Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


Арахан мемлекетінің қалыптасыуы:феодалдық қатынастар және әлеуметтік құрылымы.




Қара­хан мем­ле­кеті (942–1210 жж.)

Қара­хан қағана­ты Шығыс Түркістан, Жетісу, Сыр­да­рия, Та­лас, Шу өңірін құтты қоныс етті. Оның құры­луы 940 жыл­дан бас­та­лады. Қағанат­тың ор­та­лық ас­та­насы Шу өзені бойын­дағы Ба­ласағұн, кейінірек Ор­да­кент (Та­раз) қала­сы. Қара­хан мем­ле­кетінің Үзген, Мер­ке, Құлан сияқты қала­ларын­да ірі алып­са­тар ал­па­уыт­тар мен қолөнершілер ме­кен­де­ген.

Қара­хан әулетінің негізін са­лушы Сатұқ Боғра­хан (915–955жж.) бо­лып есеп­телінеді. Ол Қарлұқ хан­дығының іргесін көтеріп, мәрте­бесін асы­рушы­лар­дың бірі – Білге құл Қадыр­ханның не­мересі. Сатұқ Та­раз және Қашқар қала­ларын өзіне қара­тып, 942 жы­лы Ба­ласағұндағы би­ле­ушіні құла­тып, өзін жоғары қаған деп жа­ри­ялай­ды. Мем­ле­кеттің күшеюіне қар­лық, шігіл, яг­ма тай­па­лары үлкен үлес қос­ты. Сатұқ өлген­нен кейін билік оның ба­ласы Мұсаға көшті, ол 960 жы­лы Қара­хан мем­ле­кетінің халқын ис­лам дініне қарат­ты. Оның ас­та­на қала­сы Қашғар бол­ды. Сатұқтың екінші ба­ласы Сүлей­мен-ілек Ба­ласағұнды иеленді. Кейін бұл өңірді оның ұлы Ха­сан Боғра-хан мұра етіп ал­ды. Мұса өлген соң, Қара­хан жеріндегі жоғарғы қаған атағы оның ба­ласы Әли Ар­сы­лан ханға көшті. 990 жы­лы Қара­хан би­ле­ушілерінің бірі Ха­сан (Ха­рун) Боғра хан Ис­фиджаб­ты бағын­дырды. Ал 992 жы­лы қара­хан­дықтар шығыс­та Хо­тан­ды, ба­тыс­та Бұха­раны ба­сып ал­ды. 999 жы­лы Қара­хан би­ле­ушісі Әли Ар­сы­лан­ның ба­ласы На­сыр Ор­та Ази­ядағы Са­мани­лер мем­ле­кетіне соққы берді. Қара­хан хан­дығы ұзақ соғыс­тардан кейін 1004–1005 жыл­да­ры Мәуере­нахр жерін түгел­дей өзіне қарат­ты. Осы­дан кейін Қара­хан мем­ле­кеті XI-ғасыр­дың 30 жыл­да­ры Шығыс және Ба­тыс қағана­ты бо­лып екіге бөлінді:

1. Жетісу және Шығыс Түркістан жері Шығыс қағана­тына қарап, оның ор­та­лығы әуелі Ор­да (Ба­ласағұнға жақын), кейін Қашғар қала­сы бол­ды.

2. Мәуере­нахр жер­лері – Ба­тыс қағана­тына қарап, оның ор­та­лығы Үзкент, кейінірек Са­марқанд бол­ды.

Қара­хан мем­ле­кетінде жоғарғы өкімет билігі ха­кан­ның қолын­да болған. Ол мұра­герлікке қалып отырған. Қара­хан фе­одал­дық қоғамы­ның үстем тап өкілдеріне ха­кан­ның ұрпақта­ры тегіндер, ілек хан­дар, бек­тер, нәмен­герлер, нөкер­лер жатқан. Ханға ең жақын адам­дардың бірі уәзір болған. Уәзір жоғарғы би­ле­ушінің ең жақын көмекшісі және кеңесшісі бо­лып са­нал­ды. Хан са­райы, оның бас­ты ор­да­сы мем­ле­кеттік және әкімшілік басқару ор­та­лығы бо­лып есеп­телді. Қара­хан мем­ле­кетіндегі аса маңыз­ды әле­уметтік-са­яси инс­ти­тут әске­ри-мұра­лық жүйе болған. Мем­ле­кет бірне­ше үлес­терге бөлінді. Олар­дың бас­ты­лары: Та­раз, Ис­фиджаб, Ба­ласағұн. Хан мем­ле­кеттік не­месе әске­ри қыз­меті үшін фе­одал­дарға жер беріп, сол жер­дегі ха­лықтан са­лық жи­науға рұқсат ет­кен. Мұндай жер­лер ик­та, ал оны иеле­нуші мук­та деп аталған. Қара­хан­дардағы жер иеле­нудің тағы бір көп та­раған түрі әске­ри – үлестік жер­лер. Ол әске­ри қыз­мет үшін берілген. Қара­хан фе­одал­дық қоғамын­да ша­ру­алар­ды қана­удың бір түрі – жалға үлестік жер бе­ру орын алған. Араб-пар­сы де­рек­терінде үлестік жер алған ша­ру­алар мұзар­лар не­месе барзұгар деп аталған. Үлес­кер жер­ден алынған өнімнің денін са­лық түрінде мем­ле­кет­ке және жер иелеріне төлеп отырған. Ша­ру­алар­ды қана­удың екінші бір түрі – ком­менда­ция жер иелігі. Оның мәні: әлсіз адам өзінің жер телімін күштінің қамқор­лығына бе­реді, ол күшті адам әлсіз адам­ды басқалар­дан қорғауға тиіс.

Қазақстан­ның оңтүстік-шығыс және оңтүстік аудан­да­рын ме­кен­де­ген қара­хан­дықтар көшпелі және жар­ты­лай көшпелі мал ша­ру­ашы­лығымен ай­на­лыс­ты. Мал ша­ру­ашы­лығын­да жылқы өсіру же­текші орын ал­ды. Қара­хан мем­ле­кетінің құра­мына ен­ген түркі тай­па­лары отар-отар қой ұста­ды, сон­дай-ақ түйе, ешкі, ірі қара өсірді. Оты­рықшы, жар­ты­лай оты­рықшы түрік тай­па­лары­ның біра­зы егіншілікпен де ай­на­лыс­ты. Олар та­ры және басқа да дәнді дақыл­дар өсірді, оты­рықшы­лар қала мәде­ни­етімен ара­ласып, қала халқын то­лықтыр­ды. Қала­лар­да қолөнер кәсібі, әсіре­се көзешілік кеңінен да­мыды. Олар аңшы­лықпен де ай­на­лысқан. Сон­дай-ақ Сыр­да­рия, Іле, Шу, Та­лас өзен­дерінен ба­лық аулау ай­тар­лықтай рөл атқар­ды.

XI ғасыр­дың аяғына қарай Қара­хан мем­ле­кеті соғыс­тармен және фе­одал­дық иеліктердің одан әрі бөлшек­те­нуімен бай­ла­ныс­ты құлды­рай түсті. XII ғасыр­дың 30-шы жыл­да­ры Шығыс Қара­хан иелігін, Жетісу­ды және Қазақстан­ның оңтүстігін шығыс­тан кел­ген ки­дан­дар жа­улап ал­ды.





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2017-02-28; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 687 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Вы никогда не пересечете океан, если не наберетесь мужества потерять берег из виду. © Христофор Колумб
==> читать все изречения...

2282 - | 2104 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.012 с.