Бүлшық ет ткані морфологиясы бойынша 3 түрге бөлінеді: көлденең - жолақты, тегіс жэне жүрек бүлшық еті. Көлемі бойынша ол басқа тканьдердің арасында бірінші орында түр: балаларда дене салмағының 25% - ын, орта жастағы адамдарда- 40 % жоғары, қарттарда - 30% томен болады. Химиялық құрамы бойынша бүлшық еттің бүл 3 түрі де бір-бірінен көп ерекшеленбейді, бірақ қүрылысы мен қызметтерінің кейбір ерекшеліктері болады.
Ағзаның қаңқа бүлшық еттерінің химиялық қүрамы мынандай:
Су - 75-77%
Белоктар - 20-22%
Экстрактивті заттар - 1,5-2%
Липидтер - 1-3 %
Көмірсулар - 05 - 3%
Минералды заттар - 1%
Микроскопиялық зерттеген кезде қаңқа жэне жүрек булшық еттерінде - көлденең сызықтар анықталған, ал тегіс бұлшық еттерде - мұндай сызықтар болмайды. Көлденең -жолақты бүлшық еттерден ерекшелігі - тегіс бүлшық еттерінде тропонин белогы болмайды. Тегіс бүлшық еттерде актин мен миозиннің өзара эсер етуінің ингибиторы миозиннің Р -жеңіл тізбегі, ал көлденең - жолақты бүлшық еттерде - тропонин -1 болып табылады. Тегіс булшық еттерде жүрек жэне қаңқа мускулатурасына Караганда холестерин коп болады.
Жүрек бұлшық еттері өздерінің қүрылымы мен қасиеттері бойынша қызыл қаңқа бүлшық еттеріне ұқсас, бірақ мүнда қаңқа бұлшық еттеріне қарағанда холестерин мен фосфолипидтер коп болады. Қаңқа бүлшық етіне Караганда, жүрек бүлшық етінде гликоген метаболизмге азырақ үшырайды жэне оның деңгейі үлкен өзгерістерге үшырамайды. Қаңқа бүлшық етіне қарағанда, жүрек бұлшық етінде креатин мен АТФ - тың мөлшері 2 есе аз болады. Миокардта негізінен аэробты процестер жүреді. Жүрек бүлшық еті үшін энергияның негізгі қайнар көзі - май қышқылдары (жүрек бүлшық еті пайдаланатын оттегінің 70 % май қышқылдарының тотыгуы үшін жүмсалады), глюкоза, лактат жэне пируват болып табылады.
Бүлшық еттердің негізгі қызметі - жиырылу жэне босаңсу. Қаңқа бүлшық еттері жүйке жүйесі тарапынан реттеулі бақылауда болады, ал жүрек жэне тегіс бүлшық еттері өздігінен қызмет етеді. Көлденең - жолақты бүлшық еттері жиырылу үшін соңгы моторлы пластинка арқылы қозғалыс жүйке талшығы бойынша белгі келіп түседі, мүнда белгінің сарколеммаға берілуін ацетилхолин жүзеге асырады. Тегіс бүлшық еттер вегатативті жүйке жүйесі -симпатикалық жэне парасимпатикалық талшықтар бойынша, сэйкес медиаторлар арқылы белгіні қабылдайды.
Бұлшық еттің жиырылу қызметі химиялық қосылыстар энергиясының механикалық энергияға айналуымен байланысты. Бұл үшін мынадай жағдайлар болуы қажет:
- бүлшық еттерге үнемі химиялық энергия келіп түруы қажет,
- механикалық белсенділікті, яғни жиырылудың жылдамдығын, үзақтығын және күшін реттеудің механизмдері болуы қажет,
- энергияның айналуы реттеліп отыруы қажет,
- бүлшық еттердің бірнеше дүркін жиырылуы үшін оның бастапқы жағдайына, яғни бүлшық еттің бссаңсуының механизмы болуы қажет.
Көлденең - жолақты бүлшық ет көп ядролы, митохондрияларға бай клеткалардан (бүлшық ет талшықтарынан) түрады, ол электроқозғыш мембранамен - сарколеммамен қоршаған. Жекелеген бұлшық ет клеткасының үзындығы бұлшық еттің үзындығына тең болуы мүмкін жэне 12 см жетеді. Бүлшық ет клеткасының қалындығы 10-100 мкм. Микроскопия кезінде саркоплазмада (цитоплазмада) түйіндер табылған, олар параллель орналасқан көптеген миофибриллалардан түрады. Әрбір миофибрилла көптеген саркомерлерден құралған, олардың үзындыгы 1500-2300 нм, олар бір - бірінен Z пластинкалармен бөлінген, бүл пластинкалар а-актин белогынан түрады.
Саркомер - бүлшық еттің функционалдық бірлігі. Әрбір саркомер 2 түрлі - жуан жэне жіңішке - белоктық жіпшелерден (филаменттерден) қүралган. Жуан жіпшенің негізгі бело-гы - миозин, ал жіңішке жіпшенікі - актин, тропонин, тропомиозин болып табылады.
Әрбір жуан филамент алты жіңішке жіпшемен қоршалған. Жіңішке жіпшенің негізгі құрылымдық компоненттері а - актин болып табылады. Жуан жіпшелердің қарама-қарсы полярлыгы бар 2 соңы бар, оларда өскіндер орналасқан. ¥зындығы 150 нм болатын жуан филаменттердің ортаңғы бөлігінің өскіндері болмайды. Жуан жіпшелердің өскіндері миозин-нен қүралған, оның көптеген молекулаларынан саркомердің жуан филаменттері жиналған. Жарық микроскоптан көрінетін бұлшық еттің көлденең жолақтануы - бүл бұлшық ет клеткаларының өзгеше үйымдастығы мен миофибриллалардың бір-біріне қатысты орналасуының нэтижесі.
Булшық еттердің жиырылуы кезінде жуан жэне жіңішке жіпшелердің ұзындығы өзгермейді, бірақ бүл жагдайда жуан жіпшелердің миозинінің бас жағының иілу бұрышы өзгереді. Соның нэтижесінде саркомердің үзындығы, яғни бұлшық ет клеткасының үзындығының қысқаруы жүреді.