Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


сіпорынның түрлері мен ұйымдық құрылымдары. 5 страница




• еңбек шығынына әсер ететін барлық факторларды зерттеу арқылы;

• операция құрамын жаңалаудағы шараларды жобалау және оның орындалу әдісін белгілеу арқылы;

• жұмыс орнын жақсарту шараларын жасау арқылы;

• жұмысты орындауға уақыт есебін анықтау арқылы;

• өндіріске еңбек мөлшерін ендіру арқылы.

Талдау әдісінде жіктелген талдау, есептеу әдісін қолдануы мүмкін. Мұнда күні бұрын дайындалған мөлшерлерді қолдану негізінде жүргізіледі. Сонымен бірге, талдау–зерттеу жүргізу арқылы, жұмысшылардың жұмыс уақытын хронометраж, суретке түсіру тәсілдерін қолдану арқылы жұмыс уақытын жоғалтуын зерттеуге болады. Еңбекті мөлшерлеу адам–сағат немесе адам–минут уақытымен белгіленеді.

Сонымен, өнім бірлігінде уақыт мөлшерінің құрамын немесе қолмен атқаратын жұмыс және машина–қол, машинамен атқаратын жұмыстардағы шығын элементтерін төмендегі формуламен анықтаймыз:

tмөл = tнег + tқос + tжод + tдқ + tүз + tтуз,

мұнда tмөл – мөлшерлеу уақыты;

tнег – негізгі уақыт;

tқос – қосымша уақыт;

tжод – жұмыс орнын дайындау уақыты;

tдқ – дайындық қорытынды уықыты;

tүз – үзіліс, демалу т.б. керекті үзіліс уақыты;

tтуз – қалпына келтіре алмайтын уақыт (техникалық т.б. үрдістердің әсерінен)

Еңбек ресурстарын тиімді пайдаланудың еңбек өнімділігіне тигізетін әсері мол.

2. Еңбек өнімділігі дегеніміз – кәсіпорында жұмысшылардың нақты еңбегі мен қабілетінің нәтижесінде, белгілі бір жұмыс уақытында саны мен сапасы жоғары өнімді өндіру деңгейін сипаттайтын маңызды экономикалық категория.

Еңбек өнімділігінің деңгейін өнімге кеткен еңбек шығынын еңбек үрдісінің қорытындысы мен салыстыру арқылы анықтайды.

Еңбектің көп саладағы жұмсалған алуан түрлі шығындарын екі топқа бөлуге болады:

а) Жанды еңбек шығыны – нақты өнімді өндіру мен тікелей айналысатын жұмысшылар категориясының жұмыс уақыты;

б) Мүліктенген немесе затқа айналған шығын немесе өткендегі еңбек шығыны. Бұл затқа айналған еңбекте өнеркәсіп өндірісіндегі өндіріс құралдарын жасауға кеткен еңбек шығындары, яғни шикізат, материалдарды, жабдықтарды т.б. өнеркәсіп салаларындағы өнім өндіруде қолданылатын құралдарға кеткен, өткен мезгілдегі еңбек шығындары.

Осыған орай еңбек өнімділігі жанды еңбек өнімділігі және қоғамдағы еңбек өнімділігі болып бөлінеді.

Қоғамдағы еңбек өнімділігі барлық жанды еңбек шығыны мен өткендегі еңбек шығындарын қосып есепке алса, жанды еңбек шығыны тек кәсіпорындағы өнімге кеткен шығынды қамтиды.

Сонымен, жанды еңбек өнімділігі өнеркәсіптің әрбір өндіріс бұйымдарындағы – бригада, цехтардан бастап салаға дейінгі еңбек өнімділігінің тиімділігін сипаттайды. Тек жанды еңбек - өнімді тікелей дайындайды.

Затқа айналған еңбек шығыны - өндірістің бастапқы кезеңінде жанды еңбектеніп, жанды еңбектің материалды жағдайын көтеруге қызмет атқарып, жанды еңбек өнімділігіне қатыспайды.

Қоғамдық еңбек өнімділігінде ғана жинақталған қорытындыны, тиімділікті анықтағанда жанды және затқа айналған жалпы еңбек шығындары бірге есептелінеді.

Еңбек шығынын азайтып, еңбек өнімділігін арттыру арқылы өнімнің өзіндік құнын арзандатуға болады. Өнім өндіруде еңбек шығыны азайған сайын, өнімнің өзіндік құны арзандап, кәсіпорынның пайдалылығы өседі.

Еңбек өнімділігі – бір жұмысшының белгілі бір уақытта (сағат, күн, ай, тоқсан, жыл) істеген мезгілінде өндірілген өнім саны немесе өнімді өндіру бірлігіне жұмсалған еңбек шығынымен өлшенеді.

Еңбек өнімділігі бірінші жағдайда – өнімді өндіруге кеткен уақыт бірлігінде, екінші жағдайда – еңбек сиымдылығы - дайындалған өнім бірлігінде есептелінеді.

Еңбек өнімділігі төмендегі формуламен анықталады:

 

мұнда Еө – еңбек өнімділігі;

Өк – өндірілген өнім көлемі;

Е – өнімді өндіруге жұмсалған еңбек шығыны;

немесе

мұнда Ес – еңбек сиымдылығы.

Еңбек сиымдылығы дегеніміз – өнімді өндіруге жұмсалған еңбек мөлшерінің, өндірілген өнім көлеміне қатынасын айтамыз. Еңбек шығындары оның құрамына өндіруге байланысты болып бөлінеді:

-технологиялық еңбек сиымдылығы;

-өндірісте қызмет ету еңбек сиымдылығы;

өндірістегі еңбек сиымдылығы;

-өңдірісті басқару еңбек сиымдылығы.

Осы аталған сиымдылықтардың негізгісіне тоқталсақ:

Өндірістегі еңбек сиымдылығыЕ.С) негізгі және көмекші жұмысшылардың еңбек шығындарын қамтиды, оны мына формуламен анықтауға болады:

ӨЕ.С. = TЕХ. Е.С. + ЕҚЫЗ,

мұнда ӨЕ.С - өндірістегі еңбек сиымдылығы;

ТЕХ.Е.С. – технологиялық еңбек сиымдылығы, оған барлық негізгі жұмысшылардың кесімді және мерзімді еңбек шығындары жатады.

ЕҚЫЗ – өндірісте қызмет ететін көмекші жұмысшылардың еңбек шығындары.

Толық еңбек сиымдылығы (ТЕ.С) барлық категориядағы өнеркәсіп – өндіріс қызметкерлерінің еңбек шығындары, оны мына формуламен анықтайды:

ТЕ.С. = TЕХ. Е.С. + ЕҚЫЗ + ТБАС

мұнда Тбас – өндірісті басқаруға маманданған инженерлік – техникалық жұмыс істеушілер, қызметкерлер, кіші қызмет етуші қызметшілер.

Сонымен, өнім бірлігіндегі толық еңбек сиымдылығые.с.) - өнім бірлігін жасауға кеткен барлық жанды еңбек шығынының сомасы. Ол адам- сағатпен өлшенеді.

Бұл әдістер өнеркәсіп салаларында әртүрлі техникамен жабдықталуына сәйкес, әртүрлі деңгейдегі өлшем болуына байланысты тәжірибеде пайдалануы белгілі қиындықтарды туғызады. Сондықтан, өнеркәсіпте бұл әдіс кейбір салаларда еңбек өнімділігін өлшеу болмаса, өндірісте сирек қолданылады.

Еңбек өнімділігін арттыруда ең бастапқы мәселе - ірі индустрияны материалдық негізде қамтамасыз ету, өндіріске ғылыми-техникалық жетістіктерді ендіру, жұмысшылардың білімін көтеру, мәдени-техникалық деңгейін арттыру, еңбек тәртібін реттеу және оны ұйымдастыруды жақсарту.

8 Дәріс. Еңбек ақы төлеу

Жоспар:

бек мотивацияның формалары және мәні. Еңбек ақы төлеудің мәні және қағидалары, еңбек ақыны дифференциациялаудың экономикалық негіздері. Тарифтік жүйе, оның мазмұны және еңбек ақыны ұйымдастырудың мәні.

мысшылардың еңбек ақы жүйелері және формалары. Мамандардың, жұмыскерлердің, басшылардың еңбек ақысын ұйымдастыру.

1. Өндіріс үрдісіне әсерін тигізетін маңызды мәселенің бірі – бұл еңбек ресурстарының бағасы – жұмысшылардың еңбекақысы.

Жұмысшыларды тиімді пайдалануда ынталандырудың негізгі бір жолы - еңбекақы төлеу.

Еңбекақы төлеу – бұл мемлекеттік кәсіпорында ұлттық табыстың бір бөлігінен әрбір жүмысшының еңбек шығынына қарай, еңбектің саны мен сапасы бойынша бөлінетін ақшалай түрдегі жұмысшыға төленетін еңбекақы.

Еңбекақы төлеу – бұл еңбек үшін берілетін сыйақы.

Еңбекақы төлеудің ақшалай және заттай түрлері бар. Қызметкерлерге ақшаның қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін барынша тиімді пайдалануға мүмкіндік беретін ақшалай түрдегі еңбекақы төлеудегі ең басты нышандардың бірі болып саналады. Қазіргі кезде еңбекақы төлеудің заттай нышаны сирек кездеседі. Еңбекақы төлеудің мұндай нышаны ақша айналымының бұзылуы кезінде, экономиканың тұрақсыз, гиперинфляция және құлдырау жағдайында кең қолданылады.

Еңбекақыны ұйымдастыру арқылы нарықтық экономиканың екі қозғаушы күштері арасында әлеуметтік әріптестердің қатынастарын дамуына мүмкіндік беретін, жұмыс беруші мен жұмыс істеушілердің арасында келісім-шарт жасалынады.

Еңбекақының көлеміне жұмысшылардың иемденетін ақшасының мөлшері ғана емес, сонымен қатар оның ақшаға сатып алу қабылеті кіреді. Сатып алу қабілеттілігі нақтылы еңбекақы мен көрсетілген еңбекақының арақатынасы арқылы анықталады. Сондықтан, кәсіпорын жұмысшыларының еңбекақысы мемлекет бекіткен ең төменгі деңгейдегі еңбекақы көлемінен кем болмауы тиіс.

2. Сонымен, еңбекақы нақтылы еңбекақы және көрсетілген еңбекақы болып ажыратылады.

Көрсетілген еңбекақы дегеніміз бұл есептелінген және жүмысшылардың белгілі уақыттағы еңбегіне ақшадай төленетін еңбекақысы.

Нақтылы еңбекақы – бұл нақты еңбекақысына белгілі сандағы тауарларды және қызметтерді сатып алуына, ие болуына мүмкіндігі немесе нақты еңбекақы – бұл көрсетілген еңбекақыға нақты заттарды «сатып алу мүмкіндігі». Нақтылы еңбекақы көрсетілген еңбекақы мен сатып алынатын тауардың мөлшеріне байланысты. Мысалы, көрсетілген еңбекақы 15% көбейіп, инфляция осы мерзімде 10% деңгейде болса, нақты еңбекақы тек қана 5%-ға көбейеді. Сонымен инфляцияның артуы көрсетілген еңбекақы мен салыстырғанда нақты еңбекақының төмендеуіне, немесе керісінше болуы мүмкін. Инфляцияның әсері болмаған кезде көрсетілген еңбекақының өсуі нақтылы еңбекақының өсуін білдіреді.

Осымен бірге, егер баға өнім сапасын ескермесе, онда нақты еңбекақы өнім сапасына тікелей тәуелді болады. Сондықтан, еңбекақы жүйесін реттеуде инфляция үрдісіның ықпалы ескерілуі тиіс.

Еңбекақы төлеуді жақсарту саясатында және оны ұйымдастыруда, кәсіпорын төмендегідей принциптерге сүйену керек:

• әділдік, яғни еңбектің күрделілігіне сәйкес төлеу;

• еңбек ақыны мамандық деңгейіне, орындалатын жұмыс күрделілігіне қарай есептеу;

• еңбек жағдайындағы зиянды және еңбектің ауырлығын есепке алу;

• еңбектің сапасын көтеруге және жұмыскердің еңбекке тыңғылықты қатынасын ынталандыру;

• еңбекте сапасыз өнім өндірілген және өзінің жұмысына жауапкерсіз қараған жұмысшыларды материалдық жағынан әкімшілік жазаны қолдану;

• еңбек өнімділігінің өсу қарқыны, орта еңбекақы төлеудің өсу қарқынынан артуы;

• инфляцияға сәйкес еңбекақыны төлеу деңгейін тиісінше индексация жасау;

• кәсіпорында қазіргі жағдайға сәйкес еңбекақы төлеу жүйесін жақсартып, прогрессивті түрлерін қолдану.

Еңбекақы төлеу негізгі және қосымша түрлерге бөлінеді.

Негізгі еңбекақы төлеу тәсіліне төмендегідей төлемдер жатады:

• мерзімдік, үдемелі және кесімді еңбекақы төлеу кезіндегі орындалған жұмыстың сапасы және мөлшері, пайдаланылған уақыт үшін төлемдер;

• еңбекке қалыпты жағдайымен байланысты төлемдер, ағын мерзімнен тыс жұмыстар, түнгі уақыттарға, мереке күндерде т.б. күндерде жұмыс жасағаны үшін төленетін төлемдер;

• сыйлықтар, сыйлықақы үстемелер;

• жұмысшыларға қатысы жоқ себептерден техника мен жабдықтардың тоқтап қалған уақытына төлемдер және т.б.

Қосымша еңбекақы төлеу, еңбек туралы заңда, кәсіпорынның келісім–шартында қарастырылған. Сонымен бірге жұмыс уқытын пайдаланбаған келесі кездердегі төлемдер жатады:

• демалыс уақыттарында ақы төлеу;

• мемлекеттік және қоғамдық міндеттерді орындаған уақыттары үшін ақы төлеу;

• декретке шығып, нәресте көрген аналарға, жұмыстағы үзілістері үшін ақы төлеу;

• кәмілеттік жасқа толмаған жасөспірімдерге белгіленген жеңілдік сағаттарға ақы төлеу.

Кәсіпорындарында еңбекақы төлеудің негізгі түрлері мен әртүрлі жүйелері қолданылады. Оның ішінде кең тараған түрі: кесімді еңбекақы мен мерзімді еңбекақы төлеу.

Кесімді еңбекақы төлеу - мұнда еңбекақы өндірілген өнімнің саны мен сапасына сәйкес, оның күрделігі мен еңбек жағдайы ескеріліп, арнаулы бағалау арқылы төленеді.

Кесімді еңбекақы өнімнің саны мен сапасына тәуелді, ол төмендегі формула бойынша анықталады:

Еа = Кб * Өм

мұнда Еа – еңбекақы;

Кб – өнім бірлігінің кесімді бағалануы;

Өм – өндірілген өнімнің (қызметтің) мөлшері.

Кесімді еңбекақыны төмендегідей түрлеріне бөлуге болады:

• тікелей немесе жай кесімді;

• жанама кесімді;

• кесімді – сыйлықты;

• үдемелі – кесімді;

• аккордтты - кесімді.

Жұмысшылардың еңбекақысы жеке және ұжымды болып жүйеленеді.

Тікелей немесе жай кесімді жүйеде еңбекақы өнім өндіру бірлігіндегі бағалау бойынша төленеді. Оны мына формуламен анықтайды:

Ер = Ес / Өс, немесе Ер = Ес * tм,

мұнда Ес – орындалатын жұмысқа тиісті белгіленген разрядтағы, графиктік сағат еңбекақы мөлшері, теңге/с;

Өс – нақты өнімді шығарудағы сағат мөлшері;

tм – өнім (жұмыс) бірлігіне бөлінетін уақыт мөлшері, С.

Жұмысшының жалпы еңбегін кесімді бағалауда есепті мезгілдегі өнімді өндіру санына көбейту арқылы анықталады.

Жанама кесімді еңбекақы төлеу түрі – тікелей еңбек қорытындасына байланысты, кесімді жұмысшылардың істеген еңбегіне қарай еңбекақы көлемі белгіленеді. Бұл жүйе бойынша көмекші жұмысшыларға (реттеушілерге, баптаушыларға т.б.) еңбекақы төленеді.

Жанама кесімді бағалану (Еж) жұмысшының жай қызмет атқаратын өндіру мөлшерін есепке ала отырып және олардың саны формула бойынша есептеледі:

Еж = Ес / Өс * Ж (өнім немесе жұмыс бірлігіне, теңге)

мұнда Ес – қызмет атқаратын жұмысшыға төленетін жанама еңбекақы жүйе бойынша еңбекақы мөлшерінің тарифі, теңге;

Өс – қызмет атқаратын бір жұмысшының (объектілер, агрегаттар) өнім бірлігіне сағаттың өндіру мөлшері (еңбек өнімділігі);

Ж – қызмет атқаратын жұмысшалар саны (объектілер, агрегаттар) - қызмет атқару мөлшері.

Жұмысшылардың жалпы еңбекақысын, бір жерде қызмет атқарып кесімді ақыдағы көмекші жұмысшылардың еңбекақы мөлшерін орта пайыз орындалған мөлшеріне көбейту арқылы, таза бір жерде жанама кесімді еңбекақы бағалауын қызмет атқаратын жұмысшылардың нақты өнім шығару көлеміне көбейту тәсілінде анықтауға болады:

Ежалп = Ес НкөмУ/100,

мұнда Ежалп – жұмысшының жалпы еңбекақысы, теңге;

Ес – жанама еңбекақы төлеуге көшірілген көмекші жұмысшылардың еңбекақы мөлшерінің сағат тарифы, теңге;

Нкөм – көмекші жұмысшылардың нақты игерген адам – сағат мәлімет саны;

У – объектілерде, агрегаттарда жұмысшылардың қызмет атқарған барлық жұмысшының орта өлшемдегі игеріп орындалған мөлшер пайызы.

Ежалп = ∑Ежан јӨнак Ј,

мұнда, Ежан – қызмет атқарған Ј – і өндірілген өнім бірлігінің жанама кесімді бағалануы, теңге;

Өнак Ј – қызмет атқарған Ј – і жұмысшының тиісті бірлік өлшемінде белгілі мерзімде өндірген өнімнің нақты саны.

Аккордты кесімді еңбекақы төлеу жұмыстың барлық көлеміне төлейтін ақыларды қамтиды. Жұмыстың жеке элементтеріне арналған мөлшерлер бағалымдарды қосып, барлық жұмыстың құнын анықтайды.

Бұл жүйеде еңбекақы жұмыс мезгілін қысқартқаны үшін жұмысшыларға сыйлық ақы төленеді. Мұндай кесімді еңбекақы төлеу жүйесі еңбек өнімділігін арттыруға ынталандырады.

Үдемелі – кесімді еңбекақы төлеу жүйесі – мөлшерді орындағаны үшін тікелей кесімді бағалау бойынша төленетін ақы, ал егер мөлшерден тыс артық орындағаны үшін жоғарғы бағалы төлемге ие болады. Бұл көбінесе жұмысшылардың жаңа техниканы меңгергеніне қолданылатын еңбекақы төлеу тәсілі.

Үдемелі-кесімді еңбекақы төлеуде жұмысшылардың табысы (Еу.к.) қабылданған, үдемелі жүйедегі еңбекақыны (орындалған мөлшерден жоғарғы барлық көлеміне немесе көлемінің бөлігіне) төмендегі формула көмегімен есептеп анықтауға болады:

Еу.к.═ Ен.е.+ [Ен.е. (Jм – Jбаз)qөн]/Jм,

Еу.к.═ Ен.е.+ Ет.ө. (qу – 1)/Jм,

мұнда, Ен.е. – тура кесімді бағалау бойынша жұмысшының негізгі еңбек табысының сомасы, теңге;

Ет.ө. – кесімді-үдемелі еңбекақы төленетін жұмыстың (өнімнің) бөлігіне тура кесімді бағалану бойынша есептелінетін жұмысшыға кесімді ақы төлеу сомасы.

Jм – жұмысшының өнім өндіру мөлшерін орындау деңгейі,%;

Jбаз – көтеріңкі бағалану бойынша қолданатын жоғарғы ақы төлеудегі өндіру мөлшерінің базалық деңгейі,%;

qөн – белгіленген мөлшерден тыс өнімді жоғары өндіргені үшін бағаланудағы кесімді ақыны қаншаға көбейтуді көрсететін коэффициент;

qу – кесімді бағалануда үдемелі қатынасын көрсететін коэффициент (шкала бойынша негізгі кесімді бағалауда бұл коэффициент бірліктен көп).

Мерзімді еңбекақы төлеу – мұнда істелген уақыт санына байланысты сый беру және жұмысшыға басқадай ақшадай түрде, нақты атқарылған жұмысқа бекітілген тариф немесе еңбекақы бойынша төленетін жалақының бір түрі.

Мұнда еңбек жай және күрделі, төменгі және жоғарғы мамандықта болуы мүмкін. Бұл жағдайда еңбекақы төлену жұмысы тариф арқылы жіктелініп іске асады.

Нақты істелінген уақыт (сағат) мерзімін тарифті еңбекақы мөлшеріне көбейту жолымен еңбекақыны анықтайды.

Тарифтік еңбекақы мөлшері – жұмысшының бір сағат, бір күн немесе бір ай ішінде алатын жалақысының көлемін белгілеу. Сағаттық, күндік және айлық тарифтік еңбекақы мөлшері еңбектің мөлшерленуіне және түрлі жағдайда әртүрлі есептелетіндігіне байланысты болады.

Жұмысшылардың әртүрлі квалификациясына қарай еңбекақы төлеудің біркелкі тарифтік торы қолданылады.

1993 жылдың 1 қаңтарынан бастап бірыңғай тарифтік тор халық шаруашылығындағы қызметкерлердің барлық дәрежесіне қолданыла бастады. Мұнда, тиісінше коэффициент және белгілі разряд саны көрсетілген. Тарифтік коэффициентінің ең төменгі разряды бірге тең. Тарифтік коэффициентінің келесі разряды тариф ставкасының тиісінше әрі қарай бірінші разрядтан жоғарлап өсуін көрсетеді.

Бірыңғай тарифтік торда 21 тарифтік разряды бар. Бұл жүйе шаруашылықты жүргізу нышанына, меншік нышанына және бюджеттік ұйымдарға тәуелсіз барлық кәсіпорындарға арналған:

• 1– 8 разрядтар бойынша – жұмысшыларға төлемдер;

• 6 – 15 разрядтар бойынша – линиялық қызметкерлердің төлемдері;

• 4 – 11 разрядтар бойынша – орта білімді мамандардың төлемдері;

• 7 – 15 разрядтар бойынша – жоғары білімді мамандардың төлемдері;

• 10 – 20 разрядтар бойынша – кәсіпорынның басшылары, бөлімдердің, функционалдық қызметтер басшыларының төлемдері;

• 9 – 21 разрядтар бойынша – ғылыми қызметкерлердің төлемдері.

Қазақстан Республикасының бюджеттік салаларындағы қызметкерлердің еңбекақыларына арналған бірыңғай тарифтік тор қызметкерлердің дәрежесін, міндетін, разрядтар санын (21) және разрядтарға қатысты тарифтік коэффициенттерін қамтиды, оны төмендегі кестеден көруге болады.

Мерзімді еңбекақы төлеудің екі түрі бар:

а) қарапайым мерзімді түрі - мұнда еңбекақы тарифке және жұмыс уақытына қарай төленеді.

Жұмысшының қарапайым мерзімді жүйесіндегі еңбекақысы (Еқ) жұмысшының сол разрядтағы (Ес) еңбекақы мөлшерінің тарифі сағат, күндікті, сол істелінген мерзімдегі уақытқа (tжұм) (тиісінше сағат немесе жұмыс күніне) көбейту арқылы анықталады:





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2017-02-11; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 723 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Студент всегда отчаянный романтик! Хоть может сдать на двойку романтизм. © Эдуард А. Асадов
==> читать все изречения...

2395 - | 2153 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.009 с.