Дала аймағы өсімдіктерін бір жүйеге келтіріп, классификациясын жасау туралы алғашқы мәліметтерді С.И. Коржинский (1888, 1891) еңбектерінен көруге болады. Ол қара топырақты облыстарда 4 далалық формацияларды ажыратады:
1) шалғындық дала
2) бұталы
3) қаулы
4) тасты
Г.Н. Высоцкий (1908, 1915) қаулы даланы:
1) Солтүстік жалпақ жапырақты қау және
2) Оңтүстік енсіз жапырақты қау деп бөлді.
П.Н. Крылов (1916) Батыс Сібірдің дала аймағын өзінше бөлуді ұсынды.
Ең солтүстік аймақ тармағын «шымды-шалғын» деу қажет, оңтүстікке қарай бірақ та орманды дала шегінде «әртүрлі шөпті-шалғын» деп сосын «қаулы-бетеге(типчак-кипцовая) және оңтүстік бетегелі-қау аймақ тармағын бөлуді ұсынды. Бетегелі-қау даласын ол «ормансыз шалғындық-дала» деп атауды ұсынды.
Б.А. Келлер (1916) шалғындық далалар ішінде мыналарды бөліп көрсетті.
1) «әртүрлі шөпті-шалғындық» (шымды қоңырбастардың қатысуымен
2) «шымды (қау-бетегелі)-шалғындық дала».
И.В. Новопокровский (1921) далалардың үш типін бөледі:
1) шалғындық
2) әртүрлі шөпті-қоңырбастар
3) қоңырбасты далалар
В.В. Алехин өз еңбектерінде (1925, 1936) далаларды екі негізгі типке бөледі:
I. Солтүстік далалары немесе әртүрлішөпті-жалпақ жапырақты-қоңырбастар даласы, ары қарай оларды Алехин бірнеше варианттарға бөледі:
а) гигрофильді вариант (ең солтүстік жағы солтсүтігінде орман аймағына өтеді);
б) орталық (осы типті нағыз сипаттайтын алқап) вариант
в) ксерофильді вариант (ең оңтүстік жағы бірте-бірте оңтүстігінде аймақ тармағы қаулы далаға ауысады).
II. «Оңтүстік далалар» (қаулы дала) екі тип тармағына бөлінеді:
1) қызыл қаулы
2) қызыл емес қаулы
Қызыл қаулы тип тармағы үш вариантқа бөлінеді:
1) солтүстік
2) негізгі
3) оңтүстік
Қызыл емес қаулы тип тармағы да сол жоғарыдағыдай үш вариантқа бөлінеді.
Н.В. Павлов (1948) далалар аймағын жай қарапайым аймақ тармақтарына бөлді:
1) орманды дала аймағы тармағына
2) солтүстік, шалғындық немесе әртүрлі шөпті-қоңырбасты далаға
3) оңтүстік қоңырбасты немесе қоңырбасты-әртүрлі шөпті далаларға
Е.М. Лавренко өзінің көптеген ғылыми еңбектерінде дала өсімдіктері туралы және оларды классификациялау туралы өз варианттарын ұсынды.
Е.М. Лавренко (1940) дала өсімдіктері топтарын классификациялаудың негізі етіп тіршілік формаларының анализін, яғни олардың синузиялық құрылымын алады. Батыста тип тармақтары климаттық алмасуылары мүмкін деп санайды. Ал көптеген тип тармақтары шегінде ол эдафикалық ауысатын варианттарды бөледі – галофиттік, петрофиттік, псаммофиттік, гемипсаммофиттік деп. Е.М. Лавренко классификациясы бойынша далалар шөптесін өсімдіктер типтері тобына жатқызылады. Демек, Лавренко далалар аймағын аймақ тармақтарына емес тип тармақтарына бөледі.
Е.М. Лавренко (1956) «КСРО-нің геоботаникалық картасы» деген еңбекке жазған түсініктемесінде далалардың 9 типін ажыратады:
1) нағыз далалар;
2) шалғындық дала;
3) шөл дала;
4) бұталы;
5) жемірлі (Thymus);
6) жартылай саванналар (тау алды және аласа таулар – Батыс Тянь-Шань, Памиро-Алай және т.б.);
7) тікенекті шөптесін өсімдіктер (Орта Азия таулары);
8) трагаканттық (Кавказ және Орта Азияның оңтүстік бөлігі);
9) тақыр жерлер (Памир-Алай, Тянь-Шань, Жоңғар Алатауы тауларындағы далалардың жоғарғы шекараларындағы криофильдік биік таулық).
Е.М. Лавренко (1956) далалар аймағын 4 аймақ тармақтарына бөлді:
1. Орманды дала аймақ тармағы немесе шалғындық дала аймағы (солтүстік әртүрлі шөпті далалар)
2. Шымды-қоңырбасты бай әртүрлі шөпті немесе әртүрлі шөпті-шымды-қоңырбасты немесе әртүрлі шөпті-бетегелі-қау немесе қаулы далалар аймақ тармағы
3. Шымды-қоңырбасты кедей әртүрлі шөпті немесе шымды-қоңырбасты еуропа –қазақстандық немесе бетегелі-қыулы далалар
4. Жусанды-бетегелі-қау (шөлді) даласы немесе жусанды-шымды-қоңырбасты далалар (солтүстік жартылай шөл)
Енді осы жеке аймақ тармақтары ерекшеліктерімен танысайық:
1. Орманды дала аймақ тармағы немесе шалғындық дала аймағы (солтүстік әртүрлі шөпті далалар).
Орманды дала аймақ тармағы өтпелі алқап. Орман аймағы және әртүрлі шөпті-шымды-қоңырбастар далаларының арасындағы өтпелі алқап, бірде жалпақ, бірде тар алқап түрінде КСРО-ның батысындағы шекарасынан, яғни Днестр және Прут бассейнінен Сібірдегі Салаирск адырлар қырқасына дейін созылып жатыр.
Орманды даланың солтүстік шекарасы шыршаның (ель - Picea) оңтүстікке таралу шегіне дейін созылады. Оңтүстік шекарасы Карпат тауларынан және Кишиневтен Ингула-Кременчуг-Полтава-Харьков-Валуйкам-Бобровкаға ары қарай оңтүстікте Шипов орманды орағытып тасты даладан өтіп Новохоперсткаға, Борисоглебскаға, Волгаға (Саратовтың солтүстігінде), Волгамен жоғары көтеріліп Самара өзенін бойлап Бузулук орманына Стерлитамакқа жетеді. Оралда оңтүстік шекарасы Троицкінің төменгі жағынан өтіп, Петропавловскінің оңтүстігінде Ертіс өзені-Чан көлі-Барнаул-Салаирск адырлар қырқасына жетеді бұл оңтүстік шекарасы.
Қазіргі кезде орманды дала территорияларының көп бөлігі түгел дерлік айдалып астық тұқымдастар және кейбір техникалық дақылдар өсірілуде.
Бұл аймақ тармағының топырақтары әртүрлі. Солтсүтікте – күлгін күңгірт-сұр және орманның сұр топырағы, бірақ та майлы мықты (Сібірде) сілтісізденген және нашарланған қара топырақтар басым.
Ең суық айдың (қаңтар) температурасы -50 (Украинаның батысында). Предуральскіде-160. Жауын-шашын мөлшері оңтүстік шегінде -450 мм шамасында. Ал Батыс Сібірде ақпан айында температура мөлшері -190-дан -210-ге дейін. Жауын-шашын мөлшері солтүстігінде 400-450 мм, оңтүстігінде 300 мм шамасында.
Біз мұнда орман топтары еменді, қарағайлы теректі ормандар туралы айтпаймыз. Тікелей өсімдіктердің нағыз далалық типтеріне көшеміз. Солтүстік далаларының өсімдіктер жабындарының жалпы белгілері, ол:
1) Биік (80-100 см) шөптесін жамылғы;
2) Өсімдіктер біркелкі жамылғы түзеді деуге болады (араларындағы бос жерлер 2-10 см аспайды);
3) Өсімдіктер жабыны құрамында мезофильдік жалпақ жапырақты әртүрлі шөптесін (қосжарнақтылар) түрлер көп кездеседі, ал қоңырбастар әлі басым емес.
Орманды дала алқабының солтүстігіндегі шөптесін өсімдіктер бөлігін Е.М. Лавренко далалық жабындықтар деп атады. Ал оңтүстігінде шабындық дала орналасқан.
В.В. Алехин бұл орманды даланың солтүстігіндегі өсімдіктер типін солтүстіктік әртүрлі шөпті (шабындық) дала деп атады және оларды 3 вариантқа бөлді:
1) Гигрофильді, солтсүтікте орманды аймаққа ауысатын;
2) Орталық-нағыз типтік дала;
3) Ксерофильді-оңтүстік алқабы қаулы далаға ауысады.
В.В. Алехин (1950) Стрелецк даласында (Курск жанында) үлкен зерттеу жұмыстарын жүргізді оның нәтижелері ғылыми әдебиеттерде толық берілген. В.В. Алехин жұмыстары классикалық ғылыми тұрғыдан өте құнды жұмыстар. Оларға толық анализ жасауға мүмкіншілік жоқ болғандықтан, тек мысал ретінде В.В. Алехиннің сипаттаған Стрелецк даласындағы аспектілердің ауысу фазаларын келтіріп кетейік.
I. Көктем алды фаза – қар ерігеннен кейін, көкек айы соңында мамырдың басында, дала өткен жылғы өсімдіктер қалдықтары және «қыстық» өсімдіктердің жас өркендерімен күңгірт кеңістік тәрізді көрінеді.
II. Құндызшөп (Pulsatilla patens – прострел) және қияқөлең (Carex - осока) фазасы. Бірнеше жылы күндерден кейінгі күңгірт-қоңыр дала үлкен Pulsatilla patens (ашық құндызша) гүлдерімен жамылады, Carex humulus (кішкене қияқөлең) өсімдігі де гүлдейді.
III. Adonis және Hyacinthella фазасы – мамыр айының бірінші жартысында құндызшөптің фонында Adonis vernalis және Hyacinthella leucophaea өсімдіктері гүлдеп дала жасылдана (көгере) бастайды.
IV. Iris aphylla – Orobus pannonicus – Anemone silvestris фазасы – майдың екінші жартысында дала жасылданады, ерте көктемгі түрлер гүлдеп бітеді, дала аспектісін Orobus pannonicus (ақ), Anemone silvestris (ақ) және Iris aphylla (лиловый) гүлдері анықтайды. Үшінші және төртінші фазалар арасында жиі Primula officinalis фазасы болатынын байқауға болады.
V. Myosotis (незабудка) және Senecio (крестовник) фазасы – мамырдың соңында маусымның басында – жасыл фонды көкшіл Myosotis silvatica алтын сары, Senecio integrifolius және Ranunculus polyathemus гүлдейді. Көктем мерзімі аяқталып, жаз басталады.
VI. Salvia (шалфей) және Tragopogon (козлобородник) фазасы – маусым айының бірінші жартысы – Salvia pratensis жаппай гүлдеп бәрінен басым болады, таңертең оған алтын түсті Tragopogon orientalis себеттері қосылады.
VII. Trifolium montanum – Leucanthemum vulgare – Filipendula hexapetala фазасы. Маусым айының екінші жартысы. Даланың негізгі фоны ақ, өйткені Trifolium montanum, Leucanthemum vulgare, Filipendula hexapetala гүлдейді. Осы өсімдіктердің ақ гүлдері фонында Campanula persicifolin, Knautis arvensis, Echium rubrum өсімдіктері гүлдерінің көк-ақшыл фрагменттерін көруге болады.
VIII. Onobrychis (эспарцет) фазасы. Шілде айының басында Onobrychis arenaria гүлдеп, күңгірт қызғылт түрі болады. Бірте-бірте гүлдеп тұрған өсімдіктер саны азаяды. VI, VII, VIII фазалар жаздың бірінші жартысындағы аспектілердің алмасуын сипаттайды.
IX. Дельфиниум фазасы (шілде айының екінші жартысы) Delphinium cuneutum өсімдігі гүлдеп, далаға қоңыр көк түр береді, шілде айының соңында гүлдеп бітеді.
X. Veratrum nigrum (чемерица) фазасы. Бұл өсімдік биік гүл шоғырлары ұзын гүлдері қоңыр-қызыл. Дала бұрынғыдан да құбаланады.
XI. Күздік фаза – тамыз-қыркүйек айларында басталады. Өсімдіктер гүлдеп бітеді, жаңадан гүлдейтіндері жоқ. Осы күйінде дала қар астында қалады.
Бұл фазалар туралы айтқанда есте болуы керек. Әр фазада бір жетекші түр басым болады, бірақ та әрбір фазада бірнеше, оншақты мүмкін одан да көп гүлдеп тұрғаны гүлдеп біткені және енді гүлдей бастаған түрлер болып олардың жиынтығы шұбар өрнек түзеді.
В.В. Алехин Курск далаларындағы аспектілердің алмасуын және флоралық тізімдерін қорытындылай келе оларды «әртүрлі шөптен» екендігін және «әдемі (красочный) әртүрлі шөпті дала» деп атады.
Е.М. Лавренко (1940) шабындық далалардың эдафикалық варианттарын сипаттады. Мысалы, галофиттік вариантын «сортаңдық далалары» деп сипаттады және петрофиттік (тасты) гемипсаммофиттік варианттарын сипаттады.
2. Шымды-қоңырбасты бай әртүрлі шөпті немесе әртүрлі шөпті-шымды-қоңырбасты немесе әртүрлі шөпті-бетегелі-қаулы немесе қаулы далалар аймақ тармағы.
Бұл далаларға әртүрлі авторлар әрқалай аттар берді.
С.И. Коржинский – «қаулы далалар»,
Г.Н. Высоцкий – жалпақ жапырақты қаудың оңтүстік варианты,
Б.А. Келлер – «қаулы ірі шымды далалар»,
В.В. Алехин – «қаулы-бетегелі мол әртүрлі шөпті»,
Н.В. Павлов – «әртүрлі шөпті-қоңырбасты солтүстік далалар»,
Е.М. Лавренко – «шымды-қоңырбасты мол әртүрлі-шөпті» бірақ бұларға тағы да мынадай топтар жатады: әртүрлі шөпті-бетегелі (шамалы болса да қау кездеседі немесе толық болмайды), құрамында Helictotrichon desertorum (Шөл сұлыбас) бар топтар және «Төрт қоңырбасты далалар» (Орталық Сібір және Забайкалье).
Бұл далалар кең алқапты алып Румыниядан Алтайға дейін жетеді. Бұл далалардың кейбір учаскелері өткен аймақ тармағында да, яғни орманды далада да кездесуі мүмкін және келесі аймақ тармағында да болуы мүмкін.
Бұл далалардың Солтүстік шекарасы орманды даланың оңтүстік шекарасымен сәйкес келеді.
Оңтүстік шекарасы Молдавиядан Тирасполь-Вознесенск-Кривой рог-Запорожье арқылы, Азов теңізіне түсіп – Ростов-Краснодар және Кавказ шетімен Армавир арқылы Пятигорскіге жетеді, Каспий ойпатын орап өтіп, Сальск-Миллерово-Камышин-Саратов-Чкалов арқылы өтіп, Оралдан бері шекарасы Орск-Қостанайдың оңтүстігі арқылы өтіп, Құлынды даласын қамтып, Семейдің солтүстігі арқылы өтіп, Өскеменге одан ары Қазақстан Алтайына жетеді.
Бұл аймақ тармағының рельефі негізінен тегіс, кейде батыста адыр-бұдырлы, ал қаратеңіз маңындағы Украина далалары өте тегіс деуге болады. Қазақстан далаларында төбешіктер бар (мысалы, Ақтөбе аймағында), ал Ишим бассейнінде және оның шығысында – ұсақ шоқылар бар. Бұл аймақта сирек те болса ірі төбелер де бар (мысалы, Ұлытау, Баянауыл, Қарқаралы) әртүрлі шөпті бетегелі-қаулы далалар климаты далаға тән. Жазы жылы, құрғақ жаз айларының орташа температурасы +200С-тан төмен емес. Ең жылы айлардың орташа ылғалдылығы сағат 1300-те 35-45% жауын-шашын мөлшері солтүстігінде 400 мм, ал оңтүстігінде 250 (200) мм шамасында. Жауын-шашынның ең мол болатын айлары маусым-шілде кейде ұзақ уақыт жазда жаңбыр болмай құрғақшылық болады.
Қардың қалыңдығы батыста 20 см шамасында, шығыста 30 см, ал Қара теңіз, Азов теңізі аймағында 10 см шамасында.
Бай әртүрлі шөпті далалардың топырағы орманды далаға қарағанда негізінен оңтүстік типті қара топырақтар.
Е.М. Лавренко (1949) бұл аймақ тармағының топырақ ерекшеліктеріне сәйкес эдафикалық варианттарды бөледі:
- Галофитті
- Петрофитті (Донецк адырлары Қазақ ұсақ шоқылары)
- Псаммофитті (өзендер алқабындағы террасалар құмдары).
Бұл далалар құрамында мысалы Қара теңіз бассейннінде және Заволжьеде, Солтүстік Қазақстанда және Батыс Сібірге жақын райондарда айтарлықтай айырмашылықтар болуына байланысты Е.М. Лавренко (1956) әртүрлі шөпті-бетегелі-қаулы далаларды екіге бөлді: 1) Қара теңіздік; 2) Заволжско-Қазақстандық деп олардың шекаралары Волга арқылы өтеді.
Қара теңіздік әртүрлі шөпті-бетегелі-қау даласы орманды даланың оңтүстігінде Прут алқабынан Волга алқабына дейінгі жерді алып жатыр.
Бұл даланың тар алқабы Прут және Днепр арасында шығысында Волгаға дейін өте кеңейеді. Азов теңізінің шығысында бұл далалар «Азовтық» деген атпен оңтсүтігінде Кавказ тау етегіне, Кубан бассейніне түседі. Бұл даланың бәрі айдалып тасталған, үлкен учаскелері тек қорықтарда (Стрелецк, Хомутовск далаларында) сақталған.
Бай-әртүрлі шөпті қаулы даланың жақсы мысалы ретінде Старобельск даласын келтіруге болады. Старобельск даласы Донн өзені бассейнінде. Өсімдіктер жабыны негізінен ксерофильді енсіз жапырақты шымды қоңырбастар – қаулар (Stipa lessingiana, S. capillata, S. rubentiformis, S. zalesskii) және бетегелер, кейде Koelleria gracilis қатысады. Доминанттар қатарына кейде Bromus riparius, субдоминант ретінде – Helictotrchon schellianum болады. Әртүрлі шөптер түрлері өте көп бірақ олар субдоминанттар рангісінде қалады. Мезофиттік солтүстік әртүрлі шөпті даладан Myosotis silvatica, Filipendula hexapetala, Trifolium montanum, Polygala comosa және т.б. атауға болады. Ал ксерофиттік «оңтүстік әртүрлі шөпті даладан» - Salvia nemorosa, Adonis wolgensis, Jurinela Linearifolia, Sarratula radiuta және т.б. атауға болады. Өте сирек Caragana frutex кездеседі.
Старобельск даласында Е.М. Лавренко, Г.И. Дохман зерттеу жұмыстарын жүргізіп, вегетациялық және аспектілерінің алмасуында 7 кезеңдерін бөліп көрсетті.
1. Ерте көктемгі (наурыз айының екінші жартысы – сәуір айының бірінші жартысы). Өткен жылғы шөптердің күреңденген қалдықтары арасында Tortula ruralis мүгі және Stratonostoc commune балдыры көгеріп көріне бастайды.
2. Орта көктемгі кезең (сәуір айының екінші жартысы). Дала көгереді. Далаларда шашыраған әртүрлі көк, күлгін, сары Iris pumila гүлдерін, Adonis wolgensis, Gagea pusilla, G. Bulbifera өсімдіктерінің сары гүлдерін көруге болады - «Инградиенттерді» - эфемерлерді (Draba nemorosa, Erophila verna, Androsace elongate, Holosteum umbellatum және т.б.) көруге болады. Сортаң топырақтарда геофиттер Tulipa schrenkii, T. biebersteiniana – гүлдей бастайды. Құмды жерлерде қар ерігеннен кейін Pulsatilla patens өсімдігінің күлгін гүлдерін көруге болады.
3. Кеш көктемгі фаза (мамыр айының бірінші жартысы) көк майса дала фонында көптеген қосжарнақты өсімдіктер гүлдейді – ақ Orobus alnus, O. Pullescens, Anemone silvestris, сары - Potentilla patula, солтүстік беткейінде күңгірт-қызыл Poeonia tenifolia. Қаулардың (Stipa joannis) күміс тәрізді қылтанақтары көріне бастайды. Гүлдеп тұрған бұталар ақ - Prunus spinosa, ашық-қызғылт - Amygdalus nana, алтын сары - Caragana frutex араларында біржылдықтар әлі көп.
4. Ерте жазғы фаза (мамырдың екінші жартысы – маусымның бірінші жартысы). Барлық қоңырбастар гүлдейді, әсіресе жақсы көрінетін қауырсынды қаулар (Stipa joannis, S. lessingiana) өздерінің қылтанақтарымен тербетілген ақ толқын жасайды. Көзге онша айқын көрінбейтін қоңырбастар да гүлдейді (Festuca sulcata, Koelleria gracillis, Bromus ripurins). Қосжарнақтыларда өте көп қаулардың ақ қауырсындарының астында ақшыл көк – Salvia nutans, ақ – Filipendula hexapetala, Trifolium montanum, Arenaria bieberateiniana, қызыл – Jurinaea arachnoids, Echium rubrum шіліктерін көруге болады.
5. Орта жазғы кезең (маусымның екінші жартысы – шілденің бірінші жартысы) өткен кезеңде гүлдеген қоңырбастар жемістеніп қурай бастайды. Қаулар өздерінің қылталарын жоғалта бастайды, қоңырбастардан кейін гүлдейтін Stipa stenophylla сақталады. Дала күреңдене бастайды. Гүлдеп тұрған қосжарнақтылар аз – әлі сары Galium ruthenicum, Centaurea ruthenica, ақ – Plantago stepposa, көк – Salvia nemorosa, қызыл-күлгін – Serratula radiate, Jurinnea multiflora. Гүлдеп тұрған қаңбақтар көп Goniolimon tataricum, Phlomis pungens, Statice latifolia.
6. Кеш жазғы – ерте күзгі кезең (шілденің екінші жартысы – қыркүйектің бірінші жартысы). Бұл кезеңде Stipa capillata (тырса) өсімдігінің сары-көк қылталары басым. Олардан биік ірі Apiaceae тұқымдасы өкілдері – сары – Peucedanum ruthenicum, ақ – Seseli tortuosum, Liranatis sibirica өсімдіктерін көруге болады. Аюқұлақтар (Verbascum lychnitis, V. orientale), Scabiosa ochroleuca, Linosyris villosa және т.б. гүлдеу кезеңінде. Көптеген жаздық өсімдіктер түрлері гүлдеп бітуге жақын.
7. Кеш күзгі кезең (қыркүйек айының екінші жартысынан қар түскенге дейін). Дала сарғайып қурайды. Күзгі жаңбырлар әсерінен біржылдық өсімдіктер тұқымдарының өніп өсуі байқалады, кейбір қоңырбастардың жапырақтары өседі. Күңгірт фонда Tortula ruralis және балдырлар көгеруі мүмкін. Дала қар жамылады.
Украинаның әртүрлі шөпті-бетегелі-қау далаларында Ю.Д. Клеопов және Е.М. Лавренко (1933) 3 вариантты (ассосациялар тобы) ажыратты.
I Гигрофильді кәдімгі немесе орташа қара топырақты (Донецк адырлары – Старобельск даласы) қаулардан Stipa capillata, S. dasyphylla, S. stenophylla және S. lessingiana басым. Әртүрлі шөптерден солтүстік мезофильдік элементтер басым.
II Мезофильді оңтүстік-шығыс Украинадағы кәдімгі қара топырақтарда қаулардан Stipa lessingiana және S. capillata басым, Stipa ucrainica пайда болады. Қалған көптеген түрлері шығып қалады. Stipa stenophylla тек сайлау жерлерде ғана. Festuca sulcata, Koelleria gracilis, Bromus riparius, Poa angustifolia сақталған. Әртүрлі шөптер кедейленген, солтүстік мезофильдік элементтердің азаюына байланысты. Оңтүстіктік әртүрлі шөптерден Salvia nemorosa мол кездеседі.
III Ксерофильді вариант оңтүстіктегі кәдімгі қара топырақта және оңтүстік-батыс Украинадағы оңтүстіктік қара топырақтарда. Қаулардан қалғандары Stipa capillata, S.lessingiana, S. ucrainica басқа қоңырбастардан Festuca sulcata, Koelleria gracilis кездеседі. Тамырсабақты Bromus riparius мөлшері азаяды. Солтүстіктік дала әртүрлі шөптері кедейленеді құрғақ жусанда далаларға тән түрлер пайда болады (Tulipa schrenkii, Astragalus utriger, Trinia hispida).
Жоғарыда келтірілген үш варианттарда кейбір компоненттер өзгеріссіз қалады, басқалары өзгереді. Барлық қаулы далаларға тән аспект ол Stipa lessingiana, Salvia nemorosa, ал жаздың соңында Stipa capillata және бүкіл далаға шашылған қаңбақтар аспектілерін айқын көруге болады.
Солтүстік Қазақстанға қатысты кейбір авторлар «Қызыл-қаулы-шабындықты әртүрлі шөпті даланы» сипаттайды. Бұл жерлерде негізгі қаулармен (Stipa rubens, S. capillata) бірге басқа да қоңырбастармен (Festuca pseudovina, Koeleria gracillis) бірге ірі Apiaceae (Peucedanum ruthenicum, P. alsaticum, Libanotis sibirica) өкілдері үлкен маңызды орын алады. Солтүстік және оңтүстік элементтері араласып әртүрлі шөпті өсімдіктер құрамы түзіледі. Бұл қызыл-қаулы-әртүрлі шөпті далалар Украинадағы далалардың мезофильді вариантына сәйкес келеді. Ал Қара теңіз маңайындағы ксерофильді вариантына оңтүстік қара топырағындағы қызыл-қаулы-қау даласы сәйкес келеді деуге болады.
Бұл жерлерге тән қаулар Stipa rubens және S. lessingiana. Бұл далалар тікелей келесі аймақ тармағына өтпелі рөлінде деуге болады.
Е.М. Лавренко (1940) бұл аймақ тармағында алдыңғыдағыдай 3 вариантын бөледі:
1) Галофитті
2) Петрофитті
3) Псаммофитті
Екінші әртүрлі шөпті-шымды-қоңырбасты далалар аймақ тармағын қорытындылай келе олардың мынадай белгілерін айтуға болады:
1) Шөптер қабатында эуксерофильді енсіз жапырақты шымды қоңырбастар басым ерекше қаулар тобы басым. Олар шабу ауданының 60-80% алады. Қаулардың мезофильді формалары және басқа да қоңырбастар орманды даламен салыстырғанда бағынышты рөл атқарады. Тамырсабақты қоңырбастар шөптер қабатында айтарлықтай орын алмайды.
2) Шөптер қабатында әлі де айтарлықтай қосжарнақты әртүрлі шөптер орын алады. Оның құрамына «Солтүстік далалық әртүрлі шөптерден» мезофильдік формалары сонымен қатар «Оңтүстік далалық әртүрлі шөптерден» ксерофильдік формалар кіреді. Оңтүстік далалық ксерофиттердің болуы бұл аймақ тармағының бірінші аймақ тармағынан айырмашылығы болып табылады. Шөптер қабаты әлі айтарлықтай қалың, түрлік байлығы жоғары.
3) Аз да болса эфемероидтар (және геофиттер) бар.
4) Өткен шабындық далалар аймақ тармағымен салыстырғанда бұл аймақ тармағында біржылдықтар (ерекше көктемгі эфемерлер) синузиялары айқынырақ қатысады.
5) Мүктер, қыналар және балдырлар синузиялары айтарлықтай жақсы көрінеді.
6) Ең ыстық айларда (шілде, тамыз) «жартылай тыныштық» кезеңі байқалады, бұл кезде қоңырбастар жемістеніп дала уақытша кебеді.
Бұл аймақ тармағында интрозональды элементтерді атауға болады:
1) Үлкен өзендер (Днестр, Днепр, Дон, Жайық, Ертіс) алқабындағы су жайлаған ормандар. Бұл өзен жағалауларындағы ормандардың жалпы белгісі ол типі бореальды элементтердің болуы – ағаштар, бұталар және солтүстік шөптесін өсімдіктер.
2) Далалық бұталар, кейде олар жеке бұталар даласы контурын жасайды.
III. Шым түзетін-қоңырбастар кедей әртүрлі шөпті немесе шымды-қоңырбастар еуропалық-қазақстандық немесе бетегелі-қаулар даласы аймақ тармағы.
Шымды-қоңырбастар еуропалық-қазақстандық (бетегелі-қаулы) далалар жалпақ немесе кейде тар алқап болып батысында Прут өзенінен бастап, шығысында Алтай және Тарбағатай тау етектеріне дейін созылып жатыр. Бұл алқап Жайық өзені бассейнінде өте тар. Өйткені бұл жерде оңтүстік шөлді жусанды-бетегелі-қаулар және жусанды-бетегелер далалары солтүстікке терең енеді.
Бетегелі-қаулар даласы алқабы төменгі Дон бассейнінде үзіледі. Себебі өткендегі әртүрлі шөпті-бетегелі-қаулар даласы оңтүстікке қарай Кавказ жотасына түседі.
Бұл далаларды ғалымдар әртүрлі атады. Г.Н. Высоцкий (1908-1923) «Енсіз жапырақты немесе қоңырбасты-бетегелі» деп, ал Б.А. Келлер (1916, 1923) «Қаулы және қаулы-бетегелі ұсақ шымды далалар» деп атады, В.В. Алехин (1936) оларды «Оңтүстік далалар» тобына жатқызды және «қаулы-бетегелі далалар әртүрлі шөптер қоспасымен» деп атады. В.В. Алехин бұлардың 3 вариантын ажыратты (гидрофильді, мезофильді және ксерофильді). Е.М. Лавренко (1940) бұл далаларды «Нағыз далаларға» жатқызады және оларды «шым түзетін қоңырбасты кедей әртүрлі шөпті» далалардың екінші алқабы деп санайды.
Н.В. Павлов (1948) қоңырбасты немесе қоңырбасты-әртүрлі шөпті оңтүстік далаларды бөледі және бұған келесі оңтүстік шөлді далаларды да жатқызады.
Өткендегі № 2 аймақ тармағынан яғни шымды-қоңырбасты бай әртүрлі шөпті далалардан бұл даланың (яғни № 3) ерекшелігі бұл далада шөптер жабыны одан әрі ксерофиттенеді. Оның белгілері:
1) Артығырақ ксерофильденген қау түрлері (Stipa sareptana, S. ucrainica) басым (Волгадан оңтүстік-батысқа қарай) тамырсабақты қоңырбастар және қияқөлеңдер рөлі шамалы.
2) Әртүрлі шөптер рөлі азаяды.
3) Далалық жартылай бұташықтар (жусан, изен) рөлдері көріне бастайды.
4) Шөп қабаты одан әрі сиреген.
5) Эфемероидтар және әсіресе эфемерлер рөлі күшейеді.
6) Флора кедейленіп түрлер саны азаяды.
Бұл аймақ тармағының солтүстік шекарасы № 2 аймақ тармағының оңтүстік шекарасына сәйкес келеді. Бұл аймақ тармағының ені 150-300 км шамасында.
Бұл далалардың (№ 3) оңтсүтік шекарасын жүргізу өте қиын, өйткені олардың тұтас алқабы үзіледі немесе шөлденген далалар (опустыненные) оңтүстігінде алмасып отырады. Румыниядағы шекарасынан бастап Волга алқабына дейін Қара теңіз маңындағы құрғақ дала деп аталатын далаларды екі үлкен массивке бөледі.
1) Қара теңіз маңындағы массив негізінен Азов-Қара теңіз ойпатын, Қырымдағы Тарханкут жонын (Қырым), Керченский жонын және Таман жарты аралын алып жатыр.
2) Дон-Ставрополь массиві солтүстіктен оңтүстікке қарай Камышинадан Моздокқа (Каспий ойпатын айналып) Ергенияның оңтүстік-батыс бөлігін алып жатыр.
Еділдің бергі жағында және Қазақстанда құрғақ бетегелі-қау далалары Алтай және Тарбағатай тау етегіне дейін созылып жатыр.
Еділ мен Жайық арасындағы бетегелі-қау даласының көбі айдалып тасталған.
Жайықтың орта ағысының оңтүстігінде бұл далалар Жайық алды жонының солтүстік жағында орналасқан. Одан бері қарай бұл далалар Сарыарқаның солтүстік бөлігін Павлодар Ертіс маңы жазықтығын алып жатыр, ол жерде ол өзінің шығыстағы шекарасына жетеді (Құлынды көлі – Өскемен).
Қазақстандағы далалардың ішінде жеткілікті зерттелгені ол Орталық Қазақстан территорияларындағы ұсақ шоқылар шеңберіндегі далалар. Сондықтан соларға толығырақ тоқталып өтейік.
Орталық Қазақстан аласа таулары арқылы бетегелі-қау далалары оңтүстікке Тарбағатайға дейін созылады. Олар Мұғолжар тауларының биік бөлігінде де кездеседі.
Бұл аймақ тармағының рельефі өте тегіс жазық деуге болады.
Алдындағы (№ 2) аймақ тармағымен салыстырғанда климаты аз өзгерген. Бірақ та оңтүстікке жылжыған сайын жауын-шашын мөлшері азаяды 100-150 мм дейін және булану мөлшерінің жауын-шашын мөлшерінен артықтығы өсімдіктердің ксерофиттенуін күшейтеді.
Бұл аймақ тармағында қара-қоңыр және қоңыр топырақтар басым. Бұл топырақтарда қарашірік қабатының қалыңдығы 60 см-ден аспайды, топырақтың сортаңдылығы күштірек байқалады. Бұл фактор өсімдіктердің ксерофиттенуіне әсер етеді.
1959-1963 жылдары Орталық Қазақстанда жүргізілген жұмыстардың мәліметтерін В.М. Свешникова өзінің «Доминанты Казахстанских степей» монографиясында сипаттаған. Бұл монографияда Қазақстан далалары доминанттарының эколого-физиологиялық ерекшеліктері сипатталған.
Қазақстан өсімдіктерінің далалық типінде (ұсақ шоқылар шекарасында) қау (Stipa) туысы өкілдері басым.
Формацияның құрамын анықтайтын доминанттар Stipa lessingiana, S. sareptana, S. capillata, S. kirghisorum, S. rubens, S. orientalis, Festuca sulcata.
Қазақстанның бұл регионында далалардың негізгі аймақтық типі қызыл қаулар, қаулар және тырса (S. capillata) формацияларының болуымен сипатталады. Қызғылт қаулар бай әртүрлі шөпті-қаулар даласы (шабындықтар даласы) алқабында таралған, екіншілері яғни қаулар құрғақ далалар алқабында, ал үшіншілері (тырса - S. capillata,) шөлді дала алқабында таралған.
Дала типі қауымдары негізінен шоқылар арасындағы және су айыратын жондар тегістіктерінде орналасқан.
Stipeta rubentae - қызғылт қаулар - Stipa rubens далалық өсімдіктер типтері ішіндегі аз ксерофиттенген формация. Қызғылт қаулар оңтүстікке қарай терең енеді шөл даланың солтүстік алқабына дейін қосымша ылғалданатын тіршілік орындары арқылы.
Қау формациялары ұсақ шоқылар шеңберінде жазықтықтармен байланысты, бұл формация шөлді далалардың солтүстік бөлігінде басым.
Тырса (Stipa capillata) формациясын аймақтық формациялардың бірі деп айтуға болады және ол оңтүстік шөлді дала алқабында үлкен жазықтық кеңістігін алып жатыр, оның құрамына шымды қоңырбастар және жартылай бұташықтар кіреді. Бұл - жазықтықтың ең оңтүстігіндегі дала типі.
Stipa orientalis түрі басым қаулы қауымдар тек қана шөлді далалар алқабында әсіресе оның оңтүстігінде кездеседі.
Дала аймағында шөлдік қауымдар кездеседі. Дала аймағындағы шөлдік қауымдарда гиперксерофильді және галоксерофильді жартылай бұташықтар басым. Басым түрлерге жататындар Atriplex cana және A. verrucifera, Artemisia nitrosa, A. paculiflora, Anabasis salsa.
Дала аймағындағы шөлдік өсімдіктер қауымы ерекше тіршілік орындарында шөлді дала алқабында тұзды топырақтарда кездеседі.
Ол көкпек және майқара жусанды-көкпек қауымдары.
Сортаң топырақтарда басым (доминанттар) түрлер рөлінде жусанның жартылай бұташа түрлері.
Орталық Қазақстандағы Жаңарқа стационарының өсімдіктер жабыны ерекшеліктер. Ғылыми әдебиеттерде жеткілікті көрсетілген. Сондықтан сол Жаңарқа стационары өсімдіктер жабынына қысқаша сипаттама беріп өтейік.
Жіңішке жусанды (Artemisia gracilescens)-бетегелі-қау қауымы ашық-қоңыр, сортаң-саздақ топырақта таралған. Доминант түрлер – эвксерофил – Stipa lessingiana, эвриксерофил (экологиялық амплитудасы кең) – Festuca sulcata және эвксерофил жартылай бұташа Artemisia gracilescens тұрақты қосымша ретінде Stipa sareptana. Үйреншікті тиісті түрлер ретінде жартылай бұташа Kochia prostrate және ұзақ вегетациялы шөптесін көпжылдық Linosyris tatarica кездеседі.
Бұл жіңішке жусанды-бетегелі-қау даласы далалардың негізгі аймақтық типі болып саналады, ол шөлді дала алқабының солтүстік бөлігіне тән.
Жалпы алғанда бұл ауданның өсімдіктер жабынын шөптер және жартылай бұташалар құрайды. Шөптерден шым түзетін формалар (Stipa lessingiana, S. sareptana, Festuca sulcata), ал жартылай бұташалардан – жусандар (Artemisia gracilescens және A. sublessingiana) басым.
Ылғалдылыққа қатысты бұл ауданда эвксерофильдер (қау түрлері, Artemisia gracilescens және A. sublessingiana) және эвриксерофильдер (Festuca sulcata, Kochia prostrata) басым.
Жаңаарқа ауданында жусанды-бетегелі-қау және жусанды-бетегелі-тырса далалары басым.
1959-1963 жылдары мына төмендегі өсімдіктердің эколого-физиологиялық ерекшеліктері зерттелген.
Шөлді дала аймақ тармағында (1959-1961):
Stipa lessingiana Trin. et Rupr., S. sareptana A. Beck., S. kirghisorum P. Smirn., S. rubens P. Smirn., S. orientalis Trin., S. capillata L., Festuca sulcata (Hack) Nym., Achnatherum splendens (Trin) Nevski, Phragmites australis Trin., Psathyrostachys juncea (Fisch.), Agropyron desertorum (Fisch) Schult., Artemisia gracilescens Krasch. et Iljiin, A. pauciflora Web., A. sublessingiana (B. Keller) Krasch ex Poljak, A. frigida Willd., A. nitrosa Web. ex Stechm., Atriplex cana C. A. Mey., A. verrucifera M. B., Atraphaxys frutescens (L.) Eversm., Limonium gmelinii (Willd), Anabasis salsa (C. A. Mey(Benth., Ceratoides papposa (L.) C. A. Mey., Kochia prostrate (L.) Schrad., Ephedra distachia L., Caragana balchaschensis (Kom.) Poljak., Spirae hypericifolia L., Lonicera tatarica L., Ferula soongorica Pall. ex Schult., Rheum tataricum L., Thalictrum isopyroides C. A. Mey., Sedum hybridum L., Orostachys spinosa (L.) C. A. Mey., Tulipa patens L.
Құрғақ дала аймақ тармағында (1962):
Stipa lessingiana Trin. et Rupr., S. sareptana A. Beck., S. rubens P. Smirn., S. orientalis Trin., S. capillata L., Festuca sulcata (Hack) Nym.,Koelleria gracilis Pers., Artemisia pauciflora Web., A. frigida Willd., A. sublessingiana (B. Keller) Krasch ex Poljak, Atriplex cana C. A. Mey.,Tanacetum achillifolia (M. B.) Sch. Bip., Linosyris tatarica (L.) DC., Phlomis tuberosa L., Spirae hypericifolia L.
Шалғындық дала аймақ тармағы (1963):
Stipa rubens P. Smirn., S. capillata L.,S. joannis (=S. pennata Celak), S. stenophylla P. Smirn., Festuca sulcata (Hack) Nym., Phlomis tuberosa L., Spirae hypericifolia L.
Сонымен бұл районда 1959-1961 жылдары өсімдіктердің 33 түрлерінің су режимінің әртүрлі көрсеткіштері зерттелген.
Өсімдіктің су режимін реттеу оның тамыр жүйесінің топырақ қабаттарында бөлініп таралуына тығыз байланысты. Әрине өсімдік жапырақтарының қозғалуы, жапырақ тақтасының ауданының, устьица аппаратының ерекшеліктері сияқты экологиялық параметрлерінің су режимін реттеудегі рөлі зор. Бірақ та өсімдіктің су режимінде яғни сумен қамтамасыз етілуінде негізгі рөлді тамыр жүйесі атқарады. Сондықтан өсімдіктердің дала өсімдіктерінің тамырларының ерекшеліктеріне қысқаша тоқталып өтейік.
Жаңаарқа шөлді дала стационарындағы өсімдіктердің тамыр жүйелерінің мөлшерлері № 18 кестеде келтірілген.
18 кесте
Өсімдіктердің тамыр жүйелерінің мөлшерлері (В.М. Свешникова, 1979)
Түр | Тамырдың таралу тереңдігі, см | Тамырдың ең көп мөлшерінің тереңдігі | Тамырлардың көлденең бағытта таралуы, см | Тамырлар көлемі, м3 |
Stipa sareptana | 110-120-140 | - | 40-80 | 0,34 |
S. lessingiana | 90-110-120 | 0-15 | 60-80 | 0,49 |
S. rubens | 25-40 | - | 30-40 | 0,04 |
S. kirghisorum | 65-70-100 | - | 30-80-120 | 0,15 |
S. orientalis | 0-15 | 30-50 | 0,10 | |
Festuca sulcata | 0-12-17 | 55-60 | 0,19 | |
Agropyron desertorum | - | 50-60 | 0,28 | |
Achnatherum splendens | 150-170 | - | 80-100 | 0,79 |
Artemisia gracilescens | 70-100 | - | 60-80 | 0,34 |
A. frigida | 70-80 | - | 0,58 | |
A. sublessingiana | 100-120 | - | 50-60 | 0,30 |
A. pauciflora | 70-90 | 0-10-15 | 35-40 | 0,10 |
Kochia prostrata | 90-110 | 65-85 | 0,12 | |
Atriplex cana | 120-140 | 0-25 | 1,06 | |
Ceratoides papposa | - | 0,29 | ||
Caragana balchaschensis | 0-20 | 0,43 | ||
Spirae hypericifolia | 0-15-20 | 1,38 | ||
Ferula soongorica | - | 1,50 | ||
F. caspica | - | 20-40 | 0,14 | |
Phleum tatarica | 8-12 | 1,74 |
№ 18 кестедегі мәліметтерден Stipa sareptana, Achnatherum splendens, Atriplex cana, Ferula soongorica өсімдіктерінің тамырлары топыраққа 120-170 см дейін, ал Stipa lessingiana, S. kirghisorum, Agropyron desertorum, Artemisia sublessingiana, Kochia prostrata, Caragana balchaschensis, Spirae hypericifolia өсімдіктері тамырлары 100-120 см дейін топыраққа енетіндігін көреміз.
Ал Festuca sulcata, Stipa orientalis, Artemisia pauciflora, A. frigida өсімдіктері тамырлары топыраққа 70-90 см, ал Stipa rubens, Ceratoides papposa, Ferula caspica, Rheum tataricum өсімдіктері тамырлары топыраққа болғаны 40-60 см тереңдікке енетінін көреміз.
Зерттелген өсімдіктердің тамыр жүйелерінің көлемін салыстыра қарайтын болсақ, мынаны көреміз. Тамыр жүйелерінің ең үлкен көлемін бұта Spiraea hyperocifolia (1,38 м3) өсімдігінен көреміз, ал шөптесін өсімдіктерден Ferula soongorica және Rheum tataricum өсімдіктерінің тамыр жүйесінің көлемі 1,50 және 1,7 м3 екендігін көреміз. Тамыр жүйелерінің ең аз көлемін Stipa kirghisorum және S. orientalis (0,15-0,10м3) өсімдіктерінде екендігін көреміз.
Бұл аймақ тармағы өсімдіктеріне тән белгілері экологиялық жағдайдың қолайсыздығына байланысты әрине негізінен ылғалдың жеткіліксіздігіне байланысты.
Бұл аймақ тармағы өсімдіктеріне тән белгілерін Е.М. Лавренко былайша қорытындылады:
1) Бұл далалардың эдификаторлары эуксерофильді шымды қоңырбастар (Stipa capillata, S. sareptana, S. lessingiana, S. ucrainica, Festuca sulcata). Тамырсабақты қоңырбастар және қияқөлеңдер аз кездеседі.
2) Алдыңғымен (№ 2) салыстырғанда бұл аймақ тармағында әртүрлі шөптер ксерофилдірек және флоралық құрамы шектелген, өсімдіктер жабыны сиректеу. Түрлік құрамы кедейлеу. Эфемерлер және эфемероидтар синузиялары жақсырақ қатысқан, қыналар және балдырлар көбірек кездеседі.
3) Жаз ортасында ыстық айларда (маусым-шілде) өсімдіктер «жартылай тыныштық» кезеңінде болады дала күйіп кетеді. Бұл кезең алғашқыға (№ 2) қарағанда ұзағырақ.
Бұл аймақ тармағына оңтүстік шөлдері алқабының (ендік) ландшафтары және түрлері экстра аймақтық кірме ретінде енген. Аймақтық емес мезофильді шабындықтар бұл аймақ тармағында өте сирек болса, олар тұзды жерлерде. Олар негізінен қоңырбастар, мұндай топ жайылымдық және шабындық ретінде пайдаланылады.
IV Жусанды-бетегелі-қау далалар немесе жусанды-шымды-қоңырбастар даласы (солтүстік жартылай шөлдер) аймақ тармағы.
Алдыңғы (№ 3) аймақ тармағының оңтүстік шетіндегі бетегелі-қаулар даласы жусанды-бетегелі-қаулар (№ 4) аймақ тармағының солтүстік бөлігінде терең еніп кең өтпелі алқапты түзеді. Бұл өтпелі алқапты кейде «жартылай шөл» деп атайды (Культиасов, 1977).
«Оңтүстік жартылай шөлді» кейбір ғалымдар шөл аймағының солтүстік шөлі аймақ тармағына жатқызады (Культиасов, 1981). Ал «солтүстік жартылай шөлі» осы аймақ тармағында (№ 4) сипатталатын жусанды-бетегелі-қау даласына сәйкес келеді.
Климаты бойынша бұл шөлді далалар олардың аймақтағы орнына қатысты күшті құрғақшылықтығымен сипатталады, ол өз кезеңінде өсімдіктерге және аймақ тармағының топырақтарына әсер етеді.
Бұл аймақ тармағының топырағы сортаңдау ашық-қоңыр және қара қоңыр сортаң (Украинаның теңіз маңайы).
Жусанды-шымды-қоңырбасты Европалық-Қазақстандық далалар шөлдік қауымдармен аралас Қара теңіздің солтүстік жағалауынан Шығыс Қазақстандағы Зайсан және Алакөл ойпатына дейін таралған.
Ергениядан және Төменгі Завольжеден олар батыстан шығысқа бірнеше мың км созылған. Бұл далалардың жеке участкелері Қара және Азов теңізі жағалауларында, Каспийдің батысында Қазақ ұсақ шоқыларының солтүстік шығыс шетінде кездеседі.
Бірнеше мың шақырымға созылып жатқан бұл аймақ тармағында шым түзетін қоңырбастардың және жусандардың флоралық құрамы өзгереді, соған байланысты олардың бірнеше провинциялық варианттарын бөлуге болады.
1. Қара теңіздіңбатыс жағалауы маңындағы жусанды-бетегелі-қау және жусанды-бетегелі комплексті шөлді далалар. Ол далалар Украинаның оңтүстік шетінде (Измаильск, Херсон облыстары) Азов-Қара теңіз ойпатында Stipa capillata, Festuca sulcata басым, олардан кейін нашарлау болса да Koeleria gracilis, Agropyron pectiniforme. Жартылай бұташықтардан – Artemisia maritime, A. austriaca, Kochia prostrata, Camphorosma monspeliacum. Олармен қатар – аз да болса ксерофитті әртүрлі шөптер, эфемероидтар мол (Poa bulbosa). Ерте және кеш жаздық біржылдықтар өте мол. Tortula rutalis және қыналар (Cladonia туысынан) синузиялары жақсы көрінеді.
2. Қара теңіз маңындағы комплекстік шөлді далалар. Бұл далалар Қара теңіздің солтүстігі жағалауында, Сиваш жағалауында, Керченск жартылай аралы және де Притерск жазықтығында.
Бұл далаларда жазықтықтардың жоталарында сортаңданған қоңыр топырақтарда шым түзетін қоңырбастар (Festuca sulcata, Agropyron pectinoforme, Stipa capillata, S. ucrainica, S. lessingiana) жартылай бұташықтар (Artemisia taurica, Kochia prostrata) кездеседі. Көпжылдық әртүрлі шөптер аз, эфемероидтар мол (Poa bulbosa), қызғалдақтар жазды-күздік біржылдықтар көп кездеседі. Топырақ беттерінде қыналар, мүктер болады.
3. Каспий маңы-Қазақстан далалары өсімдік жабындары ақ жусанның - Artemisia incana (= A. lercheana) өте мол қатысуымен ерекшеленеді.
Мұндай далалардың үлкен массивтері Ергения жотасында Каспий ойпатының Орал жағында, Мұғолжар қыратында, Оңтүстік Торғай жазықтығында болатындығы анықталған.
Аймақтағы орнына қарай бұл далаларда ашық-қоңыр топырақтар. Шым түзетін қоңырбастардан Festuca sulcata, Stipa sareptana, S. lessingiana, S. capillata, Agropyron desertorum, A. sibiricum басым. Ксерофильдік жартылай бұташықтардан – Artemisia incana, Tanacetum achilleifolium, Kochia prostrate, Camphorosma monspeliacum және т.б. Poa bulbosa өте мол кездеседі. Tulipa bifcosa жиі кездеседі. Эфемерлер, қыналар, көк-жасыл балдырлар, мүктер кездеседі.
4. Батыс Қазақстандық жусанды-бетегелі-қау және жусанды-бетегелі далалар негізінен (теңіз деңгейінен биіктігі 250-500 м) Мұғолжар тауы етегінде қиыршық тасты топырақтарда таралған. Бұл далалардағы негізгі ассоциациялар:
1) Stipa sareptana+Artemisia incana;
2) Stipa sareptana+Artemisia lessingiana;
3) Stipa capillata+Artemisia marschalliana
Көптеген ассосацияларда Festuca sulcata, ал кейбір ассосацияларда Spiraea hypericifolia кездеседі.
5. Шығыс Қазақстан шөлді далалары Қазақ ұсақ шоқыларының ортаңғы бөлігімен байланысты. Бұл далалар шөлдік Зайсан ойпатын барлық жағынан қоршайды, ал оңтүстігінде олар Жоңғар Алатауы және Солтүстік Тянь-Шань таулары етегіне дейін жетеді. Бұл шөлдердің шымды-қоңырбасты негізі (әсіресе Қазақ ұсақ шоқыларында) өткендегілерге жақын. Жартылай бұташықтардан бұл жерде Artemisia semiarida, A. sublessingiana, A. incana, Ephedra distachia, Kochia prostrata, Tanacetum achilleifolum кездеседі. Әртүрлі шөптер аз, эфемероидтар (Орта Азиялық Ixiolirion tataricum түріне дейін) өте көп. Әр жерлерде бұталы шөлді далалар кездеседі.
6. Каспий маңы – Қазақстандық жусанды - құм еркекті (Agropyron fragile) далалар. Олар құмды массивтерде орналасқан: Терск құмдары (Грозненск облысы), Рын-құмдары солтүстік Каспий маңында, Сарысу (Қарағанды облысы), өзенінің ортаңғы ағысы маңында. Бұл массивтердің өсімдіктері құмды дала және шөл аймағы арасындағы өтпелі болып саналады. Бұл жерлерде – Agropyron sibiricum (fragile), Artemisia arenaria, A. astrachanica, Eurotia ceratoides көп кездеседі. Соңғы аймақ тармағы далалары осындай. Бұл жердегі экстразональдық топтарға сортаңдармен байланысты жартылай шөл және шөл ассосациялары жатады.
Бұл жусанды-шым түзуші-қоңырбастар далалық топтарының ерекшеліктері мыналар (Культиасов, 1981):
1) Бұл далаларда ксерофиттік шым түзуші қоңырбастар басым. Бұл топтардың тұрақты мүшелері болып ксерофильдік жусандар және Kochia prostrata, Camphorosma monspeliacum және т.б. саналады.
2) Ксерофиттік әртүрлі шөптер аз: Poa bulbosa синузиясы жақсы көрінеді. Эфемероидтар және біржылдықтар (эфемерлер) көп кездеседі.
3) Жер бетіндегі қыналар және балдырлар айқын көрінеді.
4) Өсімдіктер жабыны және түр саны шамалы.
Бұл далалар негізінен шаруашылықта жайылымдық ретінде пайдаланады.
Дала аймағын қорытындылағанда Шығыс Сібірде арал тәрізді далалар бар екіндігін айта кету керек. Шығыс Сібір далаларына жататындар:
1. Кузнецк даласы
2. Бийск даласы
3. Барнаул даласы
4. Минусинск даласы
5. Абакан даласы
6. Красноярск орманды даласы
7. Канск орманды даласы
8. Балаганск-Иркутск орман даласы
9. Ольховск даласы
10. Баргузинск даласы
11. Еравнинск даласы
12. Верхнеудинск даласы
13. Селенгинск даласы
14. Нерчинск даласы
Шығыс Сібір аралдық далаларының ерекшеліктері:
1. Бұл далалар дала аймағының тармақтарының негізгі алмасу заңдылықтарына бағынады
2. Дала аймағының бұл Шығыс кесіндісінің дербестігі аралдық далалардың флоралық және фитоценотикалық ерекшеліктерімен дәлелденеді.
3. Бұл далалардың өсімдіктерінің пайда болуында негізгі рөлді Монголияның тау және жазықтықтағы далалары атқарады.
4. Шығыс Сібір далаларының құрамында эфемероидтар-геофиттер, ерекше – эфемерлер біржылдықтар мүлдем жоқ. Өсімдіктер жабынының негізін көпжылдық қоңырбастар және қосжарнақты әртүрлі шөптер құрайды, олар таулық және монғол түрлеріне өте бай.