Қазіргі уақытта колданылып жүрген тедодолиттердің ішінен T30 және Т15 техникалық теодолиттердің құрылыстарын қарастырып көрелік.
Теодолит T30 — цилиндрлі вертикаль осі бар шағын көлемді оптикалық қайталауыш теодолит. Теодолиттің табаны (1) (39-сурет) қораптың түбінің қызметін атқарады, ол тұғырықпен (2)жалғанған. Бұл жағдай аспаптың массасын азайтып қана қоймай, сонымен қатар пайдаланған кезде қосымша қолайлық туғызады, себебі бір нүктеден екінші нүктеге көшкенде теодолитті штативтен шығармай-ақ қорабымен жабуға мүмкіндік береді.
Дүрбі (4) бақылайтын нүктені жуықтап нысаналау үшін оптикалық визирмен (5) жабдықталған. Дүрбіні фокустау кремальераны (6) айналдыру арқылы жүзеге асырылады. Диоптриялық сақинаның (7) көмегімен дүрбіні көзге сәйкестендіріп қоюға болады.
T30 теодолитінің вертикаль дөңгелегінің деңгейі жоқ. Оның орнына дүрбінің айналу осіне перпендикуляр орналасқан горизонталь дөңгелегіндегі деңгей қызмет еді.
Теодолитті центрлеуге дүрбіні қолдагуға да болады, ол үшін оны вертикаль (объективін төмен) қояды да саңылау (9) арқылы бұрыштың ұшына бекітілген белгіні нысаналайды. Дүрбіні зенит арқылы екі жағымен де ауыстыруға болады. Есептеу құрылғысына жарық түсіру үшін жарықтауыштың (10) айнасын қолданады. Есептеу тетігінің оптикалық схемасы есептеу құрылғысының көз жетер жерінде вертикаль және горизонталь дөңгелектердің шыныдан жасалған штрихтарының кескіні бір мезгілде көрініп тұратындай болып құрастырылған.
Т30 теодолитінде бұрыш өлшеуіш деңгелек бөліктерінің үлесін бағалау козғалмайтын индекспен шығарылады. Осылай есептеу әдісі неғұрлым қарапайым болып табылады және мейлінше кіші аралықтың ондық үлестерін бағалауға мүмкіндік береді.
Есептеу құрылғысының микроскоп бағалаушысы (8) окулярмен қатар орналасқан. Микроскоптың (41-сурет) көз жетер жерінде вертикаль (үстінде В әрпімен) және горизонталь (астында Г әрпімен) дөңгелектердің кескіні көрініп тұрады.
43-сурет |
42-сурет |
Екі дөңгелектің де бағалау бөліктері 10°-қа тең. Есептеулерді қозғалмайтын индекс аркылы бөліктердің ондық үлесін көзбен бағалау арқылы жүргізеді. 41-суретте вертикаль дөңгелектегі санау 358°48'-қа, ал горизонталь дөңгелектегі есептеу 70°05'-қа тең.
Қазіргі уақытта T30 теодолиті жаңа модельді 2Т30 теодолитімен ауыстырылған, ол негізгі теодолиттен горизонталь және вертикаль дөңгелектер шкаласының бағалау бөлігі 5'-тік шкалалық микроскоптың қолданылуымен ерекшеленеді. Есептеулер бұл кезде шкала бөлігінің ондық үлесіне дейінгі дәлдікпен, 0,5'-қа дейін жүргізіледі. 42-суретте горизонталь дөңгелектегі есептеу 8°+0,7 · 5 = 8о03,5'-қа, ал 43-суретте — 111°35'+0,5·6 = 111°37,5'-қа тең. Вертикаль дөңгелек шкаласының таңбалары «+» және «—» екі қатар цифрлары болады. Шкаланы таңбасы «+» лимбаның штрихы қиып өткен жағдайда шкаланың жазулары солдан оңға карай өседі. 43-суретте вертикаль дөңгелек бойынша есептеу 1°35'+0,3 · 5 = 1°36,5'-қа тең. Егер лимба штрихының таңбасы «—» болса, онда шкаланың төменгі жазулары оңнан солға қарай өсетін цифрлар қолданылады. Осылайша вертикаль дөңгелек бойынша (43-сурет) есептеу 0°40'+0,05 · 5 = —0°42,5 -қа тең болады.
Т15 теодолиті оптикалық шкалалық теодолит (44-сурет) болып табылады. Бұрыш өлшеуіш дөңгелектер бойынша есептеу микроскоптың көмегімен бұрыш өлшеуіш дөңгелектің бір жағынан жүргізіледі. Горизонталь бұрыштарды бір тәсілмен өлшеудің орташа квадраттық қателігі 15" болса, ал вертикаль бұрыштардікі 20" болады. Микроскоптың көз жетер жерінде екі бұрыш өлшеуіш дөңгелектердің кескіні бір мезгілде көрініп тұрады. Бұрыш өлшеуіш дөңгелектер 1° арқылы бөлінген, онда әрбір штрих цифрланған. Микроскоптың көз жетер жерінің жоғарғы және төменгі жартыларында 60 негізгі және 2 қосымша бөліктері бар екі шкала болады. Шкаланың әрбір бөлігі 1'-қа сәйкес келеді. Бөліктің үлесі көзбен бағаланады. Шкаламен санаудың қателігі 0, 1'-қа жуық болады.
Т15 теодолитінің негізінде Т15К теодолиті жасап шығарылды, ол алидада кезінде деңгейдің орнын басқан өзін-өзі қалыпка келтіретін оптикалық компенсатордың, дүрбідегі тікелей кескінделу және вертикаль дөңгелектің секторлық цифрланғанының арқасында неғұрлым өнімді аспап болып табылады. Секторлық цифрлау шкаладан қосымша есептеулер қолданбай-ақ өлшенілетін көлбеу бұрышқа сәйкес есепті алуға мүмкіндік береді.
44-сурет |