Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


сіпорынның түрлері мен ұйымдық құрылымдары. 2 страница




1. Өндіріс ғимараттары

2. Ірі құрылыстар

3. Беріліс қондырғылар

4. Күш машиналары мен жабдықтар

5. Жұмыс машиналары және жабдықтар

6. Өлшеуіш және реттеуші приборлардың барлық түрлері, зертханалық

жабдықтар

7. Шаруашылық және өндіріс инвентарлары

8. Инструменттер, аспаптар

9. Көлік машиналары

10. Басқадай негізгі қорлар түрлері.

Әрбір топтағы негізгі өндіріс қорының құндарының жалпы өндіріс қорына үлес салмағын (%) өндірістегі кұрылымын көрсетеді. Негізгі өндіріс қорының құрылымы салаларда, бірлестіктерде және кәсіпорындарында өзінің қолдануына, бағытына, көлеміне қарай әртүрлі болады.

Негізгі өндіріс қорының кейбір бөлігі үйлер, ғимараттар, машиналар мен жабдықтар, өндіріс және шаруашылық құралдары өнім өндірісіне тікелей қатыспауы мүмкін – ол тек еңбек тіршілігіне, өндірістің технологиялық үрдісін

дамытуына көмектеседі. Мұндай негізгі өндіріс қорының бөлігін – енжарлы бөлігі дейді. Ал, беріліліс қондырғылар, ішкі зауыт көліктері, әсіресе өнім өндірудегі машиналар мен жабдықтар, яғни негізгі өндіріс қордың белгілі бөлігі өндіріс бөлімшелерінде өнім өндіруде шешуші рөл атқаратын өндіріс қорларын – белсенді бөлігіне жатқызады.

Өндірісте негізгі қордың белсенді бөлігінің құны арқылы кәсіпорыннның мүмкіндігіне қарай дамыған сайын қордың тиімділік көрсеткіштері жоғарлап, кәсіпорынның техникалық деңгейі және қуаттылығы артады.

Негізгі өндіріс қорын есепке алғанда және жоспарлағанда, сонымен бірге негізгі өндіріс қорының өндіріс қуаттылығын анықтағанда табиғи және құн (ақшадай) түрдегі көрсеткіштері қолданылады.

Жұмыс істеп тұрған негізгі қорлар бухгалтерлік есепте олардың баланстық құны бойынша көрсетіледі.

Негізгі өндіріс қорлары төмендегідей бағаланады:

• бастапқы құны бойынша, оған қорға ие болғандағы құны, оны жеткізу және құрастырып орналастыру шығындары кіреді;

• қалпына келтіру құны бойынша, яғни оған негізгі қорларды қайта бағалау нәтижесіндегі құны жатады;

• қалдық кұны бойынша, яғни бастапқы құнының немесе қалпына келтірілген құнның тозу құнының айырмашылығымен анықталады.

Негізгі өндіріс қорының қалдық құнын мына формуламен анықтауға болады:

Ққ = НҚбқ - (НҚбқ * Ма /100 *t),

мұнда, Ққ - қалдық кұны;

НҚбқ – негізгі өндіріс қорының бастапқы құны, теңге;

Ма – толық қалпына келтіру амортизациясының мөлшері, %;

t – негізгі өндіріс қорының нақты жұмыс істеген уақыты, жыл.

Негізгі өндірістік қорларды колданудың көрсеткіштері үш топка бөлінеді:

- негізгі өндірістік қорларды экстенсивті қолдану көрсеткіштері;

- негізгі өндірістік қорларды жедел түрде қолдану көрсеткіштері;

- негізгі өндірістік қорларды интегралды қолдану көрсеткіштері.

1-топ көрсеткіштеріне: құралдарды экстенсивті қолдану коэффициенті, құралдардың сменалық жұмыс жасау коэффициенті, құралдардың толық пайдалану коэффициенті жатады; яғни бұл көрсеткіштер құралдардың уакыт мөлшерінде қолданылу деңгейін көрсетеді.

2-топ көрсеткіштеріне: өндірістік қорларды жедел түрде қолдану көрсеткіші негізгі қорлардың нақты өнімділігін оның нормативтік өнімділігіне бөлу арқылы анықталады.

,

өндірістік қорларды жедел түрде қолдану коэффициенті;
- негізгі қорлардың нақты өнімділігі;

- негізгі қорлардың нормативтік өнімділігі;

3 - топ көрсеткіштеріне: құралдарды интсгралдык қолдану коэффициенті құралдарды экстенсивті және интенсивті қолдану коэффициенттеріне көбейту арқылы анықталады, және ол кұралдардың уақыт бойынша және өнімділігі бойынша қолданылуын сипаттайды.

Өндірістік негізгі қорлардың тиімділігін көрсететін жалпы көрсеткіш болып - қор кайтарымы есептеледі.

Қор қайтарымы - бұл негізгі өндірістік қорлардың бір сомына шаққандағы өнім мөлшерін білдіретін экономикалық көрсеткіш, сондай-ақ ол өндіріс тиімділігінің аса маңызды көрсеткіші болып табылады.

Қор қайтарымы келесі формуламен есептелінеді:

,

- қор қайтарылымы, дана / теңге;

Т - тауар өнімінің көлемі, дана;

- негізгі өндірістік қорлардың орташа жылдық құны, теңге

Қор қайтарымын ұлғайту - бұл халық шаруашылығының аса маңызды міндеті болып есептелінеді. Қор қайтарылымына кері көрсеткіш - қор сыйымдылығы.

Кор сыйымдылығы - бұл негізгі өндірістік қорлар кұнының өндірілген және сатылған өнім құнына қатынасын сипаттайтын экономикалық көрсеткіш. Ол келесі формула арқылы есептелінеді:

,

- қор сыйымдылығы, теңге / дана

Т - тауар өнімінің көлемі; дана

- негізгі өндірістік қорлардың орташа жылдық құны, теңге

Қормен қарулану еңбектің негізгі өндірістік қорлармен жарақтану дәрежесін сипаттайтын көрсеткіш. Ол қорлардың жылдық орташа құнын өндіріс қызметшілерінің орташа санына бөлгендегі қатынаспен анықталады:

,

- қормен қарулану көрсеткіші, теңге / адам;

- негізгі қорлардың орташа жылдық құны, теңге;

- өндіріс қызметшілерінің орташа саны, адам.

Қормен жабдықталу көрсеткіші келесі формуламен анықталады:

,

- қормен жабдықталу, теңге / ;

- негізгі қорлардың орташа құны, теңге;

- өндірістік көлемнің ауданы, .

Өндірістің негізгі қорларының көлемі және олардың қолданылу дәрежесі кәсіпорынның өндірістік қуатының көлемін анықтайды. Өндірістік қуат - саланың, цехтың, агрегаттың, жабдықтарды неғұрлым тиімді пайдаланып, өндіріс пен еңбекті неғұрлым озық үлгіде ұйымдастыру негізінде тиісті уақыт ішінде өнімнің белгілі бір түрін шығаруға барынша жоғары қабілеттілігі (мүмкіндігі).

Өндірістік қуат берілген уақыт ішінде саланың, цехтың, агрегаттың өндіріс пен еңбекті неғұрлым озық үлгіде ұйымдастыра отырып, кұрал-жабдықтарды неғұрлым тиімді пайдаланып, өнімнің белгілі бір түрін шығаруға барынша жоғары қабілеттілікті айтамыз.

Негізгі қорлар қолданылуына байланысты өндіріс процесінде тозады.

Тозу дегеніміз үй – жайлардың, жабдықтың өндірісте пайдаланылу барысында ескіруі, бастапқы сапаларын жоғалтуы. Конструкциялардың бұзылуымен сипатталатын табиғи тозу және өндірістің негізгі құрал – жабдығының осы заманғы техникалық деңгейден кейіндеп артта қалуымен байланысты болатын сапалық тозу түрлеріне бөлінеді.

Тозудың 2 түрі бар: табиғи тозу және сапалық тозу.

Табиғи тозу дегеніміз - негізгі қорлар элементтерінің материалдық тозуы, олардың өндірісте тұтыну барысында және табиғаттың табиғи күштерінің әсерінен тұтынылу құнын жоғалтуы.Табиғи тозу – негізгі өндіріс қорларын өндірісте ұзақ жылдар бойы қолданудың салдарынан сынуын және тозуын айтады. Тозудың бұл түрі пайдаланудың және табиғаттың әсерінен болуы мүмкін.

Сапалық тозу - жабдықтың техникалық прогресске байланысты ескіріп кұнсыздануы. Неғұрлым жетілдірілген және өнімді машиналардың пайда болуы нәтижесінде пайдаланылып жүрген машиналар табиғи қалпына және өндірісте пайдалану дәрежесіне қарамастан сапалық жағынан ескіріп құнсызданады. Осыған байланысты негізгі құрал – жабдықтар амртизациясының нормаларын айқындау кезінде тек табиғи тозуы ғана емес, сонымен бірге сапалық тозуы да ескеріледі. Сапалы тозу – негізгі қордың толық тозбай жатып құнсыздануы немесе өндіріс үрдісінен шығып қалуы. Ғылыми-техникалық прогрестің даму әсерінен кәсіпорындағы техникалар мен жабдықтар көп жағдайда сапалық тозуға ұшырайды. Сапалық тозу табиғи тозуға қарағанда тозуы ерте келеді, ондағы техниканы әліде болса өндірісте қолдануға болады, бірақ оны қолдану экономикалық жағынан алғанда тиімсіз. Тозған негізгі қорларды жаңарту үшін амортизациялық аударымдар қолданылады. Реновация табиғи және сапалық тозуы салдарынан олардың өндірістен шыққан машиналарды, жабдықтарды, құралдарды, жаңа негізгі құрал – жабдықтармен ауыстырудың экономикалық процесі.

Амортизация (тозымпұл ) – негізгі құрал – жабдықтың қолданылуы, өндірісте пайдаланылуы барысында ақшалай тұлғада есептелген тозуы. Тозымпұл сонымен бірге тозған еңбек құралдарының құнын олардың көмегімен өндірілген өнімге аудару құралы, тәсілі, үдерісі. Жөндеуге немесе жаңа құрал – жабдықтарды салуға, дайындауға жұмсалатын ақша түріндегі сипаты болып амортизациялық аударымдар есептеледі. Олар негізгі құрал – жабдықтың тозуының орнын толтыру құралы болып табылады. Амортизациялық аударым сомасы өнімді өндіру шығынына яғни өзіндік құнның құрамыны кіреді және сол арқылы бағаға көшеді.

Тозымпұл нормасы – тозымпұл жарнасының белгілі бір кезеңде белгіленген мөлшерінің негізгі өндірістік қорлардың баланстық құнына қатынасы, ло пайыз есебімен көрсетіледі. Еңбек құралдарывн пайдаланудың экономикалық тұрғыдан тиімді де нысаналы кезеңін басшылыққа ала отырып, еңбек құралдарының табиғи тозуы мен сапалық тозуын ескере отырып есептелінеді. Негізгі қорлар құнының өндірілетін тауарларға көшірілетін үлесі тозымпұл нормасы арқылы анықталады.

Амортизациялық аударым - негізгі қорлардың тозуын толтыру үшін осы қорлар кұнының бір бөлшегін аударып отыру. Ол өнімнің өзіндік құнының және айналыс шығындарының элементін құрайды. Амортизациялық аударым көлемі амортизация нормасы арқылы анықталады.

Амортизациялық қор негізгі қорларды жай ғана және кеңейтіп көбейтуге арналған ақша қаражаты; экономикалық табиғаты екі түрлі, яғни тозған негізгі қорлардың орнын толтыру процесіне және оларды кеңейту көбейту процесіне бір мезгілде қызмет көрсетеді.

Амортизациялық мерзім - өндіріс құрал – жабдықтарының құнын бөлінген амортизациялық қаржы есебінен толық өтеу мерзімі. Амортизация нормасын есептеу үшін қажет. Көпшілік елдерде амортизациялық мерзімді мемлекет реттеп отырады.

Негізгі қорлардың нормативтік қызмет көрсету мерзімі қаражат өзінің құнын дайын өнімге, ұзақ мерзімді тұтыну заттары белгілі бір талаптарға сай келу қабілетін сақтауға тиіс болатын кезең. Негізгі қорларды толық қамтамасыз етуге арналған амортизацияның нормаларын және жөндеуге жұмсалатын нормативтерді анықтауға арналады.

Амортизацияның жылдық жиынтығын негізгі қорлардың бағасына бөлу арқылы амортизация нормасын анықтаймыз. Ол пайыз арқылы беріледі:

,

мұндағы: -негізгі қорлардың баланстық бастапқы құны, теңге

- жайылған негізгі қорлардың құны, теңге

Т – амортизациялық кезең (негізгі қорлардың нормативтік қызмет ету уақыты), жыл

Негізгі қорларды толық қайта құруға кеткен амортизациялық аударымдардың көлемі мына формула арқылы анықталады:

А = Н х Ф,

мұндағы: Н - амортизация нормасы,%;

Ф - негізгі қорлардың орташа жылдық құны, теңге.

Амортизация нормасы негізгі қорларды өз уақытында қалпына келтіруге бағытталады және амортизация нормасын есептегенде мынадай факторларды қолдана отырып, ңегізгі қорлардың қызмет ету уақытын дұрыс анықтай білу керек:

- негізгіқорлардың ұзақ мерзімділігі;

- сапалық тозу;

- техникалық қайта құрудың жоспары;

- жабдықтардың балансы;

- модернизациялау және күрделі жөндеу мүмкіншіліктері.

Қазақстан Республикасының Президентінің «Салықтар және басқа да бюджетке міндетті төлемдер туралы 24 сәуір 1995 жылғы Жарлығы бойынша амортизацияға түсетін негізгі қорлардың амортизация нормалары төмендегідей топтар арқылы анықталған:

Топ нөмірі Мүліктің атауы Амортизацияның пайыз бойынша шекті нормасы
1. Компьютерлер, ақпаратты өндеу құралдары  
2. Құбыр жолдары, мұнай-газ жолдары, жабдықтар, пайдалы қазбаларды табуға және өңдеуге қажетті машиналар мен механизмдер  
3. Жолдарға қажетті техника: арнайы құрал-саймандар  
4. Жеңіл автомашиналар: такси, жүк авто-көліктері, автобустар, арнайы көліктер мен автоприцептер. Өнеркәсіптің барлық салаларына қажетті машиналар мен жабдықтар. Офис мебелі.  
5. Басқа топтарға кірмеген активтер.  
6. Темір жол, теңіз және өзен тасы-малдау құралдары. Күш машиналары мен жабдықтар, жылу техникалық жабдық, турбиналық жабдық, электр двигательдер мен дизель - генераторлар. Электр жүйесі және байланыс құралдары.  
7. Ғимараттар, кұрылымдар.  

3. Тіркелген активтер – кәсіпорынның негізгі қаражаты мен материалдық емес активтерінің жиынтығы.

Материалдық емес активтер – физикалық табиғи нысаны жоқ бірақ «сезілмейтін құндылық» сипаты бар және сол себепті фирмаға қосымша табыс әкелетін активтер. Оған мыналар жатады: сауда таңбалары мен белгілері, өндіріс құпиясы, патенттер, басқару өнері, баспагерлік құқықтар, фирманың жақсы беделі.

·

 

5 Дәріс. Шикізат, материалдық және отын-энергетикалық ресурстар

Жоспар:

1. Шикізат және отын-энергетикалық ресурстар түсінігі және жіктелуі. Пайдалы қазбалар қорлардың жіктелуі және оларды экономикалық бағалау. Қазақстан Республикасының шикізат базасы және оны дамыту бағыттары.

2. Қазақстан Республикасының индустриалды-инновациялық даму жағдайындағы отын-энергетикалық кешенді дамыту. Кәсіпорынның энергетикалық ресурстарын пайдалануды жақсарту жолдары.

3. Ауыл-шаруашылық базасын дамыту.

1. Шикізат, материалдық, отын және энергетикалық ресурстар кәсіпорын мен бүкіл экономиканың қалыпты қызметі үшін негіз болып табылады. Жапония үшін шикізат және отын-ткалық ресурстармен (ОЭР) қамтамасыз ету – кезек күттірмейтін ұлттық мәселе, себебі өзінде өажетті материалдық және отынэнергеиткалық ресурстар жеткіліксіз.

2. Қазақстан Республикасының Индустриялық-инновациялық дамуының 2003-2015 жылдарға арналған мемлекеттiк стратегиясы (бұдан әрi Стратегия) Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Елдегi жағдай туралы және 2002 жылға арналған iшкi және сыртқы саясаттың негiзгi бағыттары туралы"

Қазақстан халқына Жолдауында және Қазақстан кәсiпкерлерiнiң оныншы форумында берген тапсырмаларына сәйкес әзiрлендi.

Стратегия Қазақстанның 2015 жылға дейiнгi кезеңге арналған мемлекеттiк экономикалық саясатын қалыптастырады және экономика салаларын әртараптандыру арқылы дамудың шикiзаттық бағытынан қол үзу арқылы елдiң тұрақты дамуына қол жеткiзуге бағытталған.

Өңдеушi өнеркәсiпте және қызмет көрсету саласында бәсекеге түсуге қабiлеттi және экспортқа бағдарланған тауарлар, жұмыстар және қызметтер өндiрiсi мемлекеттiк индустриялық-инновациялық саясаттың басты нысанасы болып табылады.

Дүниежүзiлiк экономиканың ғаламдануы аясында Қазақстан экономикасы бiрқатар проблемаларға тап болып отыр. Негiзгi проблемаларға мыналарды жатқызуға болады: бiр жақты шикiзат бағыттылығы, әлемдiк экономикаға ықпалдасудың әлсiздiгi, ел iшiндегi салааралық және өңiраралық экономикалық ықпалдасудың босаңдығы, iшкi рынокта тауарлар мен қызметтерге деген тұтыну сұранысының мардымсыздығы (шағын экономика), өндiрiстiк және әлеуметтiк инфрақұрылымның дамымауы, кәсiпорындардың жалпы техникалық және технологиялық тұрғыдан артта қалушылығы, ғылым мен өндiрiстiң арасында ықпалды байланыстың болмауы; ғылыми-зерттеу және тәжiрибелiк-конструкторлық жұмыстарға (бұдан әрi - ҒЗТКЖ) қаржының аз бөлiнуi, менеджменттiң экономиканы Ғаламдану процестерiне және сервистiк-технологиялық өтуге бейiмдеу мiндеттерiне сәйкес келмеуi.

Проблемаларды шешу және Стратегия аясында алға қойылған мақсаттар мен мiндеттерге қол жеткiзу үшiн Даму Банкiнiң қызметiн жандандырумен қатар Қазақстанның инвестициялық қоры, Экспортты сақтандыру жөнiндегi корпорация, Инновациялық қор сияқты арнайы даму институттарын құру көзделiп отыр.

Бұл ретте осы институттар қосылған құны жоғары жаңа өндiрiстердi құруға және олардың жұмыс iстеп тұрғандарын дамытуға және келелi салаларды кешендi талдау, олардың ең маңызды элементтерiн анықтау негiзiнде ғылыми және ғылыми-техникалық зерттеулер мен әзiрленiмдерге қолдау көрсетуге инвестициялау саясатын жүргiзетiн болады.

Стратегия елде ғылымды және инновациялық қызметтi ынталандыруға бағытталған белсендi мемлекеттiк ғылыми және инновациялық саясат жүргiзудi көздейдi. Алға қойылған мақсаттарға қол жеткiзу үшiн қаржы рыногын одан әрi дамыту және фискалдық, бiлiм бepу, монополияға қарсы, инфрақұрылымдық саясатты жетiлдiру көзделiп отыр. Стандарттау саясаты шеңберінде экономиканың және басқарудың барлық салаларында әлемдiк стандарттарға көшу көзделуде.

Стратегияны ойдағыдай iске асыру экономиканың адам капиталын, өндiрiлген және табиғи капиталды тиiмдi пайдалануға негiзделген тұрақты өркендеуiне алып келетiн оның құрылымында сапалы өзгерiстер жасауға, Қазақстанның әлеуметтiк дамудың және қоғам құрылысының сапалық жаңа деңгейiне шығуына ықпал етуi керек.

Экономиканы мемлекеттiк реттеу әдiстерi мен тетiктерiн жетiлдiру жөнiндегi жекелеген ұсыныстарды негiздеу үшiн Стратегияның тиiстi бөлiмдерiнде импортты алмастыратын және экспортқа бағдарланған саясатты iске асыру жөнiндегi шет елдердiң тәжiрибесi, оның iшiнде экспорттық саясаттың әрқилы түрлерi мен кезеңдерi, сондай-ақ әлемдiк рыноктарда бәсекелестiк артықшылыққа қол жеткiзуге мүмкiндiк беретiн факторлар келтiрiлген.

Жалпы алғанда Стратегияны iске асыру нәтижесiнде 2015 жылға қарай ел экономикасы сервистiк-технологиялық дамуға өтуге дайын болуы керек.

Машина жасау, жеңiл, жиhаз, фармацевтика, қағаз және өнеркәсiптiң басқа да бiрқатар өңдеушi салаларын (металлургия және тамақ өнiмдерi мен сусындар саласын есепке алмағанда) дамытуға соңғы үш жылда жыл сайын 68-ден 130 млн. AҚШ доллары, ал мұнай өндiру саласында 1773-тен 2300 млн. AҚШ доллары салынды.

Жер қойнауы инвестициялары жеке инвестицияларда айтарлықтай үлеске ие, олардың экономиканың басқа салаларын дамытуға мультипликативтi әсерi болар едi. Мұндай тиiмдiлiктi алу мақсатында жер қойнауын пайдаланушылармен келiсiмшарт жасасу кезiнде инвесторлардың кiрiстерiнiң бiр бөлiгiн iлеспе қайта өңдеу өндiрiстерiн құру мен дамытуға салу, отандық өндiрушiлердiң жабдықтар мен қосалқы бөлшектер жеткiзiп беруiне тапсырыстар орналастыру жөнiндегi мiндеттемелерiн ескертiп айту керек.





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2017-02-11; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 864 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

80% успеха - это появиться в нужном месте в нужное время. © Вуди Аллен
==> читать все изречения...

2241 - | 2105 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.008 с.