Лекции.Орг


Поиск:




ТЕОДОЛИТТЕРДІҢ ЖІКТЕЛУІ




Дәріс 10

ГЕОДЕЗИЯЛЫҚ БҰРЫШТЫҚ ӨЛШЕУЛЕР

ГОРИЗОНТАЛЬ ЖӘНЕ ВЕРТИКАЛЬ БҰРЫШТАРДЫ ӨЛШЕУДІҢ ПРИНЦИПІ

Геодезиялық жұмыстар барысында горизонталь және вертикаль бұрыштарды өлшеу үшін әр түрлі аспаптар кең қолданылады. Осындай аспаптардың бұрыштарды өлшеу негізіне төмендегідей түсініктер алынады.

Горизонталь бұрышты өлшеудің мәні төмендегідей. Жергілікті жерде әр түрлі биіктікте орналасқан А, В және С (38-су-рет) нүктелері берілсін. Осы нүктелердің ВА және ВС бағыттарының арасындағы В горизонталь бұрышын өлшеу керек. Осы бұрыш АВС бұрышының <2 горизонталь жазықтығындағы аbс проекциясымен анықталады. абс-ның проекциясы Аа'В'В және Сс'В'В вертикаль жазықтықтармен жасалған екі жақты бұрыштың өлшемі қызметін атқарады.

Өлшенілетін бұрыштық төбесіне горизонталь жазықтыққа параллель градусталған шеңберді орналастырып, оның центрін ВВ' тік сызығының еркін нүктесімен дәл келтіреміз. Сонда В'аг және В'с' радиустарының арасындағы 0 бұрышы АаВ'В және СсВ'В вертикаль жазықтықтарының шеңбердегі қимасы өлшенілетін горизонталь бұрышты білдіреді. Егер шеңбердегі бөліктер сағат тілінің бағыты бойьшен түсірілген, ал а' және с' шең-бердің градусталған дөнгелегінен алынатын шамалар болса, онда бұрыштың мәні былайша табылады:

(45)

Горизонталь бұрышты өлшеудің сипатталған геометриялық схемасы бұрыш өлшеуіш аспапта жүзеге асырылады.

38-сурет

Вертикаль бұрыштар вертикаль жазықтықтарда жатады. Егер вертикаль бұрышты екі жақты бұрыштық тік қырынан А және С нүктелерінің бағытына дейін есептеген жағдайда, және бұрыштары зениттік қашықтықтар деп аталады. Вертикаль бұрыштарды сызықтардың горизонталь проекцияларынан жердегі сызықтардың бағыттарына дейін есептеген кездегі бұрыш - р және көлбеу бұрыштары болып табылады.

 

Бір аспаппен горизонталь және вертикаль бұрыштарды өлшеу үшін, оның екі жазықтығы болуы тиіс. Өлшеу кезінде бір жазықтың горизонталь, ал екіншісі вертикаль болуы керек.

Горизонталь және вертикаль бұрыштарды өлшеуге қолданылатын аспап теодолит деп аталады. Теодолиттің жалпы кескіні 39-суретте керсетілген.

ТЕОДОЛИТТЕРДІҢ ЖІКТЕЛУІ

Қолданылып жүрген теодолиттер дәлдігі, есептеу құрылғыларының түрі, горизонталь дөңгелегінің вертикаль осьтері жүйесінің конструкциясы және атқаратын міндеті жағынан әр түрлі текке бөлінеді.

Теодолиттерді горизонталь бұрыштарды өлшеу дәлдігіне байланысты 3 түрге бөлуге болады:

1. 1-және 2-класты триангуляция мен полигонометриядағы бұрыштарды өлшеуге арналған жоғары дәлдікті Т1 теодолиті. •

2. Дәл теодолит Т2—3-жәие 4-класты триангуляция мен по-лигонометрнядағы бұрыштарды өлшеуге арналған; Т5 — 1-және 2-разрядтық триангуляциялық жүйелер мен полигонометриядағы бұрыштарды өлшеу және жер бетіндегі маркшейдерлік жұмыстарды жүргізу үшін қолданылады.

3. Техникалық Т15, T30 және Т60 —теодолиттік және тахеометриялық жүрістерде және түсіргі жүйелерінде, сондай-ақ жер бетіндегі және жер асты казбаларындағы маркшейдерлік жұмыстарды аткару кезіндегі бұрыштарды.өлшеуге арналған.

Теодолиттердің шартты белгілеріндегі цифр горизонталь бұрышты бір тәсілмен өлшеудің секундтық орташа квадраттық қателігін білдіреді; Т5 теодолиті үшін mβ =5", Т3О үшін mβ =30" және т. с. с.

Дөңгелегінің жасалу және есептеу кұрылғысының құрылысы жағынан теодолиттер екі топқа бөлінеді: металл және шыны лимбалылар (оптикалық теодолиттер).

Вертикаль дөңгелегі, ара қашықтық өлшеуге арналған құрылғысы және буссолі бар теодолит тахеометр деп аталады. Қазіргі уақытта щығарылатын техникалық теодолиттер тахеометрлер болып табылады.





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2017-03-12; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 1993 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Начинайте делать все, что вы можете сделать – и даже то, о чем можете хотя бы мечтать. В смелости гений, сила и магия. © Иоганн Вольфганг Гете
==> читать все изречения...

803 - | 735 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.006 с.