1. Намаздың бір уәжібін әдейі істемеу мәкрүһ тахриман. Бір сүннетін әдейі істемеу мәкрүһ танзиһан. Мысалы: намазда имамға ілесу - уәжіп. Имамға ұюшының имамнан озып кетуі мәкрүһ тахриман.Әбу Һурайра, Аллаһ тағала оларға разы болсын, пайғамбардың (саллаллаһу алайһи уа саллам) былай дегенін айтты:
(أما يخشى أحدكم، إذا رفع رأسه قبل الإمام، أن يجعل اللّه رأسه رأس حمار، أو يجعل اللّه صورته صورة حمار)
«Сендерден біреу басын имамнан бұрын көтерсе, Аллаһ тағала оның басын есектің басындай етіп жіберуінен немесе бейнесін есектің бейнесіндей етіп жіберуінен қорықпай ма?!» [494].
2. Намазда тыныш тұрмау мәкрүһ тахриман. Бұл іс намаздағы мінәжатті бұзып, намаздан жүректің көңілін бөледі. Аллаһтың елшісі (саллаллаһу алайһи уа саллам) былай деді:
(إن اللّه تعالى كره لكم ستاً: العبث في الصلاة، والمنّ في الصدقة، والرفث في الصيام، والضحك عند القبور، ودخول المساجد وأنتم جنب، وإدخال العيون البيوت بغير إذن)
«Расында, Аллаһ сендер үшін алты нәрсені жек көрді: намазда тыныш тұрмау, берген садақаға міндетсіну, оразада әдепсіз сөйлеу, қабір қасында күлу, мешітке бойдәретсіз кіру және үйлерге рұқсатсыз көз сұғу» [495].
Әбу Һурайра, Аллаһ тағала оған разы болсын, былай деді:
(أن رسول اللّه صلى اللّه عليه وسلم رأى رجلاً يعبث بلحيته في الصلاة فقال: (لو خشع قلبه خشعت جوارحه)
Аллаһтың елшісі (саллаллаһу алайһи уа саллам) намазда қолымен сақалын сипап тұрған бір кісіні көріп, былай деді: «Егер мына кісінің жүрегі бағынышты күйде болса, дене мүшелері де бағынар еді» [496].
Намазда тыныш тұрмау дегеніміз - намаз үстінде қимылдай беру. Солардың кейбіреуін атап өтейік:
1 - Намазда маңдайға жабысқан топырақты немесе шөпті түсіру. Әбу Һурайра, Аллаһ тағала оған разы болсын, Аллаһтың елшісінің (саллаллаһу алайһи уа саллам) былай дегенін айтты:
(إن من الجفاء أن يكثر الرجل مسح جبهته قبل الفراغ من صلاته)
«Намазын аяқталмаған кісінің маңдайын сүрте беру істі зая кетіруге жатады» [497].
- Сәжде орнын тегістеп тазалау. Аллаһтың елшісі (саллаллаһу алайһи уа саллам) сәжде орнының топырағын тегістеп жатқан бір кісіні көріп, былай деді:
(إن كنت فاعلاً فواحدة)
«Егер тегістегің келсе, бір мәрте ғана жаса!» [498].
- Саусақтарды шықырлату. Әли, Аллаһ тағала оған разы болсын, Аллаһтың елшісінің (саллаллаһу алайһи уа саллам) былай дегенін айтты:
(لا تفقع أصابعك وأنت في الصلاة)
«Намазда тұрғаныңда саусақтарыңды шықырлатпа!» [499].
- Екі қолдың саусақтарын біріктіру. Каъб ибн Ъужра, Аллаһ тағала оған разы болсын, былай деді:
(أن رسول اللّه صلى اللّه عليه وسلم رأى رجلاً قد شبك أصابعه في الصلاة ففرج رسول اللّه صلى اللّه عليه وسلم بين أصابعه)
Аллаһтың елшісі (саллаллаһу алайһи уа саллам) намазда саусақтарын біріктіріп тұрған бір кісіні көрді. Аллаһтың елшісі (саллаллаһу алайһи уа саллам) оған жақындап, саусақтарын ажыратты»[500].
Ибн Омардан, Аллаһ тағала оған разы болсын, намазда саусақтарды біріктіру жайында сұралғанда ол былай деді:
(تلك صلاة المغضوب عليهم)
«Бұл – ашуға ұшырағандардың (яһудилердің) намазы»[501].
3. Жан-жаққа мойнын бұрып қарау мәкрүһ танзиһан. Айша анамыз, Аллаһ тағала оған разы болсын, былай деді: Мен Аллаһтың елшісінен (саллаллаһу алайһи уа саллам) намазда жалтақтау жайында сұрағанымда:
(هو اختلاس يختلسه الشيطان من صلاة العبد)
«Құлдың намазынан шайттаның ұрлауы осылай жүзеге асады» -деп жауап берді[502].
Алайда көздің қозғалуы мәкрүһ емес. Ибн Аббас, Аллаһ тағала оған разы болсын, былай деді:
(كان النبي صلى الله عليه وسلم يلحظ في الصلاة يمينا و شمالا ولا يلوي عنقه خلف ظهره)
«Пайғамбар (саллаллаһу алайһи уа саллам) намазда тұрғанда оң жақты және сол жақты көзімен байқайтын, бірақ мойны қозғалмайтын»[503].
Анас, Аллаһ тағала оған разы болсын, былай деді: Маған Аллаһтың елшісі (саллаллаһу алайһи уа саллам) былай деді:
(إياك والالتفات في الصلاة فإن الالتفات في الصلاة هلكة. فإن كان لبد ففي التطوع لا في الفريضة)
«Намазда жан-жаққа қараудан сақтан. Өйткені, намазда жан-жаққа қарау құрдымға апарады. Егер мәжбүр болсаң, тек нәпіл намазында қарауға болады, ал парыз намазында болмайды» [504].
4. Мешітте түкіру мүлде мәкрүһ. Анас, Аллаһ тағала оған разы болсын, Аллаһтың елшісінің (саллаллаһу алайһи уа саллам) былай дегенін айтты:
(البصاق في المسجد خطيئة و كفارتها دفنها)
«Мешітте түкіру - күнә және кінәсінің жуылу - көміп тасталуында» [505].
Біреу далада намаз оқығанында түкіруге мәжбүр болса, сол жағына түкірсе болады. Әбу Һурайра, Аллаһ тағала оған разы болсын, Аллаһтың елшісінің (саллаллаһу алайһи уа саллам) былай дегенін айтты:
(إذا قام أحدكم إلى الصلاة، فلا يبصق أمامه، فإنما يناجي اللّه ما دام في مصلاه، ولا عن يمينه، فإن عن يمينه ملكاً، وليبصق عن يساره، أو تحت قدمه، فيدفنها)
«Сендерден біреу намазға тұрса, алдыңғы жағына түкірмесін! Өйткені, ол намазын аяқтағанша Аллаһпен мінәжатта болады. Оң жағына да түкірмесін! Өйткені оң жағында періште бар. Сол жағына немесе табанының астына түкіріп, аяғымен жерге көміп тастасын» [506].
5. Отырыста екі бөксесін жерге тигізіп, тізелерін көтеріп отыру мәкрүһ танзиһан. Әбу Һурайра, Аллаһ тағала оған разы болсын, былай деді:
(نهاني النبي صلى اللّه عليه وسلم عن ثلاث: نهاني عن الالتفات، وإقعاء كإقعاء الكلب، ونقر كنقر الديك)
«Пайғамбар (саллаллаһу алайһи уа саллам) бізді намазда үш нәрседен тыйды: қозғалу, ит секілді отыру және тауық шоқығандай сәжде жасау»[507].
6. Сәждеде екі қолды созып, жерге жайып ұстау. Айша анамыз, Аллаһ тағала оған разы болсын, былай деді:
(ينهى عن عقبة الشيطان، وينهى أن يفترش الرجل ذراعيه افتراش السبع)
«Пайғамбар (саллаллаһу алайһи уа саллам) шайтанға еруімізге және намаздағы кісіге қолдарын жыртқыштар секілді жайып ұстауына тыйым салды»[508].
7. Көйлегі бола тұра, намазды тек шалбармен оқу мәкрүһ танзиһан. Ибн Омар, Аллаһ тағала оған разы болсын, Аллаһтың елшісінің (саллаллаһу алайһи уа саллам) былай дегенін айтты:
(إذا صلى أحدكم فليلبس ثوبيه فإن اللّه عز وجل أحق أن يزين له، فإن لم يكن له ثوبان فليأتزر إذا صلى)
«Кім намаз оқыса, екі киім кисін! Алдында әсемденіп тұруға ең лайықты - Аллаһ. Кімнің намазға тұрарда екі киімі болмаса ғана, бар матасын шалбар етіп кисін..» [509]. Әуретті бейнелейтін тар киіммен намаз оқу мәкрүһ тахриман.
Намазда жеңді шынтаққа дейін түру мәкрүһ тахриман.
Шынтаққа жеткізбей түру мәкрүһ емес.
Бастың ашық болуы мәкрүһ танзиһан.
8. Ер кісіге шашын өріп тұруы. Әбу Рафиъ, Аллаһ тағала оған разы болсын, былай деді:
(نهى رسول اللّه صلى اللّه عليه وسلم أن يصلي الرجل وهو عاقص شعره)
«Аллаһтың елшісі (саллаллаһу алайһи уа саллам) ер кісінің намазға шашын өріп тұруына тыйым салды»[510].
9. Ер кісіге де, әйел кісіге де бетпердемен тұру мәкрүһ танзиһан.
10. Сәлем берген кісіге жауап қайыру, қолмен белгі беру мәкрүһ танзиһан. Алайда, басымен ишара жасауына болады. Ибн Масدуд, Аллаһ тағала оған разы болсын, былай деді:
(لما قدمت من الحبشة أتيت رسول اللّه صلى اللّه عليه وسلم وهو يصلي فسلمت عليه فأومأ برأسه)
«Эфиопиядан келгенімде Аллаһтың елшісіне (саллаллаһу алайһи уа саллам) келдім. Ол намазда тұрған болатын. Мен оған сәлем бердім. Маған басымен ишара жасады»[511].
11. Қиямнан басқа қалыпта Құран оқу мәкрүһ тахриман. Әр ішкі парызда оқуға арналған зікір сөздерінен басқа сөздер айтылмайды. Қиямда оқып үлгермеген «Фатиха» сүресін рүкүғта жалғастыру мәкрүһ тахриман.
12. Екінші рәкатта біріншіге қарағанда ұзағырақ тұру мәкрүһ танзиһан.
13. Парыз намазының екі рәкәтінда бір сүрені қайталап оқу мәкрүһ танзиһан. Нәпіл намазында бір сүрені қайталап оқудың оқасы жоқ.
14. Сүрелерді Құрандағы реттік тәртіппен оқымау мәкрүһ танзиһан. Бұл іс төрт мәзһапта да мәкрүһ. Сахабалар, Аллаһ тағала оларға разы болсын, намазда сүрелердің Құрандағы реттік тәртіптеріне сай оқуды пайғамбардан (саллаллаһу алайһи уа саллам) мұраланды. Ибн Масъудтан, Аллаһ тағала оған разы болсын, Құранды кері тәртіппен оқитын кісі жайында сұралғанда: «Ол жүрегі теріс адам»-деп жауап береді.
(أنه سئل عمن يقرأ القرآن منكوسا؟ قال: ذلك منكوس القلب)
Намазға тұрған кісі бірінші рәкатта «Нәс» сүресін оқыса, екінші рәкатта «Бақара» сүресінен оқығаны дұрыс. Ал «Фалақ» сүресін оқуы мәкрүһ болады.
15. Сәждеде башпайларды құбыладан басқа тарапқа бұру. Әбу Хамид, Аллаһ тағала оған разы болсын, Аллаһтың елшісінің (саллаллаһу алайһи уа саллам) сәждесін сипаттап, былай деді:
(إذا سجد وضع يديه غير مفترش ولا قابضهما، واستقبل بأطراف أصابع رجليه القبلة)
«Сәжде жасағанда саусақ араларын қатты ашпайтын және біріктірмейтін. Сондай-ақ аяқ башпайларын құбылаға бағыттайтын»[512].
16. Есінеу. Әбу Һурайра, Аллаһ тағала оған разы болсын, Аллаһтың елшісінің (саллаллаһу алайһи уа саллам) былай дегенін айтты:
(إن اللّه يحب العُطَاس ويكره التثاؤب، فإذا عطس فحمد اللّه فحق على كل مسلم سمعه أن يشمته، وأما التثاؤب فإنما هو من الشيطان فليرده ما استطاع، فإذا قال ها ضحك منه الشيطان)
«Расында, Аллаһ құлдың түшкіргенін жақсы көреді, ал есінеуін жеккөреді. Егер құл түшкіргенде Аллаһты мақтаса, оны естіген әр мұсылманның міндеті - оған Аллаһтын рахымын тілеу. Есінеу туралы айтар болсақ, әлбетте, ол шайтананнан ғана болады. Сондықтан құл қолдан келгенше есінеуді қайтаруға тырыссын. Егер «а-а-а»-деп есінесе, шайтан оған күледі» [513].
17. Көзді жұму мәкрүһ танзиһан. Ибн Аббас, Аллаһ тағала оған разы болсын, Аллаһтың елшісінің (саллаллаһу алайһи уа саллам) былай дегенін айтты:
(إذا قام أحدكم في الصلاة فلا يغمض عينيه)
«Сендерден біреу намаз оқыса, көзін жұмбасын» [514]. Намаздан көңілін бөлетін нәрселерден сақтану үшін жасаса, мәкрүһ емес.
18. Аспанға қарау. Анас ибн Мәлик, Аллаһ тағала оған разы болсын, Аллаһтың елшісінің (саллаллаһу алайһи уа саллам) былай дегенін айтты:
(ما بال أقوام يرفعون أبصارهم إلى السماء في صلاتهم) فاشتد قوله في ذلك حتى قال: (ليَنْتَهُنَّ عن ذلك، أو لتُخْطَفَنَّ أبصارهم)
«Намаздарында көздерін көкке көтерген адамдарға не болады екен?». Даусы күшейе-күшейе, тіпті былай деді: «Олар бұларын доғарсын! Әйтпесе, көздерінен айрылады» [515].
Намазда көздің алаңдауымен көңіл де алаңдап, ойға басқа нәрселер кіреді. Әбу Зарр, Аллаһ тағала оған разы болсын, Аллаһтың елшісінің (саллаллаһу алайһи уа саллам) былай дегенін айтты:
(لا يزال الله مقبلا على العبد في صلاته ما لم يلتفت فإذا صرف وجهه انصرف عنه)
«Намазда тұрған құл жүзін басқа жаққа бұрмайынша Аллаһ тағала одан жүзін алмайды. Егер құл жүзін басқа жаққа аударса, Аллаһ тағала одан аулақтайды» [516].
Сондықтан намаздағы кісі бағынышты күйде тұруы үшін, денесінің әр мүшесін сүннет белгілеген орынға шоғырлауы қажет.
19. Намазға жалқауланып тұру. Негізінде, құлшылыққа жалқаулық таныту - мұнапықтардың сипаты. Аллаһ тағала Құран Кәрімде былай дейді:
﴿ إِنَّ الْمُنَافِقِينَ يُخَادِعُونَ اللّهَ وَهُوَ خَادِعُهُمْ وَإِذَا قَامُواْ إِلَى الصَّلاَةِ قَامُواْ كُسَالَى يُرَآؤُونَ النَّاسَ وَلاَ يَذْكُرُونَ اللّهَ إِلاَّ قَلِيلاً﴾
«Расында, мұнапықтар Аллаһты алдамақшы. Алайда, Аллаһ оларды алдауда. Намазға тұрғандарында жалқауланып тұрады. Адамдардың көзіне бояма жасап, Аллаһты болар-болмас еске алады» [517].
20. Бас киімнің маңдайды жауып тұруы мәкрүһ танзиһан. Алайда, жер суық немесе ыстық болса, мәкрүһ емес.
21. Намаз оқылатын бөлмеде адамның немесе жануардың суреті болуы мәкрүһ тахриман. Әбу Талха, Аллаһ тағала оған разы болсын, Аллаһтың елшісінің (саллаллаһу алайһи уа саллам) былай дегенін айтты:
(لا تدخل الملائكة بيتا فيه كلب و لا صورة)
«Ішінде ит және сурет бар үйге періштелер кірмейді!» [518].
Шариғат бойынша мұсылман періштелердің қоршауында болуы үшін, үйінде жанды нәрселердің суреттерімен әшекейленген кілемдерді еден үшін де, қабырға үшін де қолдануы мәкрүһ тахриман. Сондай-ақ олардың үстінде намаз оқу да мәкрүһ тахриман. Шариғат ережелерін білмейтін бір үйге қонақ болып түскен жағдайда еденге төселген кілемнің жанды нәрсенің суретінен және бала нәжісінен аман екендігіне көз жеткізуі шарт. Кілемде үлкен сурет болса, жайнамазды суреттің басын жабатындай етіп төсесе жеткілікті. Қабырғаға ілінген кілемдегі сурет үлкен болса, беті бүркелуі қажет. Дегенмен үкім мәкрүһ тахриман болғандықтан, намаз дұрыс саналады. Төсеніштің бір бөлігінде бейнелері айқын емес жанды нәрселердің кішкене суреттері болса, суреті жоқ бөлігінде намаз оқу мәкруһ емес.
22. Жанды нәрсенің суреті бар киіммен намаз оқу мәкрүһ тахриман. Сурет көзге әрең ілінетін ұсақ болса немесе бейненің басы болмаса, мәкруһ емес. Жансыз нәрселердің суретін пайдалануға рұқсат етіледі. Ер кісіге сары, қызыл және қызғылт сары түсті киім кию мәкрүһ танзиһан.
23. Сәждеге маңдай тиіп, мұрынның тимеуі мәкрүһ тахриман. Әбу Хамид Ас-Саъиди, Аллаһ тағала оған разы болсын, былай деді:
(أن النبي صلى اللّه عليه وسلم كان إذا سجد أمكن أنفه وجبهته من الأرض)
«Пайғамбар (саллаллаһу алайһи уа саллам) сәжде жасағанда жерге мұрны мен маңдайын тигізетін»[519].
24. Жол ортасында, моншада, қабір басында, бөтен жерде және тартып алынған жерде намаз оқу мәкрүһ тахриман. Ибн Омар, Аллаһ тағала оған разы болсын, былай деді:
(نهى أن يصلى في سبعة مواطن: في المزبلة والمجزرة والمقبرة وقارعة الطريق وفي الحمام وفي معاطن الإبل وفوق ظهر بيت اللّه)
«Аллаһтың елшісі (саллаллаһу алайһи уа саллам) жеті түрлі жерде намаз оқуға тыйым салды: қи үймесінде, қасапханада, қабір басында, жол ортасында, моншада, түйе қорада және Қағбаның төбесінде»[520].
Киіздің немесе кілемнің үстінде намаз оқу мәкруһ емес. Дегенмен, жерде немесе шидің үстінде оқыған абзал. Ибн Аббас, Аллаһ тағала оған разы болсын, былай деді:
(كان رسول اللّه صلى اللّه عليه وسلم يصلي على الخمرة)
«Аллаһтың елшісі (саллаллаһу алайһи уа саллам) кілемшенің үстінде намаз оқитын»[521].
Әбу Саъид, Аллаһ тағала оған разы болсын, былай деді:
(أن النبي صلى اللّه عليه وسلم صلى على حصير)
«Пайғамбар (саллаллаһу алайһи уа саллам) қамыстан тоқылған өрменің (шидің) үстінде намаз оқитын»[522].
25. Іш кепкен кезде, үлкен және кіші дәрет қысып тұрғанда, тамақ әзір болғанда намаз оқу мәкрүһ тахриман. Әбу Әмама, Аллаһ тағала оған разы болсын, былай деді:
(نهى أن يصلي الرجل وهو حاقن)
«Аллаһтың елшісі (саллаллаһу алайһи уа саллам) кіші дәреті қысып тұрған кісіге намаз оқуға тыйым салды»[523].
Айша анамыз, Аллаһ тағала оған разы болсын, пайғамбардың (саллаллаһу алайһи уа саллам) былай дегенін айтты:
(لا صلاة بحضرة الطعام وهو يدافعه الأخبثان)
«Тамақ әзір болғанда, сондай-ақ үлкен және кіші дәрет қысқанда намаз оқылмайды» [524].
26. Пижамамен, жұмыс киімімен намаз оқу мәкрүһ танзиһан. Нафиъ, Аллаһ тағала оған разы болсын, былай деді:
(رآني ابن عمر وأنا أصلي في ثوب واحد. فقال: ألم أكسك. قلت: بلى. قال: فلو بعثتك كنت تذهب هكذا؟ قلت: لا. قال: فاللّه أحق أن تزين له)
Менің жалғыз іштік шалбармен намаз оқып тұрғанымды көрген Ибн Омар, Аллаһ тағала оған разы болсын, маған былай деді: «Саған киім бермедім бе?»-деді. Мен: «Бұл не дегеніңіз?»-дедім. Ол: «Сені бір жерге жіберсем, осы күйіңде барар ма едің?»-деді. Мен: «Әрине, жоқ»-дедім. Ол: «Алдында әсемденіп тұруыңа ең лайықты Аллаһ емес пе?!»-деді[525].
27. Имамға михрабтың ішіне кіріп және жамағаттан биіктеу жерде тұрып намаз оқуы мәкрүһ танзиһан. Сондай-ақ жамағаттың имамнан биіктеу жерде тұру үкімі де осындай.
28. Алдыңғы сапта бос орын бола тұра, екінші сап құру мәкрүһ тахриман. Әр саптағы бос орынды толтыру уәжіп. Айша анамыз, Аллаһ тағала оған разы болсын, Аллаһтың елшісінің (саллаллаһу алайһи уа саллам) былай дегенін айтты:
(إن اللّه عز وجل وملائكته عليهم السلام يُصلون على الذين يَصِلون الصفوف، ومن سد فرجة رفعه اللّه بها درجة)
«Расында, Аллаһ және Оның періштелері сап құрап намаз оқушыларға рахым тілейді. Кім бос орынды толтырса, сол үшін Аллаһ оның дәрежесін бір мәртебеге көтереді» [526].
29. Жанып тұрған оттың алдында намаз оқу мәкрүһ танзиһан. Өйткені бұл отқа табынушылардың құлшылығына ұқсайды.
30. Парыз намаздарында «Фатиха» сүресінің орнына басқа сүрені белгілеу. «Фатиха»-ны оқу уәжіп болғандықтан орнына басқа сүрені белгілеу сүннетке қайшы келеді. Қосымша сүрелерді сүннетте келгендей белгілеп оқыса болады. Әбу Һурайра, Аллаһ тағала оған разы болсын, былай деді:
(كان يقرأ في صلاة الصبح يوم الجمعة ألم تنزيل السجدة وهل أتى على الإنسان)
«Аллаһтың елшісі (саллаллаһу алайһи уа саллам) жұма күнгі таң намазында «Сәжде» мен «Инсан» сүрелерін оқитын»[527].
31. Адамдар көп өтетін жерде намазды сутрасыз оқу.