Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


Бесін намазының уақыты




Уақыты күн аспан биігінен еңкейген кезде кіреді және әр нәрсенің көлеңкесі өзіндей болған кезде шығады. Аллаһ тағала Құран Кәрімде былай дейді:

﴿ أَقِمِ الصَّلاَةَ لِدُلُوكِ الشَّمْسِ ﴾

«Күн аспан биігінен еңкейгенде намаз оқы..» [309].

 

Бесін намазын ыстық күні біраз кешіктірген абзал. Әбу Саъид Ал-Хұдри, Аллаһ тағала оған разы болсын, Аллаһтың елшісінің (саллаллаһу алайһи уа саллам) былай дегенін айтты:

(أبردوا بالظهر فإن شدة الحر من فيح جهنم)

«Бесінді ыстық қайтқанда оқыңдар. Расында, қатты ыстық - жәһәннамның бұрқылдап қайнауынан» [310].

Ал салқын күндері, әсіресе, қыста және көктемде бесін намазын әуелгі уақытында оқуға асыққан ұнамды. Айша анамыз, Аллаһ тағала оған разы болсын, былай деді:

(ما رأيت أحداً كان أشد تعجيلاً للظهر من رسول اللّه صلى اللّه عليه وسلم)

«Бесін намазына Аллаһтың елшісінен (саллаллаһу алайһи уа саллам) қаттырақ асыққан ешкімді көрмедім..»[311].

 

 

Екінді намазының уақыты

Уақыты әр нәрсенің көлеңкесі өзіндей болғанда кіреді және күн батпай шығады. Жазда да, қыста да кешіктіріп оқу ұнамды. Әли ибн Шайбан, Аллаһ тағала оған разы болсын, былай деді:

(قدمنا على رسول اللّه صلى اللّه عليه وسلم المدينة فكان يؤخر العصر ما دامت الشمس بيضاء نقية)

«Біз Мәдинаға Аллаһтың елшісіне (саллаллаһу алайһи уа саллам) келгенде екінді намазын күн айнадай аппақ болғанда оқитын»[312].

Алайда, екіндіні күн сарғайғанша кешіктіріп оқу мәкруһ тахриман, тіпті, жолаушы мен науқасқа да. Абдулла ибн Ъамру ибн әл-Ъас, Аллаһ тағала оған разы болсын, Аллаһтың елшісінің (саллаллаһу алайһи уа саллам) былай дегенін жеткізді:

(وقت العصر ما لم تصفر الشمس)

«Екіндінің уақыты күн сарғаймайынша шықпайды» [313].

 

Екінді намазын күн сарғайғанша кешіктіріп оқу - мұнапықтардың сипатынан. Анас ибн Мәлик, Аллаһ тағала оған разы болсын, былай деді: Аллаһтың елшісінің (саллаллаһу алайһи уа саллам) былай дегенін естідім:

(تلك صلاة المنافقين، تلك صلاة المنافقين، تلك صلاة المنافقين، يجلس أحدهم حتى إذا اصفرت الشمس فكانت بين قرني شيطان أو على قرني شيطان قام فنقر أربعاً لا يذكر اللّه فيها إلا قليلاً)

«Ол - мұнапықтардың намазы ғой. Ол - мұнапықтардың намазы ғой. Ол - мұнапықтардың намазы ғой. Олардан әркім күн сарғайғанша отырады. Бұл уақытта күн шайтанның екі мүйізінің арасында немесе екі мүйізінің үстінде болады. Сосын ол төрт рәкатті жер шұқығандай оқып, Аллаһты аз еске алады» [314].

 

Бұлтты күндері екінді намазын ертерек оқыған ұнамды. Барида әл-Әслами, Аллаһ тағала оған разы болсын, айтады: Пайғамбармен (саллаллаһу алайһи уа саллам) бірге бір шайқаста болғанда ол бізге былай деді:

(بكروا بالصلاة في اليوم الغيم فإنه من فاتته صلاة العصر حبط عمله)

«Бұлтты күні намазды ертерек оқыңдар! Өйткені екінді намазын өткізген кісінің амалы зая кетеді» [315].

 

Ақшам намазының уақыты

Уақыты күн батқанда кіреді және шапақтың жоғалуымен шығады. Абдулла ибн Ъамру ибн әл-Ъас, Аллаһ тағала оған разы болсын, Аллаһтың елшісінің (саллаллаһу алайһи уа саллам) былай дегенін жеткізді:

(وقت صلاة المغرب ما لم يغب الشفق)

«Ақшамның уақыты шапақ кетпейінше шықпайды» [316].

 

Ақшам намазын күн батқанда кешіктірмей тездетіп оқу ұнамды. Ъуқба ибн Ъамир, Аллаһ тағала оған разы болсын, Аллаһтың елшісінің (саллаллаһу алайһи уа саллам) былай дегенін жеткізді:

(لا تزال أمتي بخير - أو على الفطرة - ما لم يؤخروا المغرب إلى أن تشتبك النجوم)

«Үмметімнен жақсылық кетпес үшін - немесе осы дінде жалғаса беруі үшін - ақшам намазын жұлдыздар шоғырланатын уақытқа кешіктірмеуі қажет» [317].

Жолаушыға, науқасқа және дайын астан ауыз тигісі келген кісіге ақшам намазын аз уақыт кешіктіруіне болады.

 

Птан намазының уақыты

Уақыты қызыл шапақтың кетуімен кіреді және таң атудан бұрын шығады.

Абдулла ибн Ъамру ибн әл-Ъас, Аллаһ тағала оған разы болсын, Аллаһтың елшісінің (саллаллаһу алайһи уа саллам) былай дегенін жеткізді:

(وقت صلاة العشاء إلى نصف الليل)

«Құптанның уақыты түн жарым болмайынша шықпайды» [318].

Осы хадистің негізінде құптан намазын түн ортасынан кешіктіріп оқу мәкруһ.

 

 

Тір намазының уақыты

Үтір намазын жатар алдында оқыған абзал. Әбу Һурайра, Аллаһ тағала оған разы болсын, былай деді:

(أوصاني خليلي بثلاث: صيام ثلاث أيام من كل شهر، وركعتي الضحى، وأن أوتر قبل أن أنام)

«Сүйікті пайғамбарым (саллаллаһу алайһи уа саллам) маған үш нәрсені өсиет етті: әр айда үш күн ораза ұстауымды, екі рәкат дұха намазын оқуымды, жатар алдында үтір намазын оқуымды»[319].

 

Таң намазының уақыты

Уақыты таң атумен кіреді және күн шыққанша жалғасады. Абдулла ибн Ъамру ибн әл-Ъас, Аллаһ тағала оған разы болсын, Аллаһтың елшісінің (саллаллаһу алайһи уа саллам) былай дегенін жеткізді:

(وقت صلاة الفجر ما لم يطلع قرن الشمس الأول)

«Таң намазының уақыты күн қалпағы көрінбей шықпайды» [320].

Таң намазын азаннан кейін, жер ағараңдай бастағанша азғантай кешіктірген ұнамды. Рафиъ ибн Хадиж, Аллаһ тағала оған разы болсын, Аллаһтың елшісінің (саллаллаһу алайһи уа саллам) былай дегенін жеткізді:

(أسْفِروا بالفجر فإنه أعظم للأجر)

«Таң намазын жер ағараңдағанда оқыңдар. Мұның сауабы - өте зор» [321].





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2017-01-28; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 1178 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Наука — это организованные знания, мудрость — это организованная жизнь. © Иммануил Кант
==> читать все изречения...

2243 - | 2054 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.009 с.