Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


Жер шары ормандарына қысқаша шолу




Дүние жүзінде орманды жерлердің жалпы ауданы 4 млрд га, оның ішінде үздіксіз ормандар 3 млрд га (19 кесте).

 

 


19 кесте

Жер шары ормандары

№ р/с   Барлығы жер шарындағы (1980) КСРО (1983) КСРО-сыз Еуропа (1980) Солтүстік Америка (АҚШ, Канада, (1977) Латын Америкасы (1980) Африка (1980) КСРО-сыз Азия (1976) Австралия және Океания (1976)
                   
  Жалпы жер ауданы, млн га                
  Орманды жер ауданы, млн га 4136,2       934,5 751,2 522,1 190,4
  Үздіксіз ормандар, млн га, оның ішінде: 1) қылқан жапырақты, 2) жалпақ жапырақты 2985,6   1082,4   1903,2 810,9     250,9 145,2+     59,2 583+   306   277 690,5   26,3   664,2   3,8   219,2 451,2   87,8   363,4 81,8   12,5   69,3
  Үздіксіз емес (сирек) ормандар млн га 1150,6 127,1 29,8     528,2 70,9 108,6
  Азған (деградацияланған) жерлер ормандар қалдықтарымен млн га 408,5 - - - 169,2   73,3 -
  Бұталар, млн га 624,2 .... .... .... 145,9 442,8 35,5 ....
  Орманды жер % 22,8 37,8       7,5 16,7 9,7

Жер шарында бір адамға 0,67 га үздіксіз орман келеді. Жер шарында ормандардың таралуы біркелкі емес. Үздіксіз ормандардың жартысынан көбі және үздіксіз емес ормандардың 17% - Еуропада, Солтүстік Америкада және ТМД елдерінде. Жер шарының бұл бөлігінің ормандылығы - орташа алғанда 34,3%. Латын Америкасы, Африка, Азия және Австралия (Океаниямен бірге) – 16,9%, яғни екі есе аз.

Ормандар – жер шарындағы климаттың және адамдардың шаруашылығы нәтижесінде өзгеретін ұзақ жылдық эволюциялық процестің өнімі.

Ормандардың континенттерде, мемлекеттерде таралуы, олардың ауданы, құрамы және өнімділігі - адамдардың шаруашылық әрекеттерінің нәтижесі.

Еуропада (бұрынғы КСРО-ны қосқанда) үздіксіз ормандар ауданы - 145,2 млн га, жер шары ормандарының 4,9%. Бір адамға 0,3 га келеді, яғни дүние жүзі көрсеткішінен 2,2 есе аз. Континенттің ормандалығы - 31% (2 кесте).

Еуропа ормандары

Еуропа ормандары туралы айтатын болсақ: Солтүстік-батыс аудандарында адамдардың күшті шектен тыс пайдалануының нәтижесінде ормандар қатты өзгерген. Мысалы, Ұлыбритания, Ирландия, Нидерландияда байырғы ормандар түгел кесіп алынған. Мұндағы ормандар жасанды ормандар, олар негізінен жас және орта жастағы қылқан жапырақты көшеттерден тұрады.

Қылқан жапырақты ормандар солтүстікте Скандинавия елдерінде сақталған. Бұл регион үлкен ормандылығымен сипатталады және таза қылқан жапырақтылар көшеттерінің басымдылығын көруге болады. Негізгі орман түзуші тұқымдар (породалар) – кәдімгі қарағай, кәдімгі шырша, жалпақ жапырақтылардан – қайың (Betula - береза) және көктерек (Populus tremula - осина).

Орталық Еуропа ормандарында негізгі қылқан жапырақты орман түзушілер – кәдімгі қарағай (Pinus silvestris), кәдімгі шырша (Picea abies - ель обыкновенная), самырсын (Abies alba - пихта белая) және еуропалық балқарағай (Larix - лиственница), жалпақ жапырақтылардан – шамшат (Fagus), граб (Caprinus), емен (Quercus) түрлері, кейбір жерлерде үйеңкі (Acer – клен), шаған (Fraxinus - ясень), қайың (Betula - береза), қандыағаш (Alnus - ольха), терек (Populus - тополь) және тал (Salix - ива), тауларда – тисс (Taxus) және самырсын (Abies - пихта).

Оңтүстік Еуропа ормандары – жалпақ жапырақты және мәңгі жасыл қатты жапырақты ағаштардан және Жерортатеңіздік типті қылқан жапырақтылардан тұрады. Жапырақтары түсетін тұқымдардан емендер - Quercus pubescens (дуб пушистый), Quercus robur (дуб черешчатый), Quercus petrapa (дуб скальный) және басқа түрлері, шамшат - Fagus silvatica (бук европейский), Caprinus orientalis (граб восточный), шағандар - Fraxinus alnus (ясень белая), Fraxinus excelsior (ясень обыкновенный), үйеңкілер - Acer campestris (клен полевой), Acer platonoides (клен остролистный), Castanea sativa (каштан посевной), жөке - Tilia tomentosa (липа войлочная) және т.б.

Қылқан жапырақты ормандарда шырша - Picea abies (ель обыкновенная), самырсындар - Abies alba (пихта белая), Abies cephalonica (пихта греческая), қарағайлар - Pinus silvestris (сосна обыкновенная), Pinus peuce (сосна румелийская), Pinus nigra (сосна черная), Pinus pinaster - сосна приморская және т.б.

Мәңгі жасыл ормандарда – Myrtus (мирт), Arbutus unedo (земляничное дерево крупноплодная), арша - Juniperus ( можжевельник), емен - Quercus ilex ( дуб каменный), жиде - Elaegnus angustifolia (маслина дикая), Cistus (ладанник) және т.б.

Шығыс Еуропа ормандарында қылқан жапырақтылар басым, мысалы қарағайлар (Pinus silvestris, Pinus nigra), Pinus peuce – қарағай, Picea abies - шырша, Abies alba – самырсын, Larix deciduus – балқарағай. Жалпақ жапырақтылардан емендер (Quercus petraea, Quercus robur), шамшат (Fagus silvatica), үйеңкі (Acer), шаған (Fraxinus), граб (Caprinus), қайың (Betula), (Alnus glutinosa), көктерек (Populus tremula), жөке (Tilia) және т.б. Бұл регионда үлкен территорияларды таудағы ормандар алып жатыр. Әсіресе, Венгрия, Болгария, Чехословакия және Румынияда. Жалпы Еуропа ормандары № 20 кестеде келтірілген.

 


20 кесте

Еуропа ормандары

 

№ р/с Региондар және елдер Жалпы жер ауданы, млн га Орман ауданы Ормандылығы % Сүректің жалпы қоры, млн м3 Жалпы сүректің жылдық өсімі млн м3 Сүректі дайындау, млн м3
               
      барлығы Оның ішінде орманмен жабылған   барлығы Оның ішінде қылқан жапырақтылар барлығы Оның ішінде қылқан жапырақтылар барлығы Оның ішінде ішінде қылқан жапырақтылар
  Солтүстік Еуропа (1981) 112,5   51,5 45,8     143,6 119,6 110,2 45,1
  Финляндия (1981) 30,5 23,3 19,7 64,6     64,7     40,5
  Швеция (1981) 41,1 26,4 24,1 58,6     63,3   53,4 46,6
  Орталық Европа (1980) 162,7 37,4 35,2 21,6         101,3 60,5
  Франция (1981) 54,9 14,5 13,7       41,4   30,8 14,2
  ФРГ (1981) 24,3 7,3 7,2 29,6       25,8   22,7
  Ұлыбритания (1980) 24,1   1,7 7,1       5,1 4,05 2,85
  Австрия (1980) 8,3 3,75 3,7 44,6     19,6 14,7 14,8 12,4
  Оңтүстік Европа (1980) 96,1 51,9 31,5 32,8     86,8 47,3 41,7 19,8
  Испания (1980)   22,6 11,9 23,8     31,4   11,7 7,3
  Югославия (1976) 24,4 9,1 7,4 30,3     22,4 5,7 16,7 5,7
  Шығыс Европа (1982) 97,1 27,7   27,8     103,5 63,9 81,1 47,37
  Чехославакия (1982) 12,6 4,6 4,58 36,3       11,6 18,4  
  ГДР (1981) 10,6 2,95 2,68 25,3       11,1 9,4 7,4
    *Сүректі дайындау барлық региондарда және елдерде 1980 ж. мәлімет бойынша алынған  

Азия ормандары

Азияда (бұрынғы КСРО-ны қосапағанда) үздіксіз ормандар ауданы - 451,2 млнга, ол дүние жүзі ормандарының 15%, бір адамға 0,18 га келеді, ол дүние жүзілік көрсеткіштен 3,8 есе аз, континенттік ормандылығы - 16,7% (21 кесте).

Азия континентінің 1/5 бөлігін ормандар алып жатыр: орманды аудандардың 58%-н тропикалық ормандар алып жатыр (негізінен оңтүстік-шығыс Азияда), қылқан жапырақты және жалпақ жапырақты көшеттер қоңыржай климатты үлкен территорияларды алып жатыр. Азияның солтүстігінде (орманды тундрада) – сүректі орманды учаскелерде (тундра сүректі ормандары) балқарағай (Larix – лиственница), қайың (Betula – береза), шетен (Sorbus – рябина); Солтүстік -шығыс Сібірде – төселіп өсетін аласа ағаштар және бұталар тоғайлары бар учаскелер кездеседі. Үлкен территорияны тайга ормандары алып жатыр: Батысында қара-қылқан Орал-Сібір (шырша, самырсын, кедр қарағайы, сібір қарағайы) және Шығыс-Сібірлік-ашық-қылқанды-балқарағайлы және балқарағайлы-қарағайлар. Оңтүстікке таман аралас жалпақ жапырақты-қылқан, майда жапырақты (қайың, көктерек) және жалпақ жапырақты ормандар. Соңғылары негізінен Қиыр Шығыста сақталған.

Жерорта теңізінде ксерофильді өсімдіктер таралған (шибляк, фригана, маквис). Оларда қатты жапырақты бұталар және аласа ағаштар Arbuscus andrachne (земляничник мелкоплодник), Ceratonia siliqua (жабайы зәйтүн - рожковое дерево), Elaegnus angustifolia (маслина дикая), лавр, мирт және т.б. Муссон климатты субтропикада мәңгі жасыл ағаштар және бұталардың Шығыс Азиялық формалары өседі. Олардың типтік өкілдері – мәңгі жасыл емен, Zelkova (дзельква), камфор ағашы, Aleurites (тунг), Tsuga (тсуга), Abies firma (пихта сильная), Cryptomania japonica (криптомания японская), кипарис (печальный), Cunningamia lanceolata (кунингамия ланцетная) және т.б. Тропикалық ендіктерде үлкен территорияларда тропикалық ормандар өседі. Бұл жерлерде ең бағалы және кең таралғандары Shorea (шорея) әртүрлі түрлері, Tectona (тик), Casuarina (казуарина).

Тауларда таулық тайгалық, таулық қара қылқан жапырақты-жалпақ жапырақты, таулық субтропикалық және тропикалық ормандар (ылғал және құрғақ) кездеседі. Субтропикалық және қоңыржай белдеулерге альпілік тау бұталары тән.


Азия ормандары (КСРО-ны қоспағанда) 21 кесте

Региондар және елдер Жалпы жер ауданы, млн га Үздіксіз орман Орманды % Үздіксіз ормандар қоры млрд м3 Сүрек дайындау млн м3
Ауданы млн га Оның ішінде өнімділері барлығы Оның ішінде қылқанды барлығы Оның ішінде қылқанды
Батыс Азия және Таяу Шығыс (1976) 632,6 3,6 3,6 0,6 0,4 - 39,1  
Шығыс Азия (1980) 1191,5 175,8   14,8 11,28 6,94 335,6  
КНР (1980) 959,6 121,9 - 12,7 7,4 4,42 224,6 105,6
Жапония (1981) 37,7 24,2 - 64,2 2,19 3,22   20,2
Оңтүстік Азия 446,7 61,6   13,8 4,4 0,9 268,4 8,58
Индия (1976) 326,8   - 15,3 3,6 0,75 214,7 7,83
Континенттік оңтүстік-Шыңыс Азия (1976) 178,1     37,1 8,8 0,15 137,9 -
Бирма (1976) 67,8 33,2 -   4,5 0,06 26,6 -
Аралдағы оңтүстік-шығыс Азия (1976) 254,1 144,2   56,7 26,61 0,05 236,1 0,64
Индонезия (1976) 190,4 113,6 - 59,7 20,65 0,03 157,2 0,63

Африка ормандары

Африкада үздіксіз ормандар ауданы - 223 млн га., дүние жүзілік көрсеткіштің 7,5%. Бір адамға 0,7 га келеді. Континенттің ормандылығы - 7,5%.

Африка континентінде ормандардың таралуы біркелкі емес. Негізгі ормандар массивтері Орталық және Батыс Африкада шоғырланған.

Ормандардың сипатына және территориялардың ормандылығына байланысты 4 ірі аудандарға бөледі:

1) Солтүстік субтропикалық;

2) Батыс тропикалық;

3) Шығыс таулық тропикалық;

4) Оңтүстік субтропикалық.

Солтүстік аудандарда (Марокко, Алжир, Тунис, Ливия және Египет) ормандар таулардың беткейлерінде, аңғарларда, қыраттарда және Жерорта теңізі жағалауларында өседі. Тау беткейлерінің төменгі бөлігінде қатты жапырақты мәңгі жасыл ормандар және маквис (Quercus ilex L. - дуб каменный, Quercus suber L. - дуб пробковый, Pistacia atlantica - фисташка атлантическая, Arbutus andrachne L. - земляничное дерево, Erica arborea - вереск древовидный, Elaegnus angustifolia L. - маслина дикая және т.б.) кездеседі. Таудың жоғарғы бөлігінде орман (Pinus halecensis - сосна аленская), үлкен территорияларда (Алжирде, Тунисте) одан да жоғары (1300-2300) өте өнімді ормандар болады (Cedrus atlantica Manetti - кедр атласский, Pinus pinaster Ait - сосна приморская, Tetreclinis articulate Mast - сандараковое дерево және Juniperus - можжевельник).

Ең бағалы – ылғалды экватор ормандары батыс және шығыс аудандарында Камерунның батыс шекарасынан континенттік ортасына дейін алып жатыр. Бұл жерде ағаш және бұталардың 3000-нан астам түрлері өседі. Оның ішінде 40 түрінің сүрегі өте бағалы, мысалы – Diospiros - Эбен ағашы, Santalum - Сантал және қызыл ағаштар.

Ылғалды тропикалық ормандар Заирда, Конгода, Анголада және олардан оңтүстікке таман Африканың батысында ксерофильді ормандар (бүркелі, птерокипарис, афзелия және т.б.) тараған. Осы районнан солтүстікке қарай сиреген ормандар өседі (акацияның түрлері, баобаб, Elaegnus quineensis - масличная пальма, баугиния, кофе ағашы кездеседі және т.б.). Саванна ормандары Шығыс райондарында кездеседі. Мысалы, Суданда, Эфиопияда, Кенияда және т.б. жерлерде.

Африканың оңтүстігінде тауларда және жағалауларда субтропикалық мәңгі жасыл ормандар кездеседі, ол ормандарда Кап флорасының эндемдері сақталған. Мысалы, Podocarpus thunbergii – подокарпус тунберги, Olea L. - маслина лавровидная және т.б.

Африканың үлкен территориясын сирек ормандар, деградацияға ұшыраған орманды жерлер бұталар алып жатыр. Африка континентінің жартысынан артық территориясын осындай сирек деградацияға ұшыраған ормандар алып жатыр.

 





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2017-03-18; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 1350 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Бутерброд по-студенчески - кусок черного хлеба, а на него кусок белого. © Неизвестно
==> читать все изречения...

2412 - | 2331 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.009 с.