Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


Таяммумды рұқсат ететін себептер




Бірінші себеп. Судың мүлдем немесе жеткілікті болмауы. Судың 1миль[252] қашықтықта болуы. 1миль қашықтық дегеніміз - шамамен 1847м. Сондыөтан таяммум алушы кісі, алдымен су іздеп, ең азы 1847м жүруі шарт. Егер су таппаса және жеткілікті қаражаты болса, суды сатып алу жолын қарастыруы шарт. Су мүлдем табылмаса, таяммум алуы рұқсат етіледі. Өйткені Аллаһ тағала: «... сөйтіп су таба алмасаңдар, таза топырақпен таяммум алыңдар» [253]-деді.

 

Екінші себеп. Науқас болу. Аллаһ тағала: «..Егер науқас болсаңдар......сөйтіп су таба алмасаңдар, таза топыраққа таяммум алыңдар» [254]-деді. Ибн Аббас, Аллаһ тағала оған разы болсын, былай деді: «Науқасқа таза топырақпен таяммум алуы рұқсат етілді». Бұл себепке қосымша жағдайлар:

- күннің немесе судың суықтығынан ауырып қалудан қорықса;

- аурудың асқынуынан қорықса;

- емді кешіктіретін болса (тәжірибе бойынша немесе дәрігердің айтуы бойынша);

- операциядан кейін суды қолдану үшін орнынан тұруға шамасы келмейтін кісіге;

- паралич және мүгедек жағдайдағы адамға, егер дәрет алғызатын адам таба алмаса;

- дәрет алуға да, тайаммум алуға да біреудің көмегімен болмаса, өздігінен шамасы келмейтін науқасқа.

 

- денесі жартылай немесе көп бөлігі жарақатты болған кісі. Мысалы, басы, жүзі және қолдары жарақаттанған кісі таяммум алады. Денесінің көп бөлігі сау болса, сау бөлігі жуылып, жарақатты бөлігіне қолмен мәсх жасалады. Егер мәсх жасау зиянды болса, оны да істемейді. Іші жарақаттанған кісі тайаммум алады.

- суық күні суды ысытуға еш мүмкіндік болмаған жағдайда.

Ъамру ибн Ъас, Аллаһ тағала оған разы болсын, былай деді:

(احتلمت في ليلة باردة، في غزوة ذات السلاسل، فأشفقت إن اغتسلت أن أهلك فتيممت ثم صليت بأصحابي الصبح، فذكروا ذلك للنبي صلى اللّه عليه وسلم ، فقال: (يا عمرو صليت بأصحابك وأنت جنب؟) فأخبرته بالذي منعني من الاغتسال وقلت: إني سمعت اللّه يقول: {ولا تقتلوا أنفسكم إن اللّه كان بكم رحيماً} فضحك رسول اللّه صلى اللّه عليه وسلم ولم يقل شيئاً)

«Зәт ас-Саласил шайқасында суық түні бой дәретсіз болып қалдым. Ғұсыл құйынсам, құримын-ау[255] деп қорықтым. Сөйтіп, таяммум алып, бауырларыммен таң намазын оқыдым. Олар бұны пайғамбарға (саллаллаһу алайһи уа саллам) білдірді. Аллаһтың елшісі (саллаллаһу алайһи уа саллам) маған: «Ей, Амру, жүніп бола тұра достарыңмен намаз оқығаның қалай?» -деді.Мен оған мені ғұсыл құйынудан не тоқтатқанын хабарлап:«Расында, мен Аллаһ тағаланың: «Өздеріңді өлтірмеңдер! Әлбетте, Аллаһ сендерге мейірімді» -дегенін естідім»-дедім. Сонда Аллаһтың елшісі (саллаллаһу алайһи уа саллам) күлді де ешнәрсе демеді[256].

 

Үшінші себеп. Дәретсіз немесе жүніп болған кісі жаназа намазы мен айт намаздарын өткізіп алудан қорықса, бұл намаздарға таяммум алып қатысуына болады. Өйткені бұл намаздар қайта оқылмайды. Ибн Омар, Аллаһ тағала оған разы болсын, бір жаназаға келгенінде дәреті болмағандықтан таяммум алып, жаназа намазын оқиды[257].

 

Таяммумді дұрыс ететін шарттар:

1. Ниет. Таяммумнің дұрыстығы үшін ниеттің болуы шарт. «Неге ниет дәреттің дұрыстығы үшін шарт емес, ал таяммумнің дұрыстығы үшін шарт?»-деген сұрақтың жауабы: «Өйткені су табиғаты бойынша тазарту қасиетіне ие. Мысалы, кім өзенге тазару ниетімен емес, малту ниетімен сүңгіп шықса, бой дәретті болып шығады. Ал топырақ болса, керісінше, былғайды. Сондықтан топырақпен тазару ниетпен қабаттаспаса болмайды. Таяммумға ниет екі алақанды таза топыраққа ұрар кезде жасалады.

2. Таяммумды рұқсат ететін себептің болуы.

3. Таяммумның таза жер қыртысымен алынуы. Аллаһ тағала былай деді:

﴿ فَتَيَمَّمُواْ صَعِيداً طَيِّباً

«..таза жер қыртысымен таяммум алыңдар..» [258].

Имам Әбу Ханифа мен Мұхаммед, Аллаһ тағаланың оларға рахымы болсын, былай деді: «Топырақ, шаң, құм, тас, гипс, әк, сүрме ұнтағы, күшән (мышьяк) секілді жер қыртысынан болған бүкіл нәрсемен таяммум алуға болады. Тіпті олардың үстінде шаң болмаса да. Аяттағы жер қыртысы дегеніміз жер бетінің атауы болғандықтан, тек топырақ қана көзделмейді, керісінше жердің бүкіл бөліктері көзделеді». Таспен таяммум алу үшін, үстінде шаң болуы шарт емес. Ұрғанда қолға шаңы ілінбейтін ылғалды топырақпен де, сор (тұзды) топырақпен де таяммум алуға болады. Сонымен қатар шаңмен де таяммум алуға болады. Мысалы, екі қолды бойына шаң жинаған нәрсеге ұрып, шаң көтерумен де таяммум алуға болады[259].

4. Бет пен екі қолды сипау. Таяммумнің дұрыстығы үшін қолдағы сақина мен білезік секілді әшкейлер кең болса да, шешілуі уәжіп. Саусақтардың арасы тарамдалу қажет. Таяммум дәрет орнына жүретін болғандықтан, дәреттегі бет пен қолға қатысты шарттар таяммумнің дұрыстығы үшін де қатысты.

5. Таяммум алынатын мүшелерге алақан бүтіндей тиюі қажет.

6. Екі алақан жер қыртысына екі рет ұрылады.

7. Хайыз бен нифастың тоқтауы.

8. Терінің бойында мәсх жасауға кедергі болатын май тәріздес нәрселердің кетірілуі.





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2017-01-28; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 769 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Надо любить жизнь больше, чем смысл жизни. © Федор Достоевский
==> читать все изречения...

2300 - | 1987 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.01 с.