Бұрыштарды өлшеуді тексерілген теодолитпен атқарған жөн. Өлшеуді бастамас бұрын теодолитті өлшенілетін бұрыштың төбесіне орнатып, оны жұмыс жағдайына келтіреді. Теодолитті жұмыс жағдайына келтіру үшін осы нүктенің үстіне центрлеу және горизонтальдау керек. Горизонталь дөңгелектің лимбасының центрін аспаптың тұру нүктесі аркылы өтетін тік сызыкпен сәйкестендіру әрекетін центрлеу деп атайды. Теодолиттің айналу осін вертикаль жағдайға, демек, лимба жазықтығын горизонталь жағдайына келтіру теодолитті горизонтальдау болып саналады. Әуелі штативті жіп тіктеуіштің көмегімен нүктенің үстіне жуық шамамен орнатады. Содан соң теодолитті штативке стан винтімен бекітеді. Одан кейін теодолитті горизонтальдау жасалынады, яғни оның айналу осі теодолиттің көтеру винттерін қолдану арқылы вертикаль жағдайға келтіріледі. Осы үшін цилиндрлік деңгейді екі көтеру винттерінің бағытында орналастырып, оларды әр түрлі жаққа айналдырумен деңгейдің үлбіреуігін нөл-пунктке келтіреді. Содан соң алидаданы шамамен 90°-қа бұрып, үшінші көтеру винтімен үлбіреуікті ампуланың ортасына келтіреді. Бұдан кейін стан винтін босатып, теодолитті штатив басына қозғай отырып тіктеуіштің ұшы нүктенің центрінің үстіне келгенше жылжытып, оны стан винтімен бекітеді. Теодолитті центрлеу үшін дүрбіні де қолдануға болады; ол үшін оның объективін төмен қарату керек, содан соң саңылау арқылы бұрыштың төбесінде бекітілген белгіні нысаналайды. Егер осы кезде деңгейдің үлбіреуігі ампуланың ортасынан ауытқитын болса, онда теодолиттің горизонтальдау реттерін қайталап орындау керек. Осы әрекеттерді тіктеуіштің ұшы нүкте центрінің үстінде болғанша және алидада қандай жағдайда тұрса да үлбіреуік ампуланың ортасына келгенше қайталай береді. Теодолитті центрлегеннен және горизонтальдағаннан соң дүрбі мен есептеу микросқопы бақылаушының көзіне сәйкес қойылады.
Аспаптардың конструкциясына, өлшеулердің шарттарына және оларға қойылатын талаптарға байланысты горизонталь бұрыштарды өлшеудің мына төмендегідей түрлері қолданылады:
1. Жеке бұрыш әдісі теодолиттік жүрістерді салуда, жобаны жергілікті жерге шығаруда және т. с. с. жеке бұрыштарды өлшеу үшін қолданылады
2. Қайталаулар әдісі есептеу қателігінің әсерін азайту мақсатымен өлшеудің акырғы нәтижесінің дәлдігін арттыру кажет болған кезде бұрыштарды өлшеу үшін қолданылады.
3. Айналма тәсілдер әдісі триангуляция жүйесі мен екінші полигонометрияда немесе төменгі класс жүйелерінде бір нүктеден үш және одан да көп бағыттар арасындағы бұрыштарды өлшеу кезінде қолданылады.
46-сурет |
Жеке бұрыш әдісі. Горизонталь бұрыштарды жеке бұрыш әдісімен өлшеу мынадай жүйелілікпен жүргізіледі: 1) сол жақтағы дөңгелек кезінде (СD) жетекші винттердің көмегімен дәл нысаналағаннан кейін алидаданы бекітіп, акырғы нүктені (А) нысаналайды да а есептеуін алады (46-сурет); 2) алидаданы босатып, алдыңғы нүктені (В) нысаналап b есептеуін алады; сонда вертикаль дөңгелектің (1) орны кезінде (СD) жүрістің сол жағындағы орналасан бұрыштың мәні алдыңғы және артқы нүктелердің есептеулерінің айырымы болып табылады:
(48)
осы әрекеттер бірінші жартылай тәсілді құрайды; 3) аспаптың қате жіберуін азайту үшін лимбаның орнын шамамен 90°-қа өзгертеді де дүрбіні зенит арқылы ауыстырып, оны оң жақтағы дөңгелек (СD) жағдайына келтіреді; 4) он жақтағы дөңгелек (СD) кезінде екінші жартылай тәсілді орындайды, яғни 1-және 2-пункттерде көрсетілген әрекеттерді қайталайды; содан кейін бұрыштың βOD мәнін шығарады. Егер алдыңғы нүктедегі есептеу артқы нүктедегіден кем болған жағдайда, онда бұрышты есептегенде оған 360°-ты қосады.
Екі рет жартылай бурыш өлшеу тәсілі толық бұрышты кұрайды. Бірінші және екінші жартылай бұрыштардың өлшеу нәтижелерінің айырмашылығы теодолиттің есептеу құрылғысының екі есе дәлдігінен артып кетпеуі керек, яғни
(49)
Егер айырмашылығы арнайы рұқсат етілген саннан артпаса, онда бұрыштың орташа ақтық мәні былайша табылады.
(50)
Барлық есептеулер өлшеу журналына жазылады (5-кесте).
Кесте