*Абсцесті (іріңдік) пневмония
*Бронхоэктаз ауруы
*+Инфильтративті өкпе туберкулезі
*Обырдың (рак) қуысты формасы
*Солитарлы киста
!Шашыранды өкпе туберкулезі ыдырау фазасы БК+, науқасқа I категория бойынша ем жүргізілді. Изониазид тамырына 6% ертінді түрінде енгізілді. 3 есе аса препараттың дозасы қате жіберілгеніне байланысты, науқаста жеке бұлшық тобында сіреспе, сана сезімін қысқа мерзімге жоғалту пайда болды. Бірінші ретте жедел дәрігерлік көмек беруге сіздің нұсқауларыңыз:
*Пирацетам тағайындау
*Кардиостимуляторлар тағайындау
*Реанимациялық бөлімшеге науқасты аудару
*+2,5 г дозада В6 витаминді тамырға жіберу
*Миорелаксанттар жіберу және басқарулы тыныс алуға көшу
!Өкпенің милиарлы туберкулезі алғашқы анықталған науқасына DOTS I категориясымен ем басталды, бірақ 2 аптадан кейін токсикалық гепатиттің белгілері пайда болды. Науқасты әрі қарай емдеуінің тиімді нұсқасын алыңыз:
*+Уақытша препараттарды тоқтату, гепатопротекторлар тағайындау
*Этамбутолды қабылдауын тоқтату
*Резервті препараттармен емдеуді бастау
*DOTS II категориясына қайта тіркеу
*Емді жалғастыру
!Емханада профилактикалық тексеруде кезінде лауазымды контингент жұмысшысы (босандыру бөлімінің медицина бикесі) флюорографиямен тексерілген, өкпеде өзгерістер жоқ деп қортынды берілді. 8 айдан кейін біртіндеп жағдайы нашарлау кезінде (интоксикациялық және кеуделік синдромдар белгісі білінді), сол емхананың дәрігеріне барды және флюорографиялық қайта тексеру кезінде: өкпеде сол жағында жоғарғы артқы сегментінде айқын емес ошақты-фиброзды өзгерістер, жанында сақина тәрізді тұйық 3 см дейін қараю байқалды, туберкулезге күдіктенді. Науқастың диагнозын дәлелдеуге фтизиатр-дәрігердің ең тиімді іс-әрекетін көрсетіңіз:
* науқастың бұрынғы флюорограммасын қайта оқу
*+өкпе томографиялық зерттеуі
*тыныс алу мүшелерін рентгеноскопиялық зерттеу жүргізу
*өкпе ангиографиясын тағайындау
*өкпені компьютер томографиялық зерттеу жүргізу
!Бала 3 жаста туберкулезге қауіп тобынан. Туберкулезбен ауыратын атасымен қысқа уақыттық контактіде болған. Жұғылықты анықтау мақсатында 2 ТБ Манту сынамасы жүргізілген. Папула - 10 мм. БЦЖ тыртығы 5 мм. Алдыңғы 2 ТБ Манту сынама нәтижесі: 1 жаста - 6 мм, 2 жаста - 4 мм. Аймақтық жалпы дәрігердің жүргізу керек тактикасы?
*+Өкпе R-графиясы, ЖКА, ЖЗА, фтизиатр кеңесі, химиопрофилактика
*3 реттік қақырық микроскопиясы, ЖҚА, ЖЗА, фтизиатр кеңесі
*Өкпе рентгенографиясы, фтизиатр кеңесі, химиопрофилактика
*Қайталама Манту сынамасы, өкпе рентгенографиясы, фтизиатр кеңесі
*ЖҚА, ЖЗА, өкпе рентгенографиясы, фтизиатр кеңесі, окулист
!Міндетті контингенттерге жататын адамдарды флюорографиядан уақытында өткізуді кім қадағалайды?
*туберкулезге қарсы диспансері
*рентгенологиялық қызметі
*сол жердегі қызметкердің мекеме бастығы
*+участкілік терапевттер
*санитарлы-эпидемиологиялық қызметі
!ДДСҰ ұсынысына сәйкес әр турлі жағдайларға байланысты «нәтижесіз емдеу» дегеніміз не?
1 – екі ай емнен кейін ТМБ+
2 – бес ай емнен кейін ТМБ+
3 – ем басында ТМБ- болып, екі ай емнен кейін ТМБ+
4 – ТМБ төзімділігі дамығанда
5 – туберкулездің асқынулар дамуында
Дұрыс жауапты таңдаңыз:
*+2 және 3 үйлесушілігі
*1 және 3 үйлесушілігі
*3 және 4 үйлесушілігі
*2 және 5 үйлесушілігі
*3 және 5 үйлесушілігі
!5 жасар балада профилактикалық тексеруде 2 ТБ Манту сынағына оң мәнді реакция, 8 мм папула байқалды. Диагноз – Туберкулин сынамасының «виражы» (біріншілік туберкулез инфекциясының ерте кезеңі) деп төмендегіге байланысты қойылды:
*папуланың көлемі
*туберкулезбен ауыратын туысымен қатынаста болуы туралы мәлімет
*туберкулиннің жіберілген дозасы
*+бұрынғы жылы Манту сынамасына теріс реакция болуы
*баланың жасына
!Жүкті әйелде (30 апта) кеудедегі ауырсынуға, 37,5°С дейін қызуы көтерілуге, шаршағандыққа шағымдар пайда болды. Өкпенің рентгенографиялық зерттеуде оң жақтың S1-S2 ошақты өзгерістер табылды. Қақырықта микобактериялар анықталды. 2 ТБ Манту сынамасына реакция – 10 мм. Алдынғы рентгенолоиялық тексеру кезінде бір жыл бұрын патологиялық өзгерістер табылмаған. Дәрігерлік әрекетті анықтаңыз:
*жүктілікті үзу
*+тубдиспансерге жатқызу
*екі АБП амбулаторлы химиопрофилактика
*Кох сынамасын жүргізу
*БЦЖ егу
!Шашыранды өкпе туберкулезі ыдырау фазасы ТМБ+, науқасқа I категория бойынша ем жүргізілді. Изониазид тамырына 6% ертінді түрінде енгізілді. 3 есе аса препараттың дозасы қате жіберілгеніне байланысты, науқаста жеке бұлшық тобында сіреспе, сана сезімін қысқа мерзімге жоғалту пайда болды. Бірінші ретте жедел дәрігерлік көмек беруге сіздің нұсқауларыңыз:
*пирацетам тағайындау
*кардиостимуляторлар тағайындау
*+2,5 г дозада В6 витаминді тамырға жіберу
*реанимациялық бөлімшеге науқасты аудару
*миорелаксанттар жіберу және басқарулы тыныс алуға көшу
!39 жастағы, науқас Н., оң өкпе жоғарғы бөлігінің инфильтративті туберкулезімен 6 ай бойы стационарлық емдеуде жатыр. Ем нәтижесіз, сәулелік зеттеу әдістерімен S2 дөңгелек пішімді диаметрі 4 см қуыс, тегіс шетімен, түбірде кальцинаттар. Қақырықта ТМБ анықталмаған. Қанның клиникалық анализі қалыпты. Диагнозды табыңыз:
*инфильтративті туберкулез
*+кавернозды туберкулез
*цирротикалық туберкулез
*туберкулема
*фиброзды-кавернозды туберкулез
!Ересектерде туберкулез диагнозын қойған кезде ең маңызды болып табылады:
*+қақырықтың туберкулез микобактерияларына тексерісі
*көкірек қуысын рентгенологиялық тексеру
*Манту сынамасы
*жалпы қан және несеп талдауы
*көкірек қуысының перкуссиясы және аускультациясы
!Аталған аурулардың қайсысы ересектердегі ателектаздың жиі себебі болып табылады:
*Көкірек ішілік лимфа түйіндерінің туберкулезі
*+Өкпенің орталық обыры
*Бронхоэктаздық ауру
*Обструктивті бронхит
*Жедел пневмония
!Бронхтың ісікпен обструкциясының ең ерте симптомы:
*бөлік ателектазы (сегменттің)
*гиповентиляция
*+эмфизема
*бейспецификалық қабыну
*обструктивті бронхит
!Туберкулездік этиологиялы экссудативті плеврит үшін ең тән рентгенологиялық белгі:
*плевра қуысында сұйықтық пен ауаның болуы
*+плевра қуысында сұйықтықтың және өкпенің жоғарғы бөліктерінде жұмсақ ошақтардың болуы
*плевра қуысында сұйықтықтың көлденең деңгейі
*өкпе түбірінің бір немесе екі жақты ұлғаюы
*зақымдану жағынан диафрагманың жоғары тұруы
!Бронхоскопия осы мақсатпен жасалады:
*туберкулез микобактерияларын табу үшін
*+бронх тармақтарының жағдайын анықтау үшін
*лимфа түйіндер зақымдалуны бағалау үшін
*диагностикалық мақсатпен
*емдік мақсатпен
!Өкпе туберкулезімен науқаста қандай сипатты қақырық жиі болады?
*мол, «ауыз толтыра»
*мол, шырышты-іріңді, үш қабатты
*мардымсыз, жабысқақ, тот басқан тәрізді
*мол, іріңді, сасық
*+шамалы мөлшерде, шырышты-іріңді, кейде қан араласқан
!Манту сынамасы мен профилактикалық екпе аралығы кем болмауы керек:
*3 кун
*10 күн
*2 апта
*1 ай
*+2 ай
!Бала 6 жаста. 2ТЕ манту сынамасының нәтижесі – 10мм. Туберкулинді сынаманың динамикасы: 1 жас – 7 мм, 2 жас - 4 мм, 3-5 жас - теріс. Тексеру жоспарын тағайынданңыз:
*БХҚА; бронхоскопия; спирометрия
*БХҚА; кеуде клеткасының компьютерлі томографиясы
*қақырық микроскопиясы; кеуде клеткасының ультрадыбыстық тексеруі
*ПЦР әдісімен қақырықты тексеру; бронхография
*+ЖҚТ, ЖЗТ, кеуде клеткасының рентгенографиясы
!Науқас 22 жаста. Дене қызуының 37.6 С дейін жоғарылауы, үнемі емес құрғақ жөтел, тез шаршағыштық. Ренгенінде: оң жақ өкпенің жоғарғы аймағында гомогенді емес, сыртқы контуры айқын емес қараю байқалады. Қақырық микроскопиясында МТБ анықталмаған. Қандай тактика болуға тиіс?
*Туберкулезға қарсы препараттармен емдеу, қайта тексеру 2 аптадан соң
*+Кең спектрлі АБ препараттармен емдеу, қайта тексеру 2 аптадан соң
*Симптоматикалық ем, қайта тексеру 1 айдан соң
*Туберкулезға қарсы препараттармен емдеу, қайта тексеру 1 аптадан соң
*Кең спектрлі АБ препараттармен емдеу, қайта тексеру 1 айдан соң
!Науқас 42 жаста. Бала кезінде туберкулезбен ауырған. Шағымдары: қақырықты жәтел, арықтау, терлегіштік, дене температурасының 37,2 С жоғарылауы. Рентгенологиялық: оң жақ өкпенің жоғарғы бөлігінде масссивті қараю ошағы ағару аймақтарымен. Өкпе тамырлары ұлғаймаған. Диагноз қойыңыз.
*Ошақты туберкулез. Жаңа жағдай.
*Кавернозды туберкулез. Басқа.
*+Инфильтративті туберкулез.Рецидив.
*Диссеминирленген туберкулез. Жаңа жағдай.
*Туберкулема.
!Бала 6 жаста. 2ТЕ манту сынамасының нәтижесі – 10мм. Туберкулинді сынаманың динамикасы: 1 жас – 7 мм, 2 жас - 4 мм, 3-5 жас - теріс. Тексеру жоспарын тағайынданңыз:
*БХҚА; бронхоскопия; спирометрия
*БХҚА; кеуде клеткасының компьютерлі томографиясы
*қақырық микроскопиясы; кеуде клеткасының ультрадыбыстық тексеруі
*ПЦР әдісімен қақырықты тексеру; бронхография
*+ЖҚТ, ЖЗТ, кеуде клеткасының рентгенографиясы
!Халық саны 182 мың адамнан тұратын аймақта жыл аяғында 197 науқас фтизиатрда диспансерлік есепте тұрады. Аурушандылықтың көрсеткішін анықтаныз:
*102,2
*103,8
*104,2
*106,8
*+108,2
!БМСКК/ПМСК ұйымында істейтін медицина қызметкерлеріне не жұқтелген:
*+қақырықтың жағындысын микроскопиялық әдіспен зерттеп туберкулезді ерте анықтау
*емнің категориясы және науқастың типі бойынша туберкулезді тіркеу
*үрдістің орналасқан жеріне байланысты туберкулезді тіркеу
*диспансерлік есеп тобын ұйымдастыру
*БЦЖ вакцинасын қолдану
!Сол өкпенің төмеңгі бөлігінің туберкулемасы, ыдырау фазасы, ТМБ+ 36 жастағы Д., еркектен дәрігерге қаралу арқылы анықталды. Анамнезінде: 6 жыл бұрын оң өкпенің инфильтратты туберкулезімен ауырып жазылған. Қант диабетінің 2 типімен ауырады.
«Туберкулезбен ауырған науқастың аталған типтерінің» қайсысына пациент жатады?
* емдегі үзіліс
* сәтсіз ем
*жаңадан анықталған жағдай
*+рецидив
*басқалар
!Пациенттің жалпы хал жағдайының және көңіл күйінің жақсаруына қарамастан емге мониторинг өткізгенде қақырық жағындысында бактериоскопиялық әдіспен ТМБ++ оң анализы анықталды. Келешекте пациентті жүргізу тактикасын анықтау үшін аталған зерттеу әдістерінің қайсысы өте маңызды?
*қақырықты ТМБ-на бактериоскопиялық әдіспен зерттеу анализын қайталау
* қақырықты ТМБ-на люминесцентті әдіспен зерттеу анализы
*+Gene-Xpert және BACTECәдісі бойынша қақырықты зерттеу анализы
*қақырықты екіншілік флораға зерттеу анализы
*қақырықты кандидаға зерттеу анализы
!ӨСОА/ХОБЛ ауыратын 53жастағы С., еркек «Өкпенің ошақты туберкулезі,ТМБ-» деген диагнозбен ауруханада ем қабылдап жатыр. Емдеу барысында температурасы 380 C дейін көтерілді, бейпродуктивті жөтел мазалады. Туберкулездің өршуін күдіктенді. Қанды зерттегенде: ЭШЖ – 42 мм/сағ., лейкоциттер- 12х109/л, қақырықта барлық көру аймағында лейкоциттер көрінеді. Рентгенде ыдырау қуысы анықталмады.
Хал жағдайының нашарлауына аталған себептердің қайсысы болуы мүмкін?
*өкпе рагіна күдіктену
* туберкулездің өршуі
*тұмауға күдіктену
*ӨСОБ/ХОБЛ өршуі
*+пневмония
!39 жастағы Е., еркекті әлсіздік, тершендік, жөтел қақырықпен, субфебрилитет мазалады.рентгенограммада: екі өкпеде симметриялы ошақты көлеңкелер көрінеді, олардың бояу қанықтығы әртүрлі, кей жерлерде бір бірімен қосылады және оң өкпенің жоғарғы бөлігінде «штампты» каверна анықталады өлшемі 2,0х3,5см диаметрінде. Қақырығында МТБ+, Gene-Xpert+, рифампицинге төзімділік анықталған. Қан анализынде: лейкоциттер-10,2х109, ЭШЖ 38 мм/сағ. Өкпенің диссеминирлі туберкулезі, ыдырау фазасы, ТМБ+,рецидив деген диагноз қойылды.
«Туберкулезбен ауырған науқастың типіне» байланысты төменде аталған қай категория бойынша пациентті емдеу ең орынды?
*4 «Г» категорияны
*+2 категорияны
*1 категорияны
*3 категорияны
*4 категорияны
!Сол кеудесінің ауырсынуына, ентігуге, температурасы 390 C дейін көтерілуіне, құрғақ жөтелге, әлсіздікке шағымданған 27 жастағы Д., әйелдіауруханаға жатқызды. 2 айдай ауырады. Теңіздің жағалауында демалып келгеннен кейін хал жағдайы нашарлай бастады. Тексергенде: тері жабындысы бозғылт. Кеуденің сол жартысы тыныс алу актісіне қатыспай қалып қояды, перкуторлы- өкпелік дыбысы тұйық, тынысы естілмейді. Рентгенограммада: сол жағында 3 қабырғадан бастап диафрагманың күмбезіне дейін гомогенді күнгіртену көлеңкесі көрінеді, бояу қанықтығы жоғары. Гемограммада: лейкоциттер-14,0х109; ЭШЖ 60 мм/сағ. Төменде аталған болжамалы диагноздардың қайсысы болуы мүмкін?
*сол жағының бұлттәріздес инфильтраты
*+сол жағының эксудатты плевриті
*сол өкпенің инфильтраты
*сол жағының пневмоплевриті
*сол өкпенің лобиты
ИНФЕКЦИОННЫЕ БОЛЕЗНИ
!22 жастағы әйел, емхана дәрігеріне ауыруының 3 ші күні ауызының құрғауына, заттардың екі еселеніп көрінуіне, көру қабілетінің нашарлауына, жутынудың қиындауына, қақалуына, жалпы әлсіздікке шағымданып келді. 3 күн бұрын қонақта салат, кәуап, үйде жасалған консервіленген шұжық жеген. Келесі күні әлсіздік, ауызының құрғауы, эпигастрии аймағында ауырсыну, 2 рет құсу болған. Көз алдында “тор”, заттардың екі еселеніп көрінуі, жұтынудың қиындауы, даусының қарлығуы пайда болғанын байқаған. Қарап тексергенде: есі анық, екі қабақта птоз, мидриаз. Сұйық тағамды жұтуы қиындаған, тамағында жайсыздық сезінеді.
Ең ықтимал диагноз?
*+Ботулизм
*Мидың ісігі
*Гипертониялық криз
*Тағамдық токсикоинфекция
*Ми қан айналымының жедел бұзылысы
!28 жастағы ер адам, ауруының 2-ші күні терапевт дәрігеріне қаралған. Шағымдары: іштің толғақ тәрізді ауруы, жүрек айну, бастың ауруы, тәулігіне 10 рет сүйық нәжіс болуына, тенезмдер, жалған шақырулар. Қарап тексергенде: дене қызуы - 38,0°С, АҚҚ 90/60 мм с.бағ, пульс -110 рет/мин. Іштің пальпациясы кезінде: іштің сол жақ мықын бөлігінде ауырсыну, сигма тәрізді ішектің спазмы байқалады. Үлкен дәреті шырышпен қан аралас, нәжізсіз. ЖҚА: эр.-4,0х1012 /л, НЬ -145 г/л, лейк.-11,4x109/л, э – 1%, п– 6%, с – 75%, л – 18%, м - 5. ЭТЖ – 17мм/с.
Қай диагноз ең ықтимал болады?
*Тырысқақ
*Салмонеллез
*+Жедел дизентерия
*Тағамдық токсикоинфекция
*Жедел гастроэнтероколит
!Жасөспірім 17 жаста учаскелік терапевтке ауыруының 5-ші күні мынандай шағымдармен келген: тамақтың ауруына, жұтыну кезінде күшейуіне, бас ауру, жүрек айну, айқын әлсіздік, буындардағы ауыру сезіміне, зәрінің қоңыр түсті болып өзгеруіне. Қарап тексергенде: дене қызуы 38,5° С. Тері жабындылары, склерасы сарғыштанған, мойын˗жақ астық лимфа түйіндері пальпацияланады, аңқасы – қызарып, бадамша бездері ұлғайған, лакуналары іріңді жабындымен жабылған. Іші жұмсақ, оң жақ қабырға астының ауру сезімі, бауыр қабырға доғасынан 2,0-2,5см шыққан, консистенциясы тығыз.
Төменде көрсетілген диагноздардың қайсысы ең ықтимал болады?
*Листериоз
*Иерсиниоз
*Лептоспироз
*Вирусный гепатит
*+Жұқпалы мононуклеоз
!17 жастағы жасөспірім емханадағы дәрігер-инфекционистке қаралды. Әлсіздікке, дене температурасының жоғарлауына, тәбеттің төмендеуіне, құсуға шағымданады. Бүгін, ауыруының 8 күнінде терісіндегі және склерасындағы сарғаюды байқаған, жалпы жағдайы жақсарып, тәбеті ашылған. Жағдайы қанағаттанарлық. Тері жабындылары және көзге көрінетін шырышты қабаттары аздап сарғайған. Іші жұмсақ, оң жақ қабырға асты ауру сезімді. Бауырдың төменгі шекарасы қабырға доғасынан 2,0 см-ге төмен анықталады. Зәр түсі қоңыр, нәжісі түссізденген. Қанның биохимиялық анализі: АЛТ - 460 ммоль/л, АСТ - 254 ммоль/л, жалпы билирубин - 65.0 ммоль/л, тікелей - 52 ммоль/л. ИФА: a-HAVIgМ оң. Амбулаторлық ем тағайындалған.
Қандай ем шарасы базистік терапия құрамына кіреді?
*Серотерапия
*Антибиотикотерапия
*Вирусқа қарсы терапия
*+Оральді дезинтоксикация
*Өт айдайтын препараттарды қабылдау
!Ер адам бірнеше жылдан бері емханада «Созылмалы вирусты гепатит С» диагнозымен есепте тұрады.
Қандай синдром созылмалы HСV-инфекциясының бауырдан тыс көріністеріне жатады?
*Калькулезді холецистит
*Криглер-Найяр синдромы
*+Аутоиммунды тиреоидит
*Өкпе туберкулезі
*Өт шығу жолдары дискинезия
!35 жастағы ер адам, бастың қатты ауыруына, дене қызуының жоғарылауына, ұйқының бұзылуына, тәбеттің жоғалуына шағымданып учәсткелік дәрігерді үйіне шақыртты. Анамнезде: ауру бір апта бұрын әлсіздік, субфебрильді қызба, бас ауруының біртіндеп өршуінен басталған. Кеше дене қызуы 39,0-40,0ºС-қа дейін жоғарылап, 3 рет іші өткен. Қарап тексергенде: әлсіз, тежелген. Тері жабындылары бозғылт, іш аймағында – бірең-сараң қызғылт түсті бөртпе элементтері көрінеді. Бауырдың төменгі шекарасы қабырға доғасынан 1,5 см-ге төмен анықталады. Жүрек тондары бәсеңдеген. Пульсі – 78 рет/мин. ҚҚ 110/70 мм с.б. Тілі құрғақ, сұр-қоңыр жабындымен жабылған. Іші кепкен.
Қай диагноз ең ықтимал болып табылады?
*Ку-қызбасы
*+Іш сүзегі
*Кенелік бөртпе сүзегі
*Эпидемиялық бөртпе сүзегі
*Солтүстік Азияның кенелік сүзегі
!32 жастағы ер адам Ақбұлақ ауылындағы амбулатория дәрігеріне қаралған. Шағымдары: дене қызуының 39ºС-қа жоғарылауы, ірі буындарының ауыру сезімі, тершеңдік. Анамнезде: Бір ай бойы ауырады – кейде ыстық сезінген (температурасын өлшемеген), айқын тершеңдік мазалаған. Сүт фермасында жүргізуші болып жұмыс істейді. Қарап тексергенде: тері жабындылары ылғалды, қолтық асты, шап лимфа түйіндері үлкейген. Бауырының төменгі шекарасы қабырға доғасынан 1,5 см-ге төмен анықталады. Буындары өзгермеген. Гиперемия мен жергілікті ыстық жоқ.
Қай диагноз ең ықтимал болып табылады?
*Безгек
*+Бруцеллез
*Иерсиниоз
*Іш сүзегі
*Ку-қызбасы
!20 жастағы ер адам, 25-ші маусымда емханаға айқын қалтыраудан басталатын және тершеңдікпен аяқталатын, дене қызуының ұстама тәрізді 39-40ºС-қа дейін жоғарылауына шағымданып келген. Дәрігерге келген күні науқастың дене қызуы – 36,9ºС. Тері жабындылары бозғылт, маса шағуының іздері көрінеді. Бауырдың төменгі шекарасы қабырға доғасынан 1,5 см-ге төмен анықталады. Анамнезінде: қазіргі кезде жұмыс істемейді. Бір ай бұрын Ауғанстанда ұлтаралық парызын орындағын әскери бөлімінен оралған.
Қай диагноз ең ықтимал болып табылады?
*Грипп
*+Безгек
*Лептоспироз
*Ку-қызбасы
*Кенелік бөртпе сүзегі
!23 жастағы ер адам емханаға әлсіздікке, дене салмағының төмендеуіне, 20 күн бойы дене қызуының 37,3°С-қа дейін жоғарылауына шағымданып келді. Қарап тексергенде: ауыз қуысында кандидоз, полилимфаденопатия. Анамнезінен: соңғы жылдары пневмониямен, белдемелі герпеспен ауырған. Бір жыл бұрын жыныстық жолдасын өгерткен, пассивті гомосексуалист. Дәрігер науқаста АИВ-инфекциясы бар екеніне күдіктенді.
Науқаста аурудың қандай клиникалық сатын болжамдайсын (ДДҰ жіктелуі бойынш*:
*I (бірінші)
*II (екінші)
*+III (үшінші)
*IV (төртінші)
*Терминальді
!42 жастағы ер адам, Маңғыстау облысының тұрғыны. Дәрігерді үйіне мынандай шағымдармен шақыртты. Дене қызуының 39°-40°С-қа жоғарылауы, қалтырау, бүкіл денесінің қақсап ауруы, қатты бастың ауруы, оң жақ кеудесінің ауруына, құрғақ жөтел мазалайтындығын айтты. Ауру жедел, кеше кешкісін басталған. 3-күн бұрын түйе союға қатысып, қолын жарақаттап алған. Қарап тексергенде: науқастың жағдайы ауыр. Тыныс алу жиілігі минутына – 30 рет. Пульсі – 140 рет/мин., АҚҚ-90/60 мм с.б. Өкпесінің оң жағында жайылған құрғақ сырылдар. Гемограммада: лейкоциттер –32 х109/л, т/я нейтроф.-14%, с/т нейтроф – 82%, лимф. – 2%, мон. -2%. Күні бойы кіші дәретке бармаған.
Қай диагноз ең ықтимал болып табылады?
*+Оба
*Грипп
*Бруцеллез
*Пастереллез
*Ку-қызбасы
!Суретте көрсетілген біріншілік терілік аффект қай жұқпалы ауруға тән?
*Оба
*Листериоз
*Туляремия
*Пастереллез
*+Сібір жарасы
!36 жастағы ер адам тоқтаусыз құсу, іштің өтуі, шөлдеу шағымдарымен үйіне емханадан дәрігер шақырған. Қарап тексергенде: дене қызуы – 36,0°С, әлсіз. АҚҚ – 80/60 мм с.б. тамыр соғысы минутына – 105 рет. Даусы қарлыққан. Тері тургоры төмендеген. Іші кіріңкі, ауырмайды. Үлкен дәреті сұйық, күріш қайнатпасы тәрізді, иіссіз.
Науқаста қандай асқыну дамуы ықтимал?
*+Гиповолемиялық шок
*Ішек өтімсіздігі
*Инфекциялық-токсикалық шок
*Бүйректің жедел жетіспеушілігі
*Мезентериальді тамырлардың тромбозы
!44 жастағы әйел ауруының 4-ші күні терапевтке келесі шағымдармен келді: ауызының құрғауына, көру қабілетінің нашарлауына, тыныс алудың қиындауына. 4 күн бұрын қонақта бұқтырылған саңырауқұлақ жеген. Қарап тексергенде: есі анық, екі жақты птоз, мидриаз, страбизм. Дауысы қарлыққан. Жүрек тондары бәсеңдеген, пульс -118 рет/мин, ҚҚ- 90/60мм с.б. Өкпеде - төменгі бөлігінде тыныс әлсіреген, бірең-сараң майда көпіршікті сырылдар естіледі. Іші аздап желденген, ішек перистальтикасы әлсіреген.