Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


Етеккір мен нифасқа тән үкімдер




1. Етеккір немесе нифас халіндегі әйелдің алған дәреті, құйынған ғұсылы дұрыс емес. Бірақ жүрегінде намаздың маңыздылығы әлсіреп кетпес үшін, намаз уақытында дәрет алып, Аллаһ тағаланы пәктеу, мақтау, ұлықтау және бірлеу сөздерін айтып отыруы ұнамды.

2. Иътикафті тоқтатады. Иътикаф кезінде әйел кісінің етеккірі келсе, иътикаф бірден бұзылады.

3. Меккеге келгенде және Меккеден кетерде Қағбаны тауап етудің уәжіптілік үкімін тоқтатады. Ибн Аббас, Аллаһ тағала оған разы болсын, былай деді:

(أُمِرَ الناس أن يكون آخر عهدهم بالبيت، إلا أنه خُفِّفَ عن الحائض)

«(Қажылықтағы) адамдарға ең соңғы міндет етіліп Қағбаны тауап етулері бұйырылды. Тек қана етеккір халіндегі әйелге жеңілдік қылынды»[274].

4. Талақ жасауға болмайды. Ибн Омар, Аллаһ тағала оған разы болсын, әйелін етеккір кезінде талақ қылады. Омар ибн әл-Хаттаб, Аллаһ тағала оған разы болсын, Аллаһтың елшісінен (саллаллаһу алайһи уа саллам) бұл жайында сұрайды. Аллаһтың елшісі (саллаллаһу алайһи уа саллам) оған былай дейді:

(مُرْه فليراجعها ثم ليطلقها طاهرا أو حاملا)

«Оған былай бұйыр! Әйелін қайтарсын және етеккірден тазарған кезде немесе жүкті кезде талақ қылсын!» [275].

Ер кісі әйелімен етеккір кезінде некені бұза алмайды. Етеккірі тоқтаған кезде, тіпті әлі ғұсыл құйынбаса да, талақ қылуына болады. Кім әйелін етеккір кезінде талақ қылса, әйелін қайтаруы қажет, алайда бір талақ түсіп қояды.

5. Жас қыз алғашқы етеккірдің келуімен кәмелетке толады. Айша анамыз, Аллаһ тағала оған разы болсын, Аллаһтың елшісінің (саллаллаһу алайһи уа саллам) былай дегенін айтты:

(لا يقبل اللّه صلاة حائض إلا بخمار)

«Етеккірі келген қыздың намазын Аллаһ орамалсыз қабыл етпейді» [276].

6. Етеккір мен нифас тоқтағанда ғұсыл құйыну уәжіп. Айша анамыздан, Аллаһ тағала оған разы болсын, былай деді: Үмму Хабиба, Аллаһ тағала оған разы болсын, Аллаһтың елшісінен (саллаллаһу алайһи уа саллам) етеккір қаны жайында сұрайды. Аллаһтың елшісі (саллаллаһу алайһи уа саллам) оған былай дейді:

(امكثي قدر ما كانت تحبسك حيضتك ثم اغتسلي وصلي)

«Етеккіріңді әдеттегі мерзімің бойынша күт. Кейін ғұсыл құйынып, намазыңды оқы» [277].

7. Намазды атқарудан тоқтатады. Еттеккір кезінде оқылмаған намаздардың қазасы өтелмейді. Айша анамыз, Аллаһ тағала оған разы болсын, былай деді: Аллаһтың елшісі (саллаллаһу алайһи уа саллам) Әбу Хабиш қызы Фатимаға былай деді:

(فإذا أقبلت الحيضة فدعي الصلاة)

«Етеккір келген кезде намаз оқыма» [278].

8. Ораза ұстаудан тоқтатады. Алайда намаздан айырмашылығы оразаның қазасы кейін өтеледі. Айша анамыз, Аллаһ тағала оған разы болсын, былай деді:

(كان يصيبنا ذلك فنؤمر بقضاء الصوم ولا نمر بقضاء الصلاة)

«Бізге бұл нәрсе (еттеккіріміз) келгенде (үзілген) оразаның қазасын өтеуіміз бұйырылатын. Ал намаздың қазасын өтеуіміз бұйырылмайтын»[279].

9. Мешітке кіруден тыяды. Айша анамыз, Аллаһ тағала оған разы болсын, Аллаһтың елшісінің (саллаллаһу алайһи уа саллам) былай дегенін жеткізді:

(فإني لا أحل المسجد لحائض ولا جنب)

«Расында, мен етеккір халіндегі әйелге және бой дәретсіз кісіге мешітке кіруге тыйым саламын» [280].

10. Қағбаны тауап етуден тыяды. Айша анамыз, Аллаһ тағала оған разы болсын, қажылық парызын атқарып жатқан кезінде етеккірі келіп, оған Аллаһтың елшісі (саллаллаһу алайһи уа саллам) былай дейді:

(افعلي ما يفعل الحاج غير أن لا تطوفي بالبيت حتى تطهري)

«Қажы кісі атқарып жатқан істерді орындай бер. Бірақ (етеккірден) тазармайынша Қағбаны тауап етпе» [281].

11. Құран ұстаудан тыяды. Сонымен қатар Құран аяттары жазылған нәрсені, Құран аяттарымен безендірілген қабырғаны және жиектемені ұстауға болмайды. Ибн Омар, Аллаһ тағала оған разы болсын, Аллаһтың елшісінің (саллаллаһу алайһи уа саллам) былай дегенін жеткізді:

(لا يَمَسَّ القرآن إلاّ طاهراً)

«Құранды дәретті кісі ғана ұстайды» [282]. Алайда Құран кітабы салынған қапшықты, сөмкені, қолдорбаны, потфельді ұстауға болады.

 

12. Құран оқудан тыяды, тіпті. бір аят оқудан. Ибн Омар, Аллаһ тағала оған разы болсын, Аллаһтың елшісі (саллаллаһу алайһи уа саллам) былай дегенін жеткізді:

(لا يقرأ الجنب والحائض شيئاً من القرآن)

«Бой дәретсіз кісіге және етеккірі келген әйелге Құраннан ешнәрсе оқуына болмайды» [283].

 

13. Төсек қатынасынан тыяды. Аллаһ тағала Құран Кәрімде былай деді:

﴿وَيَسْأَلُونَكَ عَنِ الْمَحِيضِ قُلْ هُوَ أَذًى فَاعْتَزِلُواْ النِّسَاء فِي الْمَحِيضِ وَلاَ تَقْرَبُوهُنَّ حَتَّىَ يَطْهُرْنَ فَإِذَا تَطَهَّرْنَ فَأْتُوهُنَّ مِنْ حَيْثُ أَمَرَكُمُ اللّهُ إِنَّ اللّهَ يُحِبُّ التَّوَّابِينَ وَيُحِبُّ الْمُتَطَهِّرِينَ﴾

«(Әй, пайғамбар!)Олар сенен етеккір жайында сұрайды. Ол сүйкімсіз нәрсе,-деп айт, еттеккір кезінде әйелдеріңе (төсектік қатынасқа) жоламаңдар, әрі етеккірден тазармайынша оларға жақындаспаңдар. Ал тазарған кездерінде өздеріңе Аллаһ бұйырған жерінен жақындасыңдар. Расында, Аллаһ тәубашілар мен тазарушыларды жақсы көреді» [284].

Еттекір кезінде жақындасу екі жақтың жан дүниесі мен денсаулықтарына үлкен залал әкеледі. Алайда құшақтауға және сүюге болады. Анас, Аллаһ тағала оған разы болсын, Аллаһтың елшісінің (саллаллаһу алайһи уа саллам) былай дегенін жеткізді:

(اصنعوا كل شيء إلا الجماع)

«Төсек қатынасынан басқасын істей беріңдер» [285].

 

Ер кісі әйелімен етеккір кезінде жақындасып қойса, садақа беруі ұнамды. Ибн Аббас, Аллаһ тағала оған разы болсын, Аллаһтың елшісінің (саллаллаһу алайһи уа саллам) былай дегенін жеткізді:

(إذا كان دماً أحمر فدينار، وإذا كان دماً أصفر فنصف دينار)

«Қан қызғылт болса, бір динар, ал сарғылт болса, жарты динар беріледі» [286].

14. Ер кісіге әйелінің кіндігі мен тізелерінің аралығын етеккір кезінде киімсіз қызықтауына болмайды. Зайд ибн Аслам, Аллаһ тағала оған разы болсын, бір кісінің Аллаһтың елшісіне (саллаллаһу алайһи уа саллам) келіп, былай сұрағанын жеткізді: «Әйелімнің етеккірі келгенде денесінің қай жерін қызықтауыма болады?». Аллаһтың елшісі (саллаллаһу алайһи уа саллам):

(لِتَشُدَّ إزارها، ثم شأنك بأعلاها)

«(Әйелің) іштік киімін тартыңқырап байласын. Сосын саған одан жоғарысын (қызықтауыңа) болады» [287].

Имам Әбу Ханифа айтады: «Ер кісіге әйелінің ішкі киімінің астын етеккір кезінде ұстауға да, қарауға да болмайды».

 





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2017-01-28; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 734 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Так просто быть добрым - нужно только представить себя на месте другого человека прежде, чем начать его судить. © Марлен Дитрих
==> читать все изречения...

2443 - | 2199 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.01 с.