Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


Дәріс. Қылмыс құрамы – саралаудың заңдық негізі




Жоспары:

1. Қылмыс құрылымы мен құрамының түсінігі

2. Қылмыстық құрамның түрлерінің қылмысты саралаудағы алатын орны

3. Қылмыс құрамының мазмұнын тұсінудің қылмысты саралаудағы маңызы

Негізгі ұғымдар: Кезең,Әлеуметтік құбылыс,Реттеу функциясы, Құбылыс

Қылмысты саралауда қоғамға қауіпті іс-әрекеттің және қылмыс құрамының белгілерінде қарама-қайшылық орын алады, бірақ қарама қайшылық қылмысты саралауда құқықтық бағалау ретінде маңызы жоқ. Қылмыстық жазаның, қылмыстық жауаптылықтың, қылмыстық құқықтық қатынастың ұғымына зер салып қарасақ, олардың айырмашылығына міндетті түрде зер саламыз. «Тепе-теңдік» пен «ұқсастықтың» арасында айырмашылық туындайды, ал айырмашылықтың ең терең деген шегі қарама қарсылық. Мұның да өзіндік диалектикасы бар, «үйлестік айырмашылыққа, ал айырмашылық қарама қарсылыққа өтеді». Қарама қарсылық деген не? Қарама қарсылық ұғымын философиялық тұрғыда талдасақ ол табиғаттағы, қоғамдағы, адам санасындағы бірін-бірі жоққа шығаратын және соымен қатар бірінсіз-бірі өмір сүре алмайтын заттар, құбылыстар, тенденциялар арасындағы қатынастар. Қандай да бір зат болмасын құбылыс болмасын, ол қарама қарсылықсыз өмір сүрмейді, мәселен әрекет пен әрекетсздік, дұрыс пен бұрыс, жалпылық пен жекелік, қарама қарсылық әрбір заттың өз ішінде де болады. Мәселен, қылмыстық құқық теориясындағы қылмыс құрамындағы объект пен субъект, қылмыс құрамының объективтік жағы мен субъективтік жағы, әрекет пен әрекетсіздік, өмір мен өлім т.б. Мысалы, қылмыстың объективтік жағы сыртқы белгілерін құраса, субъективтік жағы ішкі эмоциялық, яғни қылмыстың ішкі мәнінен көрініс табады, бірақ қарама қарсылық қылмысты саралауда рөл атқармайды. А.С. Новиченко мен А.В. Наумовтың пікіріне жүгінсек, қылмысты саралау онтологиялық (тәжірибелік қызмет әрекеті), гносеологиялық (ғылым, дүние тану), логикалық аспектілер болып бөлінеді, — деді. Онтологиялық аспектіде қылмысты саралауды ресмиленген қызмет органдары (тергеу, сот, прокуратура, анықтау) жүзеге асырады. Бұл жағдайда қылмысты саралаудың орны маңызды. Гносеологиялық аспектіге қылмысты саралау белгілі болжамды нәтижеге байланысты болады, яғни қылмыс жасалған ба, қылмыс қандай мақсатпен жасалған деген сұрақтарға жауап береді. Логикалық аспектіге қылмысты саралау ой тұжырымның желісінен өткізу болып табылады. осыған орай, В.Н. Кудрявцев жоғарғы аспектілерге байланысты қылмысты саралауды төмендегі кезеңдерге бөліп қарастырады.

1) Саралау- ұзақ қамтылған процесс;

2) Саралау- құқық қорғау органдарының іс-әрекетіне сай белгіленген, заңды

актіге ресмиленген қорытынды құжат.

Сондықтан, қылмысты саралаудың әдістемелік негізгі материалистік түсінікте қараларды, яғни заң нормасының жалпы мағынасы мен нақты іс-әрекеттің құбылысының арасындағы байланыс. Заң нормасы бізге мәлім құбылыс ретінде жылпы, абстракты ұғымда жүзеге аысырылады. Жалпы алғанда, қылмысты саралау, яғни қылмыстық құқықтық саралау заңдылық саралаудың негізгі түрі. Қылмысты саралауда белгілі тұлға құқық бұзушылықтың қайсы түрін бұзуды, мінекей осы мәселені анықтап алуымыз қажет. Ал бізге белгілі жағдай, құқық бұзушылық бірнеше түрге бөлінеді. Олар: азаматтық құқық бұзушылық, әкімшілік құқық бұзушылық, қылмыстық құқық бұзушылық. Демек, қылмыстық саралау қылмыстық құқық бұзушылықта жүзеге асырылады. Құқық бұзушылық заң жүктеген міндетті орындамау, заң тыйым салған әрекетті жасау, яғни құқық бұзғаны үшін кінәлі адам заң бойынша жауапқа тартылады. Құқық бұзушылықтың түрлері өзара қоғамға қауіптіліктің дәрежесіне, мөлшеріне байланысты. Шынында да, әкімшілік құқық бұзушылық қоғамдық ортада цензуралық (әдепті) балағат сөзсіз болып табылады. Бұл әрине қоғамға қауіпті қылмыстардың дәрежесінен төмне. Негізінен құқық бұзушылық заң бойынша екіге бөлінеді: 1) қылмыс; 2) теріс қылық. Қылмыс құқық бұзудың ең ауыр түрі. Қылмыс жасағаны үшін кінәлі адам қылмыстық жауаптылыққа тартылады. Теріс қылық үшін жауаптылықтың үш түрі бар: әкімшілік жауаптылық (мысалыкөшеде жүру, автокөлік жүрізу тәртібін бұзғаны үшін); тәртіптік жауаптылық (еңбек етуге байланысты міндеттерін орындамағаны үшін); азаматтық құқықтық (мүліктік) жауаптылық. Заң бойынша қылмыстық құқық бұзушылыққа қылмыс құрамының төрт элементі түгел болғанда ғана тартылады. Олар: Объект, объективтік жа,ы. Субъект, субъективтік жағы. Егер аталған төрт жақтың біреуі болмаса, тұлға жауапқа тартылмайды. Төрт жағының түгел болуы қылмыстық немесе әкімшілік жауапқа тартылған жағдайда қажет. Азаматтық құқық бұзушылыққа тұлға тікелеу кінәсі болмаса да келтірілген зиян үшін жауаптылыққа тартылуы мүмкін. Мысалы, автокөліктің иесі оны жүргізуді басқа біреуге тапсырса, жүргізушінің біртұтас келтірілген зиянын көлік иесі төлейді. Мемлекеттік мәжбүрлеу шаралары белгіленген болса, кінәсәздәк болжамы қолданылады. Тұлғаның кінәсі дәлелденбей, ол қылмыстық немесе әкімшілік жауаптылыққа тартылмайды Әрине, қлмыс құқық бұзушылықтың жеке бір көрінісі болып табылады. осыған орай, қылмысты азаматтық құқық, әкімшілік және тәртіптік құқық бұзушылықтан және бейморальдық жат қылықтардан ажырата білудің маңызы ерекше. «Қылмыс пен басқа құқық бұзушылықтың өзара басты айырмашылығы құқыққа қайшылықтың мәніне байланысты»- деді А.Н. Ағыбаев. Шынында да, басқа құқық бұзушылық құқық саласының басқа нормаларына, заңдар мен нормативтік актілерге қайшы. Істелген қылмыстың зардабы болып мемлекеттің ең ауыр күштеу шарасы қылмыстық жаза және содан туындайтын сотталғандық атақ болып табылады. басқа құқық бұзушылықта мұндай жазалау шаралары жоқ, ол қолданылған ықпал ету шаралары сотталғандық атақ әкелмейді. Айталық, кейбір қылмыстар басқа құқық бұзушылықта орын алмайтын қоғамдық қатынастарға (адамның өмірі, мемлекеттің қауіпсіздігі) қол сұғуда. Мәселен, А.Н. Ағыбаев «Қылмыс пен басқа құқық бұзушылықты бір-бірінен қоғамға қауіптілік дәрежесінін көрсеткіші арқылы ажыратуға да болады» деп өз тұжырымын ұсынды. Алайда, жоғарыдағы тұжырымды айқындап қарасақ, қылмысты қол сұғушылықтың объектісі бойынша айқындалатын қоғамға қауіптіліктің сипаты мұндай іс-әрекетті қылмыс қатарына жатқызуға мүмкіндік береді. Яғни, мұндай жағдайда қылмысты басқа құқық бұзушылықтан ажыратудың еш қиындығы жоқ.

 





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2017-03-12; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 1096 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Начинайте делать все, что вы можете сделать – и даже то, о чем можете хотя бы мечтать. В смелости гений, сила и магия. © Иоганн Вольфганг Гете
==> читать все изречения...

2285 - | 2070 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.012 с.