Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


Азіргі кезде РА диагнозын қоюда Американың ревматологтар ассоциациясының (АРА) 1987 ж. ұсынған критерийлерін қолданады.




1. Ертеңгілік құрысу - құрысулар (буындар мен буын маңы тіндердің) кем дегенде 1 сағаттан аз болмауы.

2. Үш және одан да көп буындар артриті - дәрігердің кем дегенде үш буын аймағында периартрикулярлық тіндердің ісінуін немесе буын қуысында сұйықтық барын (остеофиттер емес) анықтауы.

3.Қол ұшы буындарының артриті - буындардың кем дегенде біреуінің ісінуі: алақан – бунақ, білезік, проксимальды бунақаралық.

4.Симметриялы артрит - бір мезгілде оң және сол жақты бірдей буындардың зақымдануы – проксимальды бунақаралық немесе табан – бақайшақ буындары.

5.Ревматоидтық түйіндер - шынтақ буынына жақын жерде білектің сырт бетінде немесе басқа буындардың аймағында тері астында дәрігер сипап анықтайтын түйіндер болуы.

6.Қан сарысуындағы ревматоидтық фактор - сарысуында кез-келген тәсілмен анықталған РФ жоғары титрінің болуы; популяцияның сау адамдарында бұл реакция 5% төмен деңгейде оң мән береді.

7.Рентгенологиялық өзгерістер - R-логиялық өзгерістердің [эрозиялар немесе тегіс емес декальцификация (сүйектердің остеопорозы) зақымданған буындарда немесе көрші буындарда орналасқан] қол ұшы мен білезік буындарының алғы – артқы рентгенограммасында анықталуы.

Лабораторлы тесттер:

Жалпы қан анализі.

 Лейкоцитоз/тромбоцитоз/эозинофилия – РА-дың жүйелік зақымдалу сипаты, ауыр ағымды.

 Тұрақты нейтропения —Фелти синдромына тән емес.

Анемия (НЬ< 130 г/л ер адамдарда және 120 г/л әйелдерде) – аурудың активті сатысының көрінісі.

 ЭТЖ және СРБ көтерілуі.

Биохимиялық тексерулер:

1) альбумин-глобулин коэффициентінің төмендеуі; диспротеинемияның нәтижесінде альбуминдер азайып, глобулиндер (ең алдымен альфа-1, альфа-2-глобулиндер) көбейеді;

2) қандағы фибриноген көбейеді (қалыпты күйде 2-4 г/л);

3) С – реактивті протеиннің пайда болуы;

4) қан сарысуында гликопротеидтердің көбеюі; негізгі затының құрамына гликопротеидтер кіретін дәнекер тінінің дезогранизациясына байланысты;

5) дифениламин реакциясы көрсеткішінің (ДФА реакция) өсуі. Қалыпты күйде 0,200-0,220 Б;

6) серомукоид деңгейі көтеріледі. Қалыпты күйде 0,75 г/л;

7) гексозалардың көбеюі. Қалыпты күйде гексозалардың мөлшері 125 г/л тең.

Иммунологиялық тексерулер.

- Ревматоидтық факторды (РФ) анықтау. РФ анықтау үшін Ваалер-Розе және латекс-тест реакциялары қолданылады. Ваалер-Розе реакциясы бойынша титр 1:32 тең болса, ол оң мәнді деп есептеледі; латекс-тест бойынша реакция оң мәнді деп есептеледі, егер титр 1:20 тең болса. РФ 70-80% жағдайда анықталады. Иммуноглобулиндер кластарына қарай (M, G, A) РФ бірнеше типін ажыратады (бұл белок осы иммуноглобулиндерден тұрады). Көрсетілген реакцияларда тек JgM – типті РФ анықталады.

- Қан сарысуында РФ бар-жоғына қарап, серопозитивті және серо-негативті РА ажыратады. Серопозитивті РА ауыр дамиды деп есептеледі, онда сүйек деструкциясы тез дамиды, висцериттердің болуы жиі кездеседі. Серонегативті РА қатерсіздеу дамиды.

- Иммунофлюоресценция әдісімен РА ауыратын адамдардың 30% антинуклеарлық антиденелер (ДНҚ-на, нуклеопротеидтерге қарсы) табылады.

РА ауыр түрінде 5-10% жағдайда LE - клеткалары табылады.

- Синовиальды қабық биопсиясы. Бүрлер гипертрофияланған, жамылғы синовиальды клеткалардың гипертрофиясы анықталады. Лимфоидтық және плазматикалық клеткалар инфильтрат құрып, қан тамырлары маңында орналасқан.

Инструментальды зерттеулер:

 рентгенография КҚМ; ФЛГ;ЭКГ;

 саусақ ұштары рентгенографиясы – жыл сайын;

жамбас сүйектерінің рентгенографиясы және басқа буындар көрсетілім бойынша;

 ФГДС;

Іш қуысы мүшелерінің УДЗ.

 

Сәулелік диагностика (Штейнброкер бойынша):

І сатысы – остеопороз белгілері, рентгенологиялық деструкциялық белгілер жоқ;

ІІ сатысы – шеміршек пен сүйектің болмашы талқандалуы, буын саңылауының аздап тарылуы, сүйектердің бірен-саран узуралары;

ІІІ сатысы – шеміршек пен сүйектің ауқымды талқандалуы, буын саңылауының көзге түсерліктей тарылуы, көптеген узуралар, жартылай буындардың таюы, сүйектердің девиациясы;

IV сатысы – ІІІ сатының симптомдары + анкилоз.





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2017-02-25; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 695 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Студенческая общага - это место, где меня научили готовить 20 блюд из макарон и 40 из доширака. А майонез - это вообще десерт. © Неизвестно
==> читать все изречения...

2319 - | 2273 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.008 с.