«Қылмыстарды саралаудың теориялық негіздері» пәні бойынша СӨЖ мына жағдайларды қарастырады:
- білімгерлердің белсенділігі мен жан-жақты ізденуінде қазіргі замандағы теория мен практиканы ұштастырудың жаңа нысандары мен әдістерін ойластыру (әртүрлі ойындар, мәселені талқылау, ситуациялық жағдайлар ойластыру, т.б.);
- тақырыпты өз бетінше теориялық жағынан талдау, жоспарын құру, аннотация жасау, іздену (өз таңдауы бойынша);
- пән тақырыптары бойынша кішігірім сөздік құрастыру;
- шағын топ болып зерттеудің жобасын жасау, презентациялау;
Курсты оқу барысында білімгерлер тақырыптарға қатысты деректер көзімен жұмыс жасауға:
- Қылмыстарды саралаудың теориялық негіздері пәні бойынша әдебиеттер мен нормативтік-құқықтық актілермен танысу (ғылыми, оқу, заң терминдері, заңдар, анықтамалар), яғни кітапханада әртүрлі дерек көзімен жұмыс жасауға, ізденуге тырысады;
- талап бойынша тақырыпқа сай әдебиеттерді көрсетуге және нақты сол дерекпен жұмыс жасауға дағдыланады;
- дерек көздері бойынша ойын анық жеткізуге, жоспар жасауға, тезистер, конспект жасауға, тақырыпқа қатысты хабарламалар алуға, реферат жазуға;
- дерек көздеріне сүйене отырып, өз көзқарасын ұстауға, нақты дәлелдер келтіруге, ойын жинақтауға;
Әдебиеттермен жұмыс жасай отырып, мәселені талқылауға белсене қатысады.
Білімгерлердің ізденіс қабілеттерін дамытуға және белсенділіктерін арттыруға көп көңіл бөлінеді:
- ситуациялық жағдайларды ойластыру, талдау жасау;
- пікірталастар тудыру, өз құқықтарына нұқсан келген жағдайларды анықтау, тығырықтан шығу жолдарын іздестіру, тез ойын жинақтау;
- күнделікті өмірде құқығына жиі нұқсан келетін кездерді анықтау, мәселені қоя білу, нақты сүйенетін фактілерді көрсету;
- тақырыпқа қатысты проблемалық сұрақтарды қоя білу.
СӨЖ –дің күнтізбелік – тақырыптық жоспары
№ | Тапсырмалардың мазмұны | Сағат саны | Тапсыру мерзімі | Бақылау түрі |
1.Қылмысты саралау ұғымы 2.Қылмысты дұрыс саралаудың маңызы 3.Қылмыс құрылымы мен құрамының түсінігі | Конспект, баяндама, салыстырмалы кесте | |||
1.Қылмысты істеу сатыларының сипаттамасы және саралау негіздері 2. Қылмыс істеуге дайындалу мен оқталуды саралау 3. Ауыр және аса ауыр қылмыстарға дайындалғандығы үшін саралау мен жауаптылық | кесте құру | |||
1. Жеке адамға қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтардың түсінігі 2. Жеке адамға қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтардың түрлері бойынша саралау | Слайд түрінде | |||
1. Мемлекеттік қызмет пен мемлекеттік басқару мүдделеріне қарсы сыбайлас жемқорлық және өзге де қылмыстық құқық бұзушылықтардың сипаттамасы 2.Қылмысты дұрыс саралаудың маңызы | Слайд түрінде | |||
Барлығы: |
Глоссарий
Ұрлық - мүлікті жасырын түрде жымқыру; қоғамдық немесе жеке меншікке қарсы жасалған қылмыстардың сапасына жатады.
Қашқындық - қылмыстық құқықта: Әскери қызыметшінің әскери қызыметтен жалтару бөлімшені немесе қызмет орның өз бетімен тастап кету сонымен қатар тап сондай пиғылмен тағайындау, орнын ауыстыру кезінде қызметке келуі, іс сапардан еңбек демалысынан немесе емдеу орнынан оралуы.
Экстрадиция (фр. extradіtіon – беру, табыстау) – мемлекеттің өз аумағындағы қылмыскерді қылмыстық жауаптылыққа тарту мақсатымен немесе сол адамға қатысты шығарылған шетел сотының үкімін орындау үшін оны басқа мемлекетке беруі.
Хабарсыз кету - тұрақты тұратын жерінде азаматтық ұзақ уақыт бойы болмауын сот тәртібімен айқындау.
Қылмысты әрекетсіздік - қылмыстық қылықтың бір түрі. Қасақылық - жан -жануарларды қорғау туралы заңдар мен ережелерді бұзып, аң -құс, балық аулау, өсімдіктерді, тал - бұталарды рұқсатсыз кесіп, жұлып, бүлдіру.
Қылмыстық іс – жасалды деп жорамалданған бір немесе бірнеше қылмыстар бойынша қылымстық ізге түсу органы мен сот жүргізітін оқшауландырылған іс жүргізу.
Парақорлық - қолданыстағы қылмыстың құқықта: қылмыстың үш түрін: пара алуды, пара беруді, парақорлыққа делдан болуды қамтитын ұғым.
Виктимология -(латынның Victrima - "құрбандық" деген) -криминологияның бір тарауы қылмыстық әрекеттің құрбаны туралы ілім.
Аралық бақылау сұрақтары