Лекции.Орг
 

Категории:


Универсальный восьмиосный полувагона: Передний упор отлит в одно целое с ударной розеткой. Концевая балка 2 сварная, коробчатого сечения. Она состоит из...


Макетные упражнения: Макет выполняется в масштабе 1:50, 1:100, 1:200 на подрамнике...


Расположение электрооборудования электропоезда ЭД4М

Mемлекеттердің иммунитеті және меншігі туралы ұлттық заңнамалар



 

Көпшiлiк мемлекеттiң заңнамаларын саралаған кезде, онда иммунитет және шетел мемлекетiнiң меншiгiн реттейтiн белгiлi қабылдаған актiсi немесе заңнаманың iшiнде болатын ережесiн табу қиынға соғады. Бұндай жағдайда мемлекеттiк иммунитет бәрiмен қабылданған халықаралық құқықтың нормасы негiзiнде берiледi. Осыған байланысты Сирия мемлекетi келесiдей мәлiмдеме жасады: «берiлген сұрақ халықаралық егемендiк принципi бойынша реттеледi. Сириялық сот органдары шетел мемлекеттерiнiң қатысуымен болған iстердi, егер сол мемлекеттердiң тiкелей келiсiмi болмаса, шешуден бас тартады.»

Германия мемлекетiнiң заңнамасында да шетел мемлекеттерiне иммунитет беру туралы нақты ережелер жоқ. Алайда Германияның негiзгi құқығының 100 бабында келесiдей мағлұмат жазылған: «егер де құқық туралы дауда халықаралық құқықтың нормасы федеративтi құқықтың бiр бөлiгiн құрауы туралы күдiк туындаған кезде және сол жеке тұлға үшiн мiндеттер мен құқықтар тудыруы туралы дау туындаса, онда сот Федеративтi Конституциондық Соттың шешiмiн алу тиiс.» 25 бапта: «жалпымен мойындалған халықаралық құқықтың нормалары Федеративтi құқықтың бiр бөлiгiн құрайды. Олар артықшылықтарға ие болады және Федерация территориясындағы тұратын жеке тұлғалар үшiн мiндеттер мен құқықтар туғызады.» Осыған сүйене шетел мемлекетiнiң иммунитетiн мойындау туралы жалпы құқықтық негiз құрылады.

Франция мемлекетiнде де шетел мемлекетiнiң иммунитетiн реттейтiн жалпылама заңнама қолданылмайды. Бiрақ 1984 жылғы 30 мамырдан № 84-406 1 декреттiң баптарына назар аударатын болсақ, кейбiр француз департаментiнде ашылған сауда сипатына ие француз жария бөлiмшелерi, шетел мемлекетiнiң агентiктерi, сауда өкiлдiктерi, шетелдiң мемлекеттiк органдары мен жария бөлiмшелерi туралы мағлұмат. Тура осындай мағлұмат сауда кодекстерiнде де жазылған. Осындай жағдай келесiдей пiкiрдi келтiредi: Франция мемлекетi шетел мемлекетiнiң органдарына тура өзiнiң органдарына берiлген құқықты беру мүмкiндiгiн.

Партугалия мемлекетiнiң заңнамасында мемлекеттiң жария және жеке қызметтер арасында шекарасы белгiленбеген. Мемлекет, округ, муниципалитеттер және шiркеулер алып сату қызметiн жүзеге асыра алмайды, бiрақ өз атынан сауда сипаты бар келiсiм шарттарды жасай алады. Онда бұл қатынас партугалияның сауда кодексiмен реттеледi. (Сауда кодексi 2 бөлiм 17 бап)

Мемлекеттiк иммунитеттi реттейтiн заңи актiлер Перу, Чили, Аргентинаның заңнамаларында көзделген. № 21708 Аргентина заңының 2 бабына сәйкес: «Сот шетел мемлекеттерiнiң қатысуымен болған барлық iстерден, егерде сол шетел мемлекетi, не оның дипломатиялық өкiлдiгi тiкелей келiсiмiн бермеген жағдайда, iстi қараудан бас тартады.»

1973жылғы 13 қарашаның Чили декрет заңының 9 бабына сәйкес: «әр шетел мемлекетi немесе оның органы Чили мемлекетiнiң сот құзыретiнен иммунитетке шағым келтiруi мүмкiн.»

Перу мемлекетiнiң азаматтық кодексiне сәйкес шетел мемлекетiнiң иммунитетi Перу мемлекетi Ратификциялаған келiсiм шкртпен реттеледi. Сонымен қатар Перу мемлекетiнiң соты екi мемлекеттiң арасында пайда болған пророгацоиндық дауларды немесе Перу мемлекетiнiң территориясына қатысы жоқ дауларды шешпейдi.

Осындай құқықтарға ие болған дамыған мемлекеттердiң арасынан Финляндия мемлекетiн атап өтуге болады. 1921 жылдың 19 мамырдан күшiне ие болған тәркiлеу туралы Заңға сәйкес, шешiмдi орындату негiзiнде шетел мемлекетiнiң меншiгiн тәркiлеу заңсыз болып саналады.

Алайда халықаралық тәжiрибеде мемлекеттiк иммунитеттi шектеу көп тараған. Осы сұрақтың жаңа бағыты болып Америка Құрама Штаттарының қабылдаған «шетел иммунитеттерi туралы Заңы. (The United States Foreign Immunities Act) » АҚШ мысалға ала отырып, басқа да бiрнеше мемлекеттер осындай заңи актiлер қабылдады: Англия – Мемлекеттiк иммунитеттер туралы Акт 1978 жылы; Канада – Канада соттарында мемлекеттерге иммунитеттер беретiн Акт 1982 жылы; Пакистан – Мемлекеттiк иммунитет туралы Ордонанс 1981 жылы; Сингапур – Мемлекеттiк иммунитет туралы Акт 1979 жылы; Оңтүстiк Африка Республикасы – Шетел мемлекеттерiнiң иммунитеттерi туралы Акт 1981 жылы; Австралия – Шетел мемлекеттерiнiң иммунитеттерi Акт 1984 жылы.

Барлық бұл заңи Актiлер мазмұны жағынан өте ұқсас болып келедi. Негiзiнде барлық осы заңи Актiлер «мемлекеттiк иммунитет», «сауда қызметi», «алдын ала шағымды қамтамасыз етуден иммунитет» сөздерiне анықтама берген.

Канада мемлекетiнiң заңнамасында агенттiк сөзiне анықтама басқа мемлекеттердiң заңнамаларына ұқсас болып келедi. Бұл сөздiң анықтамасына заңи бiлiмдi, өкiметiнен бөлек мемлекеттiк орган болып саналады.

Мемлекеттердiң заңнамаларында иммунитеттi шектейтiн белгiлi бiр норма көзделедi. Осылай Англия және Пакистан елдерiнде бөлiмшелер мемлекеттiң өкiметiне қатысы болмаған уақытта, иммунитетке ие болмайтыны жазылған. Бiрақ Англия, Пакистан, Сингапур заңдарымен қоса ескертпе жасалған, егер бұл бөлiмше мемлекет атынан қызмет жасаса немесе мемлекеттiң өзi иммунитеттi беру туралы шағым берсе, онда сол бөлiмше иммунитетке ие болады.

Шетел мемлекетiнiң субъектiсiнiң қатынасын alter ego деп мойындау, оған автоматты түрде иммунитет берiледi деп есептелмейдi. Көп мемлекеттiң заңнамаларының және сот тәжiрибелерiнiң көпшiлiгi осы бағытты тек осыған байланысты сұрақтар пайда болған уақытта ғана пайдаланған.

Мемлекеттiк иммунитет туралы Қазақстанның заңнамасында да белгiленген. Бұл Қазақстан Республикасының Азаматтық Iс Жүргiзу Кодексiнiң 422 бабында белгiленген, бұл бап «Шет мемлекеттерге талап қою. Соттық иммунитет» деп аталады.

1. Шет мемлекетке талап қоюға, оны үшiншi тұлға ретiнде iске қатысуға тартуға, оның мүлкiне тыйым салу мен бұл мүлiктi талапты қамтамасыз ету тәртiбiмен ұстап қалуға және бұл мүлiкке өндiрiп алуды қолдануға, егер Қазақстан Республикасының заңында немесе халықаралық шартында өзгеше көзделмесе, тиiстi мемлекеттiң құзыреттi органдарының келiсiмiмен ғана жол берiледi.

2. Халықаралық ұйымдардың соттық иммунитетi €азақстан Республикасының заңдары мен халықаралық шарттарында, сондай-ақ бұл ұйымдардың Қазақстан Республикасының құзыреттi мемлекеттiк органдарымен келiсiмдерiнде белгiленедi.

3. Шет мемлекеттердiң Қазақстан Республикасында тiркелген дипломатиялық өкiлдерi және Қазақстан Республикасының заңында немесе халықаралық шартында аталған басқа да адамдар Қазақстан Республикасының заңында, халықаралық құқық нормаларында немесе халықаралық шартында белгiленген шекте Қазақстан Республикасы сотының азаматтық iстер жөнiндегi юрисдикциясына жатады.

Осыған байланысты Қазақстан Республикасының шет мемлекеттердiң иммунитеттерi туралы сұрақтарды шешкен уақытта абсолюттi иммунитет доктринасын қолданылатының көремiз. Бiрақ доктринада «автономдық заңды тұлға» ұғымының қалыптасқанын көремiз және ол өз құқықтары мен мiндеттерi бойынша өзiнiң толық меншiгiен жауап беретiнi анық. Заң бойынша бұл тек қазақстандық заңды тұлғаларға ғана қатысты болып саналады, бiрақ шет мемлекеттер үшiн ескертпе жасалған. Бұл дегенiмiз функционалдық иммунитеттердiң қолдануының болатынын көрсетедi. Осыдан шығатын қорытынды болып қай мемлекеттiң заңнамасы болмасын Қазақстанның заңнамасында да мемлекеттiк иммунитет туралы нақтылап жазылу тиiс деп шешкен.

Пысықтау сауалдары:

1.Иммунитет дегеніміз не

2.Сот иммунитетінің маңыздылығы

3. ҚР-да қандай иммунитеттің түрі қолданылады

 

Тарау

 





Дата добавления: 2017-02-24; просмотров: 367 | Нарушение авторских прав


Рекомендуемый контект:


Похожая информация:

Поиск на сайте:


© 2015-2019 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.003 с.