар Жоңғар Алатауының шырша ормандарының төменгі алқаптарында, мысалы солтүстік-шығыс беткейінде (300) орман қара-құба топырағында (Picea schrenkiana – Rosa beggeriana, Rubus idaeus, Padus avium) кроналарының жанасуы – 0,8, жекеленген көктеректер кездеседі. Шөптер жабыны - 40-50% (Rubus saxatilis, Campanula glomerata, Bupleurum longifolium) (Родин, 1934).

10. Бұталы әртүрлі шөпті шыршалықтар мүктермен орманның жоғарғы алқабында тік солтүстік беткейлерінде (Picea schrenkiana – Salix fedschenkoi – Caragana jubata) 2700-2800 м теңіз деңгейінен биіктікте мекендейді. Шөпті-бұта ярусында (50-60%) Arctous alpina (толокнянка) басым, одан басқа Orthilia secunda, Polygonium viviparum, Carex melanocarpa, Vicatia coniifolia, Thalictrum alpinum, Moehringia umbrosa, мүктерден - Thuidium histricosum, Bryum lucustris кездеседі.

Мүкті шыршалықтар (Piceeta muscosa). Тянь-Шанның шырша ормандарының орталық тобы. Бұл ормандар Сібір тайгасындағы бореальды шырша ормандарынан басқаларға қарағанда ең жақыны.

Бұл ормандардың екі типіне тоқталып өтейік.

II Толокнянкалы (Arctous alpina) мүкті шыршалықтар – солтүстік беткейлердегі қоңыр түсті бейтарап орман топырағында (Picea schrenkiana – Arctous alpine – Hylocomium + Rhythiadelphus) Жоңғар Алатауының, Солтүстік және Орталық Тянь-Шанның шығыс бөлігінде кездеседі. Алғаш рет Солтүстік Тынь-Шанды сипаттаған Б.А. Быков (1948). Кронасының жанасуы – 0,6-0,8. Екінші ярусында сирек болса да Sorbus tianschanica және Salix iliensis кездеседі.

Аласа ағаштар және бұталар дамымаған тек Lonicera hispida, Euonymus semenovii, Rosa albertii, Atragane sibirica өсімдіктерінің жеке даналары кездеседі. Шөпті бұталар жабыны - 30-60%. Arctous alpina доминант рөлінде. Одан басқа Goodyera repens, Moneses uniflora, Orthilia secunda, Saxifraga sibirica, Vicatia coniifolia, Chysosplenium nudicaule, Parnassia Laxmannii, Corallorhiza trifida және т.б. кездеседі. Мүк қабаты 60%, бұл қабатта Hylocomium proliferum және Rhythiadelphus triqueter басым.

12. Мүкті шыршалықтар. Солтүстік беткейлердегі қоңыр түсті орман топырақтарында (Picea schrenkianamusc (Thuidium abietinum, Rhuthidindelphus triqueter, Hyphum revolutum, Hylocomium proliferum, Entodon orthocarpus) аласа ағаштар бұталар дамымаған. Шөпті қабат - 50%. Оның құрамында Pyrola media, Orthilia secunda, Moneses uniflora және т.б. кездеседі. Мүкті шыршалықтарды Л.Е. Родин (1934), И.Г. Серебряков (1945), Б.А. Быков (1950), Головкова (1959) және т.б. сипаттаған.

Шөпті-мүкті шыршалықтар. Солтүстік, солтүстік-шығыс және солтүстік-батыс беткейлердегі қоңыр түсті орман топырақтарында кездеседі. Бірдей дамыған шөпті және мүкті жабындары бар. Кроналардың жанасуы - 0,5-0,7. Бонитет класы – I-III. Бұларға ормандардың 4 типі жатады.

13. Цицербиталы-мүкті шыршалықтар (Қырғызстанда (Дзенс-Литовская, 1930), Іле Алатауында (Рубцов, 1941), Күнгей Алатауында, Кетпентауда (Быков).

14. Сныгты-мүкті шыршалық (Picea schrenkianaAegopodium alpestre – musci). Өткен типке ұқсас бірақ Іле Алатауының ылғал топырақтарында кездеседі. Мүкті жабынында Thuidium abiltinum және басқа түрлері кездеседі.

15. Әртүрлі шөпті-мүкті шыршалықтар (Picea schrenkiana – herbae - musci) Жоңғар Алатауында Л.Е. Родин (1934) сипаттаған. Тасты беткейлерде орналасқан.

16. Қой бүлдіргенді-мүкті шыршалықтар (Picea schrenkiana – Rubus saxatilis - musci). Алғаш рет Жоңғар Алатауында Л.Е. Родин (1934) шығысында тасты тік беткейлерінде кездесетінін сипаттаған. Солтүстік және Орталық Тянь-Шанда сирек болса да кездеседі.

Шөпті шыршалықтар (Piceeta herbosa). Тянь-Шанда өте кең таралған шырша ормандар тобы, бірнеше типтерге және олардың вариацияларына бөлінеді. Салыстырмалы аз зерттелген ормандар. Бұл ормандар тобына жататын негізгі типтер мыналар (17-19):

17. Шебершөпті шыршалықтар – таулық жақсы дамыған қоңыр түсті немесе құба топырақтарда (Picea schrenkianaBrachypodium pinnatum (musci). Бұл орман типін Күнгей Алатауында К.И. Саков (1959), ал Іле Алатауында Б.А. Быков сипаттаған. Бұл ормандар бонитеті III крондарының жанасуы 0,5-0,6. Sorbus tianschanica кейде Salix iliensis кездеседі. Шілігінде (подлесок) Lonicera altmannii, Spiraea Lasiocarpa, Euonymus semenovii кездеседі. Шөптік жабыны құрамында Brachypodium pinnatum және бірқатар әртүрлі шөптерден – Campanula glomerata, Solidago virga aurea, Galium boreale, Poa nemoralis және Aegopodium alpestre кездеседі.

18. Беткейлердегі қоңыр түсті топырақтардағы әртүрлі шөпті шыршалықтар. Теңіз деңгейінен 1700-2900 м биіктікте. Мұндай ормандар тіктігі әртүрлі беткейлерде өте жиі. Солтүстігінде (200-дан 400-қа дейін) солтүстік-шығыста және солтүстік-батыста (150-тен 300-қа дейін). Кроналарының жанасуы - 0,5-0,7. Аласа ағаш және бұталар қабатында (25%), сирек болса да Rosa albertii, Lonicera microphylla, Ribes meyerii, Euonymus semenovii, Atragene sibirica кездеседі. Шөптесін өсімдіктер жабыны - 45-60%. Мұнда Brachypodium pinnatum, Poa nemoralis, Trisetum sibiricum, Cystopteris fragilis, Cicerbita arurea, Aegopodium alpestre, Codonopsis clematides, Aeonitum leucostomum, A. Nemorum, Bupleurum aureum, Galium boreale, Aquilegia atrovinosa, Crepis sibirica, Cirsium polyacanthum, Adoxa moschatellina, Melissitus platycarpos және т.б. өсімдіктер кездеседі. Мүктер жабыны 30%, мүктерден Polytrichum junperinum, Drepanocladus uncinatus, Dicranum scoparium, Tortula rutalis және т.б. Мұндай шыршалықтарды П.П. Поляков (1941), И.Г. Серебряков (1945), Б.А. Быков (1950), А.Г. Головков (1959) сипаттап жазған.

19. Тау алқаптарындағы жұқа қабатты шалғын-орман аллювиальді топырақтардағы әртүрлі шөпті шыршалықтар (Picea schrenkiana - mixtoherbae) 1700-2000 м биіктікте кездеседі.

Кроналардың жанасуы - 0,4-0,7. Екінші ярус көрінбейді бірлі-жарым Betula tianschanica, Sorbus tianschanica, Salix iliensis кездеседі. Аласа ағаш бұталар нашар дамыған (Lonicera sp., Ribes meyeri, Rubus idaeus). Шөптесін өсімдіктер жабыны жақсы дамыған (30-80%) – Carex caucasica, Aquilegia atrovinosa, Oberna wallichiana, Dianthus holltzeri, Erysimusu croceum және т.б. Мүк жабыны нашар дамыған мұндай шыршалықтарды көптеген ботаниктер сипаттаған.

Биік тау ормандары (Suprapiceeta). Бұл ормандарға кроналары шамалы ғана жанасатын шыршалықтар немесе «шырша комплекстері» шөптесін қауымдармен жатады (Серебряков, 1945). Бұл ормандарды «парк шыршалықтары» деп атайды. Олардың өнімділігі өте аз, фитомассасының өсуі нашар. Бұл ормандар 2600-2750 м-ден 2900-3000 м дейін биіктікте орналасқан. Бұл ормандар флорасы орман түрлеріне кедей, бірақ биік тау шалғындықтары флорасына бай.

20. Әртүрлі шөпті шыршалықтар субальпі биіктігіндегі орман және шалғын топырақтарында (Picea schrenkiana – mixtoherbal in subalpinus) шыршалар сирек, аз да болса бұталар бар (Spiraea tianschanica, Lonicera olgae, Juniperus psedosabina немесе J. turkestanica). Шөптер жамылғысында Alchimilla vulgaris немесе Geranium collinum басым, олардан басқа Anthoxanthum odoratum, Thalictrum alpinum. Tulipa heterophylla, Coeloglossum viride, Gastrolychnis apetala, Euphorbia alatavica, Trollius dshungaricus, Adenophora himalayana, Codonopsis clematidea, Erigeron aurontiacus, Cicerbita azurea, Aster alpinus, Doronicum altaicum және т.б. кездеседі.

21. Дала шыршалықтары. Оңтүстік беткейлердегі шалғын қоңыр майда ұнтақты тасты топырақтарда (Picea schrenkiana – Stepoherbalin subalpinus) 2800 м жоғары орналасқан. Мұндай шыршалықтарды Іле Алатауында Б.А. Быков (1950) сипаттаған. Кроналарының жанасуы 0,4-0,5. Бірен-саран Sorbus tianschanica кездеседі. Аласа ағаш бұталардан Lonicera karelinii, L. olgae, Ribes meyerii кездеседі. Шөп қабатында (30-40%) Festuca sulcata, Phleum alpinum, Alphreda nivea, Hieracium echioides, Poa nemoralis, Silene graminifolia, Draba stellaris, Astragalus alpinus, Geranium collinum және т.б. кездеседі. Мүктер өте аз.

22. Қыналы шыршалықтар. Жұқа қабатты тасты топырақтарда (проллювиальді террасаларда) (Picea schrenkiana – mixtofruticus – lichenis). Іле Алатауында 2500 м биіктікте Б.А. Быков (1950) сипаттап жазған. Кроналар жанасуы – 0,3, аласа ағаштар, бұталарда 0,3-0,4. Juniperus sibirica, Ribes meyeri, Atragene sibirica өсімдіктері басым. Шөп қабатында (15-20%) Poa nemoralis, Dianthus hoeltizeri, Astragalus alpestre, Galium boreale және т.б. бар. Биік тау түрлері де кездеседі Anthoxanthum odoratum, Poa alpina, Phleum alpinum, Cobresia capilliformis, Carex stenocarpa және т.б. Қыналар қабаты 70% шамасында. Басым түрлері Cladonia steppae және Centraria glauca. Мүктердің жеке микроценоздары кездеседі, мысалы Politrichum juniperinum.

23. Талды шыршалықтар жұқа қабатты тасты құба топырақтарда (Picea schrenkiana – Salix alatavica) Солтүстік Тянь-Шанда 2700-2900 м биіктікте кездеседі. Бірінші рет Күнгей Алатауды сипаттаған К.И. Саков (1959). Кроналарының жанасуы – 0,2-0,3. Бұталар ярусында талдан басқа Lonicera hispida, L. Karelinii, Ribes meieri, Cotoneaster uniflorus, Juniperus turkestanica, J. sibirica кездеседі. Шөп қабатында (20-30%) Phlomis oreaphila, Geranium saxatile, Thermopsis alpina, Doronicum turkestanicum, Eutrema integrifolia және т.б. кездеседі. Мүк қабаты 10-20% (Entodon orthocarpus, Polytrichum juniperinum, Drepanocladas uncinatus кездеседі.

24. Қарағанды-шыршалықтар. Тау шалғынының қара қоңыр топырағында (Picea schrenkiana – Caragana jubata) мұндай ормандарды алғаш рет Н.Н. Дзенс-Литовская (1933), одан кейін Б.А. Быков (1950) және А.Г. Головков (1959) сипаттап жазды. Бұл ормандардың бонитеті өте төмен (V-Va), 2900-3000 м биіктікте солтүстік-батыс, солтүстік-шығыс кейде оңтүстік-шығыс және оңтүстік-батыс беткейлерде орналасқан. Түйеқұйрық қарағаны (Caragana jubata - карагана гривистая) доминант рөлінде (40-60%) олардың арасында Spirae tianschanica, Rosa albertii, Lonicera microphylla, Juniperus pseudosabina кездеседі.

Орталық Тянь-Шанда - Abelia Corymbosa және Berberis oblonga шөп қабаты (30-40%) орман және альпі түрлерінен тұрады. Орман флорасынан - Poa nemoralis, Aegopodium alpestre, Pyrola minor, альпі флорасынан Allium monadelphum, Thalictrum alpinum, Euphorbia alatavica, Phlomis oreophila, Leontopodium ochroleucum, Gentiana kaufmanniana және т.б. Мүктер аз (Thuidium abitinum, Polytrichum juniperinum, Leskea catenulata) және т.б.

25. Аршалы шыршалықтар тау шалғынның қара қоңыр топырақтарында, өте жиі жұқа қабатты және тасты топырақтарда (Picea schrenkiana – Juniperus turkestanica var. fruticosa). 2600-3000 м негізінен солтүстік-батыс, батыс, шығыс және оңтүстік-шығыс, сиректеу солтүстік және оңтүстік беткейлерде таралған. Кроналарының жанасуы - 0,1-0,6. Бонитеті өте төмен (IV-Va). Ағаштардың биіктігі 17 м дейін. Ең алғаш рет Н.Н. Дзенс-Литовская (1933) сипаттаған аласа ағаштар-бұталар қабатында Түркістан аршасы басым және Lonicera karelinii, L. micophylla, L. altmannii, Abelia corymbosa, Sorbus tianschanica кездеседі. Шөп қабатында шалғындық және петрофильдік (грек. petros - тас, phyton - өсімдік) түрлер басым. Festuca coelestis, Poa alpina, Leontopodium ochroleucum, Allium monadelphum және т.б.

Мүктер тек микроценоздармен (Thudium abietinum, Tortula ruralis, Fumaria hydrometrica) көрінеді.

Мұндай ормандар Іле Алатауында (батыс беткейі, 2750 м биіктікте) кроналарының жанасуы - 0,3, шырша биіктігі - 18 м. Аласа ағаштар және бұталар қабатында (3-5 м биіктігі) Lonicera Karelinii, Spirae tianschanica, Caragana jubuta (70%) кездеседі. Шөп қабатында (30%) Cystopteris fragilis, Poa alpina, Trisetum sibiricum, Allium monadelphum, Lioydia serotina, Tulipa heterophylla, Polygonum viviparum және т.б. кездеседі.

Ормандардың 24 және 25 типтері бір-біріне жақын және өтпелі формалары бар (қарағанды-аршалы шыршалар).

Төселген шыршалар (Pumilopiceeta). Биік таулық (2800-3100 м) типтер тобы. Төселіп өсетін Шренк шыршалары Солтүстік және Орталық Тянь-Шанда таралған. Олардың 5 типін ажыратады:

1. Аршалы-төселген шырша Picea schrenkianaJuniperus turkestanica қара-құба майда топырақты-тасты топырақтарда, Күнгей Алатауының батыс бөлігінде К. Исаков (1959) сипаттаған. Төселіп өсетін шыршаның (стланик) биіктігі 80-110 см. Бұталардан бұл жерде Cotoneaster uniflora, Lonicera hispida, Sorbus tianschanica, Atragene sibirica кездеседі. Шөп қабаты 20-30%. Cobresia capilliformis, Allium atrosanquineum, Thalictrum alpinum басым. Мүктер жоқ деуге болады.

2. Қарағанды-төселген шырша нашар дамыған тасты ұсақталған тасты топырақта (Picea schrenkiana var prostrate-caragana jubata). И.И. Ролдугин (1971) Теріскей Алатаудың шығыс бөлігінде тауып сипаттаған. Доминанттармен бірге бұл орманда Juniperus pseudosabina, Spirae tianschanica, Lonicera hispida, Sibiraea tianschanica, Dasiphora phyllocalyx, Arctous alpina кездеседі. Төселіп өсетін шыршалардың және қарағанның биіктігі 120 см шөп қабатында (30-40%) Carex stenocarpa, Polygonum songoricum, P. viviparum, Ptilagrostis mongholica, Gentiana kaufmanniana, Vicatia conifolia, Cerastium tianschanicum, Pedicularis rhinanthoides және т.б. болады. Мүктерден Thuidium abietinum, Drepanocladus uncinatum, Polytrichum alpinum кездеседі.

3. Талды-төселген шыршалар жұқа қабатты майда топырақты тасты топырақта (Picea schr. var. prostara – Salix alatavica) Күнгей Алатауының шығыс бөлігінде тауып, И.И. Ролдугин (1971) сипаттаған. Доминанттардан басқа (биіктігі 1 м) Dasiphora phyllocalyx, Spiraea tianschanica, Arctous alpina кездеседі. Шөптерден Hedysarum kirghisorum, Saxifraga sibirica, Polygonum viviparum, Cicerbita azurea, Stellaria soongorica және т.б. кездеседі.

4. Мүкті-төселген шыршалар майда топырақты тасты топырақта (Picea schr. var. prostrata – Thuidium abietinum). Күнгей Алатауының батыс бөлігінде К. Исаков (1959) сипаттаған. Доминанттармен бірге бұл жерде Salix fedtschenkoi, Juniperus sibirica, Lonicera hispida өседі. Шөп қабатында сирек Aconitum rotundifolium, Phlomis oreaphila, Polygonum viviparum, Purhussia Laxmannii, Cortusa brotheri, Poa nemoralis және т.б. кездеседі.

5. Кобрезиялы-төселген шыршалар майда топырақты-тасты топырақтарда (Picea schr. var. prostrata – Kobresia capilliformis) Күнгей Алатауының батыс бөлігінде К. Исаков (1959) сипаттаған.

Төселген шыршалардың ярусында шыршалардан басқа Juniperus sibirica, J. turkestanica, Sorbus tianschanica, Cotoneaster uniflora, Lonicera hispida, Atragene sibirica кездеседі. Шөп қабатында (40-60%) кобрезия басым, мүктер өте аз.

 

Ормандарды аудандастыру

Академик Б.А. Быковтың (1985) пікірінше Н.Н. Дзенс-Литовская (1933), И.В. Выходцева (1956) және А.Г. Головкова (1962) жұмыстарын негізге алып Шренк шыршасының бүкіл ареалдарын (Совет үкіметі шекарасында) 7 ауданға бөлуге болады:

1. Сауыр – ең солтүстіктегі шырша орманының кішкентай учаскесі. Picea schrenkiana ssp. saurica басым Сауыр жотасының Солтүстік макроклининде.

2. Жоңғар – Жоңғар Алатауының солтүстік беткейлеріндегі шырша ормандары Abies sibirica қатысады.

3. Солтүстік Тянь-Шань – ең жоғары өнімді шырша ормандары (бонитеті II-IV). Ол ормандар Іле Алатауында және Күнгей Алатауында және Талас, Теріскей Алатауларында орналасқан. Іле Алатауының орталық бөлігінде солтүстік макроклининде шыршалардың кішкентай аудан тармағы Сиверс алмасы, долана және өріктің қатысуымен күрделі шыршалықтар бар.

4. Солтүстік-шығыс Тянь-Шань (Іле Алатауының және Күнгей Алатауының шығыс сілемдері Кетпентау, Иныльчек және Куйлю). Бұл ормандар Солтүстік Тянь-Шань және Орталық Тянь-Шань ормандарына өте жақын ерекше Arctous alpina өсімдігінің қатысуымен.

5. Орталық Тянь-Шань – салыстырмалы аласа және өнімділігі аз Талас Алатауы (оңтүстік макроклин) Сусамыртау, Нарынтау, Атбашитау ормандары (бонитеті IV-V).

6. Батыс Тянь-Шань – Picea schrenkiana subsp. tianschanica доминант ормандар. Abies semenovii және жалпақ жапырақты ағаштар Juglans regia және Acer turkestanicum кездеседі. Мұндай ормандар Шаткал және Фергана жоталарында орналасқан.

7. Алай – Шренк шыршасының ең оңтүстіктегі ормандары. Алай және Заалай жоталарындағы биік таудағы қайыңды шыршалықтар.

Тянь-Шань шыршалы ормандары экожүйелерінің көптеген ерекшеліктері әлі зерттелмеген. Сондықтан комплексті экожүйелік зерттеулер экологтар, ботаниктер, зоологтар, топырақтанушылар, климатологтар бірігіп зерттеулер жүргізуі керек.

 





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2017-03-18; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 1616 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Настоящая ответственность бывает только личной. © Фазиль Искандер
==> читать все изречения...

2312 - | 2039 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.01 с.