Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


Теодолитті тексерулер мен жӨндеулер




Теодолитті жасауда сақталуға тиісті геометриялық шарттар (40-сурет) горизонталь бұрышты өлшеудің принципті схемасынан шығады, олар мына төмендегідей: аспаптың айналуының вертикаль осі тік, лимбаның жазықтығы горизонталь, ал нысаналау жазықтығы вертикаль болуы тиіс. Осы шарттар сақталу үшін теодолитті тексерулер мен жөңдеулерден өткізеді.

Аспаптың конструкциясына қойылатын шарттардың сақталуын анықтау мақсатында жүргізілетін әрекеттер тексерулер деп аталады. Аспаптың бұзылған шарттарының орындалуын қамтамасыз ету үшін жөндеулер (реттеулер) жасалынады. Енді техникалық теодолиттердің негізгі тексерулері мен жөндеулерін қарастырамыз:

1. Цилиндрлік деңгейдің осі UU теодолиттін айналу осіне ҒҒ перпендикуляр болуы тиіс. Осыны тексеру ушін деңгейдің осін екі көтеру винттерінің бағытына сәйкестендіріп қояды да, оларды әр жаққа қарай айналдыру арқылы деңгейдің үлбіреуігін нөл-пунктке келтіреді. Содан соң деңгейді 180°-қа бұрады. Егер бұрғаннан кейін де деңгейдің үлбіреуігі нөл-пункте қалатын болса, онда UU және ҒҒ осьтерінің перпендикулярлық шарттары орындалғандығы. Үлбіреуік ортадан жылжығанда денгейдің орны түзету винттерінің көмегімен жасалынады.

Практика жүзінде тексеру бұлайша жасалады: деңгейді екі көтеру винттеріне параллель етіп қояды да, солар аркылы деңгейдің үлбіреуігін нөл-пунктке келтіреді; деңгейдің нөл-пункті оның шкаласының ортасында болады; бұл кезде деңгей мен алидаданың айналу осьтерінің өзара орны өзгеріссіз калады. Алидаданы 180°-қа бұрғаннан кейін деңгей осінің орнын, онын екінші калпында нөл-пункт шкаласынан үлбіреуіктің ауытқу доғасының жартысына түзетеді; бұл деңгейдің түзету винттерінің

 

 

 

М+480 лимб
М
45-сурет

 

көмегімен жасалынады. Тексеруге қажетті шарт толық орындалғанға дейін қайталай береді.

2. Дүрбінің нысаналау осі VV теодолиттіқ горизонталь осіне
НН (дүрбінің айналу осі) перпендикуляр болуы тиіс. Осы жағдайды тексеру үшін вертикаль дөңгелектің екі калпында (ОD
және СD) алыстау орналасқан бір М нүктесін (45-сурет) ныса-
налайды да лимбадан М1 және М2 есептеулерін алады. Одан
кейін коллимациялық қателігін шығарады

х= (М2 –М1 ± 180°) /2. (46)

Егер х -тың шамасы теодолиттің есептеу құрылғысының дәлдігінен артып кетсе, онда нысаналау осінің орны түзетіледі. Коллимациялық қателіктің әсерін жою үшін лимбада есептеуді тауып керсетеді

N = (М21 ±180°)/2.(47)

Егер осы кезде жіптер торының центрі М нүктесінен шығып кетсе, онда түзету винттерінің көмегімен торды М нүктесінің кескінімен жіптер торының центрі беттескенше жылжытады. Осы тексеруді коллимациялық қателік аспаптың екі есе дәлдігінен аспайтын болғанға дейін қайталайды.

3. Теодолиттің горизонталь осі НН оның айналу осіне ҒҒ 1
перпендикуляр болуы тиіс. Осыны тексеру үшін теодолиттен 10—20 м қашықтықта ұзын жіпке тіктеуішті іледі. Жіптер торының торабын тіктеуіштің жоғарғы нүктесіне бағыттацды да, содан кейін дүрбіні жайлап төмен түсіріп, жіптер торы торабынан тіктеуіш жіптің кескіні шығып кете ме, жоқ па, соны байқайды. Бұлардың дәл келмеуі дүрбі орналасқан тұғырықтың тең болмауынан туады. Бұл қателік дүрбінің екі жағдайында (ОD және СD) есептеулер алумен жойылады. Қазіргі жаңа теодолиттерде осы тексерудің сақталуына дайындаушы кепілдік береді.

 

 

ің (40-сурет) лимб деп аталатын металл немесе шыны дөңгелегі бар, оның қиғаш шетіне 0°-тан 360°-қа дейінгі бөліктер





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2017-03-12; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 1758 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Вы никогда не пересечете океан, если не наберетесь мужества потерять берег из виду. © Христофор Колумб
==> читать все изречения...

2309 - | 2124 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.012 с.