Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


Тақырып 7: Әлеуметтік топтар, ұйымдар және институттар




1.Әлеуметтік топ: ұғымы, түрлері, топтық динамика, топтағы лидерлік.

2.Әлеуметтік ұйым: ұғымы, ұйымдар теориясы, М. Вебердің бюрократия теориясы.

3.Әлеуметтік институт: ұғымы, түрлері, қызметі.

Әлеуметтік топтар мен әлеуметтік қауымдастықтар қоғамның әлеуметтік құрылымының маңызды элементтері болып табылады.

Әлеуметтік қауымдастықтар - салыстырмалы тұтастығымен ерекшеленетін және әлеуметтік іс-әрекеттің дербес субъектісі болып табылатын өмірде бар, эмпирикалық белгіленетін жеке адамдардың жиынтығы.

Күрделі жиынтығы барлық қауымдастықтарды екі ішкі тапқа, бұқаралық және топтық қауымдастықтарға бөлуге мүмкіндік береді.

Бұқаралық қауымдастықтардың белгілері:

Ø Белгіленбеген сапалық және сандық құрамы бар неғұрлым кеңейтілген шекаралы құрылымдық бөлшектелмеген солқылдақ құралым болып табылады;

Ø Тұрақсыз, бір жағдайдан екінші жағдайға дейін өзгеріп отыратын құралым болып шығады;

Ø Бұл қауымдастықтар таптық, топтық, этникалық және өзге де шекараларды бұзады.

Әлеуметтік қауымдастықтардың басқа бір маңызды түрі әлеуметтік топтар болып табылады.

Әлеуметтік топ ұғымының әлеуметтануда бірнеше мәні бар.

Кең мағынада әлеуметтік топ - белгілі бір нақты әлеуметтік, яғни ең алдымен қоғам өмірімен байланысты белгілердің қоғамдағы қоғамдық қатынастар жүйесінің негізіндегі топтық қауымдастықтардың кең жиынтығы.

Әлеуметтанушылар «әлеуметтік топ» ұғымын әр қалай анықтайды.

Мысалы, Р.Мертон: әлеуметтік топты белгілі бір жолмен бір-бірімен қарым-қатынаста болатын, өзінің сол топқа жататынын ұғынатын және басқа адамдардың көзқарасы бойынша оның мүшесі болып саналатын адамдардың жиынтығы ретінде анықтады. Оның үш белгісін көрсетті. Олар: іс әрекет, мүшелік және сәйкестілік.

Әлеуметтік топтар өзінің шамасы, саны бойынша шағын (2-15 адамға дейін) және үлкен болып бөлінеді.

Шағын әлеуметтік топтың белгілері:

v Құрам санының аздығы;

v Мүшелерінің кеңістіктегі жақындығы;

v Өмір сүру ұзақтығы;

v Топтық құндылықтардың, нормалардың және міңез-құлық үлгілерінің ортақтығы;

v Топқа кірудің еріктілігі;

v Адамның міңез-құлқын бақылаудың бейресмилігі болып табылады.

Шағын топтар бастауыш және екінші деп бөлінеді.

Шағын топтар тғориясының маңызды бөлімі серпімділік процестерін зерделеу болып табылады. Бұл зерттеулер микроәлеуметтану мен психологияда шағын топтардың өмір сүру және даму заңдарын сипаттауды негізге алатын өзара әрекеттес және бірін-бірі толықтыратын тұжырымдамалардан тұратын ерекше бағыт болып бөлінген. «Топтық серпін» ұғымын ғылыми айналымға 1930 жылдары Курт Левин енгізген.

Топтық серпін теориясының дамуына американдық әлеуметтік психолог Джейкоб Морено маңызды үлес қосқан. Ол шағын топты зерттеудегі екі маңызды бағыттың: әлеуметтік драманың (немесе психодраманың) және әлеуметтік метрияның негізін қалаушы ретінде танымал.

Әлеуметтік метрия эмоционалдық және тұлғааралық өзара әрекеттестіктердің біртұтас «топтық өрісін» құрайтын топ мүшелерінің арасындағы байланыстарды айқындау және сандық өлшеу әдістерінің жүйесі.

Берілген топқа тән нормалар мен құндылықтар жүйесі қатар дамиды; бұл нормалар мен құндылықтарды сақтау үшін топ мүшелеріне топтық қысым жасалады. Ол әр түрлі топтық санкциялардың көмегімен жүзеге асырылады.

Топтық динамика - топ мүшелері арасындағы әрекеттестікпен және өзара қарым-қатынастармен сабақтастырылған топтың дамы немесе қозғалысы.

Топтық динамикаға топтық мақсаттары мен міндеттері, топтың ұйымшылдығы, топ нормалары, жүргізушінің ұстанымы, топ құрылымы мен көсемдік құрылымы, топтық рөлдер, топтың даму сатылары, жұмыс кезеңдері жатады.

 

Леуметтік ұйым

Ұйым дегеніміз саналы түрде барлығы бірігіп, бір мақсатты көздеген адамдар тобы. Ұйым болу үшін белгілі бір талаптар орындалуы қажет:

ü Ұйым болу үшін өздерін сол топтың бір бөлігі деп есептейтін кем дегенде екі адам болуы керек.

ü Көздеген бір мақсаты болуы керек.

ü Мақсатқа жету үшін бірігіп, жұмыс істейтін мүшелері болу керек.

Міне, осы аталған талаптар орындалған жағдайда ұйым пайда болып, құрылады.

Ұйымның сипаттамалары:

Ø Ұйым көздеген мақсатына жету үшін қолда бар ресурстарды толық пайдалану керек. Ресурстар жалпы түрде еңбек, қаржы және материалдық ресурстар болып бөлінеді. Осы аталған ресурстардың әрқайсысының өз орны, міндет арқылы ұйымның мақсатына өз үлестерін қосып, пайдаға асуы тиіс.

Ø Ұйымда еңбек бөлінісі және еңбектегі бірлесу тәртібі қатаң сақталуы қажет. Мысалы, мамандығы, жауапкершілігі, саласына байланысты еңбек бөлінісі жүзеге асатын болса,ибарлығы бірігіп, ұйымның мақсатын орныдау үшін іс қимал жасауы еңбектегі бірлесу қағидасын сақтау болып табылады.

Еңбек бөлінісінің екі түрі бар - тікелей және көлденең еңбек бөлінісі тәртібі.

Тікелей еңбек бөлінісі - жоғарыдан төмен қызметкерлердің лауазымына, жауапкершілігіне қарай бөлінеді, ал көлденең еңбек бөлінісі - деңгейі, лауазымы, жауапкершілігі бірдей болған жағдайда, салалары мен мамандығына қарай бөлінеді.

Ø Ұйым мақсатына жету үшін сыртқы ортамен тығыз байланыста болуы керек.

Ø Ұйым дамып, табысқа жетуі үшін міндетті түрде адамдарға міндеттер жүктеп, еңбек бөлінісі арқылы ұйымның құрылымын құру, басшы қызметкерлерді іріктеу, оларға жауапкершілік жүктеу қажет. Бұл жағдай тек қана басқару, ұйымдастыру арқылы ғана жүзеге асады.

Йымның түрлері

Ресми ұйымдар - мемлекетке заң бойынша тіркелген, өзінің дербес есеп шоты (банкте), мөрі бар ұйымдар ресми ұйымдар болып саналады. Мысалы, АҚ, шаруа қожалықтары, биржалар және т.б.

Бейресми ұйымдар - ешқайда заңмен тіркелмеген, мөрі, есеп шоты жоқ, өздігінен пайда болып, кейінен жойылып кетуі мүмкін.

Бейресми ұйым өзін екі негізгі нысанда: ресмиліктен тыс және әлеуметтік-психологиялық нысанда көрсетеді.

Билік ету - бұл адамдарға ықпал ету арқылы олардың іс әрекеттерін өзгерту, ұйымның мақсатына жету жолына бағыттау.

Биліктің түрлері:

Мәжбүр етуге негізделген билік - қорқыту арқылы ықпал ету, ол мықты бақылау жүйсімен нығайтылады.

Көтермелеуге негізделген билік - қорқытып, билік жүргізуге қарағанда ықпалды, бірақ қандай көтермелеудің тиімді болатынын анықтау қиын.

Эксперттік билік - ықпал етушінің арнайы білімі барында, сондықтан да тиісті мұқтажын қанағаттандыратынына орындаушы сенеді.

Эталонды билік - үлгі билігі, ықпал етушінің мәнез құлқы басқа да қасиеттері ұнайтыны сонша, орындаушылар оған елітеуге сондай басшы болуға тырысады.

Заңды билік - ықпал етушінің бұйрық беруге құқы бар екенін орындаушы мойындайды және оның міндеті бағыну екендігін түсінеді. Бұл дәстүрлі билік деп аталады.

Басшылық стилі - әрбір басшысының жеке басының біліміне, қабілетіне, міңез құлқына байланысты қолданылатын басқару ерекшелігі.

Басшылық стилінің үш түрі болады:

1. Автократ басшысы - «барлығын тек қана өзім білем» деген, басқалардың пікірімен санаспайтын, олардың қсыныстарын ескермейтін басшы№

2. Демократ басшысы - мәселелерді қарамағандығы адамдардың пікірімен санасу арқылы шешетін басшы;

3. Либерал басшы - білімі таяз, өзі шешім қабылдай алмайтын, тек жоғары деңгейдегі басшысының үкімін күтіп отыратын басшы.

 

Леуметтік институт

Әлеуметтік институт дегеніміз қоғамның негізгі қажеттіліктерін қанағаттандыратын қоғамдық құндылықтар мен процедураларды біріктіретін әлеуметтік нормалар мен байланыстардың ұйымдастырылған жүйесі.

«Әлеуметтік институт» ұғымын алғаш рет ағылшын әлеуметтанушы Г. Спенсер ұсынған. Ол әлеуметтік институттардың алты түрін сипаттап, талдаған: өнеркәсіптік, кәсіподақтық, саяси, әдет-ғұрыптық, шіркеулік, үйішілік.

Әрбір институт:

- белгілі бір қызмет аясын;

- белгіленген құқытар мен міндеттер негізінде қоғамдық, ұйымдық немесе басқару функцияларын орындауға өкілетті адамдар тобын;

- ресми тұлғалар арасындағы қарым-қатынастың ұйымдық нормалары мен принциптерін;

- қойылған міндеттерді шешуге қажетті материалдық құралдарды қамтиды.

Қоғамдық байланыстар мен қарым-қатынастарды тәртіпке келтіру, ресмилендіру және стандарттау процесі институционалдандыру деп аталады.

Маңызды қажеттіліктерді қамтамасыз ететін әлеуметтік институттардың бес негізгі түрі бар:

- Бала туу, өсуі (отбасы және неке институты);

- Қауіпсіздік және әлеуметтік тәртіп (саяси институттар, мемлекет);

- Тұрмыстық құрал-жабдықтар өндіру (экономикалық институттар, өндіріс);

- Білім беру, өскелең ұрпақты әлеуметтендіру, кадрлар даярлау (білім беру, ғылыми және мәдени институттар);

- Рухани мәселелер, тіршілік мағынасын шешетін қажеттіліктер (дін институты).

 





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2017-03-12; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 3055 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Большинство людей упускают появившуюся возможность, потому что она бывает одета в комбинезон и с виду напоминает работу © Томас Эдисон
==> читать все изречения...

2492 - | 2164 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.011 с.