Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


Бұлшық еттің АТФ регенерациялаушы жүйесі.Креатинурия.




Жүмыс кезінде бүлшық етте заттар алмасуы күрт артады. Бүл кезде АТФ-тың қажеттілігі 1000 есе көбейеді. Бүлшық еттерде АТФ анаэробты гликолиз кезінде суб-стратты фосфорильдену реакциялары есебінен синтезделуі мүмкін. Бүлшық ет оттегімен жеткілікті қамтамасыз етілген кезде АТФ көмірсулы, липидті жэне аминқышкылды алмасу метаболиттерінің тотығуы кезінде, тотығып фосфорильдену реакцияларында синтезделеді. Жүмыс істеп жатқан бүлшық етте АТФ деңгейін толтыру креатинфосфаттың есебінен де жүреді, ол креатинфосфокиназаның эсерінен макроэргиялық фосфатты байланысты АДФ-ке жеткізеді. Аэробты процестердің деңгейі бүлшық еттің қанмен қамтамасыз етілуіне байланысты. Бүлшық ет жүмыс істеген сайын қан агыны күшейеді, капиллярлар кеңейеді, алайда жиырылу салдарынан кан тамырлары қысылып, бүлшық еттің қанмен қамтамасыз етілуі нашарлайды. Соның салдарынан мынадай жагдай байқалады: жүмыс істеп түрған жэне энергияны көп пайдаланатын бүлшық еттердің қанмен қамтамасыз етілуі оттегіні жеткізу фактісі бойынша жеткіліксіз болады. Оттегіге деген жогары қажеттілік оксимио-глобин түрінде қорға жиналған оттегі есебінен компенсацияланады. Алайда, оттегінің қоры азайған сайын, жүмыс істеп түрған бүлшық етте энергияны өндіру глюкоза катаболизмінің анаэробты дихотомиялық жолы есебінен жүзеге асырылады, оның қарқыны арта түседі.

Бүлшық еттерде АТФ-ты өндіру миокиназды реакция кезінде жүзеге асырылады. Бүлшық ет ферменті - миоаденилаткиназаның эсерінен АДФ-тың 2 молекуласынан АТФ-тың 1 молекул асы жэне АМФ синтезделуі мүмкін.

Миокиназды реакцияда түзілетін АМФ - гликолиздің негізгі ферменті - фосфофрук-токиназаның аллостериялық белсендіргіші болып табылады. Бүл механизм үзақ жүмыс істейтін бүлшық етте гликолиздің жеделдеуінің негізгі механизмі болып табылады. Қаңқа бүлшық етінен ерекше, жүрек бүлшық еті үнемі жүмыс істеп түрады, ол тэулігіне шамамен 7200 литр қанды айналдырып отырады. Миокардтың биоэнергетикасының ерекшелігі -АТФ молекуласы түрінде энергияны өндіру тек аэробты процестер, тотығып фосфориль­дену реакциялары есебінен жүретіні.

Атрофиямен сипатталатын бұлшық ет тканінің аурулары қанда креатиннің деңгейінің артуымен жэне оның зэрде пайда болуымен - креатинуриямен сипатталады. Креатин деңгейі оның синтезіне жэне креатининге айналуына байланысты. Креатинин де зэрмен шығарылады. Креатинин - креатинфосфаттың ферментті емес дефосфорильденуі кезінде түзіледі. Бүлшық ет дистрофияларында ағзадан креатиннің шығарылуы артады, ал креа­тинин төмендейді. Бул сірэ, булшық еттерде креатинфосфаттың түзілу жылдамдығының төмендеуімен байланысты.

Креатиннің зэрмен тэуліктік шығарылуы адамның бүлшық еттерінің салмағына тура пропорционалды болады. Креатинин бастапқы зэрден реабсорбцияланбайды, сондықтан шығарылатын креатининнің мөлшері түйінді фильтрацияның мөлшерін көрсетеді. Бүйрек аурулары кезінде (фильтрация бүзылғанда) зэрмен креатининнің шығарылуы төмендейді, ал оның қандағы концентрациясы артады.





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2017-03-12; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 1226 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

80% успеха - это появиться в нужном месте в нужное время. © Вуди Аллен
==> читать все изречения...

2240 - | 2105 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.007 с.