Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


Көрші елдер ормандары




1. Ресей ормандары

Ресейде шамамен ағаштардың және бұталардың 300 түрі өседі. Орманы бар жерлердің 80% негізгі породолармен жамылған. Оның 38,1% - балқарағай, 16,3% - қарағай, 12,2% - шырша, 13,3% - қайың, сирегірек самырсын, кедр қарағайы, көктерек, емен, үйеңкі, жөке, граб, тал және қарағаш кездеседі (Лесная энциклопедия, 1986). Арктика шөлдерінде ағаштар жоқ, тундрада аласа бұталар (аласа және жіңішке қайың, талдар, базильник). Орманды тундра аймағында ормансыз тундралар сирек орманмен қайың, шырша, Сібірде – самырсын алмасып отырады. Орман аймағында (Ресей территориясының 65% алып жатыр) күлгін топырақты жерлерде қара қылқанды тайга басым. Бұл жерлерде шырша, самырсын (еуропалық бөлігінде кедр қарағайы Оралдан және шығысқа таман) және қарағай ормандары; Енисейден шығысқа қарай тайгалық тың топырақтар қалыптасатын жерлерде – ақшыл қылқан тайга (сібір және даур самырсыны басым, ал Қиыр Шығыстағы тайгада алянск шыршасы мен ақ самырсын басым). Тайганың оңтүстігінде, Шығыс Еуропа жазықтығында шымды-күлгіндеу топырақтарда аймақ тармағы – аралас ормандар (қылқан жапырақты породалар – тұқымдар олармен аралас қайыңдар, теректер, емен, үйеңкі, жөке ағашы кездеседі. Қиыр Шығыстың оңтүстігінде осы аймақ тармағы ормандарында қарағай, самырсын, емен, граб, үйеңкі және қарағаш, амур бархаты және т.б. кездеседі. Орман аймағының қиыр оңтүстігінде Шығыс-Еуропа жазықтығында аймақ тармағы жалпақ жапырақты ормандар (емен және жөке басым) орналасқан. Орман аймағы орман сұр топырағындағы кішкентай орман массивтерінің емен формациялары (дубравы) немесе қайың және терек колкалары (ауданы 0,2-30 га дейін қайың және теректен пайда болған орман) және сілтісізденген немесе нағыз қара топырақтардағы әртүрлі шөпті шалғындық далалар батпақтанған шалғындықтар және шөпті батпақтар учаскелер алмасып отырады.

Таулы облыстарда өсімдіктер және топырақтар биіктік белдеулері заңдылықтарына сәйкес орналасады. Мысалы, Батыс Кавказда тау етегіндегі әртүрлі шөпті далалар 600-800 м биіктікте алдымен тау-орманы сұр топырағындағы емен және шамшат ормандарымен, сосын қылқан жапырақты ормандар белдеуімен (жоғарғы шекарасы 2000-2200 м), одан жоғары субальпі және альпі шалғындықтарымен алмасады. Сібір және Қиыр Шығыстағы таулардың үлкен бөлігінде тау-тайгалық ормандар, олар тасты, тау-күлгін немесе тау-орманы сұр топырақтарында орналасқан.

Ресейдің мемлекеттік орман фондының жалпы ауданы - 1182,2 млн га (1983), ол елдің жалпы территориясының 69,8%. Орманмен жамылған территория ауданы - 749,5 млн га (65%). Ормандылық - 44%. Бір адамға 5,4 га орман келеді.

 

Ырғызстан ормандары

Қырғызстан ормандарында 120-дан артық ағаштар және бұталар өседі. Қырғызстан орман фондының жалпы ауданы - 2,68 млн га. Орманмен жамылған аудан мөлшері - 632, 9 мың га, оның ішінде қылқан жапырақты ормандар - 146,7 мың га (шырша көшеттері басым – 73,9 мың га, арша – 67,7 мың га, қарағай - 1,7 мың га, самырсын – 1,6 мың га, балқарағай – 0,8 мың га); жапырақты ормандар 100 мың га (Грек жаңғағы басым – 26 мың га, пыста (фисташка) – 23,9 мың га, үйеңкі (клен) – 17,5 мың га, алма – 13,1 мың га, қарағаш (ильм, вяз) – 7,1 мың га, терек – 3,7 мың га, қайың – 3 мың га); бұталар – 178 мың га. Ормандылық – 3,5%, бір адамға – 0,2 га орман келеді.

Теріскей Алатауы және күнгей Алатауы, Нарынтау, Атбише, Байдулу, Қырғыз жоталарында, Чонг-Кешін, Тар және басқа өзендер бассейнінде 1600-3100 м биіктікте шыршалар (Шренк) өте жиі, олармен аралас Тянь-Шань шетені (рябина) және Түркістан шетені, теректер және т.б. болады. Оларда аласа ұсақ жапырақты үшқат (жимолость), Альберт раушаны (шиповник), Түркістан қарағаны, Алатау талы (Salix), Түркістан аршасы кездеседі. Ферғана және шатқал қыраттарының оңтүстік беткейлерінде 1500-2300 м биіктікте жаңғақ жемісті көшеттер массивтері (Грек жаңғағы, Қырғыз және Сиверс алмасы, Согдиан қара өрігі, Түркістан үйеңкісі (клен); аласа бұталардан - раушандар (Альберт қалқаны, қотыр, кокшия), үшқаттар (ұсақ жапырақты, шерстистая), қалқан абелия, Тянь-Шань экзохордасы, кәдімгі тасжаңғақ (афлатуния) кездеседі.

Талас Алатауының Түркістан және Алтай жоталарында және ішкі Тянь-Шанның Қырғыз жоталарында 1200-3000 м биіктікте құрғақ сирек арша ормандары (Түркістан, зеравшан, жартылай шар түрлері) орналасқан.

Талас тауы беткейлерінде Бешташ өзені бассейнінде Шатқал жотасының оңтүстік беткейлерінде самырсындар (С. Семенова), олармен аралас шетендер (Тянь-Шань), Түркістан және Тянь-Шань қайыңы, Федченко талы, Түркістан аршасы, Шренк шыршасы, аласалар арасында Тянь-Шань экзохордасы, кәдімгі тасжаңғақ (афлатуния), қалқан абелия болады.

Талас, Нарын, Сусамыр, Қарақол және т.б. өзендер алқаптарында талдар (Алатау, Федченко, құба шілік, Қаратал), теректер (Өзбекстан, Тянь-Шань, түрлі жапырақты) ормандар шоғырланған. Алқаптарда итшомырт шырғанағы (облепиха), кәдімгі абрикос және т.б. кездеседі.

 

Збекстан ормандары

Өзбекстан ормандарында ағаштардың және бұталардың 100-ден астам түрлері өседі. Өзбекстан ормандарын:

1) тау ормандары;

2) құм ормандары;

3) аңғар ормандары;

4) жайылма ормандары деп 4-ке бөлуге болады.

1. Тау ормандары 1,23 млн гектарды алып жатыр (оның ішінде орманмен жамылған аудан мөлшері - 268 мың гектар). Негізгі орман түзуші тұқымдар – арша, оның жалпы ауданы - 187 мың гектар, ал қалған аудандарда Грек жаңғағы, фисташка, алма, арша және т.б. өседі.

2. Құм ормандары 3,63 млн гектар жерде өседі (оның ішінде орманмен жамылған аудан мөлшері - 1,9 млн гектар). Негізгі орман түзуші тұқымдар – қара және ақ сексеуілдер, олардың ауданы - 1,6 млн гектар, ал қалған территорияларында бұталар (черкез, қандым) өседі.

3. Аңғар ормандары 120 мың гектар жерде өседі (оның ішінде орманмен жамылған аудан мөлшері - 26 мың гектар). Бұл ормандар негізінен терек, тал, қараған, ақ акация отырғызу нәтижесінде пайда болған.

4. Жайылма ормандары немесе тоған ормандары, олардың жалпы ауданы - 60 мың гектар (оның ішінде орманмен жамылған аудан мөлшері - 46 мың гектар. Негізгі орман түзуші тұқым - тораңғы (20 га), ал қалған территоияларында жиде, тал және әртүрлі бұталар өседі.

 

Азақстан ормандары

Қазақстанда шамамен 600 ағаш және бұталар түрлері өседі. Орман түзуші қылқан жапырақты тұқымдар (породалар) – кәдімгі қарағай, Шренк (Тянь-Шань) және Сібір шыршалары, Сібір балқарағайы, сирегірек Кедр қарағайы, Түркістан және Казацкий аршасы, жапырақты тұқымдардан – ақ сексеуіл, қара сексеуіл, зайсан сексеуілі, үлпек және қотыр қайыңдар (Betula), көктерек (Populus tremula), қаратерек – тополь черный (Populus nigra), ақтерек – тополь белый (Populus alba), тау терек – ива древовидная (Salix arbuscula), қара қандыағаш (ольха черная).

Қазақстан ормандары - орман өсімдіктері жағдайына байланысты 7 топқа бөлінеді:

1) Орманды дала;

2) Дала;

3) Жартылай шөл;

4) Шөл аймақтары;

5) Алтай және Сауыр;

6) Солтүстік Тянь-Шань.

Орманды дала ормандары - қайыңнан және көктеректен тұратын шоқ ағаштар.

Дала аймағында сирек қайыңдар және көктеректен тұратын шоқ ағаштар және арал тәрізді қарағайлы ормандар, ұсақ шоқыларда – қарағайлықтар (сосняки), Ертіс өзені маңында таспалы қарағайлы ормандар, Орал, Ертіс, Есіл, Тобыл өзендері аңғарында аңғарлық ормандар (Ветла терек) болады.

Жартылай шөлдер аймағындағы ормандар жазықтықта ұсақ шоқыларда орналасқан. Оларда аңғарлық ормандар болады.

Шөл аймағында сексеуілдер және тоғайлардағы ормандар Іле және үшкіржеміс жиделер, ақтал, Жоңғар, Іле, Каспий талдары және т.б., теректер (тораңғы), жыңғылдар түрлері Сырдария, Іле, Шу, Қаратал жағалауларында кездеседі.

Алтай және Сауыр тауларындағы ормандар 600 м - 2500 м дейін орналасқан. Ол ормандар - Қалбы тау жотасының қарағайлы ормандары, Алтайдан Рудныйдың қара қылқан ормандары және оңтүстік Алтай және Сауыр жапырақты ормандары болып бөлінеді. Жапырақты ормандар (қайың, көктерек) таудың төменгі белдеулерін, ал қылқан жапырақтылар (самырсын, балқарағай, шырша, кедр қарағайы) ортаңғы және жоғарғы белдеулерін жауып тұр. Алтайда көп таралғандары ол - самырсындар Бұқтырма өзені бассейнінің батыс бөлігін және Үлбі, Уба өзендерінің бассейнінде шоғырланған. Черновая, Белая, Берель өзендерінің бассейнінде және Нарым жотасының беткейлерінде шыршалы-самырсын ормандары өседі. Олардан жоғары балқарағай ормандары көтеріледі. Таулардың жоғарғы белдеуінде (2000-2300 м) самырсындар (кедр) кездеседі.

Сауыр тауы беткейлерінде негізгі орман түзуші тұқымдар Сібір балқарағайы (Larix sibirica) 1700 м - 2500 м дейін.

Солтүстік Тянь-Шанда ормандар 1200-ден 2900 м дейін орналасқан. Төменгі белдеулерде – алма ормандары, олар көктеректермен өте сирек қайыңдармен алмасады. 1500 м биіктікте шыршалар (негізгі тұқым – Шренк шыршасы) 2800 м жоғары – арша басталады.

Батыс Тянь-Шанда 1000-1600 м биіктікте жаңғақ жемістілер (Сиверс, Недзведский, Қырғыз алмалары, кәдімгі өрік, алша, бадам (миндаль) түрлері (колючейший, Петунников) кәдімгі пыста (фисташка обыкновенная) және т.б. 1500-2500 м жоғары арша ормандары орналасқан.

Қазақстанда мемлекеттік орман фондының жалпы ауданы - 21,1 млн га (1989). Ормандылық – 3,35%, бір адамға 0,61 га орман келеді. И.И. Ролдугин, А.М. Родионов (1999) мәліметтері бойынша, Қазақстанда орман фондының жалпы ауданы - 25 млн га., оның ішінде орманмен жамылғаны 11,4 млн га., ормандылығы - 4,2%. Орманмен жамылған мемлекеттік орман фондының ауданы - 8,9 млн га., оның ішінде қылқан жапырақтылар - 18,1%, қатты жапырақтылар – 52,4%, жұмсақ жапырақтылар - 14%, қатты жапырақтылар тұқымдарына қайың, емен, шамшат, граб, шаған (ясень), үйеңкі, сексеуіл жатады. Олар қатты сүректер береді. Жұмсақ жапырақтылар тұқымдарына – көктерек, қандыағаш, жөке, терек, тал және т.б. жұмсақ сүрек беретін тұқымдар жатады.

Ормандар су қорғаушы, топырақты сақтаушы, климатты реттеуші және санитарлық-гигиеналық қызмет атқарады. Осыған байланысты ормандардың фондынан I-топқа 89,1% жатқызылған, II-топқа 2,8%, ал III-топқа 7,4% жатқызылған. Эрозияға қарсы және суды реттеуде тау үлкен рөл атқарады. Тау ормандары бүкіл ормандар ауданының 22% алып жатыр.

Ормандардың I тобына қорықтар, табиғи ескерткіштер, ғылыми маңызы бар ормандар (0,5%), көгалдандырылған аймақтар және қаладағы ормандар (1,3%) және өте бағалы орман массивтері және жемісті орман көшеттері (Алматы және т.б. облыстардағы) (0,3%), эрозияға қарсы маңызы бар ормандар (Ақтөбе және Орал облыстарында) (0,6%), мемлекеттік қорғаушы орман алқаптары (0,3%), дала колкалары (6,5%), таспалы қылқанды ормандар (3,9%), өзендер бойындағы қорғалған алқаптар (0,5%) және т.б. жатқызылған.

II және III топтардағы ормандарда негізгі кесулер бүкіл аудандарының 51% жүргізіледі, ал I топ ормандарында пайдалануға болатын аудан көлемі - 55%.

I топтағы пайдалануға болмайтын ормандарға сексеуілдер (ақ сексеуіл) жартылай бекінген құмды бархандарда өседі.

Қазақстан ормандарындағы сүректердің жалпы қоры - 325 млн м3, оның ішінде қылқанды тұқымдар – 204 млн м3 немесе 63%. Ормандардың орташа өнімділігі 108 м3/га., ормандардың пайдаланылатын қоры - 140 млн м3, сүректің орташа жылдық өсімі 1 гектарына (негізгі орман түзуші тұқымдар бойынша сексеуілсіз) - 2 м3, орташа сүректің жалпы жылдық өсімі - 7 млн м3 (1980) негізгі ағаш дайындайтын аудан – Алтай және Сауыр (Шығыс Қазақстан облысы) таулары ормандары.

Орманды қалпына келтіру жұмыстары Қазақстанда кейінірек басталды. 1917 жылға дейін болғаны 1,5 мың гектар орман көшеттері отырғызылды, оның 500 га ғана сақталған (1976). 1918-1940 жылдары арасында - 11 мың га, 1950 жылы - 11,5 мың, 1960 жылы - 43,9 мың, 1970 жылы - 81,5 мың 1980 жылы - 76,4 мың гектарға ағаштар егілген.

Орманды қалпына келтіруде пайдаланылатын негізгі тұқымдар – кәдімгі қарағай (Pinus silvestris) – сосна обыкновенная, қотыр қайың (Betula pendula) – береза повислая, терек (Populus) – Солтүстік Қазақстанда; Сібір шыршасы, Сібір самырсыны, Сібір балқарағайы, кәдімгі қарағай, қотыр қайың – Шығыс аудандарда, Шренк шыршасы, Сиверс алмасы, кәдімгі өрік және т.б. – Оңтүстік Қазақстан тауларында, қара сексеуіл – шөлді аймақта.

Қазақстанда қорғайтын екпе ағаштар ауданы - 120 млн га., оның ішінде егістік қорғайтын орман алқаптары - 80 мың га (1980). Егістік қорғауға егілетін негізгі тұқымдар бұтақты қараағаш (Ulmus pinnata-ramosa - вяз перистоветвистый), қотыр қайың (Betula pendula - береза повислая), бальзамды терек (Populus balsamifera - тополь бальзамический), ақтерек (P. alba - тополь белый), лавр жапырақты терек (P. lanciferia - тополь лавролистный), Іле жидесі (Elaegnus iliensis - лох лахмийский) және т.б.

Шренк шыршасы ормандары

Енді Қазақстан ормандары ішіндегі ғылыми тұрғыдан жан-жақты терең зерттелгені Тянь-Шань тауларындағы шыршалар орманы екендігіне байланысты (Быков, 1985). Сол орман ерекшеліктеріне тоқталып өтейік.

Шыршаның таулардағы түрлерінің ылғал және топырақ қорғап сақтаудағы рөлі зор. Шыршаның түрлеріне Кавказда өсетін Picea orientalis, Қиыр Шығыс тауларындағы – Picae ajanensis, Тянь-Шандағы Picea schrenkiana жатады. Шренк (Тянь-Шань) шыршасы фитоценоздары жоғары өнімді, ал өздері сымбаттылығымен және сұлулығымен ерекшеленеді. Тау шыршаларының мұндай сымбаттылығы және сұлулығы академик Б.А. Быков (1985) пікірінше өте жиі күн радиациясы шектеулі таулардағы тік беткейлі жағдайда Жарыққа күрес жағдайында көптеген ғасырлар бойы күресудің нәтижесі деп санайды. Ал кронасының конус тәрізді формасы аралас қауымдардағы биоценотикалық іріктеудің нәтижесі деп санайды. Кронаның тек төменгі жағы ғана түйіскен, бұл формасы үлкен ауданға бекініп, өзін жеткілікті мөлшерде жарықпен қамтамасыз етуге мүмкіншілік береді. Шренк шыршасы үлкен биіктікке және сымбаттылыққа тау шатқалдарындағы аңғарларда жетеді.

Таудың жоғарғы белдеулерінде 2700-3000 м биіктікте біз мүлдем басқа шыршаны көреміз. Олар аласа және өте жай өседі, бірақ та төменгілермен салыстырғанда ұзағырақ тіршілік етеді. Оның көптеген бұталары құрғақ, өте жиі, ұшар басы да құрғақ болады, ол жиі суық түсудің тіпті кейін жаз айларының өзінде күшті жел әсерінен.

Кейбір жағдайларда өзінің мекен жайының жоғарғы шекарасында Шренк шыршасы формасы өзгеріп, бұтаға ұқсас стланик формасында болады.

Picea schrenkiana Fisch. et Mey – Шренк (Тянь-Шань) шыршасын 1842 ж. Ф.Г. Фишер және К.А. Мейер Жоңғар Алатауынан жиналған данасы бойынша сипаттады. Бұл мәңгі жасыл қылқанды ағаш биіктігі 45-50 м және одан да биік болуы мүмкін, әдетте кронасы тар конус тәрізді және тамыр жүйесі көлбей таралған. Бұталары салбыраған немесе көлбеу сирек жоғары бағытталған. Ағаштың қабығы қоңыр-сұр, сирек қызғылт, жапырақтары (қылқандары) төрт қырлы, ұзындығы 1,5-4,0 см. Бүрлері цилиндр тәрізді ұзындығы 8-12 (2-18 см), ені 2,0-2,5 см, тұқымдары және оның қанаттары қоңыр түсті, жемісінде хромосом саны 2n=24.

Шыршалар белдеулерінің жоғарғы бөлігінде шырша вегетативтік жолмен көбейе алады. Топыраққа төселіп жатқан төменгі бұтақтары қосалқы тамырлар береді.

Ағаштар әдетте 200-300 жыл тіршілік етеді. Биік таудағы ең жоғарғы жасы - 5000 жыл (Кожевникова, 1979).

Шренк шыршасы Eupicea M. Willk секциясына жатады. Оның ішінен Е.Г. Бобров (1971) Obovatus сериясын бөлді. Ол серияға ол 4 түрді жатқызды:

1) Picea smithiana (Wall) Boiss - Непалдан шығыс Ауғанстанға дейін Гималайда өседі.

2) Picea schrenkiana Fisch. et Mey

3) Picea obovata Ledeb. ареалы бүкіл Сібірді алып жатыр. Қиыр солтүстік және солтүстік-шығыстан бастап оңтүстігінде Алтайға дейін.

4) Picea abies (L.) Karst – ареалы солтүстік-шығыс Европадан Пиренейге дейін. Бұл түрлердің барлығын да өз ареалдарының түйіскен немесе географиялық жақындасқан бөліктерінде өтпелі формалары болады.

1) Picea smithiana және P. schrenkiana да, ол - Piceae schrenkiana subsp. tianschanica,

2) Picea schrenkiana және P. obovata да, ол - P. schrenkiana subsp. saurica

3) Picea obovata және P. abies те, ол - P. abies var mediaxima Nyl.

P. smithiana – Б. А. Быковтың ойынша (1985) ең ерте заманғы формасы, бұл шыршалардың ішіндегі, ал қалғандары оның ішінде Шренк шыршасы – плейстоценнен кейін пайда болған жаңа форма.

Шренк шыршасы – полиморфты. Қазіргі кезде оның бірнеше түр тармақтары, вариациялары және формалары бар.

Шренк шыршасының полиморфизмдігі - оның генофондының молдығының дәлелі, ол тек морфологиясын, биологиясын және экологиясын, адаптациясының кең мүмкіншілігін ғана емес, оларға қосымша ценотикалық және трофикалық байланыстарын дәлелдейді.

 





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2017-03-18; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 1092 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Так просто быть добрым - нужно только представить себя на месте другого человека прежде, чем начать его судить. © Марлен Дитрих
==> читать все изречения...

2442 - | 2196 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.011 с.