СОЛТҮСТІК-ҚАЗАҚСТАН
МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТ
Ильясова Гаухар Сапорбековна
«ӘЛЕУМЕТТАНУ»
пәні бойынша дәрістер курсы
Барлық мамандықтары үшін
Петропавл қ.
2015 ж.
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
М. Қозыбаев атындағы
Солтүстік-Қазақстан мемлекеттік университеті
Барлық мамандықтары үшін
Ильясова Гаухар Сапорбековна
«ӘЛЕУМЕТТАНУ»
Пәні бойынша дәрістер курсы
Петропавл қ.
2015 ж.
Пікірсарапшы
ғ.т.к., доцент Әбуов Н.Ә.
Құрастырушы:
1.Ильясова Г.С., аға оқытушы
«Әлеуметтану» пәні бойынша дәрістер курсы университеттің барлық мамандықтары бойынша оқитын студенттерге құрастырылған. Дәріс жинағының негізгі мақсаты ретінде студенттерге өздік жұмыс ретінде оқып жатқанда көмек көрсету болып табылады.
Дәрістер курсы пән бойынша жұмыс оқу бағдарламасына сай жазылған. Дәрістер курсының соңында әдебиет тізімі берілген.
М.Қозыбаев атындағы СҚМУ-дың Сапа менеджменті жүйесі
ISO 9001:2008 талаптарының сәйкестігіне сертификатталған
Тақырып 1: Әлеуметтану ғылым ретінде
1.Әлеуметтанудың объектісі, зерттеу пәнінің ерекшелігі.
2.Негізгі әлеметтанулық ұғымдар: әлеуметтік топ, әлеуметтік институт, әлеуметтік ұйым.
3.Әлеуметтанудың қоғамдық ғылымдар жүйесінде алатын орны, байланысы.
4.Макро- және микроәлеуметтану.
5.Әлеуметтанудың қызметтері.
Кез-келген ғылымды зерделеу алдымен оның объектісін, пәнін, басқа ғылымдар жүйесіндегі және қоғам өміріндегі орны мен ролін айқындаудан басталады.
Әлеуметтану туралы түсінік, оның құрылымы сұрағын қарастырған уақытта, социология, яғни, әлеуметтану қоғамның пайда болуының, ондағы әлеуметтік байланыс, қатынастарының, алуан түрлі әлеуметтік адам бірліктерінің, ұйым, мекемелердің, институттардың, құбылыстардың, процестердің дамуының жалпы заңдылықтарын зерттейтін ғылым екендігіне назар аударылады.
Сонымен қатар, әлеуметтану ұғымын ХІХ ғасырдың ортасында атақты француз әлеуметтанушысы Огюст Конт енгізді. Оның алғашқы мазмұны қоғамтану болатын. Тек қана кейіннен, леуметтану пәнінің осы ғасыр ішінде бірнеше рет ауысуына байланысты ол өзінің дұрыс, дәл атын тапты.
Әлеуметтану ұғымын ашқаннан кейін, оның құрылымына назар аудару керек. Қандай да ғылым болмасын, оның белгілі құрылымы болады. Ал құрылым дегеніміз – біртұтас әлеуметтік құбылыстар мен процестердің элементтері мен бөліктерінің іштей өзара орналасуы. Яғни, бұл құрылым сол ғылымның қоғамда алдына қойған міндеті мен атқаратын қызметіне байланысты анықталады. Әлеуметтану ғылымы да осындай. Оның құрылымы екі үлкен жағдаймен түсіндірілетіндігіне көңіл бөлінеді. Ол жағдайлар келесі:
1. Әлеуметтану әлеуметтік өмірді бейнелеу, түсіндіру, ұғындыру білімдерін қалыптастырып, әлеуметтік зерттеу теориясын, әдістемесін, әдісін, талдау тәсілін жасап, қоғамның даму мәселелерін шешеді. Әлеуметтік өмір туралы әр түрлі деңгейде теориялық қорытындылар жасалады;
2. Әлеуметтану қоғамдық және әлеуметтік құбылыстар мен үрдістерді өзгерту, қайта құру үшін оларға жоспарлы, әрі тиімді жолдар, құралдар арқылы ықпал етіп әлеуметтік мәселелерді талдап зерттейді. Бұл әлеуметтанудың қолданбалы саласын құрайды.
Сонымен, әлеуметтанудың теориялық және қолданбалы салаларына назар аударып, тереңірек қарастырған уақытта олардың әрқайсысының өзіндік атқаратын қызметтері мен тұжырымдарына, қағидалары мен бағыттарына көңіл бөлініп оқытылады.
Әлеуметтанудың басқа ғылым салаларымен арақатынасы сұрағын қарастырған уақытта қоғамды зерделеуге деген әлеуметтанушылық көзқарастың нақты анықтап алу үшін әлеуметтанудың әлеуметтік философиямен, тарихпен, саясаттанумен, экономикалық ғылыммен және басқа қоғамдық ғылымдармен арақатынасы мен өзара әрекетіне көңіл аударылады.
1. Әлеуметтану және әлеуметтік философия – олардыі зерттеу объектілері бір біріне дәл келетін тұстары көп. Әлеуметтік философия да, әлеуметтану да қоғамды тұтас, әлеуметтік жүйелі ретінде, оған енетін бірліктерін интегралдық құрылым ретінде қарастырады. Бұл осы ғылымдардың ерекше тығыз байланысын анықтайтын сипат;
2. Әлеуметтану және тарих – егер тарих қоғамдық өмірдің барлық салаларын, жақтарын, пайда болу нысандарын зерттейтін болса, ал әлеуметтану қоғамдағы әлеуметтікті ғана зерттейді және тарих ғылымы тек қана болған және тарихқа енгендерді ғана зерделейтін болса, әлеуметтану өз әзденістерін қазіргі заманға көбірек бағыттап, өзіне қажетті элемент ретінде әлеуметтік болжам жасап отырады. Әлеуметтану мен тарихтың өзара қатынасы ең алдымен әлеуметтік ережелер мен қорытындылар тікелей тарихи фактілерді, тарихи тәжірибені тұжырымдауға сүйенетіндігімен айқындалады. Екінші жағынан алғанда, әлеуметтік философиямен бірге әлеуметтану тарих ғылымының жалпы теориялық және әдістемелік негізі болып есептеледі;
3. Әлеуметтану және саясаттану - әлеуметтану пәні мен саясаттану арасында өзара тығыз байланыс бар. Олар:
· әлеуметтік қауымдастықтар мен әлеуметтік институттар, әлеуметтік ұйымдар саясаттың маңызды субъектілері және объектілері болып табылады;
· саяси өызмет жеке тұлғаның және олардың қауымдастығының өмірілік қызметінің қоғамдағы өзгерістерге тікелей ықпал ететін негізгі нысандарының бірі болып табылады;
· саясат өте кең ауқымды, күрделі және көп қырлы құбылыс ретінде қоғамдық өмірдің барлық салаларында көрініс табады және көбіне қоғамның жалпы дамуын айқындайды.
4. Әлеуметтану және психология - әлеуметтану мен психологияның байланысы олардың пәндерінің байланысынан туындайды. Ал олардың пәндерінің байланысы қоғамдық құбылыстарды зерделеген кезде психикалық элементтерді назарға алу қажеттігін ғана емес, психикалық құбылыстарды зерделеген кезде олардың әлеуметтік шарттылықтарын, әлеуметтік ортамен байланысын ескеру қажет. Әлеуметтану да, психология да адамды және оның міңез құлқын зерделейді. Алайда олар мұны өз пәндерінің ерекшеліктері тұрғысынан әр түрлі жасайды. Дегенмен, олар өз пәндерін зерделеген кезде үйлесімді бағыт ұстанада және олардың арасында ынтымақтастық қарым-қатынас бар.
5. Әлеуметтану және экономика ғылымы – егер экономика ғылымы қоғамдық өмірдің бір ғана, мейлі өте маңызды саласының заңдылықтарын зерттейтін болса, әлеуметтану қоғамның тұтас дамуының негізінде жататын және оның барлық, соның ішінде экономика салаларында ерекше көрініс табатын жалпы және ауқымды заңдылықтарын зерттейді.
Әлеуметтану мен өзге қоғамдық ғылымдардың арақатынасы туралы мәселеде, солардың өзара тығыз байланысы, қоғамдық өмірді шынайы щерттеуде бұл ғылымдардың пәндік шекаралары сақталумен бірге, бір-бірімен қабысуы, бірақ әлеуметтанудың бұл ғылымдарды жұтып қойматыны туралы нақты қарастырылады.
Әлеуметтанудың пәні мен объектісі сұрағын талдаған уақытта, ең алдымен объектіге анықтама беру керек. Ал ол дегеніміз, белгілі бір ерекше немесе қасиеті бар объективті шынайылықтың жеке бір бөлігі немесе элементтерінің жиынтығы, яғни, ол бізді қорщап тұрған объективтік нақтылы өмір, ол қоғам, адамдар, оның түрлі бірліктері, тіпті адамның өзі, оның барлық әрекеті, қызметі, санасы, тртібі және тағы басқалай әрекеттері. Бұлар зерттелетін объект болғаннан кейін субъектіден тыс өмір сүреді. Оларды адам өзінің теориялық немесе практикалық мәселелерін шешу арқылы алға қойған мақсатына жету үшін пайдаланады. Осыдан әлеуметтанудың пәні шығады.
Ғылымның пәні тұрақты бола алмайды және таным поцесінің өзі сияқты үнемі қозғалыс, даму, қалыптасу үстінде болады. Ғылымның пәндік саласының қозғалысы екі шешуші факторға: бір жағынан ғылыми білімнің прогресіне, екінші жағынан қоғамның өзгермелі сұранысына, әлеуметтік сұранымға тәуелді.
Әлеуметтанудың пәні туралы ғалымдар түрлі пікір білдірген. Мысалы:
1. О.Конт - әлеуметтану пәнін жалпыға ортақ келісім негізін құрайтын тұтас алынған қоғам деп түсіндірді;
2. Г.Спенсер - әлеуметтік институттардың табиғи эволюциясы нәтжесінде ондағы жіктелу тұтасумен ұштасатын әлеуметтік организм ретіндегі қоғам туралы ғылым ретінде деп талқылады;
3. Ф.Теннис – әлеуметтану пәнін әлеуметтіліктің, қауымдастықтың барлық түрлері және олардың негізін адамдардың өзара әрекеті құрайды деген;
4. Э.Дюркгейм - әлеуемттік институттар, олардың генезисі жұмыс істеуі деп түсіндірді;
5. М.Вебер - әлеуметтік әрекеттердің, мағынасының, әлеуметтік қатынастар мәнінің және олардың рекет субъектісіне арналған құрылымдарының жиынтығы деп көрсетті.
«Әлеуметтік құрылым» - бұл өндірістегі қоғамдық еңбектің бөлінуінің реттелген жүйесі және осыған сәйкес меншікке, билікке, басқаруға, қоғамдағы адамдардың құқық және міндеттеріне қатынастарының жүйесі.
«Қоғамдық сана» - бұл қоғамның рухани құрылымның жиынтығы. Қоғамдық сана әруақытта тікелей немесе күрделі болып, қоғамдық сипатта болады. Яғни, ол жалпы қоғамға тән қасиет. «Әлеуметтік топ» - бұл қоғамның құрылымы, оның жікке бөлінуі, әлеуметтік теңсіздік; «тұлға» - бұл адамның әлеуметтік сапасы, оның мәні. Әлеуметтану тұлғаны талдап, зерттегенде әр түрлі ұғымдарды қолданады.
Әлеуметтік құндылықтар - бұл қоғамдық қатынастарды, мұң-мұқтажды, талап-тілектерді анықтайтын тұлғалық құнды нұсқаулар. Бұлар адамдардың тәртібінің іштей реттелуі, басқарылуы арқылы белгіленеді.
«Әлеуметтік нормалар» (ережелер) қоғамда қалыптасып, реттеліп отыратын ережелердің жиынтығы.
Тұлғалық ынта, көңіл, назар, ықылас, қалау, тілек, т.б. – бұлар адамдардың әлеуметтік белсенділіктердің қозғаушы күштері (стимулдері); «әлеуметтік рөл», яғни атқарылатын қызмет; «әлеуметтік статус» - адамның қоғамдағы орны мен жағдайы.
Айта кететін тағы бір жайт, әлеуметтанудың көптеген категориялары басқа ғылымдарда да кездеседі. Әсіресе, мұны құқық ғылымында байқауға болады. Мысалы, әлеуметтік норма, әлеуметтік ұйым, әлеуметтік институт, әлеуметтік жауапкершілік, әлеуметтік бақылау, әлеуметтік белсенділік, т.б.
Әлеуметтануда әлеуметтік құбылыстар мен процестердің бес негізгі заңы тұжырымдалған:
1. Әлеуметтік құбылыстардың қатар өмір сүру заңы. Мысалы, егер «А» құбылысы болса, ол әруақытта «Б» құбылысын қажет етеді.
2. Әлеуметтік құбылыстардың даму тенденцияларын (яғни, бағыттарын) анықтайтын заң. Мысалы, өндіргіш күштердің өзгеруі өндірістік қатынастардың өзгеруін талап етеді.
3. Әлеуметтік құбылыстардың арасындағы алуан түрлі байланыстарды, қатынастарды анықтау заңы. Бұл заң іс-қимыл, атқаратын қызмет деп аталады. Ол әлеуметтік объектінің әрбір элементінің, бөлігінің арасындағы байланысын, қатынасын бейнелейді.
4. Әлеуметтік құбылыстардың арасындағы себепті байланыстарды бейнелейтін заң. Мысалы, әлеуметтік бірліктің негізгі, қажетті шарты – ол қоғамдық және жеке мүддені сәйкестендіру, үйлестіру болып саналады.
5. Әлеуметтік құбылыстардың арасындағы байланыстардың болу мүмкіндігін білдіретін ықтималдық заңы.
Әлеуметтік құбылыстар мен процестерді және олардың арасындағы байланыстарды, қатынастарды біліп-тануда әлеуметтану жалпы теориялық ғылыми зерттеу әдістеріне сүйенеді.
Әлеуметтанудың басқа қоғамдық және гуманитарлдық ғылымдардан ең басты айырмашылығы – оның өзіне ғана тән әлеуметтік–экономикалық,саяси, рухани, құбылыс, процестерді зерттейтін арнаулы әдістерінің болуында. Олар: сұрыптау, бақылау, сұрау, құжаттарды талдау, сараптау, модель (үлгілеу), тест, т.б.
Жоғарыда көрсетілген алуан түрлі әдістерді кеңінен қолдана отырып, әлеуметтану білімнің жаңа қайнар көздерін ашып, әрбір адамның қоғамдық құбылыстар, процестер туралы танымын, білімін толықтырып отырады. Мұндай танудың, білімнің өзгеше құрылымы, түрі және деңгейлері болады.
Әлеуметтанудың тәжірибелік бағыты - оның әлеуметтік құбылыстар мен процестердің болашақ дамуының бағытын анықтауында. Бұл жерде біз әлеуметтанудың болжайтын қызметін байқаймыз.
Әлеуметтану қоғамның қай саласында болмасын (экономика, саяси, рухани, т.б.), әлеуметтік даму жоспарын жасау қызметін атқарады. Ал, аймақтық, аудандық, тіпті еңбек ұжымдарының әлеуметтік жоспарларын жасағанда, ол әлеуметтік зерттеуден алынған жаңа деректерді, фактілерді, кеңес-ұсыныстарды, т.б. кеңінен пайдаланады.
Әлеуметтану қоғамда идеологиялық функцияны да атқарады. Нақты әлеуметтік зерттеуден алынған нәтижелер қоғамдағы белгілі бір жік немесе топтардың талап-тілегіне, мұң-мұқтажын шешуге, сөйтіп, олардың белгілі бір әлеуметтік мақсатка жеткізу, сендіру үшін пайдаланылады. Әлеуметтану адамдардың арасындағы қарым-қатынастарды, байланыстарды одан әрі жетілдіріп, олардың сана-сезімдерін, мінез-құлықтарын, тәртібін жақсартады. Сөйтіп, ол қоғамдық қатынастарды жетілдіріп, гуманистік (адамгершілік) функцияны да атқарады.
Әлеуметтанудын басқа ғылымдармен байланыстыратын нәрсе - ол қоғам туралы жалпы ғылым бола отырып, оның жалпы даму заңдарын ашып, тұжырымдайды. Ал, қоғамның жалпы даму заңдарына әрбір нақтылы қоғамдық және гуманитарлық ғылымдар сүйенеді. Сондықтан әлеуметтанудың жалпы қоғам даму заңдары бұл ғылымдардын әдістемесі мен теориясы ретіндс саналады.
Пайдаланылатын әдебиет:
1. А.И.Икенов. Әлеуметтану негіздері. Оқу құралы. А.; 2004.
2. Фролов С. Социология, М., 2000.
3. Булатова А., Исмагамбетова З. Курс лекции по социологии, А., 2000.
4. Тощенко Ж. Социология, М., 1999.
5. Мостовая И. Зачет по социологии, М., 1999.
6. Радугин А., Радугин К. Социология, М., 2001.
7. Лавриненко В. Социология, М., 1998.
8. Збровский Г. Общая социология, Екатеринбург, 1997.
9. Капитонов Э. Социология 20 века, Росто на Дону, 1996.
10. Андрущенко В. Социология, Харьков, 1996.