Мемлекеттердiң көпшiлiгi әлемдiк нарықта аралас экономика жүйесiн қолданады. Әрине, мемлекеттердiң жүйесi бiрдей болса да, даму деңгейi әр түрлi болады. Ұлттық экономиканы, мемлекеттендiру және шаруашылық қызметте мемлекеттiң белсендi түрде қатысуы аралас экономиканың бiр белгiсi болып табылады. Мемлекеттiң басты функциялардың бiрi қоғамдық қажеттiлiктi кең ауқымда қамтамасыз ету болып табылады. Жеке кәсiпкерлiктердi мемлекеттендiру қажеттiлігін қамтамасыз етудi тиiмдi және нәтижелi жасауға мүмкiндiк бередi.
Мемлекеттендiру және мемлекеттiк сектор дүниежүзiнде әр мемлекетте әртүрлi болып келедi. Мысалы Қытайда ұлттық өнiмнiң 50 пайызын мемлекеттiк кәсiпкерлiктер шығарады. Италияда мемлекеттiк сектор 39-42 пайызын, ал өнiмнiң 30 пайызын құрайды. АҚШ ұлттық байлықтың 20 пайызын қоғамдық жеке меншiк құрайды. Жапония мемлекетiнiң негiзгi фондтарының 10 пайызын мемлекеттiк кәсiпкерлiктер құрайды, соның 9 пайызы халықтың шаруашылығына бағытталған.
Сотта қарастырылған iстердiң көпшiлiгi мемлекеттiң иммунитетi туралы iстер, соның iшiнде мемлекеттiк заңды тұлғаларының иммунитеттерi туралылары. Сол iстердiң көпшiлiгiнде мемлекеттiк болып табылатын заңды тұлғалардың көбiсiнiң иммунитетке ие екенi жарияланып, мүлiктерiнiң қолсұқпаушылығы жарияланған.
1985жылғы 5 мамырда Францияның кассациялық соты, Каратьенiң Лотарингияның темiр жолдарына қарсы iсiнде, сот жолдар мемлекеттiкi сондықтан да оған тыйым салынбайды, деп шештi. Шетел мемлекеттерiнiң темiр жолдарының иммунитеттерi АҚШ, Австрияда, Германияда, Англияда мойындалды.
Еуропалық соттардың бiрнешеуi АҚШ «U.S. Shipping Board» кәсiпкерлiгiнiң иммунитетiн мойындады. Compania Mercantil Argentina vs U.S. Shipping Board Ағылшын аппеляциялық сотының iсiнде сот U.S. Shipping Board кәсiпкерлiгiнiң иммунитетiн мойындап, «бұл кәсiпкерлiк АҚШ атынан жұмыс жасайды және АҚШ елшiлiгiне сәйкес өкiлеттiлiк болып табылады.» деп аяқтаған. «Avessdaw» iсi бойынша Францияда және «Ice King» iсi бойынша Германияда да U.S. Shipping Board кәсiпкерлiгiнiң иммунитетi мойындалған.
1930 жылы Декстер мен Карпентр iсi бойынша АҚШ соты «Кунлинг Ярнвагсстирельсен» швед компаниясына қарсы шешiм шығарған, бiрақ швед үкiметi ол компания мемлекеттiкi және оның мүлкi де мемлекеттiң жеке меншiгi болып табылатындығы туралы арыз жiберген соң, АҚШ соты шешiмдi жүзеге асырудан бас тартқан.
Mexico vs Schmuck 1944 жылғы iс бойынша АҚШ соты шетел мемлекетiнiң жеке мемлекеттiк мүлкi туралы иммунитеттi толығымен мойындады.
Бiрнеше басқа шешiмдерде Американдық сотты өзгешiлiк арасындағы мемлекеттiк органдармен (департамент, ведомство) және жеке одақ мемлекеттiк құштарлану өткiздi. 1954 жылы Жоғарғы сот Нью-Йорк штатына кiрмеген иммунитет Баливии таутек банкiсiне жатты. Барлық Боливиялық банктер және олардың фондтары мемлекеттiң қарамағында орналасқан және мемлекеттiң агентiктерi болып табылады, сонымен қатар оның мүлкi мемлекеттiң мүлкi болып табылатындықтан, ол тәркiлеуге жатпайды деп Боливия мемлекетiнiң елшiсi жариялады. Мемлекеттiк департамент мемлекеттiк иммунитет туралы шағымды сотқа бердi, бiрақ сот өзгертусiз қалдырды. «Агент мемлекеттiк иммунитетке ие болмайды. Мемлекетпен қызметке алынған жеке тұлға ешқандай артықшылықтарға ие болмайды және шетел мемлекетiнiң заң құзыретiнен босатылмайды» деген шешiм қабылданды.
Соғыстан кейiнгi жылдары Англия мемлекетiнiң аппеляциялық сотпен шетел мемлекетiнiң заңды тұлғасының иммунитетi S.R.L. vs Servisio Nacional del Tigro iсi бойынша мойындалды. Жауап берушi ретiнде Испан мемлекетiнiң сыртқы экономикалық қатынаста ауылшаруашылық өнiммен жұмыс жасайтын заңды тұлға болатын. Испан елшiлiгi өзiнiң иммунитетке құқығы туралы шағымында, бұл заңды тұлға Ауылшаруашылық министрлiгiнiң бөлiмшесi, яғни испан мемлекетiнiң департаментi болып табылады деп тұжырымдады. Төрешiлердiң көпшiлiгi бұл шағымды қанағаттандырды.
Соттың басқа да шешiмдерiне назар аударсақ, Англия мемлекетiнде жария коорпорациялардың да иммунитеттерi мойындалады, бiрақ егер олар белгiлi бiр министрлiктiң қарамағында болса немесе өкiмет аппаратының бiр бөлiгi болса ғана. Ал жеке кәсiпкерлiктерге мемлекеттiк бақылау пакетiне болса да, иммунитетке ие болмайды, бiрақ бiр ерекше жағдайда егер бұл кәсiпкерлiк мемлекеттiң агентi болып табылса ғана иммунитетке ие болады.
Кеңес алтыны туралы бәрiне мәлiм iсте, КСРО заңды тұлғасы болып табылатын Мемлекеттiк Банктiң иммунитетi мойындалып, амеркалық банктегi екi депозитiнiң қолсұқпаушылығы танылды.
Сот шешiмi бойынша иммунитетпен тек Кеңес Одағы және Кеңес Үкiметi ғана емес, сонымен қатар Кеңес мемлекеттерiнiң барлық органдары, соның iшiнде Мемлекеттiк Банк «Кеңес Одағының бөлшегi» болып табылады.
Англия мемлекетiнiң сотының бiр iсiнде ТАСС иммунитетi қабылданды.
Кеңес елшiсi сотқа ТАСС Кеңес Министрлiгiнде құрылғаны туралы ақпарат берiп, сонымен қатар Кеңес Одағымен басқарылатынын айтты. Сот өз шешiмiнде ТАСС иммунитетке еи екенiн көрсетiп және сот құзыретiнен босатылатынын мойындады. Коэн судясы ТАСС құқықтық сипаты Кеңес құқығымен анықталу керектiгiн айтты. Келесi судья мемлекеттiк департаменттiң құқықтық сипатының өзгеше болу мүмкiндiгiнiң болуын көрсетiп, сонымен қатар бұл жағдайда ол иммунитеттен айыра алмайтынын айтты.
Егер де шетел мемлекеттерiнiң заңды тұлғаларының иммунитеттерiне байланысты сот тәжiрибесiн қарайтын болсақ, бұндағы көп қарама-қайшылықтарын көруге болады.
Заңды тұлғалардың иммунитеттерi туралы iстердi шешкен уақытта тек халықаралық құқықтағы мемлекеттiк иммунитет туралы ережеге ғана сүйенбей, сонымен қатар сол заңды тұлғалар сәйкестенiп құрылған мемлекеттердiң iшкi заңдарына да назар бөлiнуi қажет.
Халықаралық құқыққа сәйкес, мемлекет және оның өкiметi, сонымен қатар мемлекеттiң мүддесiн қорғайтын мүшелерi мемлекеттiк иммунитетке ие болады. Бiрақ қай сипатта мемлекеттiк ұйым жасалады? Халықаралық қарым-қатынастың кейбiр салаларында мемлекеттiң функцияларын жүзеге асыру үшiн құрылған мемлекеттiк ведомство сипатында, әлде азаматтық құқықтық қатынастағы жеке субъект ретiнде ме? Бұл сұрақтарға жауап тек мемлекеттiң iшкi заңдарына негiзделiп қана берiлу мүмкiн.
1956 жылы Брюссель қаласында демократ заңгерлердің халықаралық Ассоциациясы конгрессiнiң халықаралық жеке құқық бойынша комиссия отырысында заңды тұлғалардың мемлекеттiк иммунитетi жеке сұрақ ретiнде талқыланды. Конгресс мүшелерi мемлекеттiк иммунитет туралы әр нақты бiр iсте сол иммунитетке мемлекеттiң иелену жағдайын сол мемлекеттiк тұлғаның құқықтық мәртебесiн анықтайтын iшкi заңы негiзiнде шешiлу тиiс деп шешкен.
Халықаралық жеке құқықтың негiзгi доктриналарының бекiтуi бойынша, заңды тұлғаның құқық субъектiлiгi мемлекеттiк органның құқық субъектiлiгiмен тең болады және қай мемлекеттiң заңды тұлғасы немесе органы болып табылады сол мемлекеттiң заңымен реттеледi. Бұдан шығатын қорытынды, заңды тұлғаның құқықтарымен иемделген халықаралық ұйым, оның құрылған заңды актiсi бойынша мемлекеттiң органы немесе мүшесi ретiнде қарастырылуы тиiс. Кез келген мемлекеттiк ұйымның иммунитетiн, құқықтық мәртебесiн, мақсаттарын және т.б. анықтауды жүзеге асыру, оның тек құрылу актiсi бойынша ғана мүмкiн.
Осымен байланысты, М.М. Богуславскидiң ойынша мемлекеттiк заңды тұлғаларға қатысты келесi ережелер қалыптасуы мүмкiн. Жергiлiктi немесе жалпымемлекеттiк бюджеттен қаржыландырылатын және әкiмшiлiк саяси немесе әлеуметтiк мәдени функцияларды орындайтын мемлекеттiк заңды тұлғалар мемлекеттiк иммунитеттермен қолдануға құқылы. Сыртқы құқықтың мүшесi ретiнде бола тұра, нақтылай мемлекеттi бейнелейтiн осындай бюджеттiк ұйымдар, егемендi мемлекеттiң органы ретiнде қарастырылуы мiндеттi. Бұндай ереже КСРО азаматтық заңдылығының негiзiмен және 1961 жылғы Одақтың республикаларымен көзделген. Қазiргi таңда Қазақстан мемлекетiнде мемлекеттiк мекемелердiң құқықтық жағдайы Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 19 маусымдағы №2335 «Мемлекеттiк мекеме туралы» қабылдаған Жарғысымен реттеледi.
Кеңес Одағы ыдыраған уақытта, сонымен қатар болған мемлекеттiң сыртқы саудасы да ыдырады. Әр заңды тұлға және жеке кәсiпкер сыртқы экономикалық қатынасты жүзеге асыру құқығын иемдендi. Бiрақ сонымен қатар мемлекет халықаралық жеке құқықтық қатынастың белсендi қатысушысы болып табылады. Бүгiнгi күнi, мемлекеттiң шаруашылық ұйымы ретiнде қала тұра, республикалық сыртқы экономикалық бiрлестiктер импорт пен экспорт сияқты маңызды жұмыстар атқаруда. Мысалы, КСРО Сауда министрлiгi ретiнде «Казимпортторг» құрылған. Қазақстан Республикасының Сауда министрлiгi үшiн «Казимпортторг» ұйымы мемлекеттiк тауар ресурстары арқасында мемлекеттiк сауда, тауарларды ауыстыру жұмыстарын жүзеге асырады.
Әрбiр бұндай ұйым заңды тұлғаға тәң сипаттарға ие болады: өз атынан азаматтық құқықтық қатынастарды жүзеге асырады, өзiнiң жеке қаржылық капиталына ие болады, банктік шоты және жеке айналым құралы болады және т.б.
Республиканың сыртқы экономикалық қатынасын жүзеге асыратын барлық мекемелер өзiнiң жұмыстарын жүзеге асырған уақытта, мәмiледе, операцияларда өзiнiң барлық мүлкiмен жауап бередi. Мемлекет мекеменiң мiндеттерiне жауапты болмайды. Сонымен қатар мекеме де мемлекет үшiн жауапты болып саналмайды.
Сауда мекемелерiнiң құқықтық жағдайы 1992 жылғы 2 сәуiрдегi Қазақстан Республикасы Президентiнiң «Қазақстан Республикасының сауда мекемелерi туралы» Қаулысымен реттелген. Қазақстан Республикасының сауда мекемелерi, Қазақстан Республикасының сыртқы экономикалық қатынасын жүзеге асыратын мемлекеттiң органы болып саналады. Қазақстан Республикасының сауда мекемелерiнiң құқықтары мен мiндеттерi Қазақстан Республикасының Конституциясымен, Қазақстан Республикасының заңдарымен, Үкiметтiң арнайы шығарған қаулыларымен, Қазақстан Республикасының сауда мекемелерi туралы қаулысымен, сонымен қатар халықаралық шарттармен жүзеге асырылады. Бiрiншiден Қазақстанның мемлекеттiк органы болып табылатын ұйымдардың жария құқықтық мәртебесiн көрсетедi.
Қазақстан Республикасының сауда мекемелерiнiң негiзгi мiндеттерi:
· Шетел мемлекеттерiнде сыртқы экономикалық қатынастағы барлық мәселелер бойынша Қазақстан Республикасы атынан шығу және өз мемлекетiнiң құқығын қорғау;
· Шетел мемлекеттерi мен Қазақстан Республикасы арасында сауда экономикалық байланыстың дамуына ықпалын тигiзу;
· Қазақстан Республикасының сыртқы экономикалық қатынасын жүзеге асыратын барлық басқа мекемелерге бақылау жүргiзу, сонымен қатар мекендеген шетел мемлекетiнде сол мекемелерге координатор болу;
· Мекендеушi шетел мемлекеттерiнде қазақстандық сыртқы экономикалық қатынастың қатысушыларына қорғау көрсету, сонымен қатар сыртқы экономикалық қатынасты жүзеге асыру барысында әлемдiк жәрдем көрсету;
· Қазақстан Республикасы мен басқа да шетел мемлекеттерiнiң арасында қабылданған шарттарының заңды түрде орындалуын қадағалау;
Қазақстан Республикасының сауда мекемелерi оларға артқан мiндеттер негiзiнде келесi функцияларды орындайды:
· Мекендеушi шетел мемлекетiнде Қазақстан Республикасы өзiнiң сыртқы экономикалық саясатының жүзеге асырылуын нығайтады, сонымен қатар екiжақты қарым-қатынаста Қазақстан Республикасының сауда, ғылыми-техникалық ынтымақтастықта мүддесiн қорғайды.
· Экономиканың жалпы шарттарын, экономикалық даму жобаларын, мекендеушi мемлекеттiң валюта қаржылық жағдайын, сыртқы экономикалық қатынастарының дамуын, сыртқы экономикалық саласындағы заңнаманы, саудадағы тауарлар коньюктурасын және де сыртқы экономикалық қатынастың басқа да ерекшелiктерiн зерттеп, Қазақстан Республикасының сыртқы экономикалық сауда бойынша Министрлiктi осы сұрақтар бойынша хабарлайды.
· Мекендеушi шетел мемлекетiне Қазақстан Республикасының сыртқы экономикалық саудаға байланысты заңнама туралы ақпарат бередi.
· Сыртқы экономикалық қатынастың қазақстандық қатысушыларынан керектi ақпарат алады.
· Қазақстан Республикасының сыртқы экономикалық қатынасын жүзеге асыру бойынша Қазақстан Республикасының сыртқы экономикалық қатынас бойынша Министрлiктiң бұйрықтарын орындайды.
· Сыртқы экономикалық қатынастың құрылымының және нысандарының дамуын жүзеге асырады.
· Сыртқы экономикалық қатынаста қазақ қатысушыларының заңнаманы және мемлекеттiк мүдденi ұстанатының бақылау.
· Мекендеушi шетел мемлекеттерi мен сыртқы экономикалық қатынастың қазақ қатысушылары арасында сауда қарым қатынастарының дамуына ықпалын тигiзедi.
· Үкiметаралық комиссиялардың жұмыстарына қатысады.
· Мекендеушi мемлекетте сертификат жүйесiн, халықаралық ұйымдардың стандарттарын, сапа бойынша бақылау жүргiзу проблемаларын зерттейдi және осы ақпаратты Қазақстан Республикасының Сыртқы экономикалық қатынас Министрлiгiне хабарлайды, сонымен қатар экспорт тауарларының бәсекелестiгiн көтеру мәселелерiн шешедi.
· Ұлттық сауда өнеркәсiптiк жәрмеңкелерiнiң өткiзiлуiне жәрдемдеседi.
· Ұлттық жәрмеңкеге басқа да шетел мемлекеттерiнiң өкiлдерiнiң қатысуына көмектеседi.
Қазақстан Республикасының сауда мекемелерi сыртқы экономикалық қатынаста Қазақстан Республикасының заңдарына және халықаралық шарттарға байланысты басқа да функцияларды орындауы мүмкiн.
Сауда мекемелерi Қазақстан Республикасы атынан сыртқы экономикалық қатынаста өзiнiң алдына қойылған мақсаттарды жүзеге асыру үшiн мемлекеттiң атынан шартқа отыра алады және сотта талапкер бола алады.Егер екi жақ жасасқан шарт бойынша сауда мекемесi мiндетiн дұрыс орындамаған жағдайда сауда мекемелерi сотта жауапкер ретiнде бола алады. Сауда мекемелерi Қазақстан Республикасы және басқа да мемлекеттер арасында жасасқан халықаралық шарт негiзiнде Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысымен реттеледi. Мысал ретiнде Қазақстан Республикасы және Ресей Федерациясының Үкiметтерi арасындағы 1992 жылдың 22 қазанындағы өзара сауда мекемесi туралы келiсiмдi айтуға болады. Қазақстан Республикасының сауда мекемелерi Қазақстан Республикасының Сыртқы экономикалық қатынас министрлiгiне бағынады және Министрлiк сол мекемелердiң жүйесiн, құқықтарын белгiлейдi.
Қазақстан Республикасының сауда мекемелерi Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген өкiлдерiмен басқарылады. Сол өкiлдерiнiң орынбасарлары Қазақстан Республикасының Сыртқы сауда қатынастар министрлiгiмен тағайындалады.
Мекендеушi мемлекеттерде Қазақстан Республикасы сауда мекемелерiнiң өзiнiң бөлiмшелерi бола алады. Бұл бөлiмшелер халықаралық шарттар негiзiнде құрылуы мүмкiн.
Сауда мекемелерiнiң иммунитеттерi өз бастауын мемлекеттiк иммунитеттен алады. Негiзiнде сауда мекемесiнiң сотқа жүгiнуi оның сот құзыретiн қабылдау болып есептеледi, бiрақ ол талапкер ретiнде шағымданатын жағдайда сауда мекемесiнiң иммунитетi сақталуы да мүмкiн.
Сауда мекемелерi азаматтық құқықтың субъектiсi болып табылмайды. Сауда мекемелерiнiң жасасқан шарттары бойынша мемлекет жауапты болады. Сауда мекемелерi мемлкеттiк мәртебеге ие болғандықтан, жеке тұлға болып саналмайды.
Сот құзыретiн қабылдау туралы сауда мекемесiнiң ерiктi түрдегi келiскендiгi болса да, сот әкiмшiлiк мiндеттеу шараларын, сот шешiмiн орындатуды жүзеге асыра алмайды. Жоғарыдағы айтылған шараларды жүзеге асыру үшiн сауда мекемесiнiң жазбаша түрдегi келiсiмi қажет болады.
Барлық сауда мекемесiнiң мүлкi мемлекеттiң жеке меншiгiнде болады және ол қолсұқпаушылық қасиетiне ие болады. Қолсұқпаушылық қасиетi мемлекеттiң эксаумақтық органы мәртебесiмен байланысты болады.