Басқарушылық бақылаудыңтобъективті қажеттілігі. Бақылаудың мәні мен мазмұны. Басқарушылық бақылаудың функциялары мен түрлері. Бақылау үрдісі. Бақылау үрдісінің сатылары. Нормативтер мен стандарттар жасау. Қол жеткізген нәтижелер мен бекітілген стандарттарды салыстыру. Бақылау жүйесіндегі экономикалық талдау. Өзгерістерді айқындау. Түзету әрекеттерін жүргізу.
Бақылаудың мінез-құлық аспектілері. Тиімді бақылау мінездемелері: бақылаудың стратегиялық бағыттылығы, іске сәйкес келуі, уақыттылығы, икемділік, үнемділік.
Бақылауды ақпаратпен қамтамасыз ету. Дағдылы автоматтандырылған және биресми бақылау жүйелері.
Адамдардың тәртібі — бақылаудың тиімділігін анықтайтын бір ғана фактор емес. Өзінің міндетін атқаруы, яғни ұйымның мақсатқа жетуін қамтамасыз етуі үшін бақылауда бірнеше маңызды қасиеттер болуы керек.
1. Бақылаудың стратегиялық бағыты. Бақылау тиімді болу үшін оның стратегиялық сипаты болуы, яғни ұйымның жалпы артықшылықтарын бейнелеуі және қолдауы керек. Каңдай да болмасын сандық түрдегі қызметті бағалаудың салыстырмалы күрделілігі немесе оның нәтижелілігін "шығын — әсер", принципі бойынша өлшеу, бақылау механизмін енгізу қажет пе деген шешім үшін критерий ретінде қызмет етпеу керек. Стратегиялық мәні және алынған нәтижелерді ауытқулар үлкен болғанша ешкімге айтпауға да болады. Бірақ басшылық кейбір қызметтің стратегиялық мәні бар деп ойласа, онда мұндай облыстың әрқайсысында міндетті түрде тиімді бақылау жүргізілу керек. Әртүрлі ұйымдардағы облыстар әртүрлі бола-ды, бірақ барлық ұйымдар тиімді бақылау жүйесін кажет етеді.
2. Нәтижелерге бағытталу. Бақылаудың соңғы мақсаты ақпарат жинау, стандартгарды бекіту ұйым алдындағы міндеттерді шешуден тұрады. Егер сіз бақылауды тиімді жасағыңыз келсе, оңда сіз бақылау құралдары ұйымның жалған мақсаттарына қарағанда маңызды орынға ие болуын қадағалауыныз керек. Бақылау механизмі дұрыс жұмыс істемеуінің себебі, өлшеу процедурасы емес, құқық пен жауапкершілік кұрылымын жетілдіруді қажет етуде. Бақылау тиімді болу үшін басқарудың басқа қызметтерімен интеграциялануы керек.
Ұйым күткен мақсаттарына жеткен кезде және оның болашақтағы өмір сүруіне қамтамасыз ететін жаңа мақсаттарды құруға жағдайы болғанда ғана бақылауды тиімді деп айтуға болады.
3. Іске сәйкестендіру. Бақылау тиімді болу үшін бақыланатын қызмет түріне сәйкес келуі және өте маңызды шараларды объективті өлшеп, бағалауы керек. Бақылаудың сәйкес келмейтін механизмі маңызды ақпаратты жинамауы да мүмкін.
4. Бақылаудың өз уақытылығы. Бақылау тиімді болу үшін, өз уақытьшда жүргізілу керек. Бақылаудың өз уақы-тында жүргізілуінің мәні — жоғарғы жылдамдығы немесе оны жүргізу жиілігінде емес, бақыланатын құбылыстың жүргізілу өлшемі немесе бағалау арасындағы уақыт интервалында. Бақылаудың негізгі мақсаты — ауытқуды күрделеніп кеткенше алып тастау. Тиімді бақылау жүйесі дегеніміз — керек адамдарға қажет ақпарат беретін жүйе.
5. Бақылаудың икемділігі. Бақылау жоспарлар сияқты икемді болуы және болып жатқан өзгерістерге бейімделуі керек. Бақылау жүйесі бағытгалған жағдайына жеткілікті дәрежеде икемді болмаса, дұрыс қызмет істей алмайды. Мысалы, жақында қабылданған бейімділікке кажетті зандылықпен туындаған шығынның жаңа факторы пайда болса, онда ол фирманың бақылау жұйесіне кірмесе, бақылау жұйесі өндірістік шығындарды реттей алмайды.
6. Бақылаудың қарапайымдылығы. Белгілі мақсатқа бағытталған қарапайым бақылау тиімді бақылау болып есептеледі. Бақылаудың қарапайым әдістері өте үнемді және аз күшті талап етеді. Егер бакылау жүйесі өте күрделі және онымен өзара қызмет істейтін адамдар оны түсінбесе және қолдамаса, онда мүндай бақылау жүйесі тиімді болмауы да мүмкін. Тиімді болу үшін бақылау жүйесімен өзара әрекет ететін мүмкіндіктер мен қажеттіліктерге сәйкес келуі керек.
7. Бақылаудың үнемділігі. Ұйымның шығындары оның артықшылықтары мен табысының көбеюіне әкелетіндігін ұмытпау керек. Каражат шығындарын ұйымның алдына қойған мақсаттарына жақындату керек. Егер бақылау жүйесіне кететін шығындар оның артықшылықтарын құрайтын шығындардан асатын болса, онда ұйым мұндай бақылау жүйесін мүлде қолданбау керек немесе жай ғана бақылау енгізу керек. Егер бақылауда басқа міндеттерді шешуге кететін жұмыс уақытының және ресурстар шығындары көп болса, онда бақылау үнемді болуы үшін мүмкін болатын пайдаға шығынның қатынасы төмен болуы керек.
Бақылаудың қандай да болмасын қатаң тәртібі болса, белгілі жағдайда бақылауды жақсартпайды, керісінше бақылауды жоғалтудың синонимі болып табылатын жұмысты жалған жолға бағыттайды.