Шетелдік заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасындағы құқықтық жағдайы, ішкі заңнамамен бірге Қазақстан Республикасынің басқа елдермен жасасқан халықаралық шарттардың ережелерінен тұрады. Қазақстан Республикасының басқа елдермен жасалған көтермелеу және инвестицияларды өзара қорғау туралы, сауда шарттары мен келісімдерінде заңды тұлғалар үшін жалпы режим қолданылады. Осы режим жағымды режим қағидасына немесе ұлттық режим қағидасына негізделеді. Мысал ретінде, Қазақстан Республикасының АҚШ-пен жасалған инвестицияларды қорғау туралы келісімнің 2 бабында бекітілген: «Тараптардың әрқайсысы қаржы жұмсалымы мен соған байланысты қызметті (жағымды негізде, осындай жағдайда) өз азаматтары мен компанияларына немесе басқа үшінші елдердің азаматтары мен компанияларына берілетін жағдайлар жағымды негізде қарастырылуы керек». Көріп отырғанымыздай, мұнда жағымды режим қағидасы көрініс табады.
Қазақстан Республикасы-мен ФРГ арасындағы инвестицияларды қорғау туралы келісімінде, ұлттық режим қағидасы. 3 бабында көрсетілген: «Келісуші тараптардың әрқайсысы өз аумағында басқа келісуші тараптың азаматтары мен компанияларының әсері негізінде немесе меншігінде болатын қаржы жұмсалымына қатысты режимді, өз азаматтары мен компанияларының немесе үшінші елдердің компаниялары мен азаматтарының қаржы жұмсалымына қатысты қойылатын режимінен жағымды болуы тиіс»[6].
Жоғарыда айтылып өткендей, Қазақстан Республикасында инкорпорация доктринасы әрекет етеді, яғни заңды тұлға құрылған елдің құқығы осы заңды тұлғаның заңы болып табылады (Қазақстан Республикасы АК-нің 1100 бабы).
Заңды тұлғаның заңымен оның азаматтық құқық қабілеттілігі анықталады (Қазақстан Республикасы АК-нің 1101 бабы).
Жеке заңнан алынған бөлек жағдайлар Қазақстан Республикасы АК-нің 1101 бабының 2 тармағында бекітілген: «Шетелдік заңды тұлға өз органының немесе өкілінің мәміле жасауға өкілеттілігін шетелдік заңды тұлғаның органы немесе өкілі мәміле жасаған елдің құқығына белгісіз шектеуге сілтеме жасай алмайды». Мысалы, Грецияның азаматтығы бар заңды тұлғаның басшысы Қазақстанда мәміле жасайды, Грецияның заңнамасында заңды тұлға органдарының өкілеттілігінің нақты шектелінуіндегі мәміле жарамсыз деп көзделген. Бірақ мұндай шектеу Қазақстанда жоқ, сондықтан мәміле жарамды болып есептелінеді.
Бір істі арбитраждық талқылау барысында, мәмілені жарамсыз деп тануға байланысты дау туды. А. азаматы Кипрде тіркелген фирманың президенті және Канадада тіркелген басқа фирманың директорлар кеңесінің мүшесі болды. Ол Қазақстанда мәміле жасайды. А. азаматтың екі заңды тұлғаға байланысты құқық өкілеттілігін анықтауда қандай құқықты пайдалану сұрағы туындады.
Тәжірибе жүзінде, Қазақстан аумағында заңды тұлға болып табылмайтын шетелдік ұйымдардың өкілдіктерін тіркеу мәселесі туындаған. Батыста мұндай құрылымдар аз емес, мысалы толық серіктестіктер (partnership), олар заңды тұлға болып табылмайды, дегенмен азаматтық айналымда құқықтың толық субъектілері болады. Осындай қайшылықтарды жою үшін Қазақстан Республикасы АК-нің 1101 бабының 3 тармағында айтылған: «Шетел құқығы бойынша заңды тұлға болып табылмайтын шетел ұйымдарының азаматтық құқық қабілеттілігі ұйым құрылған елдің құқығы бойынша анықталады. Мұндай ұйымдардың қызметіне, егер Қазақстан Республикасы-ның құқығын қолдануға болса, осы Кодекстің ережелері қолданылады, егер Қазақстан Республикасы-ның заңдарынан немесе міндеттеменің мәнінен өзгеше туындамайтын болса, олар коммерциялық ұйымдар болып табылатын заңды тұлғалардың қызметін реттейді»:
Шетелдік заңды тұлғалармен мемлекет аумағындағы шаруашылық қызметтің құқықтық нысандарына:
1. коммерциялық шарттар жасау;
2. филиалдар мен өкілдіктер арқылы;
3. осы мемлекет аумағында заңды тұлғалар құру арқылы.
Коммерциялық шарттарды жасау, шаруашылық қызметті жүзеге асыратын мемлекет аумағында кез келген құрылымды құруды талап етпейді және заңды тұлғаларға қатысы жоқ. Мұнда негізінен шарттық реттеу және экспорт-импорт операциялары туралы заңнама қолданылады.
Шетелдік заңды тұлғалардың филиалдар мен өкілдіктердің қызметі бұрын 1994 ж. 27 желтоқсандағы «шетелдік инвестициялар туралы» заңымен реттелінген. Бұл заңда да азаматтық кодекстің ережелері қолданылған.
Заңды тұлғаның тұрған жерінен тыс орналасқан және оның міндеттерінің бәрін немесе бір бөлігін, соның ішінде өкілдік міндетін жүзеге асырушы оқшау бөлімшесі филиал болып табылады (Қазақстан Республикасы АК-нің 43 бабының 1-тармағы).
Заңды тұлғаның тұрған жерінен тыс орналасқан және оның мүдделерін қорғау мен өкілдігін жүзеге асыратын, оның атынан мәмілелер мен өзге құқықтық әрекеттер жасайтын оқшау бөлімшесі өкілдік болып табылады (Қазақстан Республикасы АК-нің 43 бабының 2-тармағы). Филиалдар мен өкілдіктер заңды тұлға болып табылмайды. Филиалдар мен өкілдіктерді тіркеу Қазақстан Республикасының заңымен бекітілген жалпы негізде жүзеге асырылады.
Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу Жарғысына сәйкес, Қазақстан Республикасы-ның аумағында орналасқан заңды тұлғалардың филиалдары мен өкілдіктері заңды тұлға құқығын иемденбей-ақ есептік тіркеуге тұруы тиіс (Жарғының 3 бабы). Заңды тұлғалардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеуде филиалдар мен өкілдіктер туралы ереже мен оларды құрған заңды тұлғалардың тіркелген жарғылық құжаттары қажет (Жарғының 6 бабы).
Салық Кодексінің 177 бабының 1-тармағына сәйкес: «Қазақстан Республикасындағы резидент емес тұрақты мекеме болып, кәсіпкерлік қызметті толықтай немесе ішінара жүзеге асыратын тұрақты қызмет ету орны, соған қоса өкілеттігі бар тұлғалар арқылы жүзеге асыратын қызметте кіреді. Сондай-ақ:
1. өндіріс, қайта өңдеу, орама, жеткізу, тауарларды өткізумен байланысты қызметті жүзеге асыратын кез келген орын;
2. қызметті жүзеге асыру мерзімінен тәуелсіз басқару, филиал, өкілдік, кабинет, офис, фабрика, цех, лаборатория, дүкен т.б. кез келген орын;
3. қызметті жүзеге асыру мерзімінен тәуелсіз, табиғи ресурстарды, сонымен бірге көмірсутегі өндіретін орындарды қоса: шахта, мұнай немесе газ құбырлары т.б. қызметті орындау орындары;
4. Ойын автоматтарының қызметімен, компьютерлік желі мен байланыс каналдарымен, аттракциондармен, көлік немесе басқа инфрақұрылыммен байланысты қызметті жүзеге асыру орындары жатады.
Салық кодексінің 177 бабының 3-тармағы резидент емес тұрақты мекеме құрудың басқа да жағдайлары көрсетілген (сақтандыру сыйлықақыларын жинау, Қазақстан Республикасы-ның аумағында қызмет көрсету, жай серіктестікте қатысу, көрмелер өткізу т.б.).
Шетелдік инвестициялар туралы Қазақстан Республикасының заңнамасында заңды тұлғаларды құрумен байланысты түсініктер берілген. Заңның 1 бабында Мынадай түсініктер: «шетелдік заңды тұлға» – Қазақстан Республикасынің аумағынан тыс шетелдік мемлекеттің заңнамасымен сәйкес құрылған; «Қазақстан Республикасының заңды тұлғасы»- Қазақстан Республикасының аумағында Қазақстан Республикасынің заңдарымен сәйкес құрылған заңды тұлға (сонымен бірге шетелдіктер қатысатын өнеркәсіптер). «Шетелдіктер қатысатын өнеркәсіп».
Қазақстан Республикасынің аумағында және оның заңдарымен сәйкес құрылған және шетел өнеркәсібі немесе біріккен өнеркәсіп нысанында қызмет ететін заңды тұлға. «Шетел өнеркәсібі» – Қазақстан Республикасының аумағында және оның заңдарымен сәйкес құрылған, толықтай шетелдік инвестордың қолында болатын шетелдік тұлғалары бар өнеркәсіп. «Біріккен өнеркәсіп» – Қазақстан Республикасының аумағында Қазақстан Республикасының заңдарымен сәйкес құрылған, мүліктің бір бөлігі шетелдік инвестордың қолында болатын шетелдіктер қатысатын өнеркәсіп.
Осылайша, шетелдіктер қатысатын өнеркәсіп ұлттық заңды тұлға болып табылады және шетелдік өнеркәсіп пен біріккен өнеркәсіпке тектік ұғымда болады. 2003 ж. 8 қаңтар күні шетелдік “инвестиция туралы заңның” жойылуымен бұл түсініктер алынып тасталынды.
Қазақстан Республикасы АК-нің 1114 бабында Шетелдік заңды тұлғалар туралы айтылған. 2003 ж. 8 қаңтардағы “инвестициялар туралы” жаңа заңда Қазақстан Республикасының заңды тұлғасы түсінігі қалды.
1996 ж. 24 желтоқсандағы “валюталық реттеу туралы” Заңының 1 бабының 5,6-тармақтарында бекітілген: резиденттер – тұрақты тұрғылықты жері Қазақстан Республикасында болатын, сонымен бірге уақытша шетелде болатын немесе Қазақстан Республикасынің аумағынан тыс мемлекеттік қызметте жүретін жеке тұлғалар болып табылады;Қазақстан Республикасының аумағында Қазақстан Республикасының заңдарымен сәйкес құрылған, сондай-ақ олардың филиалдары мен өкілдіктері бар барлық заңды тұлғалар; Қазақстан Республикасының аумағынан тыс Қазақстан Республикасы-ның дипломатиялық, сауда және ресми өкілдіктері. «Резидент еместер» – «резидент» түсінігінде көрсетілмеген барлық заңды тұлғалар, олардың өкілдіктері мен филиалдары және жеке тұлғалар.
Салық кодексінде резиденттердің басқа анықтамасы берілген. Салық кодексінің 176 бап 5 тармағы бекітілген: Осы кодекстің мақсаттарына сәйкес, Қазақстан Республикасы-нің резиденттері болып Қазақстан Республикасының заңнамасымен сәйкес құрылған заңды тұлғалар және (немесе) тиімді басқару орны (нақты басқару орны) Қазақстан Республикасында орналасқан заңды тұлғалар болады. Тиімді басқару орны ретінде негізгі басқаруды жүзеге асыру орны және заңды тұлғаның кәсіпкерлік қызметін орындау үшін қажет коммерциялық шешімдер қабылдау.
§ 3. Қазақстандық заңды тұлғалардың шетелдегі қызметі (тарихи шолу)
Қазақстан Республикасында Үкіметтің 1988 ж. 12 мамырдағы қаулысына сәйкес, Қазақ ССР-нің Министрлер Кеңесінің жанынан «Казахинторг» республикалық шаруашылық есептік сыртқы сауда бірлестігі құрылды. Казахинторгтың құрамына келесі мамандырылған фирмалар кірді: Казахпроминторг, Казахагроинторг, Казахпригранинторг, Казахсервис.
Министрлер Кабинетінің 1992 ж. 2 маусымдағы № 487 «Казинтермед республикалық сыртқы сауда бірлестігі туралы» Қаулысына сәйкес, республиканың денсаулық сақтау жүйесіндегі сыртқы экономикалық қызметті үйлестіру мақсатында сыртқы экономикалық бірлестікті құру туралы, шетел фирмалары мен ұйымдармен медицина және фармакология мәселелеріне байланысты өзара пайдалы байланыстарды орнату, республиканың денсаулық сақтау жүйесіндегі емдік-сауықтыру мекемелерін модернизациялау, техникалық жарақтандыруға бағытталған тиімді экспортты-импорттық жұмыспен қамтамасыз ету.
Министрлер Кабинетінің 1992 ж. 5 маусымдағы № 505 «Қазақстан Республикасының Сыртқы экономикалық байланыстар министрлігінің жанынан «Құрылыс» республикалық сыртқы экономикалық бірлестікті құру туралы» Қаулысына сәйкес шетелдік фирмалармен сыртқы экономикалық байланыстарды одан әрі дамыту, құрылыс материалдары мен өнімдердің экспорты мен импортының көлемін көбейту мақсаттарын көздейді.
Министрлер Кабинетінің 1993 ж. 20 тамыздағы № 717 «Қазақстан Республикасынің сыртқы экономикалық қызметін ұйымдастырудағы қосымша шаралар туралы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығын жүзеге асыру үшін» Қазақстан Республикасы сыртқы экономикалық байланыстар министрлігіне 1993 ж. 1 қазанына дейін, мамандырылған сыртқыэкономикалық компанияларды мемлекеттік маңызы бар өнімдерді экспортқа шығаруды ұйымдастыру және мемлекетке қажетті азық-түлікті сатып алу, медикаменттер т.б.
Министрлер Кабинетінің қаулысын орындау үшін, республикалық сыртқы экономикалық бірлестік «Тиреу» негізінде «Улан» мемлекеттік сыртқы сауда компаниясы құрылды.
Сыртқы экономикалық байланыстар министрлігі 1994 ж. 5 қаңтарда № 64 Бұйрығында, мемлекеттік маңызы бар өнімдерді жүзеге асыру үшін мынадай сыртқыэкономикалық компанияларды көрсетті:
1. «Казахстанимпекс» – мақта, полистирол, уылдырық.
2. «Отырар» «Казвнешмаш» негізінде – глинозем, ферроқорытпалар, мыс.
3. «Казахинторг» – көмір, мұнай, бензин, мазут.
4. «Казметаллэкспорт» – цинк, қорғасын, мыс конценттраттар, никель, кобальт, цинк, алюминий, қорғасын рудалары.
5. «Казинтерметалл» – цинк, қорғасын, бағалы металдар және оладың өнімдері, кара металдар прокаты.
6. «Тиреу» негізіндегі «Улан» – алюминий қорытпалары, полиприлен, хром, уран, молибден, титан рудалары.
7. «Құрылыс» негізіндегі «Казахстан сауда» – цинк, ферроқорытпалар, хром рудасы, кара металдар прокаты.
8. «Казмедимпорт» – медициналық құрал-жабдықтар импорты, медикаменттер
9. «Казпищепромсырье» – мемлекеттік маңызы бар өнімдерді экспортқа шығару және азық-түлік импорты.
10. «Казпромэкспорт» негізіндегі «Казыбек» – қара металдар прокаты, көмір, стирол, бихромат натрия.
11. «Казагросауда» «Казагровнешторг» негізінде – бидай, жүн, марал мүйіздері
Қазақстан Республикасының шетелдегі заңды тұлғаның жеке заңы болып инкорпорация доктринасына сәйкес Қазақстан Республикасының заңы болады. Қазақстан Республикасының құқығымен сәйкес, заңды тұлғаның құқық қабілеттілігі, оның ішкі құрылымы, қайта ұйымдастырылуы, жойылуы т.б. анықталады.
Сонымен бірге, заңды тұлғаны шетел еліндегі шаруашылық қызметке жол беру, осы қызметті жүзеге асырудың тәртібі мен құқықтық нысандары шетел елінің заңымен анықталады. Шетелдік инвестициялар туралы заңында көзделгендей, ұлттық инвесторлардың шетелдегі инвестицияларына қатысты қатынастар арнайы заңмен реттелінеді (1 бабының 2 тармағы). Яғни шетелдегі инвестициялар туралы арнайы заңды дайындау өткізілген. Заңшығарушы жұмысқа кірісіп кеткеннен кейін шетелге инвестиция шығаруға тыйым салудан басқа ешнәрсе қарастыруға болмайтындағы анық болды.
Шетелде инвестиция салу қазақстандық заңды тұлғаның өз әрекетінде қаншалықты еркін болуына байланысты. Бұрын шаруашылық субъектілердің шетелге еркін шығуға құқықтары болмаған. Барлық сауда операциялары арнайы сыртқы сауда бірлестіктері арқылы жүргізілген («Внешторг», «Казметаллэкспорт» т.б.). Кейіннен шаруашылық субъектілері көбірек құқыққа ие болып, бірақ сыртқы экономикалық қызметке қатысушы ретінде арнайы тіркеуден өтулері тиіс еді. Осы кездегі түпкілікті өзгеріс болып 1992 ж. 25 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы болды. «Об организации внешнеэкономической деятельности РК на период стабилизации экономики и проведения рыночных преобразований». Жарлықтың 1 тармағында бекітілген: «шаруашылық субъектілері сыртқы экономикалық қызметті арнайы тіркеуден өтпей-ақ жүзеге асыра алады, мемлекеттік маңызы бар өнімдерді экспортқа шығару мәмілелерінен басқа. Экспорт кейде импортқа тыйым салынған немесе шектелген өнімдер тізімі қазіргі кезге дейін бар, бірақ ол жыл сайын азайып баруда.
1993 ж. 30 шілдедегі «Қазақстан Республикасының сыртқы экономикалық қызметін ұйымдастырудағы қосымша шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығында мемлекеттік маңызы бар өнімдерді экспортқа шығару, мемлекеттік сыртқы сауда компаниялары арқылы жүзеге асырылады делінген. 1994 ж. 18 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы бұл ережені ырықтандырды. Мемлекеттік маңызы бар өнімді шетелге экспортқа шығару, мемлекеттік сыртқы сауда компанияларымен бірге аукционда экспорттық квоталарды иемденген шаруашылық субъектілері де жүзеге асыра алады. ТМД елдеріне кәсіпкер-өндірушілер өнім экспортын жеке де мемлекеттік сыртқы сауда компаниялары арқылы да жүзеге асыра алады.
Сыртқы экономикалық қызметтің қатысушыларына толықтай еркіндік Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 ж. 11 қаңтардағы «Сыртқы экономикалық қызметті ырықтандыру туралы» Жарлығымен ұсынылды. Жарлықта бекітілгендей, шаруашылық субъектілерінің барлығы сыртқыэкономиаклық қызметті, сонымен бірге делдалдық қызметті дербес жүзеге асыруға құқылы, стратегиялық маңызды ресурстарды экспорт пен импортқа шығару мәмілелерінен басқа. Олардың тізімін Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинеті анықтайды.
Министрлер Кабинеті 1995 ж. 19 тамызда № 66 «Қазақстан Республикасының аумағында тауарларды (жұмыс, қызмет) экспорт пен импортқа шығару тәртібі туралы» қаулы шығарды. Үкіметтің бұл қаулылары басқаларымен алмастырылды, бірақ атауы қалды. Қазіргі кезеңде Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 ж. 30 маусымдағы № 1037 «Қазақстан Республикасығы тауарларды (жұмыс,қызмет) экспорт пен импортты лицензиялау туралы» қаулысы шықты. № 1037 Қаулысымен бекітілді:
1. Қазақстан Республикасы аумағындағы тауарларды (жұмыс, қызмет) экпорт пен импортты лицензиялау тәртібі (1-ші қосымша). Ереженің әрекеті Қазақстан Республикасының барлық заңды және жеке тұлғаларына қатысты, сонымен бірге ұйымдастырушылық-құқықтық нысаны мен тіркеу орынынан тәуелсіз шетелдін заңды тұлғаларды қоса (2 тармағы);
2. Қазақстан Республикасы Үкіметінің рұқсаты негізінде лицензия қажет ететін экспортқа шығаратын тауарларлар тізімі (2-ші қосымша);
3. Қазақстан Республикасы Үкіметінің рұқсаты негізінде лицензия қажет ететін импортқа шығаратын тауарларлар тізімі (3-ші қосымша);
4. Лицензия арқылы экпорт жүзеге асырылатын тауарлар тізімі (4-ші қосымша);
5. Лицензия арқылы импорт жүзеге асырылатын тауарлар тізімі (5-ші қосымша);
6. Қазақстан Республикасының халықаралық міндеттемелеріне сәйкес лицензия арқылы экспорт жүзеге асырылатын тауарлар тізімі (6-ші қосымша);
7. Қазақстан Республикасының халықаралық міндеттемелеріне сәйкес экспорт құжаттары арқылы экспорт жүзеге асырылатын тауарлар тізімі (8-ші қосымша).
Осылайша 1995 жылдан бастап, Қазақстан Республикасының заңды тұлғалары сыртқы экономикалық қызметті дербес жүзеге асыра бастады, мемлекеттік сыртқы сауда компаниялары міндетті делдал болу міндетінен босатылды. Тек қана стратегиялық маңызды ресурстарға ғана Үкіметтің рұқсаты немесе лицензиясы керек. Осындай тауарлар тізімі жылдан-жылға азайып баруда. Мысалы, 2-ші қосымшада тауардың 3 түрі (жабайы жануарлар, қару-жарақ және әскери техника, ядролық материалдар), 3-ші қосымшада 2 түрі (қару-жарақ және әскери техника, ядролық материалдар). Басқа қосымшаларда тізім көбірек, бірақ ол экспорт пен импорт шынымен лицензияны қажет ететін материалдардан тұрады (дәрі-дәрмек, фосфор, қару, улы заттар). Тізімде көрсетілмеген басқа тауарлар лицензиясыз еркін жүзеге асырылады.