Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


Ортағасылық Ақ Орда мен Моғолстан мемлекеттері.




Ақ орда мемлекеті

Қазақ жеріндегі Монғол империясының ыдырауына байланысты,жергілікті этникалық топтардан құрылған мемлекеттер пайда болды.Солардың бірі –XIII ғ мен XVғ басында ШығысДешті Қыпшақта өмір сүрген Ақ Орда мемлекеті.Ақ Орда- Қаз аумағында монғолдардан кейінгі құрылған алғашқы мемл.Орталығы Сырдария өзенінің орта ағысы бойында орналасқан Сығанақ қаласы.АО аумағы Жошы ханның екі баласы Орда Ежен мен Шайбан хандардың жерін қамтыды.АО Жайық өзенінен Бат Сібір ойпатына дейінгі,Сырдарияның орта және төменгі ағысы аралығындағы кең-байтақ аумақты алып жатты.АОжергілікті түрік тілдес тайпалардан құрылған патриархалдық-феодалдық мемл.XIV ғ 2-жартысында Ерзен мен Мүбарак хандар тұсында АО Алтын Ордадан бөліне бастайды,әсіресе Орыс хан кезінде Алтын Ордадан мүлде оқшауланады.Мүбарак хан 1327-1328 жж өз атынан Сығанақ қаласында теңге соқтырады.Алтын Орда билеушілері бұл жағдайға қарсы болып,Өзбек пен Мүбарак хан арасындағы күресте Мүбарак жеңіліске ұшырап,қырғыздар жері мен Алтайға кетуге мәжбүр болады.XIVғ Алтын Ордада Өзбек ханның баласы Жәнібек кезіндегі аласапыран төңкерісті дер кезінде пайдаланған Орыс Ақ Орда билігін өз қолына алып,мемл.тің күш-қуатын нығайтады.Хан1368-1369жж өз атынан Сығанақ қаласында теңге соқтыртады.Ол 1374-1375жж Еділ бойына қарай жорық жасап,Алтын Орданың астанасы Сарайды,Қажы-Тарханды алып,Кама бұлғарларын бағындырады.Бірақ Алтын Орда билеушісі Мамайды жеңе алмайды.Орта Азияда Әмір Темірдің сескенгендігінен Орыс хан Сырдария бойындағы өз иелігіне қайтар жолда өзіне көмектесуден бас тартқан Түй-Қожаны жазалайды.Оның баласы Тоқтамыс Әмір Темірге барып паналайды. Әмір Темір Тоқтамысқа қару-жарақ беріп,АОны басып алуға жібереді.Бұл жорықтан еш нәтиже шықпағандықтан, ӘТ Орыс хан мен оның баласы Тоқтақия қайтыс болғаннан кейін Тоқтамысты АО тағына отырғызып,Алтын орданы өзіне тәуелді етті.Бірақ Тоқтамыс Орыс ханның 2-ші баласы Темір Мәліктен Сауран түбінде жеңіліске ұшырайды. 1379 ж жорығында Тоқтамыс Темір-Мәлікті ӘТ көмегімен жеңеді де оның өзіне қарсы әрекет жасай бастайды.Тоқтамыс1380 жылдан бастап Алтын орданың бірқатар жерін өзіне қаратып,Мамай ордасын басып алады.1391-1395жж ӘТ жасаған аса үлкен үш жорықтан кейін Алтын орда тас талқан болып қиратылды.XIV ғ аяғында Тоқтамысқа қарсы әрекет жасай бастаған ӘТ оның орнына 1395 ж АО тағына Орыс ханның тағы бір баласы Қойыршақ оғланды хан етіп қойды.1423-1428жж Ақ ордада Орыс ханның немересі Барақ билік құрып,Сырдария бойындағы қалаларды қайтару үшін әрекеттер жасады.Алайда 1428ж Шығыс Дешті Қыпшақтағы билік Жошының Шайбани әулетінің ұрпағы Әбілқайыр ханға тиеді.Ол Ақ орданың біраз жерін жаулап алып,өз хандығын құрады.АО өмір сүруін тоқтатады.

Моғолс­тан мем­ле­кеті (XIVғ. ор­та­сы-XVI ғ. ба­сы)

XIV ғасыр­дың ор­та­сына қарай Шағатай ұлы­сы дер­бес екі иелікке – шығыс және ба­тыс бөліктер­ге бөлінді. Шағатай ұлы­сы қоныс ет­кен Мәуере­нахр­дың ба­тыс бөлігінде 50–60 жж. фе­одал­дық ыды­ра­ушы­лық әре­кеті жойылып, Әмір Темір мем­ле­кеті құрыл­ды. Ал оның шығыс бөлігінде Моғолс­тан мем­ле­кеті ор­на­ды. «Моғолс­тан» та­рихи-жағра­фи­ялық тер­мині «моңғол» ата­уынан шыққан. Моғолс­тан мем­ле­кеті алғашқы құрылған кез­де билік Шағатай ханға адал қыз­мет ет­кен Ду­лат тай­па­сы әмірлерінің бірі – Бо­лат­тың қолын­да болған. Шыңғыс тұқымы­нан шықпаған, сон­дықтан хан бо­луға құқы бол­маған­дықтан, Бо­лат өзінің айтқаны­на көнетін әрі жас 18 жас­тағы Шағатай ұрпағы Тоғылық Темірді 1348 жы­лы хан тағына отырғыз­ды.

Моғолс­тан мем­ле­кетінің құра­мына Шығыс Түркістан, Оңтүстік-Шығыс Қазақстан және Ор­та Ази­яның кейбір жер­лері кірді. Мем­ле­кет ше­кара­сы ба­тыс­та Таш­кент пен Түркістан ай­мағынан шығыс­тағы Баркөл мен Ха­ми қала­сына дейінгі, солтүстікте Бал­хаш, Тар­бағатай мен Қара Ертістен оңтүстіктегі Ферғана мен Қашғари­яның егінді ай­мақта­рына дейін со­зылып жат­ты. Моғолс­тан мем­ле­кетінің ор­та­лығы – Ал­ма­лық қала­сы. Ол Шағатай әулеті иеліктерінің шығыс бөлігінде қалып­тасты. Бұл мем­ле­кеттің негізін қалаған моңғол әмірлерінің бірінің ба­ласы – Тоғылық-Темір хан (1348–1362 жж.). Моғолс­тан құра­мына кіретін тай­па­лар: ду­лат­тар, қаңлы­лар, ке­рей­лер, арғын­дар, ба­ирин­дер, ар­латтар, бар­ластар, булғашы­лар және басқала­ры.

Моғолс­тан­да мем­ле­кеттің са­яси бас­шы­сы және жер-су­дың жоғарғы иесі хан бол­ды. Бай-фе­одал­дар жерді шарт­ты иеле­нудің ик­та, инд­жу, сойұрғал сияқты түрлерін пай­да­ланған. Хан­дар мен ел би­ле­уші ақ сүйек­тердің пай­да­сына қала мен ауыл тұрғын­да­рынан, егінші мен көшпелі ха­лықтан күпшір, зе­кет, тағар, баж, ка­радж және тағы басқа да са­лықтар жи­нал­ды. Мем­ле­кетті басқару ісінде ханға Ұлыс­бек көмек­тесті. Ол ду­лат тай­па­сы әмірлерінен тағайын­далған.

Моғолс­тан­ның алғашқы ха­ны Тоғылық Темір өзі би­леген түркі тілдес мұсыл­ман ха­лықта­ры ара­сын­да бе­делін арт­ты­рып, үстемдігін нығай­ту үшін ис­лам дінін қабыл­даған. 1362 жы­лы Тоғылық Темір қаза та­уып, Моғолс­тан­да билік Іли­яс-қожаға көшкен­де Мәуере­нахрға би­ле­уші бо­лып Қазаған­ның не­мересі Хұсайын тағайын­далды. Шайқас­тардың бірінде Темірдің екі са­усағы кесіліп, бір аяғы жан­шылды. Аяғы өмір бойы сырқырап ауырып, ақсақ бо­лып қалған соң, ол со­дан бас­тап Те­мир­лан (дұры­сы Те­мир­ленг, «ленг» пар­сы­ша – ақсақ) Ақсақ Темір атан­ды.

Тоғылық Темірден кейін Моғолс­тан­ның ха­ны болған Іли­яс-Қожа 1365 жы­лы бұрынғы Шағатай иеліктерін біріктіру­ге әре­кет жа­сады. «Бат­пақты шайқасын­да» Әмір Темір жеңіліп қашып құтыл­ды. Әмір Темірдің Моғолс­танға жа­саған алғаш жо­рығы 1371 жы­лы бас­талды. 1372 жы­лы Әмір Темірдің өзі Моғолс­танға қай­та жо­рық жа­сап, Ыс­тықкөл маңын­дағы Сегізағашқа дейін ба­рып, сан­сыз тұтқын, сан жет­пейтін ол­жа түсіріп ора­лады. Осы­дан кейін Әмір Темірдің сол кез­дегі Моғолс­тан­ның ең ірі би­ле­ушісі болған әмір Қамар-ад-дин дуғлатқа қар­сы 1375–1377 жж. ара­лығын­да бірне­ше жо­рықта­ры жүрді.

1375 жы­лы Жетісу жеріндегі Ша­рын өзені бойын­да бо­лып, Моғол әскер­лері талқан­далды. 1376 жыл­дың көктемінде Хо­резмді жа­улап алу­мен ай­на­лысып жатқан Темір Моғолс­танға Ка­мар-ад-дин­ге қар­сы 30 мың әскерімен әмір Са­сы-Бұға қып­шақты, Әділ-шақты және басқа да әмірлерін ат­тандыр­ды. 1377 жы­лы Ка­мар-ад-дин екі рет: біріншісінде – Қара­тау етегінде, екіншісінде – Шу бойымен Ыс­тықкөлге ба­ратын жол­дағы Бұғым шатқалын­да Әмір Темірден жеңіліске ұшы­рап, өзі қашып құтыл­ды. Ол Моғолс­тан­ды біржо­лата ба­сып алу­ды көздеді. Оған же­ту үшін 1380–1390 жж. ара­сын­да Темір ба­лала­рымен бірігіп, Моғолс­тан жеріне бірне­ше рет жойқын жо­рықтар ұйым­дастыр­ды.

Ақсақ Темір басқан ізінен қан сорғала­тып, тек Моғолс­тан­ды ғана емес, со­нымен бірге тағы басқа да көпте­ген ел­дерді жа­улап ал­ды. Мәуере­нахр­дан өзінің қан­ды жо­рығын бас­таған ол әмірші болған 35 жыл ішінде (1370–1405 жж.) Хо­резмді, Пер­си­яны, Әзірбай­жан­ды, Ге­рат­ты, Гру­зи­яны, Ар­ме­ни­яны, Ақ Ор­да­ны, Ауғанс­тан­ды, Үндістан­ды, Еги­петті, Бағдат­ты, Си­ри­яны, Кіші Ази­яны жа­улап алып, та­бан ас­ты­на сал­ды. Әмір Темір құрған ора­сан зор мем­ле­кет, 1405 жы­лы ол өлген­нен кейін бы­тырап та­рап кетті. Моғол билігі Қызыр Қожа хан­ның не­мересі Уәйіс оғлан қолы­на көшті.

1428 жы­лы Уәйіс хан қай­тыс болған­нан кейін, хан­дық үшін оның екі ба­ласы Жүніс пен Есенбұғы ара­сын­да та­лас бас­талды. 1434 жы­лы Есенбұғы хан тағына отыр­ды. 1462 жы­лы Жүніс Есенбұғы хан­ның қай­тыс болғанын естіп, өзінің Моғолс­танға хан­дық өкімет­ке заңды ми­расқор екендігін жа­ри­ялап, он­да 1487 жылға дейін билігін жүргізді.

XVI ғасыр­дың ба­сын­да Жүніс хан ұрпақта­ры ара­сын­дағы ала­уыз­дық пен ішкі фе­одал­дық қырқыс Моғолс­тан хан­дығының біржо­лата ыды­ра­уына әкеліп соқты. Нәти­жесінде ежел­ден Жетісу мен Іле өңірін ме­кен­де­ген үйсін, ду­лат, қаңлы, жа­лайыр және тағы басқа қазақ ру-тай­па­лары Жетісу­да құрылған Қазақ хан­дығының құра­мына бірікті.

 

22. Темірдің Ақ Орда мен Моғолстанға жорықтары.

Ақ Орда билеушілері мен Темір арасындағы соғыс қимылдарына мұрындық болған соңғысы еді. Алтын Орданың астанасы Сарайды жаулап алуға қатысудан бас тартқаны үшін Ұрұс хан өлтірткен, Маңғыстаудың үлесті билеушісі, Жошы ұрпағы Түй-Қожа оғланның баласы Тоқтамыс Ақ Ордадан Темірге қашып барды. Ұрұс хан Алтын Ордада болған кезде Темір өзінің солтүстіктегі көршісінің істеріне араласу үшін қолайлы жағдайды пайдаланып, Тоқтамыстың Ақ Ордада орнығып алуы үшін оған әскер берді. Сауран түбегінде Тоқтамыспен шайқаста Ұрұс хан балаларының бірі Құтлығ-Бұға қаза тапқанымен, Тоқтамыстың хижра бойынша 776 жылы (1374-75 жж.) алғашқы әрекеті сәтсіздікке ұшырады. Тоқтамыстың Самарқандтағы өз қамқоршысына қашып баруына тура келді. Темірден тағы да әскер алып, Тоқтамыс Сауранға дейін жетті, бірақ Ұрұс ханның үлкен ұлы Тоқтақия оны тағы да тас-талқан етті.

Темірдің Ақ Орданың оңтүстігіндегі әрекеттері, оның әулет ішіндегі араздық пен талас-тартыстарға араласуы Ұрұс ханды Сарайдан асығыс шығып, өзінің байырғы жұртына қайтып оралуға мәжбүр етті. Темір Ақ Ордаға жорық жасау үшін Тоқтамысты үшінші рет әскермен жасақтады. Сол кезде, 1375— 76 жылғы қыста, Ұрұс ханнан Тоқтамысты қайтаруды талап еткен және Ұрұс хан әскерлерінің Түркістан жеріне аяқ басқанын хабарлаған елші келді. Оған жауап ретінде Темірдің өзі Сырдариядан өтіп, әскерімен Отырар маңына орналасты. Ұрұс хан Сығанаққа жетіп тоқтады. Алайда екі әскер осылайша бір-біріне жақындамай, аталған мекендерде 3 айға жуық тұрды.

Ұрұс хан Сығанақтан кеткеннен кейін әмір Темір Ұрұс ханның ұлы Темір-Мәлік оғланның 10 мыңдық әскерін талқандады. Низам ад-дин Шами мен Шараф ад-дин Йаздидің мәліметтеріне қарағанда, 1376 жылы Үрұс хан елген. Көп ұзамай оның ұлы әрі мұрагері Тоқтақия қайтыс болды. Темір Сауранда Тоқтамысты таққа отырғызып, «оған бүкіл Дешті Қыпшақ патшалығы мен» әлі де жаулап алынбаған «Жошы ұлысын берді» де, өзі Мәуераннахрға қайтты.

Моғол хандығын осындай саяси бытыраңқылық жайлап жатқанда Мауараннахрдағы билікті өз қолына алып, күшейген Әмір Темір енді Моғолстанды жаулауға кіріседі.

16 ғ. аяғында Әмір Темір Моғолстан жеріне бас көтертпей, дүркін-дүркін жорықтар жасайды. Алғашқы жорығы 1371-1372 жылдары болған. Бұл жорықта Алмалық қаласына дейін жетеді, бірақ қалаға кірмейді. Жол бойындағы елді мекендерді тонап, халықтың мал-мүлкін талан-таражға ұшыратып, көптеген тұтқын алып қайтады. Екінші жорықта 1375-1377 жылдары оңтүстік Қазақстан арқылы жүріп, жетісудің Шарын өзеніне дейін жетеді. Моғол ұлысының басшысы Қамар ад-динмен шайқасып, оны жеңеді. Қамар ад-дин Шығыс Түркістанға, Үш Тұрфанға қарай қашып құтылады. Әмір Темір Моғолстанға 1380-1390 жылдары да бірнеше рет жорық жасаған. Бұл жолғы жорықтың жойқындығы соншалықты, Әмір Темір өзінің балаларының қолындағы әскерлермен қосқанда 120 мың адаммен атанған.

Әмір Темір 1371-1372 жылдары Моғолстанға әскер аттандырады. Олар Моғолстанның шығыстағфы қалаларының бірі Алмалықтың жанына дейін жетіп, керейіттері талқандап, қайтып оралады. Нақ осы жылы Темірдің өзі де Моғолстанның жері Ыстықкөл өңіріндегі Сегізағашқа дейін барлаушылық жорық жасап, көптеген тұтқын алып, қыруар олжа түсіріп қайтады. Бұл жорық моғол жерінің ішкі аудандарына келешекте жасалатын жорықтардың бағдарламасы болған еді.

Әмір Темір Моғолстанға 1371 жылдан 1390 жылға дейін он шақты рет жорық жасаған. Оның алғашқылары 1371-1377 жылдары Сайрам, Талас арқылы жүрген. Жетісудің ішкі аудандарына өтіп, Іле өзеніне дейін жеткен. Әмір Темір 1376 жылы көктемде моғолстанның атақты колбасшысы Қамар ад-динді талқандау үшін 30 мың адамдық әскер аттандырады. Оны кыпшақ әмірі Сасы-Бұға басқарған. Алайда Сасы-Бұға басқа әмірлермен астыртып келіседі де, Әмір Темірдің Хорезмге кеткенін пайдаланып, оған қарсы бүлік шығарады. Сасы-Бұға Ақ Орданың ханы Ұрұс пен Моғолстанның билеушісі Қамар ад-диннен көмек сұрайды. Бұл хабарды естіген Әмір Темір Мауараннахрға тез оралып, Қамар ад-динді Атбасы маңында (Қырғыз жері) қуып жетіп, талқандайды. Бұдан кейін де моғол әмірінің темірге қарсы күресінен ешбір нәтиже шықпаған. Ол 1377 жылы қаратау етегінде және Ыстықкөлге баратын жолдағы Бұғым шатқалында екі рет Әмір темір әскерлерінен күйрей жеңілген.

Ақ Орда мен Моғолстан билеушілері өздерінің Әмір Темірге жеке-дара қарсы тұра алмайтындарын біліп, 1380 жылдың аяғында одақ құруға әрекет жасайды. Алайда бұл одақтан да еш нәтиже шықпаған. Өйткені одақтың құрылып жатқанын білген Әмір Темір 1384-1391 жылдардың аралығында алтын Ордаға және моғол жеріне бірнеше рет жорықтар жасаған. Моғолстанды біржолата қаратып алу үшін оның түкпір-түкпіріне 120 мың әскер аттандырады. Осы жорықтарды Темір әскерлері көп олжа түсіріп, қора-қора қой, үйір-үйір жылқы, топ-тобымен қолға түскен тұтқындарды мауараннахрға жіберіп отырған. 1390 жылдардағы жорықтардан кейін Моғолстан Темірге толық тәуелдікке түсті.





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2017-02-28; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 1387 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Что разум человека может постигнуть и во что он может поверить, того он способен достичь © Наполеон Хилл
==> читать все изречения...

2458 - | 2273 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.01 с.