Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


Тақырып 5: Әлеуметтанулық ақпаратты жинау әдістері




1.Әлеуметтанудағы әдіс ұғымы.

2.Зерттеудің жалпығылыми және әлеуметтанулық принциптері.

3.Әлеуметтанулық зерттеудің этикасы.

4.Негізгі әлеуметтанулық әдістер және олардың қолдану ерекшеліктері.

Әрбір маңызды іс ұкыпты да терең ойластырылған дайындықты талап етеді. Бұл ешбір күмән тудырмайтын шындық. Әлеуметтанулық зерттеу де дәл сондай. Зерттеу нәтижесінде алынған ақпараттың сенімділігі, құндылығы оған жан-жақты дайындалуға күш салумен тікелей байланы-сты. Сондықтан әртүрлі әлеуметтік қүбылыстар мен процестерді әлеу-меттанулық сараптаудың әдістеме және практикалыктәсілдерін меңгеру күнделікті әлеуметтанулық жүмысқа жоғарғы деңгейдегі дайындықты қамтамасыз ететін ғылыми ережелерді игеруді қажетсінеді.

Әлеуметтанулық зерттеуге дайындык - әртүрлі жұмыстардан, ғылыми процедуралар мен операциялардан тұратын процесс. Зерттеудің сенімді теориялык негіздерін қамтамасыз ету қажет, оның жалпы логикасын ойластыру керек, ақпарат жинау үшін әдістемелік құжаттар әзірлеу керек, әлеуметтік құбылыстар мен процестерді пайымдауға қабілетті және әлеуметтанулық мәліметтерді сараптауға қабілетті зерттеу тобын құру кажет. Зерттеуді ұйымдық және материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз етуді қарастыру керек, зерттеу барысында пайда болатын мәселелерді жедел шешуге дайын болу қажет. Бір сөзбен айтқанда, әлеуметтанулық зерттеуге дайындык жұмысының бүкіл көлемі соған қойылатын талаптарға сәйкес орындалғанына сенімді болған кезде ғана кірісу керек.

Осыны ескере отырып, бұл тақырыпта әлеуметтану зерттеуінің дайындык кезеңінің маңызды мәселелерін қарастырудан бастаймыз.

Қоғамда болып жатқан әлеуметтік процестер мен құбылыстарды жете білу және оларды жан-жақты зерттеу үшін әдіснама мен әдіс, әдістеме міндетті түрде кажет. Әлеуметтанудың әдіснамасын әркім әрқалай түсінеді. «Әдіснама» ұғымы гректің «метедос», яғни таным тәсілі және «логос», яғни ілім деген мағына беретін сөздерінен тұрады. Бір сөзбен айтқанда, әдіснама ғылыми зерттеулер қағидаларының жүйесі. Эмпириктер әдістнама туралы айтқанда оны техниканың жиынтығы және әлеуметтікті талдаудың жөні ретінде пайымдайды. Теоретиктер әдіснаманы әлеуметтікке жету үшін арнайы әдіс, әдістеме және техниканы дайындау мен тандауды жүйе ретінде қарастырады.

Әлеуметтанушы эмпириктердің методология жөніндегі түсіндірмесі олардың әлеуметтану зерттеулерінде теорияның орны мен рөлін белгілі бір деңгейде жете бағаламауынан немесе олардың қолдануға жарамайтын теориялык тұжырымдамалардан бас тартуға тырысуынан туындағанын көрсетеді. Теоретиктердің әдіснама туралы түсінігі теориялық зерттеулерді эмпирикалық ізденістермен тығыз байланыс орнатуға бағыттайды. Бірақ осы байланыс жөнінде тіс жарып ештеңе айтпайды. Сондай-ақ әдіснама туралы әлеуметтану зерттеулерін теориялық және тәжірибелік деңгейлерде ұйымдастыру мен жүзеге асырудың алғышарттары мен қағидаларының жиынтығы ретінде қарастыруға болады. Әлеуметтік зерттеудің теориялық және эмпирикалык типтері бар. Тәжірибелік зерттеу іргелі және колданбалы болып екіге бөлінеді. Іргелі әлеуметтік зерттеудің басты мақсаттарының бірі зерттеліп қаралатын пән жөніндегі ғылыми түсінікті жетілдіру мен дамыту болып саналады. Қолданбалы зерттеу нақты бір әлеуметтік проблеманы шешуге арналады.

Қолданбалы зерттеудің социоинженерлік сипатта болуы оның теориялык зерттеуден айырмашылығы бар екендігін де ашып кәрсетеді. Өйткені соның нәтижесінде әрекет етудің нақты бағдарламасы жасалады.

Нақты әлеуметтік зерттеулер жалпы ғылымдағы зерттеулерге тән кейбір элементтерді қамтиды. Бұл элементтерге, біріншіден, объект жатады, ол әлеуметтік шындықты (акикатты) бейнелейтін құбылыстар мен процестерден тұрады; екіншіден, субъект жатады, бұл әлеуметтанушы немесе әлеуметтанушылар тобынан тұрады; үшіншіден, нақты міндеттерді шешуге бағытталған зерттеудің мақсаты жатады; төртіншіден, ғылыми, техникалық, ұйымдық құралдар саяды; бесіншіден, зерттеу қорытындылары жатады. Бүгінгі күннің назар аударарлық әлеуметтік кұбылыстар тұрғысында жаңа білім алуға бағытталған кызмет түрін әлеуметтану ғылымының зерттеуі деп атайды. Әлеуметтік құбылысқа өндірістегі жағдай, қайсыбір мәселелер женіндегі қоғамдык пікір, т.б. жатады. Мұндай күбылыстарды зерттеу нәтижесінде олардың пайда болу себептері жөнінде жаңа ақпараттар алынады. Ғылыми ізденіске кіріспестен бұрын нені зерттейміз, кімдерден ақпарат аламыз, зерттеуді қай жерде өткіземіз, т.б. сауалдарға жауап қайтаруымыз керек. Осыған орай зерттеу жұмысының бірінші кезе-ңінде оның бағдарламасы мен әдістері дайындалады, ғылыми ізденістің бүкіл процесін ұйымдастыру мұқият ойластырылады, сұрыптау (кімдер зерттеледі) белгіленеді. Екінші кезеңінде адамдардың сол мәселе жөніндегі пікірлерін анықтайтын ақпарат жинақталады. Үшінші кезеңде алынған ақпарат қолмен немесе машинамен ендеуден еткізіледі. Төртінші кезенде алынған акпаратқа ғылыми талдау жасалады. Бесінші кезеңде алынған ақпарат қорытындыланып, оның нәтижесіне орай шешім қабылданады. Зерттеу жұмысының барлык кезеңдері зерттелетін процестер мен кұбылыстар жөнінде ақиқатты анықтайтын мәліметтер алу мақсатына бағындырылғандықтан, олар бір-бірімен өте тығыз байланыста болады. Бұлардың арасында талдаушылық (аналитикалык) зерттеу әдісі күрделісі болып есептеледі. Ол терең ойластырылған бағдарламаны және тексерістен өтіп сыналған кұралдарды (анкета, т.б.) қажет етеді. Талдаушылық зерттеу әдісі кезінде зерттелетін құбылыс суреттелумен қатар оны тудырған басты-басты себептер де анықталуы керек.

Суреттемелік зерттеу ізденістің қарапайым түрі болып есептеледі. Мұның басты мақсаты — зерттелетін құбылыс пен оның құрылымдык элементтері женінде мағлұмат алу.

Зерттеудің кеңінен тараған түріне барлаушылық зерттеу жатады. Ол күрделі бағдарлама дайындауды талап етеді, алайда шамалы келемдегі зерттеу кұралдарын қолданып, шағын топтарда сауалнама жүргізу мүмкіндігін сактайды. Зерттеудің бұл түрі жедел ақпарат алуға бағыггалған. Оның артықшылығы да осында. Мұндай зерттеуде қайсыбір терең процестер және олардың пайда болу себептері қарастырылмайды, керісінше, көзге керініп тұрған ақпараттар жинақталатын болады.

Зерттеу жұмысын бастау үшін оның бірінші кезеңінде дайындық жұмыстары қолға алынады, әлеуметтік зерттеу бағдарламасын әзірлеу басталады. Ғылыми ізденістің жолдарын көрсететін және әдістеме шарттарын қамтитын кұжаттарды зерттеу бағдарламасы деп атайды. Бағдарлама әдіснамалық, әдістеме, зерттеуді үйымдастыру тарауларынан тұрады:

- әдіснамалық тарауда проблема және онын тұжырымы, зерттеу мақсаттары анықталып, міндеттері белгіленеді, объектісі мен пәні ай-қындалады, зерттеуде қолданылған негізгі ұғымдары анықталады, көз-емел (гипотеза) кұрылады;

- әдістеме тарауында зерттеуге түсетін адамдарды сұрыптау негізделеді, мәліметтерді жинақтау және оларды өндеу және талдау әдістері белгіленуі тиіс;

- зерттеуді ұйымдастыру тарауында зерттеушілердің жалпы саны және олардың арасындағы еңбек бөлінісі, зерттеудің мерзімі, реті, т.б. көрсетіледі. Бағдарламаның атқаратын міндетін оның үш тарауы камтыған мәсе-лелер аныктайтын боладыБағдарламаны әзірлеу жұмысы зерттеу проблемасын аныктаудан басталады. Шешім дайындау мақсатында жедел талдауды талап ететін жағдайды әлеуметтік проблема деп атайды.

Әлеуметтануда әлеуметтік проблемалар бес белгіге: 1) зерттеудің мақсатына орай; 2) проблеманы алға қарай алып жүрушілерге сәйкес; 3) проблеманың таралу көлеміне орай; 4) қарама-қайшылықтың әрекет ету уақытына карай; 5) оның терендік деңгейіне байланысты топтасады.

Әлеуметтік ақпарат алудын бірден-бір ұғымды тәсіліне құжатты сараптау әдісі жатады. Бұл зерттеу жұмысында кеңінен тараған және жан-жақты колданылады. Демек, ақпаратты сақтау мен жеткізу үшін адамның арнайы жасаған дүниесін әлеуметтануда құжат деп атайды. Құжаттарда жеке адамның, ұжымның, халықтын үлкен тобының және жалпы қоғамның қызмет процестері мен нәтижелері жөнінде мағлұматтар жинақталады. Сондықтан олар әлеуметтанушылар үшін аса маңызды.

Әлеуметтану ақпараттарының кайнар көздерінің топтары:

1) ақпараттың техникалык құралдарда белгіленуіне орай ерекшеленетін құжаттар.

 

           
     
 
 

 


Жазба құжаттар стенографиялық құжаттар фонетикалық

Қолжазба кино, фото дыбыс жазбалары

Баспасөз бейнелеу, сурет ЭВМ дискілер

2) құжаттың түпнұсқасының статусына жатқызылғандар немесе авторы-на белініп берілгендер ресми және ресми емес құжаттарға ажыратылады. Ресми құжаттар деп лауазымды адамдардың, қызметкерлердің арнайы дайындаған құжаттарын айтады. Бұған мемлекеттік статистика мен мемлекеттік архив мәліметтері, жиналыс хаттамалары, т.б. жатады. Ал ресми емес кұжаттарды жеке адамдар жасайды, яғни хаттар, күнделіктер, т.б. ресми емес деп атауға болады;

3) ақпараттың сақгалу көзіне орай ол бас-тапкы және екінші рет жасалған құжаттар болып екіге белінеді. Бастап-қы құжаттар — тікелей бақылаудың немесе сауалнама өткізудің негізінде алынған мәліметтер, ал екінші қатардағы құжаттар бастапқы күжаттарды сипаттаушы немесе қорытындылаушы болып саналады;

4) мақсат-міндетке қарай ажыраған құжаттар, бұған зерттеу бағдарламасына сәйкес ғалым-дардың күшімен алынған материалдар, басқа да мақсаттар үшін жасалған қолдағы құжаттар жатады;

5) мазмұнына қарай бөлінген құжаттар. Бұлар экономикалык, кұкықтық, тарихи, техникалык, т.б. болып топтаскан. Зерттеуші ез қызметінде көбіне-көп жазба құжаттармен, әсіресе әдебиеттермен, баспасөз басылымдарымен және машинкаға басылған материал-дармен жұмыс істейді. Ол тұрақты түрде статистикалық түпнұсқалар, есеп беру баяндамалары, мақалалар, сондай-ақ қоғамдық пікірді білдіретін баспасөз және теледидар мәліметтеріне арка сүйейді.

Құжаттармен жұмыс істегенде зерттеуші олардың сенімділігіне назар аударуы кажет. Осыған орай құжаттан алынар ақпараттың сенім-ділігін тексерістен өткізетін ережені білу шарт. Мұндай ережеге мына-лар жатады:

1) Окиғаларды суреттеуден оларға берілген бағаны ажырата білген дұрыс. Оқиғаларға берілген бағадан фактілер әлдеқайда сенімді болады. Кейде құжаттарға берілген баға болады, бірақ оларды суреттейтін жағдай толық берілмеген болып шығады. Әдетте мұндай кұжаттарға күмәндана карау керек;

2) Құжатты құраушының оны дайындаудағы ниетін, мотивін анықта-ған жөн. Өз жұмысы жөнінде есеп беріп отырған автор өзінің еңбегін асыра көрсетуге тырысады. Ал бақылаушы органдар, керісінше, жұмыс-тағы кемшіліктер мен қателіктерді теріп жазады;

3) Құжатты әзірлеуші адамның фактілерді, т.б. іріктеп алу әдісін де білген жөн. Бастапқы кұжат екінші рет жасалған кұжатка қарағанда әлде-кайда сенімді болады;

4) Кұжатты дайындау кезіндегі елдің, ұжымның, т.б. жағдайын білу шарт. Сонда ғана құжаттың сол уакыттағы жағдайды объективті беруі немесе бұрмалап отырғандығы анықталады.

Дәстүрлі әдіспен саралауда көбіне-көп зерттеуші интуицияға (көкей-көз) бой ұрып, кұжатты өзі ұғымы төңірегінде ғана түсініп, елге түсіндіруде субъективтік бұрмалаушылыққа жол беруі мүмкін. Құжаттың мазмұнын түсіну мен талдауға субъективтікпен қатар психологиялық алғышарттар да әсер етуі ықтимал, атап айтқанда, ес пен зер салудың тұрақтылығы, шаршап-шалдығу, т.б. Неғұрлым жан-жақты талдаудан өткен құжаттардың саны мен көлемі көп болса, соғұрлым олардың субъективтік бұрма-лаушылығы кемиді. Баспасөз ақпараттары деректерінің саны мен оның көлемінің артуы, ақпарат процесінің «бұқаралық» сипат алуы контент-талдаудың пайда болып, калыптасуының объективті алғышарттарына айналады.

Әдетте жүйеге келтірілмеген көп материалды сараптау қажеттігі туын-дағанда, талдауды іске асырғанда нақты жоғары дәлдік пен объективтілік талап етілгенде, зерттеуші үшін құжаттыңтілі маңызды болғанда ғана контентталдау әдістемесі қолданылады.

Құжаттарды формальды немесе контент-талдау кезінде зерттеу текст-пен жүргізіледі, бірак мұнда құжаттың мазмұнын ашатын мәнді белгілері анықталады, сонда ғана ол түсінуге, есептеу операциясын жүргізуге қолайлы болады және мәтінге кірмей тыс қалған ақиқат іздестіріледі. Мәтінде көрсетілмеген шындықты оқиғалар мен фактілерден, адамдар арасындағы қатынастардан іздеу жеткіліксіз, сондықтан ақиқатты мәтінді дайындау кезіндегі материалдарды іріктеу принципінен де іздестіру шарт. Басқаша айтар болсақ, зерттеуші үшін мәтіннің мазмұнына енген ой-пікірдің бәрі өте құнды, маңызды болып саналады.

Қонтент-талдаудың келесі маңызды принципі ретінде құжаттың мағы-насын ашатын бірліктерді анықтау қажет. Мәтіндегі ұғымдар, терминдер құнды әлеуметтік ақпарат береді. Мысалы, 1989-1991 жылдардағы баспасөз беттерінде жиі қолданылған егемендік, нарық, нарықтық қатынастар, т.б. ұғымдар елдің әлеуметтік-саяси және экономикалық жағдайының өзгергенін көрсетеді, осыларды ескере отырып, зерттеуші әлеуметтік талдау жасауы қажет

Әлеуметтану зерттеуі ғылыми ізденістің күрделілігіне қарай: барлаушылық, суреттемелік, талдаушылық болып үшке бөлінген

Бұл дәуір ХХ ғасырдың 20-шы жылдарынан басталып, біздің қазіргі өмірімізге дейінгіуақытты қамтиды. Бұл дәуір негізінде үш кезеңен тұрады.

Бірінші кезең 20-шы жылдардан 40-шы жылдарға дейінгі уақытты қамтиды. Бұл кезеңде эмпирикалық әлеуметтанудың басымдылығы байқалады; Екінші кезең - 40-шы жылдың екінші жартысынан 60-шы жылдың аяғына дейін созылды. Бұл уақытта, теориялық-әдістемелік әлеуметтанудың құрлымы күшейіп, эмпирикалық әлеуметтанудан жоғары көтеріледі. Үшінші кезең - 70-ші жылдардан бастап қазіргі уақытқа дейін жалғастары. Үшінші кезеңде теориялық әлеуметтанудың зерттеулерін микро–, макроәлеуметтанумен біріктіруге әрекет жасалады. Екінші жағынан, әлеуметтануды жеке ғылым ретінде жаңа деңгейге шығарып әлеуметтік процестерді зерттеу, оларды жаңа сапада түсіну, ұғыну мақсаттары қойылды. Жаңа интегративті бағыттар пайда болды.

Әлеуметтанудың ХХ ғасырдағы негізгі тенденциялары - эмпирикалық әлеуметтандың дамуынан басталады.

Эмпирикалық әлеуметтану деп, нақты зерттеулер жүргізуді, осылардың негізінде арнаулы әдістерді қолдану (сұрау, бақылау, тәжірибе, т.б.) арқылы жаңа фактілерді жинап, талдауды, қортыландыруды айтады.

Дегенмен, эмпирикалық нақты зерттеулер теориялық әлеуметтанудың дамуына белгілі бір шамада кедергі жасады, теорияның маңызы мен рөлін төмендетті. Сондықтан теориялық әлеуметтануды қайта көтеріп, жаңғырту қажет болды, өйткені әлеуметтік теориялық сұрақтарға уақтында дұрыс жауап берілмеді.

Бұл мәселелерді дұрыс шешуде американ әлеуметтанушылары Талкотт Парсонс, Роберт Мертон, Питирим Сорокин, т. б. зор еңбек сіңірді.

Талкотт Парсонстың (1902-1979 жж.) көп еңбектерінің ішінде біз оның екі негізгі еңбегін, яғни әлеуметтік іс-әрекет, қимыл және құрылымды–функциялды таллау қарастырғанымыз орынды болады.

Т. Парсонстің пікірінше, әрбір әрекет, қимылдың өзін-өзі ұйымдастыратын белгілі жүйесі, оның шартты белгілері бар. Олар: мысалы, тіл, құндылықтар, іс-әрекеттің, белгілі бір нормативті ережеге сәйкес, яғни іс-әрекеттің, қоғамда қабылданған нормаларға, құндылыққа тәуелді болуы.

Т.Парсонс құрылымдық-функционалды талдау теориясын онан әрі жетілдіру жолдарын іздеді. Ол жаңа эволюциялық емес тұжырымдамасын түйіндеді.

Онда ол қоғам құрылымының жіктелуіне басты назар аударады. Ал, қоғам құрылымының дифференциациялануы деп Т.Парсонс әрбір кезеңге сәйкес қоғам құрылымының күрделенуін түсінген. Ол құрылымның күрделенуі қоғамның және оның жүйелерінің тұрақтылығын азайтады, деп қорытынды жасайды.

Эмпирикалық және теориялық әлеуметтануды біріктіру идеясын бастаған ірі әлеуметтанушы Роберт Мертон (1910 ж.) болды. 1949 ж. оның «Әлеуметтік теория және әлеуметтік құрылым» атты еңбегі шықты. Оның пікірінше, эмпирикалық және теориялық әлеуметтанудың бірігуінің «алтын дәуірі» басталды. Белгілі әлеуметтанушы Питирим Сорокин (1889-1968 жж.) 1922-ші жылға дейін Ресейде тұрып, кейін Батыс Еуропа елдеріне эмиграцияға кетуге мәжбүр болды. АҚШ-та қызмет ете жүріп, эмпирикалық әлеуметтанудың зерттеу тақырыптары үлкен әлеуметтік мәселелерді қамти алмағанын байқап, оны өткір сынға алды. Ол әлеуметтік стратификация, яғни қоғамда топқа, жікке бөліну және әлеуметтік мобильдік (қозғалу, ауысу) мәселелеріне эмпирикалық зерттеу жүргізе отырып, бұларды әлеуметтік ірі мәселелерімен, мысалы, қоғамның әлеуметтік құрылымымен тығыз байланыстырды. Одан әрі ол қоғамның жалпы өзгерісін, қозғалысын осы алуан түрлі қоғамды құратын элементтердің атқаратын қызметімен байланыстырып түсіндіруге тырысты. Осындай элементтердің атқаратын қызметімен байланыстырып түсіндіруге тырысты. Осындай элементттердің бірі ретінде Сорокин әлеуметтік институттарды алды. Осыған орай ол әлеуметтік институттардың, оның негізгі түрлері: мектептің, бюрократияның, әскердің, мамандандырылған ұйымдардың, шіркеудің т.б. әлеуметтік мобильдікке қандай әсерлері бар екенін зерттеді.

П.Сорокиннің пікірінше, осындай негізгі топтардың үш түрі болады. Олар: сезімдік, ақыл-парасаттылық, идеалистік. Біріншісінде нақты дүниені тікелей сезімдер арқылы қабылдау, екіншісінде ақыл-парасатқа, ақылға жеңдіру арқылы, үшіншісінде - интуицияның (яғни, жорамалдап сезінудің) Басымболуы арқылы іске асырылады. Осылай мәдени типтің әрқайсысы дамып отырады және олар қоғамның ілгері дамуының әрбір кезеңіне тән.

П.Сорокиннің әлеуметтік мәдени тұжырымдамасы қоғамдағы әлеуметтік өзгерістердің пайда болатын көзін және қозғаушы күштерін анықтайды.

Одан әрі олардың диалектикасын анықтаудың әрекеті, талабы болады. Қоғамның бірігу тұрпаты туралы тұжырымдамасында П.Сорокин өзінің болашаққа көзқарасын тұжырымдады. 60-жылдары оның бұл тұжырымдамасы конвергенция тұжырымдамасының негізгі құрамында болды, өйткені П.Сорокиннің бұл тұжырымдамасы қоғамның алуан түрлі ұйымдары мен жүйелерінің арасындағы байланыс–қатынастарды және адамзат қоғамының талап-тілегіне оларды пайдалануды нақты түрде көрсетті. Олардың ішінде меншік түрлері мен саяси құрылымдағы плюрализм (алуан-түрлілігі), еңбекті және экономикалық тәртіпті ынталандыру, басқа елдермен қарым-қатынастардың, әдіс-тәсілдерін жоспарлау, т.б. болады. П.Сорокин жалпы адамзат қоғамы қиын-қиыстау жағдайды басынан өткізіп, өзгеріп отырса да, ол әруақытта бірігу бағытына қарай дамитындығын атап көрсетті.

 





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2017-03-12; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 2351 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Чтобы получился студенческий борщ, его нужно варить также как и домашний, только без мяса и развести водой 1:10 © Неизвестно
==> читать все изречения...

2407 - | 2289 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.012 с.