Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


Намаз тастаған адамның үкімі




Негізінде намаз кәмелетке толған, ақыл-есі дұрыс әр мұсылманның парызы. Намаз тастаушы дегеніміз - иманның ақиқатын танып және намазды атқарып жүріп, саналы түрде тастаған кісі. Мұндай кісіге қатысты үкім үшеу:

1. Егер ол намазды тастауымен қатар оның парыздығын теріске шығарса, діннен шығады.

2. Егер ол намазды жалқауланып, құмарлығы жеңіп тастаса, пасық болады.

3. Егер ол намазды уақытында оқымаса, күнәқар болады.

 

«Ал-фиқһ ал-ислами уа адиллатуһу» кітабында доктор Уаһба Аз-Захили былай дейді: «Лә иләһә иллалаһу» деуімен кісі мұсылман болады. Күнәләрінің кесірініен от азабына душар болғанымен, онда мәңгі қалмайды. Мұны пайымдайтын көптеген кесімді дәлелдер бар. Егер ол намазды жалқауланып немесе құмарына жеңіліп тастаса, кәпір болмайды. Бірақ тозақта жазалану мерзімін өтейді. Пайғамбарымыз (саллаллаһу алайһи уа саллам) былай деді:

(من قال لا إله إلا الله و كفر بما يعبد من دون الله حرم ماله و دمه و حسابه على الله)

Кім: «Лә иләһә иллалаһу»-десе және Аллаһтан басқа пұттарды теріске шығарса, малы мен қанына қол сұғылмайды және оны Аллаһ Өзі есептейді [303].

 

Тағы бір хадисте:

(يخرج من النار من قال لا إله إلا الله و في قلبه وزن شعيرة من خير. و يخرج من النار من قال لا إله إلا الله و في قلبه وزن برة من خير. يخرج من النار من قال لا إله إلا الله و في قلبه مثقال ذرة من خير)

«Лә иләһә иллалаһу»-деген кісі жүрегінде арпа салмағындай жақсылық болса, оттан шығады. «Лә иләһә иллалаһу»-деген кісі жүрегінде бидай салмағындай жақсылық болса, оттан шығады. «Лә иләһә иллалаһу»-деген кісі жүрегінде тозаң салмағындай жақсылық болса, оттан шығады [304]..

 

Әбу Һурайрадан, Аллаһ тағала оған разы болсын, пайғамбарымыз (саллаллаһу алайһи уа саллам) былай деді:

(إن أول ما يحاسب به العبد يوم القيامة: الصلاة المكتوبة فإن أتمها و إلا قيل: انظروا هل له من تطوع؟ فإن كان له تطوع أكملت الفريضة من تطوعه ثم يفعل بسائر الأعمال المفروضة مثل ذلك)

«Қиямет күні құл, ең алдымен парыз намаз үшін сұралады, егер оны толық атқарған болса. Әйтпесе, қосымша намаздары барма екен, қараңдар,-делінеді. Нәпіл намаздары бар болса, кем парыздарының орны нәпілімен толықтырылады. Кейін басқа да парыз амалдарымен осылай етіледі» [305].

 

Ғибада ибн Ас-Самит, Аллаһ тағала оған разы болсын, пайғамбарымыздың (саллаллаһу алайһи уа саллам) былай дегенін жеткізді:

(خمس صلوات كتبهن الله على العباد من أتى بهن لم يضيع منهن شيئا استخفافا بحقهن كان له عند الله عهد أن يدخله الجنة و من لم يأت بهن فليس له عند الله عهد إن شاء عذبه و إن شاء غفر له)

«Аллаһ тағала құлдарына бес намазды парыз етті. Кім олардың қақына жеңіл қарамай, ешнәрсесін жоймаған түрде келсе, Аллаһтың қасында оны жәннатқа кіргізетін серт бар. Ал кім оларсыз (парыз намаздарынсыз) келсе, Аллаһтың қасында оны құтқаратын ешқандай серт жоқ. Қаласа, оны азаптайды. Қаласа, оны кешіреді» [306].

 

Намаз уақыттары

Мұсылман Аллаһ тағалаға жақындауы үшін бес уақыт парыз намаздай құлшылықты қанша іздесе таппайды. Әркімнің қаншалықты иман келтіргендігі өзіне намаз уақыты кіргенде белгілі болады. Аллаһ тағала парыз намаздарының күнделікті атқарылуына себеп болатын уақыттарды белгіледі. Әр намаз үшін кірер уақыты мен шығар уақыты белгіленген. Намаз уақыты деп, оның кірер уақыты мен шығар уақытының аралығын айтады. Намаз осы аралықта оқылса, атқарылған болады. Бұл аралықтан кешіктіру күнә және ол өткізіп алынған намаз саналады. Оның қазасының өтелуі - парыз.

Уақыттың кіруі намаздың атқарылуына шарт. Намазды уақыты кірмей атқару дұрыс емес. Аллаһ тағала Құран Кәрімде былай дейді:

﴿إِنَّ الصَّلاَةَ كَانَتْ عَلَى الْمُؤْمِنِينَ كِتَاباً مَّوْقُوتاً﴾

«..Расында, намаз иман келтіргендерге белгілі уақыттарда парыз етілді» [307].

 

Жәбир ибн Абдулла, Аллаһ тағала оған разы болсын, былай деді: Пайғамбарға (саллаллаһу алайһи уа саллам) Жебрейіл (алайһи ас-салам) келіп: «Тұр және оны оқы!» -деді. Ол бесін намазын күн аспан биігінен шалқайғанда оқыды. Кейін екінді уақытында келіп: «Тұр және оны оқы!» -деді. Ол екінді намазын әр нәрсе өзінің көлеңкесіндей болғанда оқыды. Кейін ақшам уақытында келіп: «Тұр және оны оқы!» -деді. Ол ақшамды күн батқанда оқыды. Кейін құптан уақытында келіп: «Тұр және оны оқы!» -деді. Ол құптанды шапақ кеткенде оқыды. Кейін таң намазы уақытында келіп: «Тұр және оны оқы!» -деді. Ол таң намазын таң атқанда оқыды. Сосын ертеңіне Жебрейіл (алайһи ас-салам) оған бесін уақытында тағы келіп: «Тұр және оны оқы!» -деді. Ол бесінді әр нәрсенің көлеңкесі өзіндей болып екіндіге таяғанда оқыды. Кейін екінді уақытында келіп: «Тұр және оны оқы!» -деді. Ол екіндіні әр нәрсенің көлеңкесі өзіндей екеу болғанда оқыды. Кейін ақшам уақытында келіп, ақшамды баяғы уақытында оқыды. Кейін құптан үшін түн жарымда немесе түннің үшінші бөлігі өткенде келіп, пайғамбар(саллаллаһу алайһи уа саллам) құптанды оқыды. Кейін таң намазы үшін ағараңда келіп: «Тұр және оны оқы!» -деді. Ол таң намазын оқыды. Кейін Жебрейіл (алайһи ас-салам) оған: «Кешегі мен бүгінгі осы екі уақыт аралығы - намаз уақыты» -деді[308].

 





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2017-01-28; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 886 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Либо вы управляете вашим днем, либо день управляет вами. © Джим Рон
==> читать все изречения...

2230 - | 1969 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.007 с.