Сақтар парсылармен соғысы көптен белгілі. Мәселен, бірқатар деректерде Кирдің сақ патшайымы Томириспен соғысқаны жазылған. Сақтармен Ахеменидтер әулетінің өзге де патшалары шайқасқан. Б.з.бұрынғы 519-518 жж.сақтарға қарсы I-Дарий жорық ашқан. Сақтардың тағы бір беті Александр Македонскиймен жиһангерлік соғысына қарсы күреспен байланысты, ол Ахеменидтер мемлекетін талқандап, бағындырғаннан кейін Орта Азияны жаулап алуға кіріседі. Б.з.д. 330-327 ж. А.Македонский Соғданың астанасы Мараканданы басып алып, Сырдарияға қарай беттейді,ол кезде бұл дария отырықшылар мен көшпелілер арасындағы өзіндік бір шекара болып есептелінетін.Байтақ дала мен тау алқаптерын игеру дәуірі,мал шаруашылығының сан алуан түрлерінің жаппай дамып, жетекші салаға айналуы ж/е оның егіншілікпен ұштасу дәуірі сақтар уақытымен байланысып жатыр. Көшпелілердің үйге үйренген малының ең маңызды түлігінің бірі ет пен сүт, жүн мен тері беретін қой еді. Қазбаларға қарағанда, сақтарда маңдай алды дөңестеу ірі қойлар көп тараған. Олар қазақтың кәзіргі құйрықты қойлары тұқымына жақын болған.
Сақтар арасында қоймен бірге түйе шаруашылығы да кең дамиды,ол әсіресе Батыс ж/е Оңт.
Қазақстанның далалық ж/е шөлейт аудандарында өркен жаяды.Түйе мініс ж/е жүк көлігі
есебінде пайдал/ды,оның жүні,еті мен сүті көшпелілердің тұрмыс қажетіне өтейді.
Қыстау маңындағы егін сақтарды астықпен қамтамасыз еткен. Олар тары,арпа, бидай еккен. Оңт.Сырдария алқабында сақтардыңШірік-Рабат, Бәбіш-молла, Баланды секілді қоныстары төңірегіндегі егістерді жарма тартып суарып отырған.
Сақ қоғамында халықтың үш тобы болған деп болжай жасай аламыз:олар-жауынгерлер(жауынгердің ежелгі үндіирандық аты «арбада тұрған», «ратайштар»);абыздар жігі-олардың танымал белгісі құрбан табақ пен айрықша бас киім болған;қауымшыл сақтар, «сегізаяқтар» жігі яғни соқаға жегетін екі өгізі барлар жігі.Аты аталған осы жіктердің әрқайсысының өзіне тән дәстүрлі түсі болған.Жауынгерлерге-қызыл және сары-қызыл,абыздарға-ақ,қауымшылдарға-сары мен көк түстер таңдалып беріледі.
Археологиялық материалдар сақ қоғамының жіктерге немесе топтарға бөлінгенін дәлелдеп беруде.Бұл ең әуелі өлік қойылатын обалар көлемдерінің айырмашылығынан байқалады.Бесшатыр қорымын қарағанда,орасан зор обалардың-көсемдердікі,орташа обалардың-жауынгерлердікі,уақ обалардың-қауымның қатардағы мүшелерінікі екендігі бірден анық көрінеді.
Йсіндер мен қаңлылардың қоныстануы,шаруашылығы,әлеуметтік құрылымы, материалдық және рухани мәдениеті.
Йсіндер
Шығу тегі мен орналасуы. Б. з. б. I ғ. аяғында Қазақстан далаларында сақ тайпаларын ығыстырған жаңа тайпалық одақтар пайда болды. Бұлар – үйсіндер, қаңлылар, сарматтар, аландар.
Жетісудағы сақ жерлерін б. з. б. II ғ. Орталық Азиядан келген үйсін тайпалары мекендеді. Бұл тайпаның шыққан тегі әлі түгелдей анықталған жоқ.
Үйсіндердің негізгі орналасқан жері Іле даласы. Батыс шекарасы Шу мен Талас өзендері арқылы өтіп, қаңлылар жерімен астасып жатқан. Шығыста үйсіндер ғұндармен шекаралас болып, оңтүстікте Ферғанаға дейін созылған.
Үйсіндер астанасы – Қызыл аңғар қаласы. Үйсіндер мемлекеті 3 бөлікке: шығыс, батыс, орталық бөліктерге бөлінді. Мемлекет басшысының лауазымы жазба деректерде гуньмо деп аталған. Олар жайылым, сауда жолы үшін қаңлы, ғұндармен ұзақ соғысты. Қытаймен кең дипломатиялық және туыстық қатынаста болды.
Шаруашылығы. Үйсіндер мемлекеті жартылай көшпелі ел болған. Мал бағып, жер өңдеуді кәсіп еткен. Мал шаруашылығы үйсіндер өмірінде маңызды рөл атқарды. Қыстау мен жазғы жайылымның ара қашықтығы – 30–100 шақырым аралығында болды. Сондықтан да үйсіндер қыстау мен жайлауда, сонымен қатар тау бөктеріндегі жайылымдарында ұзақ уақыт отыра алатын. Ол жерде тұрақты баспана салды, егін, бақша екті. Бірте-бірте жиі болып тұратын жұт малдың жұқпалы ауруы, үздіксіз соғыс салдарынан малдан айырылған халықтың бір бөлігі тұрақты отырықшылыққа көшуге мәжбүр болды.
Сол кездің өзінде-ақ күнделікті тұрмыста жер өңдейтін тас тырма, қолдан жасалған қол орақ пайдаланылған. Тастан жасалған қол диірменнің табылуы – сол замандарда өмір сүрген тұрғындардың дәнді дақылдармен қоректенгендігінің бір дәлелі.
Үйсін мемлекетінде малға жеке меншік болды. Ру, тайпалардың жайылымдары иеліктерге бөлініп, қазына-байлық тайпа көсемдерінің қолына жинақталды.
Билік мұрагерлік жолмен әкеден балаға мирасқорлық салты бойынша ауысып отырады. Оған жоғарыда аталған ру, тайпа көсемдері бағынған.
Үйсін мемлекетінде басқарудың ондық жүйесі қолданылған. Ел билеуші өзіне қарасты ел-жұртын балаларына бөліп беріп, әрқайсына он мың адамнан жасақ, көшіп жүретін және қоныста отыратын жерлерін еншілеген. Мал өсірумен қатар, үй кәсіпшілігі де кең өрістеп, жедел өркендеген. Әсіресе, қыштан ыдыс-аяқ, құмыра жасау ісі қанат жайды, өңдеу кәсібі жолға қойылды. Темір мен қолдан еңбек құралдары, қару-жарақтар сәндік бұйымдар соғылды. Тоқыма кәсібі, тері илеу, тас қашау, сүйек өңдеу ісмерлігі дамып алға басты.
Үйсіндердің өнері мен діні. Археологиялық қазбалар нәтижесінде табылған әйелдің тәжі тәрізді әшекейлі бас киімі Қарғалы диадемасы – үйсіндердің өнері мен діни нанымынан мәлімет беретін құнды ескерткіш. Ол 2300 м биіктіктегі тау шатқалынан табылған.
Мәдениеті. Үйсіндер мен қаңлылардың материалдық мәдениеті толық зерттелді. Жетісу мен Сырдария қалаларындағы тұрақтарды қазу нәтижесі ерте көшпелілердің мәдениеті, керамиканың негізгі типтері, еңбек құралдары мен қару-жарақтары жайлы мағлұмат алуға мүмкіндік береді. Ерте көшпелілердің негізгі тұрақтары киіз үй болып табылады, басқа бір түрі — үлкен күймелі арба. Оған түйе мен өгіздерді жеккен.
Үйсіндер қорғандары негізінен үйінді оба түрінде болған. Ер адамдарды қылыш, жебе, садағымен бірге жерлесе, әйелдердің бейіттеріне әшекей бұйымдар – сырға, жүзік, моншақ, т. б қойылған.
Үйсіндер мекендеген аймақта қолөнердің дамығандығы байқалады. Үйсіндердің бейнелеу өнері сақтардың көркемдік дәстүрімен (аң стилі) байланысты. Үйсіндерде құмыра жасау кәсібі барынша дамыды. Үйсін ыдыстарының негізгі түрлері — тегенелер мен кеселер, тостағандар, түрлі құмыралар мен қазандар. Ежелгі үйсіндер темір, мыс, қоладан еңбек құралдары, қару-жарақтар, сәндік бұйымдар жасаған. Тоқыма, жіп иіру, тері илеу, асыл тастар, бағалы тастар мен бағалы металл, сүйек өңдеу ісі де дамыған.
Үйсіндер туралы тарихи деректер. Үйсіндер туралы кең мәлімет Қытай деректерінде көп кездеседі. Себебі үйсіндер Қытаймен кең байланыста болған. Үйсіндер туралы көп деректі Қытай тарихшысы Сыма Цян жазды. Оның жинағында үйсіндер туралы былай делінген: «Халықтың саны 630 мың, үй саны 120 мың, жауынгерлерінің саны 180 мың…
… Үйсіндерде жылқы көп. Бай адамдардың 4000–5000 жылқысы болады.»
Аңлылар
Б. з. б. IIIғ. Қаңлы тайпалық бірлестігі құрылды. Мемлекет аты алғаш Қытай жылнамасы «Шы Жи»-Дауан Лежуанда («Тарихи жазбалар»-Ферғана тарауы) жазылған «Қаң жүй го» деген атаудан алынған. Қаң жүй- қаңлы (орыс әдебиетінде «кангюй»), го — «мемлекет» деген мағынаны білдіреді.Ғалымдардың көпшілігі қаңлылардың түркі тілдес халық болғандығына күмән келтірмейді.Қаңлы мемлекетінің б. з. б I ғасырында дәуірленген кезеңінде халқының саны 600 мың адамды құрап, әскерінің саны 120 мыңға жеткен.
Қаңлылар астанасы – Битянь қаласы. Байланыс жасаған елдер – Қытай, Рим, Кавказ т. б. Қаңлы бейлеушісінің жеке иелік шекарасы Каспийдің солтүстік жағалауына дейін барған, оларға Арал теңізі мен Еділ өзенінің төменгі ағысының екі арасында билік құрған сармат-алан тайпаларының одағы түгелдей қарап, тәуелді болған. Қаңлы мемлекеті өз алдына дербес саясат ұстанып, көрші елдердің сырт жауларына қарсы тойтарыс беруіне көмектесіп отырған. Қаңлы патшасы өзі мекендеген солтүстік өңірді (Талас өзенінің аймағы) жеке басқарады.
Қаңлы тайпасында билік мұрагерлік жолмен әкеден балаға беріліп отырған. Бар билік ақсақалдардың, ру басшылары мен көсемдердің қолында болған.
Шаруашылығы. Тайпа халқы негізінен мал шаруашылығымен және суармалы егіншілікпен айналысты. Басты байлығы мал болды. Көбінесе жылқы, қой, оған қосымша сиыр, түйе және ешкі өсірді. Ал егіншілер дәнді дақылдар еккен және бау-бақша өсірумен де айналысқан. Жерді тас, металл кетпендермен өңдеді, сондай-ақ сүйектен жасалынған егіншілік құралдары да пайдаланылды. Жиналған өнім жерден қазылған ұраларда немесе қыш құмыраларда сақталды. Көптеген бөгендер мен тоғандар тұрғызылды.
Аң аулау мен балық аулаудың қосалқы маңызы болды. Елік, арқар, киік және су құстары — үйрек, қаз ауланды. Ет, балық және дәнді дақыл өнімдерімен қатар тамаққа жабайы алма, алмұрт, өрік, долана, пісте жемістері, тау жуасы пайдаланылды.
Мәдениеті. Қаңлыларда қолөнер кәсібі өте жоғары дәрежеде өркендеген. Қаңлылардың тегі хұн, түрік тілдес халықтар болғандықтан, олар өз тілінде, яғни түркі тілінде сөйлеген.
Қаңлылардың тұрғын үйлері көшіп-қонуға қолайлы киіз үйлер және топырақ пен ағаштан, тастан жасалған тұрғын үйлер, адамдар жиі орналасқан елді мекен, қалалары болған. Археологтардың мәлімдеуіне жүгінсек, «қазіргі оңтүстік Қазақстандағы ежелгі орта ғасырдағы көптеген қалалардың іргетасы сонау кангюлер (қаңлылар) дәуірінде пайда болған» деген пікір бар.
Қаңлы жұрты пайдаланған киіз-текемет, кілем-сырмақ қатарлы төсеніш және үй қабырғаларына ілінетін тұс бұйымдар, киетін — кимешектер өздері өсіріп отырған мал өнімдері мен мақта мамықтарынан жасалатын болған. Олар қой жүнінен киіз текеметтер, төсеніштер жасаумен қатар, киізден қалпақ, кебенек-шекпендер жасап киген. Қарапайым халық қой терісінен тон сияқты сырт киімдер тігіп киген. Ал жоғарғы жіктегілер түлкі, қасқыр, ілбіс және басқа да аңдар терісінен қымбат бағалы тымақ, ішік, тон сияқты киімдер тігіп киген.
Қаңлы елінде заң мен діни нанымдар өзара ұштастырылып атқарылған.
Қаңлылар — отқа табыну, дінге сыйынатын арнаулы кесенелер салған. Табиғат күштеріне, ата-баба аруағына сиынған. Сонымен қатар қаңлылар жұлдыздар арқылы түрлі болжамдар жасап отырған. Қаңлыларда музыкалық аспаптар болған, би билеген.
Археологиялық ескерткіштері. Мардан – күйік қорымы – Сырдария өзенінің жағасындағы қаңлылардың жерлеу ескерткіші. Бұл қорым Мардан-күйік қаласының іргесінде орын тепкен. Мұнда 50-ден артық мола бар. Қабірге өлікпен бірге ыдыстар, әшекей бұйымдар, қару-жарақ көмілген. Қаңлы тайпалық бірлестігі б. з. б. I ғ. ортасында ыдырады.