1.Қоғам: ұғымы, түрлері, даму теориялары.
2.Ертеректегі қоғамдардың ерекшеліктері.
3.Қоғамның индустриалдық даму теориясы.
4.Ақпараттық қоғамның және әлеуметтік желілердің дамуы.
«Қоғам» деген ұғым әлеуметтану ғылымының басты категориясы болып табылады.
Күнделікті өмірде бұл ұғым кең түрде және әр түрлі мағынада қолданылады. Мәселен, 1) таңдаулы адамдардың қоғамы; 2) театр өнерін сүюшілср қоғамы; 3) Ресей немесе Қазақстан қоғамы; 4) адамзат қоғамы, т.б. мағынада қолдану бар. Әлеуметтану ғылымы осы аталғандардың ішіндеғі үшінші топтағы "'қоғам" ұғымын зерттейді.
Көп уақытқа дейін «мемлекет» және «қоғам» ұғымдарын мазмұн және терминологиялық жағынан айырып көрсету болмады. Бұл ұғымдардың мазмұнын айыруда алғаш қадам жасаған италияндық ғалым Н. Макиавелли болды. Ол мемлскст ұғымын «қоғам» ұғымынан айырып қарау үшін «stato» деген арнайы термин еңгізді.
Бұл аталған ұғымдардын айырмашылығын немістін ұлы философы Гегель теориялық жағынан негізден дәлелдеді.
«Мемлекет», «қоғам», «ел» деген ұғымдарды синоним ретінде түсіну әлі де кездеседі. Әрине, бұл атаулардың арасында жақындық болғанымен, оларда айырмашылық бар.
Егер біз оларға жеке тоқталсақ, қоғам — бір-бірімен өзара байланыста, қарым-қатынаста болатын адамдардың үлкен қоғамдасуы; мемлекет - сол қоғамды басқаратын билік орғаны; ел — әлгі аталған қоғам қалыптасып, мекендейтін белгілі бір территория.
Ғылыми әдебиеттерде «қоғамның» мәнін түсіндіруге бағытталған анықтамалардың саны 150-ден астам. Әрине, олардын бәрі бірдей «коғам» деген ұғымның мәні мен мазмұның толык, аша алмағанмен, бұл анықтамаларда ортақ сипаттайтын белгілер бар.
Әлеуметтанудың негізін қалаушы француз ғалымы Огюст Конт қоғамды белгілі бір қызмет атқаратын, ынтымақтастық мен қоғамдық еңбек бөлінісіне негізделген жүйе деп тұжырымдай келе қоғамның негізін отбасы, таптар жәпе мемлекет құрайды деген анықтама береді.
Француз әлеуметтанушысы Эмиль Дюркгейм қоғамды коллективтік санаға негізделген, жеке индивидке қарағанда жоғары, бастапқылық сипаты бар рухани нақтылық деп түсіндіреді. Яғни, қоғамның тұтастығының негізі — коллективтік, жалпыға тән сана деген тұжырымды айтады.
Көрнекті неміс ғалымы М. Вебер: «Қоғам — адамдардың бір-біріне ықпал, әсер етуінен туындайтын әлеуметтік байланыстардың жиынтығы» дейді.
Американдық әлеуметтанушы Парсонстың пікірінше, қоғам-адамдар арасындағы қарым-қатынастардың жүйесі, ал ол қарым-қатынастардың негізгі — ережелер мен құндылықтар болып табылады деген.
К. Маркс қоғамды адамдардың бірлесіп қызмет етулерінің нәтижелерінде пайда болып, тарихи дамып отыратын қатынастардың жиынтығы ретінде түсіндіреді.
Бұл анықтамалардың бәріне тән ортақ сипатты белгілі қоғамды өзара тығыз байланыста болатын элементтердің тұтас жүйесі ретінде қарастыру тән. Бұл — қоғам өміріне жүйелік тұрғыдан қарау деп аталады.
Бұл топтағы адамдар арасындағы қарым-қатынастар мен байланыстар барынша тығыз және олардың мақсат-мүдделері де жақын болады.
Мазмұнына қарай әлеуметтік қоғамдастықтар:
1. әлеуметтік-экономикалық (касталар, сословиелер, таптар);
2. әлеуметтік-этникалық (ру, тайпа, ұлыстар, ұлттар);
3. әлеуметтік-демографиялық (жастар, карт адамдар, балалар, ерлер, әйелдср, т.б.);
4. әлеуметтік-кәсіби (шахтерлер, мұғалімдер, дәрігерлер, инженерлер, т.б.);
5. әлеуметтік-территориалық (аймақтың, облыстың, аудан, селоның тұрғындары) деп жіктеледі.
Әлеуметтік қоғамдастықтарды осылайша жіктеу түсінікті де дәлірек болады.
Қоғамның әлеуметтік құрылымын осындай үш өлшем тұрғыснан жіктей келе әлеуметтану ғылымы басты назарды әлеуметтік-экономикалық қоғамдастыққа аударады. Өйткені қоғам мүшелерінің арасындағы әлеуметтік теңсіздіктің мәнін, себептерін түсіну үщін бұл аталған өлшемнің мәні зор.
Қоғамда бір-біріне қарама-карсы таптардың шығуына басты себен болды. Осылайша қоғамның даму барысы мен кұрылымындағы өзгерістерге байланысты коғамды басқа - рулың қажеттілігі, яғни мемлекетке деген қажеттілік келіп шықты.
Қогам дамуының бұл сатысын "таптық, күрделі қоғам" деп жіктеуге болады.
Ғылыми әдебиет беттеріңде қоғамды жіктеудің басқа да өлшемдері кездеседі. Мәселен, жазба өмірінің пайда болуымен байланысты:
а) жазбаға дейінгі
ә) жазбасы бар қоғам деп жіктеу кездеседі.
Сонымен қатар кейбір авторлар қоғамдағы демократиялык катынастардың даму дәрежесіне қарай ашық және жабық қоғам; діни ұстанымдардың түрлеріне байланысты исламдық, пранвославиелік, католиктік, т.б. қоғамдар ден те жүктейді.
Әлеуметтану ғылымы коғамдарды жіктеуде басты назарды әлеуметтік -экономикалық белгілерге аударады.
Біз бұл турасында маркстік, формациялық тұрғыдан жіктеудін мәніне көшейік. Маркстік теория бойынша қоғамның даму сатыларын анықтауда негізгі өлшемге өндіріс құрал-жабдықтарына меншіктің түрі мен қоғамның таптық құрылымы алынады. Осы тұрғыдан талдай келе марксизм қоғам дамуын 5 тарихи сатыға жіктейді. Олардын басқаша 5 қоғамдық-экономикалық формациялар деп те атайды. Олар мыналар:
а) алғашқы қауымдық қоғам;
ә) құл иеленушілік қоғамдық -экономикалық формация;
б) феодалдық қоғамдық-экономикалық формация;
в) капиталистік қоғамдық-экономикалық формация;
г) социалистік қоғамдық-экономикалық формация.
Бұлардың үшеуі, яғни құлдық, феодалдық және капиталистік қоғамдық-экономикалық формациялар — таптық қанауға негізделген, еңбек адамына жат қоғамдар ретінде сипатталады. Марксизм коммунистік қоғамға ерекше маңыз береді. Бұл — әділетті, еркіндік пен теңдікке негізделген, материалдық игіліктердің молшылығы қамтамасыз етілетін, тансыз қоғам дейді.
Алайда XX ғасырдың барысындағы әлемдік дамудың тәжірибесі коммунистік қоғам туралы маркстік ілімнің жарамсыздығын көрсетті.
Кеңес Одағы мен социалистік лагерь елдерінің халықтары (олар әлем халқының 3/1 бөлігі) әкімшіл-әміршіл, тоталитарлық саяси төртіптің үстемдік еткен қоғамында өмір сүрді. Бұл қоғамдарда әлеуметтік теңсіздік, адам құқығының шектелуі орын алды. Социалистік экономиканың тиімсіздігі дәлелдейді.
Ал, алдыңғы қатарлы елдердің тарихи даму тәжірибесі капиталистік өндіріс тәсілінің артықшылығы дәлелдеп отыр. Бұл жеке меншікке, еркін кәсіпкерлік пеп нарыққа негізделген қоғам. Мәселен, Германия мен Швеция мемлекеттерінің экономикалық даму дәрежесі, халқының бостандық пен құқықтың кеңдігі, білімнің, ғылымның, денсаулық сақтаудың дәрсжесі осының дәлелі бола алады.
Алайда капитализм мен нарықтық экономика жолындағы барлық қоғамдардың даму дәрежесі осындай деу қиын. Ғалымдар капитализмнің өзің:
- бастапқы капитализм;
- бюрократиялық капитализм;
- олигархиялық каиитализм;
- демократиялық капитализм
деп жіктеу қажет дейді. Әрине, егер түрлі елдердің даму дәрежелерін әлемдік ауқымда салыстырсақ, сөз жоқ, біз түрлі коғамдардың әлеуметтік-экономикалық дамуы жағынан әркелкі заңдылықты байқаймыз.
Бұл ретте XX ғ. 50-60-жылдарында американдық әлеуметтанушылар Даниел Белл, Уолт Ростоу және француз әлеуметтанушысы Раймон Арон ұсынған қоғам дамуының «үш сатысы туралы теорияның» мәні зор. Бүл ғалымдар өз-дерінің тұжырымдамаларын дүниежүзілік тарихқа салыстырмалы талдау жасау негізінде қорытындылаған.
Әлеуметану қоғам туралы ғылым ретінде. О. Конттың («Курс позитивной философии»), М. Вебердің (М. Вебер «Избранные произведения») және Э. Дюркгеймнің (Э. Дюркгейм «Метод социологии») әлеуметтанудың пәнін талдау. Әлеуметтанудың пәнін талдауының екі негізгі перспективаларын қалыптасыуна әсерін тигізген классикалық теорияның өкілдерінің көзқарастарымен таныстыру.
Қоғам Қоғам
Индивид Индивид
Модель 1: М.Вебер Модель 2: Э.Дюркгейм
Питер Бергердің «классикалық» концепциялардың синтезі (П.Бергер «Приглашение в социологию»). Қоғам және индивидтің ара-қатынасының диалектикалық моделі.
Индивид Индивид
Қоғам Қоғам
Модель 3: П. Бергер
Э. Шилз («Общество и общества: макросоциологический подход») және оның әлеуметтанудың пәнін түсінуі. Э.Шилздің қоғамның сегіз белгісі.
Т.Парсонс («Понятие общества: компоненты и их взаимоотношения») және оның «әлеуметтік жүйенің айырықша түр ретінде» әлеуметтану пәнін түсінуі.
Қоғамның типологиялары. Ашық және жабық қоғамдар (К. Поппер «Открытое общество и его враги»). Әскери және өндірістік қоғамдар (Г. Спенсер «Западно-европейская социологическая мысль» Т. 1). Алғашқы қауым құрлысы, құлиеленушілік, феодалды, капиталистік, коммунистік қоғамдар (К. Маркс «Избранное»). Индустрияға дейінгі (архаикалық және дәстүрлі), индустриалды және постиндустриалды қоғамдар (Д. Белл «Культурные противоречия капитализма»).