Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


Сәлем тілегенде қадағаланатын істер




1 - Оң жаққа сәлем бергенде дауыс көтеріңкі болады. Сол жаққа сәлем бергенде дауыс төмен болады.

2 - Имам Әбу Ханифаның көзқарасында имамға ұюшы сәлемді имамға еріп жасайды. Әбу Юсуф пен Мұхаммедтің көзқарасында имамға ұюшы имамнан кейін айтады.

3 - Оң жақтан басталуы.

4 - Сәлем бергенде амалдарды жазушы періштелерге, жамағатқа және салиқалы жындарға есендік тілеу ниетінің жасалуы.

5 - Намаздың әуелгі рәкатіна үлгермеген адам намазын толықтыру үшін имам екі жаққа сәлем бергенде тұрады.

 

22. Намаздан кейін Аллаһ тағаланы еске алу. Намаздан кейін зікір айтып, дұға жасау сүннет. Таң мен екінді намаздарынан кейін бірден кірісуге болады. Өйткені олардан кейін бекітілген сүннет намазы жоқ. Артында бекітілген сүннет намазы бар парыздан кейін бірден зікір мен дұға жасау мәкрүһ. Сол себептен бесін, ақшам және құптанның парыздары артында бекітілген сүнеттер болғандықтан, зікір мен дұғаны сүннеттерді атқарған соң жасаған ұнамды. Айша анамыз, Аллаһ тағала оған разы болсын, былай деді:

 

(كان النبي صلى اللّه عليه وسلم إذا سلم، لم يقعد. إلا بمقدار ما يقول: اللّهم أنت السلام ومنك السلام. تباركت يا ذا الجلال والإكرام)

Пайғамбар (саллаллаһу алайһи уа саллам) сәлем берген соң: «Аллаһумма, әнта ас-салам уа минка ас-салам. Табаракта йа зәл-жалали уа ал-икрам» -деп айтылатын көлемде ғана отыратын[478].

 

Самра, Аллаһ тағала оған разы болсын, былай деді:

(كان النبي صلى الله عليه وسلم إذا صلى صلاة أقبل علينا بوجهه)

«Пайғамбар (саллаллаһу алайһи уа саллам) намазын аяқтағанда бұрылып, бізге қарайтын»[479].

 

Саубан, Аллаһ тағала оған разы болсын, былай деді:

(كان رسول الله صلى الله عليه وسلم إذا انصرف من صلاته استغفر ثلاثا و قال: اللّهم أنت السلام ومنك السلام. تباركت يا ذا الجلال والإكرام)

 

Пайғамбар (саллаллаһу алайһи уа саллам) сәлемнен кейін үш мәрте истиғфар айтатын, сосын: «Аллаһумма, әнта ас-салам уа минка ас-салам. Табаракта йа зәл-жалали уа ал-икрам» -дейтін[480]. Истиғфар дегеніміз: «Әстағфирулла»-деп Аллаһтан кешірім сұрау.

 

Аллаһ тағаланы еске алу сөздерінің немесе зікірлердің кейбірін мысалға келтірейік:

Муғира ибн Шуъба, Аллаһ тағала оған разы болсын, Аллаһтың елшісінің (саллаллаһу алайһи уа саллам) парыз намаздарынан кейін былай зікір жасағанын айтты[481]:

"لا إله إلا اللّه وحده لا شريك له، له الملك، وله الحمد، وهو على كل شيء قدير. اللّهم لا مانع لما أعطيت، ولا معطي لما منعت، ولا ينفع ذا الجد منك الجد"

«Бір Аллаһтан басқа тәңір жоқ. Оның серігі жоқ. Шексіз билік те Оған тән. Мақтау да Оған тән. Және Оның бүкіл нәрсеге құдіреті жүреді. Аллаһым, Сенің бергеніңді қайтарушы жоқ және Сенің қайтарғаныңды беруші жоқ..».

 

Әбу Һурайра, Аллаһ тағала оған разы болсын, былай деді:

(جاء الفقراء إلى النبي صلى اللّه عليه وسلم فقالوا: ذهب أهل الدُّثور من الأموال بالدرجات العُلا والنعيم والمقيم: يصلون كما نصلي، ويصومون كما نصوم، ولهم فضل من أموال، يحجون بها ويعتمرون، ويجاهدون ويتصدقون. قال: (ألا أحدثكم بأمر إن أخذتم به، أدركتم من سبقكم، ولم يدرككم أحد بعدكم، وكنتم خير من أنتم بين ظهرانيه، إلا من عمل مثله؟ تسبحون وتَحْمدون وتكبرون خلف كل صلاته ثلاثاً وثلاثين)

 

Бір күні пайғамбарға (саллаллаһу алайһи уа саллам) пақырлар келіп: «Ауқатты байлар зор дәрежелерге иеленетін болды. Өйткені біз оқыған намазды олар да оқиды. Біз ұстаған оразаны олар да ұстайды. Тағы олардың дүниесі де біздікінен асып түседі. Онымен қажылықтың үлкеніне де, кішісіне де бара алады. Тағы олар Аллаһ жолында күреседі және садақа береді»-дейді. Ол (саллаллаһу алайһи уа саллам): «Сендерді бір іске нұсқайын да?! Оны атқарсаңдар, оларды қуып жетесіңдер. Алайда сендерді ешкім қуып жете алмайды. Оны істемейінше, араларыңда сендерден ешкім жақсырақ бола алмайды. Әр намаздың соңында Аллаһты отыз үш рет пәктеңдер, мақтаңдар және ұлықтаңдар» [482].

 

Пайғамбардың (саллаллаһу алайһи уа саллам) парыз намазы мен сүннет намазының арасын зікірмен бөлгендігі жөнінде ешнәрсе бекітілмеген. Тек ақшам намазының парызынан кейін Аллаһтың елшісі (саллаллаһу алайһи уа саллам) басылып отырып, төмендегі хадистегі дұғаны он мәрте айтуы үшін отыратын.

 

Абдрахман ибн Ғанам, Аллаһ тағала оған разы болсын, пайғамбардың (саллаллаһу алайһи уа саллам) былай дегенін айтты:

(من قال قبل أن ينصرف ويثني رجله من صلاة المغرب والصبح: لا إله إلا اللّه وحده لا شريك له، له الملك وله الحمد، بيده الخير، يحيي ويميت، وهو على كل شيء قدير عشر مرات، كتب له بكل واحدة عشر حسنات، ومحيت عنه عشر سيئات، ورفع له عشر درجات، وكانت حرزاً من كل مكروه، وحرزاً من الشيطان الرجيم، ولم يحل لذنب يدركه إلا الشرك، فكان أفضل الناس عملاً إلا رجلاً يفضله، يقول أفضل مما قال)

 

«Кім ақшам мен таң намаздарының соңында басылып отырып: «Бір Аллаһтан басқа тәңір жоқ. Оның серігі жоқ. Шексіз билік Оған тән. Мақтау да Оған тән. Жақсылық - Оның қолында. Тірілтеді және өлтіреді. Және Оның бүкіл нәрсеге құдіреті жүреді» -деп он мәрте айтпайынша орнынан тұрмаса, оған әр мәрте үшін он жақсы іс жазылып, он жаман ісі өшіріледі. Тағы он дәрежеге көтеріліп, түрлі жамандық пен қуылған шайтаннан қорғалады. Сонымен қатар ширктен басқа күнәсі кешіріледі. Сонда ол адамдардың арасында ең абзал амал істеген болады, әрине, егер біреу одан абзалырақ айтпаған болса»[483].

 

 

Алтыншы бөлім: Намаздың әдептері

Әдеп сөзінің тілдік мағынасы: көркем мінез және өнегелі жүріс-тұрыс.

Шариғаттағы мағынасы: Аллаһтың елшісі тарапынан (саллаллаһу алайһи уа саллам) әрдайым емес, бір немесе екі мәрте атқарылған іс. Әдеп сүннетті толықтыратындықтан ұнамды іске жатады.

 





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2017-01-28; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 629 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Человек, которым вам суждено стать – это только тот человек, которым вы сами решите стать. © Ральф Уолдо Эмерсон
==> читать все изречения...

2258 - | 2106 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.007 с.