Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


Сарапшының құқықтары мен міндеттері




 

Заңмен анықталған мәртебесі бар тұлға ретінде сарапшы құқықтар кешеніне ие; оларды сарапшы сот талқылауында және сараптама жүргізуде қолданады.

Сарапшының:

- істің сараптама нысанасына қатысты материалдарымен танысуға;

- қорытынды беру үшін қажетті қосымша материалдарды өзіне беру туралы өтінім жасауға;

- соттың рұқсатымен сот отырысына қатысуға және оған қатысушыларға сараптама нысанына қатысты сұрақтар қоюға;

- тиісті бөлігінде сот отырысының хаттамасымен танысуға және өзінің әрекеті мен жауаптарының толық әрі дұрыс көрсетілуіне қатысты хаттамаға енгізілуге тиісті ескертулер жасауға;

- сараптаманы тағайындаған соттың келісімімен, өзінің бастамасы бойынша сараптама жүргізу кезінде белгілі болған, іс үшін маңызы бар мән-жайларды қорытындыда көрсетуге;

- өзінің ана тіілінде немесе өзі білетін тілде қорытынды ұсынуға және айғақ беруге;

- аудармашының тегін (ақысыз) көмегін пайдалануға;

- сараптама жүргізу кезінде өз құқығына нұқсан келтіретін сот әрекетіне шағым жасауға;

- өзінің арнаулы білімінің шегінен тысқары мәселелер бойынша, сондай-ақ егер өзіне берілген материалдар қорытынды беру үшін жеткіліксіз болған жағдайларда қорытынды беруден бас тартуға;

- сараптама жүргізу кезінде келтірілген шығындарға өтем және егер сот сараптамасын жүргізу өзінің қызметтік міндеттерінің шеңберіне кірмесе, орындалған жұмыс үшін сыйақы алуға құқығы бар.

Сарапшының: соттан басқа іске қатысушы адамдармен сараптама жүргізуге байланысты мәселелер бойынша келіссөздер жүргізуге; сараптамалық зерттеу үшін өз бетінше материалдар жинауға; егер сараптама тағайындаған соттың оған арнаулы рұқсаты болмаса, объектілерді толық немесе ішінара жоюға, олардың сыртқы түрін немесе негізгі қасиеттерін өзгертуге әкеп соғуы мүмкін зерттеулер жүргізуге құқығы жоқ.

Сараптама жүргізуге міндеттеме жүктелген тұлға ретінде сарапшы соттың шақыруы бойынша келуге; өзінің алдына қойылған мәселелер бойынша негізделген және объективті қорытынды беруге; жүргізілген зерттеулер мен берілген қорытындыға байланысты мәселелер бойынша сот алдында айғақ беруге міндетті.

Сонымен қатар көрінеу жалған қорытынды бергені үшін сарапшыға қылмыстық жауаптылықта болатындығы жөнінде ескертпе жасалынады, сарапшы бұл жөнінде сараптамалық актіге қол қояды және сот отырысында жауап алу барысында одан ескертілгендігі жөнінде қолхат алынады.

 

Сараптама жүргізу

 

ҚР АІЖК 93-ші бабы сараптама жүргізу тәртібін реттейді.

Көбінесе соттық сараптамалар соттың тыс жерде өткізіледі, себебі көптеген сараптамалық зерттеулер жүргізу үшін түрлі қондырғылар, күрделі құралдар, реактивтер, техникалық персонал көмегі, арнайы әдістер мен әдебиеттер қажет болады. Зерттеу сипатына не сот отырысында зерттеу үшін объектілерді жеткізудің мүмкіндігі жоқтығына немесе қиындығына байланысты сараптамалар соттан тыс жүргізіледі.

Сараптамалық зерттеу объектілерінің дұрыстығы (шынайылығы) мен жол берілгендігіне сот кепілдік береді. Айтылған ереже сарапшыға тиісті үлгі, тиісті сынама, тиісті зат берілмесе ол (сарапшы) сараптама нәтижесіне жауап бермейтіндігін білдіреді. Ұйғарымы бойынша сот сараптамасын тағайындаған судья іс жүргізу заңнамасымен бекітілген тәртіпте сарапшыға қажет үлгілердің алынуына кепілдік береді. Судьяның бұл әрекеттерді заңнама талаптарына сай жасалғандығын тексеру сарапшының өкілеттілігіне кірмейді.

Сараптамалық зерттеудің объектілері, егер олардың көлемі және қасиеттері мүмкіндік берсе, сарапшыға буылып-түйілген және орауышы мөрлеп бекітілген түрде (топырақ үлгісі, қан, жасуша және т.б.) беріледі. Қалған жағдайларда сараптаманы тағайындаған сот сарапшыны зерттеу объектілері тұрған орынға жеткізуді, оларға кедергісіз бара алуын және зерттеу жүргізу үшін қажетті жағдайларды қамтамасыз етуге тиіс.

Іске қатысушы адамдар сараптама жүргізу кезінде (сараптама соттан тыс жүргізілсе) сарапшылардың жұмысына кедергі келтіретін жағдайларды қоспағанда, қатысуға құқылы. Іске қатысушы адамдарды сараптама жүргізуге қатыстыру туралы өтініштерді сот қанағаттандырған жағдайда аталған адамдарға сараптама жүргізілетін орын мен уақыт хабарланады. Хабарландырылған адамдардың келмеуі сараптама жүргізуге кедергі келтірілмейді.

Соттан тыс жүргізілетін сараптамаға тараптар (үшінші тұлғалар) қатысқан жағдайда сот приставының міндетті түрде қатысу-қатыспауын сараптама тағайындаған сот белгілейді.

Сот сараптамасы органының басшысы сараптаманы жүргізуді ұйымдастырады, оны жүргізу мерзімдерін белгілейді, сараптамалық зерттеудің сапалы жүргізілуіне және сараптама объектілерінің сақталуын қамтамасыз етуге бақылауды жүзеге асырады. Сот сараптамасы органының басшысы сарапшыға зерттеу нәтижесін және қорытындының мазмұнын алдын ала шешетін нұсқаулар беруге құқылы емес.

 





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2017-02-24; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 1501 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Стремитесь не к успеху, а к ценностям, которые он дает © Альберт Эйнштейн
==> читать все изречения...

2152 - | 2107 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.007 с.