Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


Сәжде сүннеттері




1 - Бет екі қолдың ортасына қойылады. Уәил ибн Хужр, Аллаһ тағала оған разы болсын, былай деді:

(لما سجد، سجد بين كفيه)

«Аллаһтың елшісі (саллаллаһу алайһи уа саллам) сәжде жасағанда бетін екі қолының арасына қойды»[459].

Әбу Хамид, Аллаһ тағала оған разы болсын, былай деді:

(أنا أعلمكم بصلاة رسول اللّه صلى اللّه عليه وسلم فذكر الحديث وفيه قال: (ثم سجد فأمكن أنفه وجبهته ونحى يديه عن جنبيه ووضع كفيه حذو منكبيه)

«Мен сендерге Аллаһтың елшісінің (саллаллаһу алайһи уа саллам) намазын үйретемін»-деп, хадисті айтып берді. Хадисе былай делінгені бар: «..Сосын мұрны мен маңдайын жерге тигізді. Білектерін екі бүйірінен шеттетіп, алақандарын жерге иықтарымен қатарластыра қойды»[460].

 

2 - Саусақтар мен башпайлардың құбылаға қарауы. Әбу Хамид, Аллаһ тағала оған разы болсын, Аллаһтың елшісінің (саллаллаһу алайһи уа саллам) сәждесін сипаттап, былай деді:

(إذا سجد وضع يديه غير مفترش ولا قابضهما، واستقبل بأطراف أصابع رجليه القبلة)

«Сәжде жасағанда саусақ араларын қатты ашпайтын және біріктірмейтін. Сондай-ақ аяқ башпайларын құбылаға бағыттайтын»[461].

 

3 - Тізелердің арасы ашық болады. Шынтақтар екі бүйірден алшақ тұрады. Іш екі саннан көтеріңкі ұсталады. Маймуна, Аллаһ тағала оған разы болсын, былай деді:

(كان النبي صلى اللّه عليه وسلم إذا سجد لو شاءت بَهْمة أن تمر بين يديه لمرّت)

«Аллаһтың елшісі (саллаллаһу алайһи уа саллам) сәжде жасағанда саны мен екі қолының арасынан өткісі келген қозы өтер еді»[462].

Ъамру ибн Харис, Аллаһ тағала оған разы болсын, былай деді:

(كان رسول اللّه صلى اللّه عليه وسلم إذا سجد يُجَنِّحُ في سجوده حتى يُرى وضَح إبطيه)

«Аллаһтың елшісі (саллаллаһу алайһи уа саллам) сәжде жасағанда білектерін жерден көтеріңкі ұстайтын, тіпті қолтықтарының ақтығы анық көрінетін»[463].

Анас, Аллаһ тағала оған разы болсын, Аллаһтың елшісінің (саллаллаһу алайһи уа саллам) былай дегенін айтты:

(اعتدلوا في السجود ولا يبسِط أحدكم ذراعيه انبساط الكلب)

«Сәждеде денелеріңді түзу ұстаңдар! Ешкім білегін иттің жатысындай жерге жайып ұстамасын»[464].

 

4 - Әйел кісі ішін санына тигізіп, қолдарын екі бүйіріне тигізіп ұстайды. Аллаһтың елшісі (саллаллаһу алайһи уа саллам) намаз оқып, сәжде жасаған екі әйелдің қасынан өткенде екеуіне:

(إذا سجدتما فضما بعض اللحم إلى الأرض، فإن المرأة ليست في ذلك كالرجل)

«Сәжде жасағанда денелеріңнің біразын жерге тигізіңдер. Өйткені бұл қалыпта сендер еркектермен бірдей емессіңдер» -деді[465].

 

5 - Сәждеде "سبحان ربي الأعلى" -ны айту. Ъуқба ибн Ъамир, Аллаһ тағала оған разы болсын, былай деді:

(لما نزلت: ﴿ فَسَبِّحْ بِاسْمِ رَبِّكَ الْعَظِيمِ ﴾ قال لنا رسول اللّه صلى اللّه عليه وسلم: (اجعلوها في ركوعكم). فلما نزلت: ﴿ سَبِّحِ اسْمَ رَبِّكَ الْأَعْلَى ﴾ قال لنا رسول اللّه صلى اللّه عليه وسلم: (اجعلوها في سجودكم)

[466] ﴿فَسَبِّحْ بِاسْمِ رَبِّكَ الْعَظِيمِ﴾ аяты түскенде Аллаһтың елшісі (саллаллаһу алайһи уа саллам) бізге: «Мұны рүкүғта қылыңдар!» -деді. ﴿سَبِّحِ اسْمَ رَبِّكَ الْأَعْلَى﴾ аяты[467] түскенде: «Мұны сәждеде қылыңдар!» -деді[468].

14. Сәждеден асықпай көтерілу.

15. Отырыста сол аяққа басылып отыру және оң аяқтың тік қойылуы. Оң аяқтың беті мен башпайлары құбылаға бағытталады. Омар, Аллаһ тағала оған разы болсын, былай деді:

(من سنة الصلاة أن تنصب القدم اليمنى واستقباله بأصابعها القبلة والجلوس على اليسرى)

«Оң аяқты тік ұстап, башпайларын құбылаға бағыттау және сол аяққа басылып отыру сүннет»[469].

Әйел кісі сол аяғын оң санының астынан шығарып, жамбасына басылып отырады.

 

16. Барлық отырыста екі қолдың екі санға қойылуы.

Оң қол оң санның, сол қол сол санның үстіне қойылады және саусақ ұштары тізеге жақын болады. Тізені алақанмен ұстамайды.

 

17. «Әттахият»-тағы «Әшһәду әллә иләһә илләллаһи» сөзінің «әллә иләһә» бөлігінде оң қолдың сұқ саусағын көтеріп, «илләллаһи» бөлігінде саусақты түсіру.

Абдулла ибн Омар, Аллаһ тағала оған разы болсын, намаз оқып отырған бір кісінің қасынан өтеді. Ол кісі намаз отырысында қолымен бір ұсақтасты қозғап отырады. Намазын аяқтағанда Абдулла ибн Омар оған:

(لا تحرك الحصى وأنت في الصلاة فإن ذلك من الشيطان ولكن اصنع كما كان رسول اللّه صلى اللّه عليه وسلم يصنع قال وكيف كان يصنع قال: (فوضع يده اليمنى على فخذه اليمنى وأشار بأُصبْعه التي تلي الإبهام في القبلة ورمى ببصره إليها أو نحوها ثم قال هكذا رأيت رسول اللّه صلى اللّه عليه وسلم يصنع)

«Намазда болғаныңда қолыңмен ұсақтасты қозғама, өйткені бұл іс - шайтаннан. Алайда, Аллаһтың елшісі (саллаллаһу алайһи уа саллам) істегендей істе»-дейді. Ол кісі: «Аллаһтың елшісі (саллаллаһу алайһи уа саллам) қалай істейтін еді?»-деп сұрайды. Абдулла ибн Омар оған: «Оң қолын оң санына қойып, сұқ саусағымен құбылаға сілтейтін және көзімен саусағының дәл өзіне немесе соның тарапына қарайтын. Сосын: «Мен Аллаһтың елшісінің (саллаллаһу алайһи уа саллам) осылай істегенін көрдім»-дейді[470].

Абдулла ибн Зубайр, Аллаһ тағала оған разы болсын, былай деді:

(كان النبي صلى الله عليه و سلم يشير بأصبعه إذا دعى و لا يحركها)

«Пайғамбар (саллаллаһу алайһи уа саллам) отырыста дұға жасағанда сұқ саусағымен сілтейтін және оны қозғалтпайтын»[471].

Ибн Зубайр, Аллаһ тағала оған разы болсын, былай деді:

(كان يشير بالسبابة ولا يحركها ولا يجاوز بصره إشارته)

«Пайғамбар (саллаллаһу алайһи уа саллам) сұқ саусағымен нұсқайтын және оны қозғалтпайтын. Сондай-ақ назары нұсқаушы саусағынан аспайтын»[472].

 

Осы хадистердің негізінде ханафи, шафиғи және ханбали мәзһаптарында сұқ саусақты қозғалтпайды.

18. Соңғы отырыста тәшәһһудтан кейін пайғамбарға (саллаллаһу алайһи уа саллам) салауат тілеу.

Салауаттың бейнесі:

"اللّهم صلِّ على محمد وعلى آل محمد كما صليت على إبراهيم وعلى آل إبراهيم، وبارك على محمد وعلى آل محمد كما باركت على إبراهيم وعلى آل إبراهيم في العالمين إنك حميد مجيد"

«Аллаһым! Ибраһимді және оған ергендерді рахымыңа бөлегеніңдей Мұхаммедті және оның дініне ергендерді рахымыңа бөлеші. Ибраһимға және оған ергендерге береке бергеніңдей Мұхаммедке және оның дініне ергендерге береке берші. Расында, Сен - аса мақтаулысың және өте ардақтысың».

Намаздан тыс кезде пайғамбардың (саллаллаһу алайһи уа саллам) атын айтқан немесе естіген әрбір мұсылман سلم على محمد صلِّ و اللّهم -деп, салауат тілеуі уәжіп.

 

19. Салауаттан кейін дұға айту. Надла ибн Убайдулла, Аллаһ тағала оған разы болсын, пайғамбардың (саллаллаһу алайһи уа саллам) былай дегенін айтты:

(إذا صلى أحدكم فليبدأ بتحميد اللّه والثناء عليه، ثم ليصل على النبي صلى اللّه عليه وسلم، ثم ليدع بعد بما شاء)

«Сендерден біреу намаз оқыса, алдымен, Аллаһты дәріптеп, мақтасын. Сосын маған салауат тілесін. Сосын қалаған дұғасын жасасын»[473].

Дұғаның Құраннан немесе сүннеттен болғаны жөн.

Құранда келген дұғалардан:

﴿ رَبَّنَا آتِنَا فِي الدُّنْيَا حَسَنَةً وَفِي الآخِرَةِ حَسَنَةً وَقِنَا عَذَابَ النَّارِ ﴾

«Раббымыз, бізге дүниеде де жақсылық бере гөр, ақыретте де жақсылық бере гөр және бізді от азабынан сақтай гөр» [474].

 

 

﴿ رَبَّنَا لاَ تُزِغْ قُلُوبَنَا بَعْدَ إِذْ هَدَيْتَنَا وَهَبْ لَنَا مِن لَّدُنكَ رَحْمَةً إِنَّكَ أَنتَ الْوَهَّابُ ﴾

«Раббымыз, бізді тура жолға салғаннан кейін жүрегімізді одан ауытқыта көрме. Және бізге Өз қасыңнан рахым сыйлашы. Расында, Сен – берегенсің» [475].

 

 

Сүннетте келген дұғалардан:

 

" اللّهم إنا نعوذ بك من عذاب جهنم. ونعوذ بك من عذاب القبر. ونعوذ بك من فتنة المسيح الدجال. ونعوذ بك من فتنة المحيا والممات "

«Аллаһым! Біз жаһаннамның азабына қарсы Сенен пана тілейміз. Және қабір азабына қарсы Сенен пана тілейміз. Және Тажалдың арбауына қарсы Сенен пана тілейміз. Және өмір мен өлімнің арбауына қарсы Сенен пана тілейміз».

 

" اللّهم إني أسألك الثبات في الأمر والعزيمة على الرشد، وأسألك شكر نعمتك وحسن عبادتك، وأسألك قلباً سليماً ولساناً صادقاً، وأسألك من خير ما تعلم وأعوذ بك من شر ما تعلم وأستغفرك لما تعلم "

«Аллаһым, Сенен істе табандылық және дұрыс іске шешімділік сұраймын. Нығметіңе шүкіршіл етіп, құлшылықты жақсы атқаруымды сұраймын. Сау жүрек пен шыншыл тіл сұраймын. Өзің білетін жақсылықтан сұраймын Өзің білетін жамандықтан Сенімен қорғанамын. Сондай--ақ Өзің білетін күнәләрімді кешіруіңді сұраймын».

20. Сәлем бергенде басты оң жаққа және сол жаққа бұру. Ибн Масъуд, Аллаһ тағала оған разы болсын, былай деді:

(كان يسلم عن يمينه السلام عليكم ورحمة اللّه متى يرى بياض خده الأيمن. وعن يساره السلام عليكم ورحمة اللّه حتى يرى بياض خده الأيسر)

«Аллаһтың елшісі (саллаллаһу алайһи уа саллам) оң жағына: «ас-саламу алайкум уа рахматуллаһи»-деп сәлем бергенде оң жақ бетінің ақтығы көрінетін, ал сол жағына: «ас-саламу алайкум уа рахматуллаһи»-деп сәлем бергенде сол жақ бетінің ақтығы көрінетін»[476].

Сәлемнің сырын Қаффал аш-Шаши былай түсіндіреді: «Намазға берілуімен мұсылман айналасындағы адамдардан көңілін тоқтатады. Намазын аяқтағанда сәлем айтуымен адамдарға көңіл бөлуге кіріседі»[477].

 





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2017-01-28; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 621 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Наглость – это ругаться с преподавателем по поводу четверки, хотя перед экзаменом уверен, что не знаешь даже на два. © Неизвестно
==> читать все изречения...

2613 - | 2186 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.01 с.