1. Қазақстан Республикасында шағын кәсіпкерлікті дамытуды басқару және оны қолдау мәселелері.
2. Қазақстан Республикасының инвестициялық саясаты.
3. Қазақстан Республикасының инновациялық саясаты.
4. Қазақстан Республикасының импорты мен экспорты.
5. Қазақстан экономикасында инвестицияның орны.
6. Өнімнің бәсекеге қабілеттілігін көтеру жолдары.
7. Өнеркәсіптік кәсіпорынның инвестициялық қызметінің нарық жағдайындағы теориялық негіздері.
8. Нарық жағдайында өндірістің тиімділігін арттыру жолдары.
9. Кәсіпорынның қаржылық жағдайы.
10. Кәсіпорынның табыстылығы.
11. Инновациялық саясатты жүргізуде мемлекеттің ролі
12. Қазақстан Республикасында біріккен кәсіпорындардың дамуы мен болашағы
13. Қазақстан Республикасында шетел компанияларының қызметі
14. Нарықтық экономика жағдайында салық салудың шетелдік тәжірибесі
15. Қазақстан Республикасында меншіктің формаларының дамуы және жетілдіру жолдары
1.9 Курстың саясаты мен процедурасы:
- міндетті түрде сабаққа қатысу, сабаққа кешікпеу;
- оқу үрдісіне белсенді қатысу;
- барлық бақылау түрі бойынша уақытында есеп беру;
- сабаққа қатыспаған күндерін қайта тапсыру тәртібін сақтау;
- дәрістер мен СОӨЖ жүргізуіне дайындалып келу;
- өздік жұмыстарды өз еркімен белгіленген уақытта дайындау;
- сабаққа іскерлік киіммен келу;
- міндетті, төзірлі, ашық, тілектесті болу.
2. НЕГІЗГІ ТАРАТЫЛАТЫН МАТЕРИАЛДАР МАЗМҰНЫ
2.1 Курстың тақырыптық жоспары
№ | Тақырыптар | Академиялық сағат саны | |||
Дәрістер | Тәжірибелік сабақтар | СОӨЖ | СӨЖ | ||
Қазақстан Республикасы экономикасының сипаттамасы және оны мемлекеттік реттеу | |||||
Кәсіпорын шаруашылық субъектісі ретінде | |||||
Өндірістің экономикалық және әлеуметтік тиімділігі | |||||
Кәсіпорынның негізгі капиталы | |||||
Шикізат, материалдық және өтын энергетикалық ресурстар | |||||
Айналым капиталы | |||||
Еңбек ресурстары. | |||||
Еңбекақы төлеу | |||||
Кәсіпорынның инвестициялық және инновациялық саясаты | |||||
Өнімді өткізу және өндіріс шығындары | |||||
Кәсіпорынның маркетингтік және өндірістік қызметі | |||||
Өнімнің бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету | |||||
Табыс және өндіріс рентабельділігі | |||||
Кәсіпорын қаржысы | |||||
Барлығы(сағат) |
2.2 Дәрістік сабақ конспектілері
ріс тақырыбы.
Қазақстан Республикасы экономикасының даму сипаттамасы және оны мемлекеттік реттеу
Жоспар:
1. Ұлттық экономика. Қазақстан республикасының экономикасының қазіргі Нарықтың мәні және негізгі категориялары.
2. 2015 жылға дейін Қазақстан Республикасының индустриалды-инновацииялық саясаттың басым бағыттары.
3. Кәсіпкерлікті дамыту. Кәсіпкерлік: нысандары және түрлері. Кәсіпкерлік қызметтегі тәуекел, оны бағалау әдістері.
1. Ұлттық экономика – белгілі бір елдің қоғамдық еңбек бөлінісінің, ғылыми-техникалық дамудың, халықаралық қатынастың, қалыптасқан және өзара байланысқан саланың (экономикалық іс-әрекеттің түрлерінің) бірыңғай кешені.
Құрылым тұрғыдан ұлттық экономиканы құқықтық, салалық және кеңістік ұйым деп қарастыруға болады.
Құқықытық тұрғыдан экономика – заңды тұлға мәртебесі бар ұйымдар (коммерциялық және коммерциялық емес) жиынтығы.
Салалық тұрғыдан ұлттық экономиканы талдағанда экономикалық іс-әрекеттің өрісі (сфера), секторы (бөлімі), саласы деген түсініктер қолданылады.
Ұлттық экономиканың өріске бөлінуі жалпы ішкі өнім мен ұлттық табыстың қалыптасуына қарай жүзеге асырылады. Сонымен қатар, өріске бөлу экономикалық іс-әрекеттің біртұтас тізбегімен бақылап отыруға мүмкіндік береді. Осыған байланысты барлық ұлттық экономика материалдық өндірісі және материалдық емес өрісі деп екіге бөлінеді.
Материалдық өндірістің өрісі материалдық игілікті жасаушы немесе қызмет атқарушы экономикалық іс-ірекеттің түрі және салалардың жиынтығын білдіреді. Ол өндіріс үдерісі мен айналыс өрісінің жалғасы болып табылады. Бұл өрістің іс-әрекетінің нәтижесі ретінде өндірістік-техникалық өнім, кең түрде қолданылатын бұйымдар (тұтыну тауалары), көлік, байланыс және басқалардың көрсеткен қызметтері болып табылады.
Әлемдік тәжірибеде материалдық өндірістің өрісі үш элементке бөлінеді:
-алғашқы (шикізат шығару, өсімдік және мал шаруашылығына байланысты экономиканың бөлігі);
-өндірістік (материалдар, жинақтаушы, машина және құрал-жабдықтар түріндегі толығымен дайындалмаған өнімге қатысты экономика бөлігі);
-ақырғы (негізгі) өнім (тұтыну заттарына байланысты экономика бөлігі).
Өндірістік емес өріс тұрғындарға қызмет көрсететін іс-әрекеттің келесі түрлері мен салаларын біріктіреді:
-білім;
-денсаулық және әлеуметтік жәрдемдер;
-коммуналдық, әлеуметтік және жеке адамдарға көрсетілетін қызметтер.
Экономикалық үдерістерді жалпы сипаттау үшін ұлттық экономика секторларға бөлінеді.
Ұлттық экономиканың секторы деп өндірістің шығындарын қаржыландыру әдісі мен бағыты, экономикалық үдерісте атқаратын қызметі мен мақсаты тұрғысынан біркелкі институттық бөлік жиынтығын айтады.
\Сөйтіп, секторға топтастыру арқылы теориялық және тәжірибелік мақсаттардың (статистикалық бақылау, мемлекеттік реттеу үшін) жалпы сипаттамасы бар ұлттық экономиканың бөлігіне бөлуге болады.
Меншік түріне байланысты экономика секторын мемлекеттік және жеке меншік деп бөлуге болады.
Мемлекеттік секторы мемлекет меншігінде болатын немесе мемлкеттік мемлекет басқару орындарымен бақыланатын және басқаратын кәсіпорын ұйымдар жиынтығы түрінде болады.
Жеке меншік секторы тікелей мемлекетпен бақыланбайтын кәсіпорындар, ұйымдар және мекемелер жиынтығы түрінде болады.
Ұлттық шот жүйесі бойынша шот бойынша экономикада келесі секторлар түрінде қалыптасқан:
-қаржылық емес кәсіпорындар;
-қаржылық мекемелер;
-мемлекет мекемелері;
-үй шаруашылығы;
-үй шаруашылығына қызмет көрсететін коммерциялық емес ұйымдар.
Пайда табу үшін өнімді өндіру мен қызмет көрсетуді атқаратын және нарықтық емес өндіріспен айналысатын шаруашылық бөлігінің жиынтығын қаржылық емес кәсіпорындар секторы деп атайды.
Сонымен, бақылау нысаны бойынша үш ішкі секторға бөлінеді:
-мемлекеттік;
-ұлттық жеке меншік;
-шетел.
Жалпы ішкі өнімді өндіруге қаржылық емес кәсіпорындарының секторы ең үлкен үлес қосады, бірақ олар ақырғы тұтынуға қатыспайды.
Қаржылық мекемелер секторы деп қаржылық делдалдармен, сақтандырумен, қаржылық, делдалдық және сақтандыру аясында көмекші қызметтермен айналысатын іс-әрекеті оның негізгі түрі болатын коммерциялық емес ұйымдарды бақылайтын органдар жиынтығын айтамыз.
Үй шаруашылық секторы адамдардың азғантай топтарынан тұратын үй шаруашылық жиынтығы түрінде көрсетіледі.
Үй шаруашылығына қызмет көрсететін коммерциялық емес ұйымдар секторы нарықтық емес негізде үй шаруашылығына тауар мен қызмет көрсетуді қамтамасыз ету негізгі міндеті болатын коммерциялық емес ұйымдар жиынтығын атаймыз.
Сала (экономикалық іс-әрекет түрлері) іс-әрекеттің өрісі, шығарылған өнімі, өндірістің технологиясы, шикізаты, негізгі қоры мен қызметкерлердің дағдысының ортақтылығы тән кәсіпорын мен ұйымдар жиынтығы болады.
Көптеген мәселелерді шешу мақсатында ұлттық экономиканы салаларға бөлуге болады, яғни ішінде негізгілері келесілер:
-тіркеу кезінде шаруашылықпен айналысатын субъектілердің мәлімдеген экономикалық іс-әрекеттерін сәйкестендіру;
-экономикалық іс-әрекеттің әрбір түрін мемлекеттік реттеу үшін нормативті құқықтық актілерді жасау;
-экономикалық үдерістердің дамуын іс-әрекеті бойынша мемлекеттік бақылау жүргізу;
-жұмысбастылық, инвестициялық іс-әрекетінің мәселелерін шешу кезінде экономикалық іс-әрекетінің түрлері туралы ақпараттармен мемлекеттік өкімет пен басқару органдарын қамтамасыз ету.
Экономикалық іс-әрекет түрлері туралы жалпы қазақстандық топтастырғыш (классификатор) бойынша салалар тізімі келесідей болады:
1. Ауыл шаруашылығы, аң аулау және орман шаруашылығы.
2. Балық аулау кәсібі, балық өсіру шаруашылығы.
3. Пайдалы қазбаны шығару.
4. Өңдеуші өндіріс.
5. Электроэнергияны, газды және суды өндіру мен бөлу.
6. Құрылыс.
7. Көтерме және бөлшек сату, автокөлікті жөндеу.
8. Қонақ үйлері мен мейрамханалар.
9. Көлік пен байланыс.
10. Қаржылық қызмет.
11. Жылжымайтын мүлікпен, жалмен қызмет көрсету операциялары.
12. Мемлекеттік реттеу және қауіпсіздікті қамтамасыз ету.
13. Білім беру.
14. Денсаулық сақтау және әлеуметтік қызмет көрсету.
15. басқа да коммуналдық, әлеуметтік және жекелеген қызметтерді көрсету.
16. Үй шаруашылығын жүргізу үшін қызметтер көрсету.
17. Аумақтан тыс ұйымдардың іс-әрекеті.
Ұлттық экономиканы мемлекеттік реттеу мәселелерін шешу оның құрылымының динамикасын талдаудан, үрдісін анықтаудан, дамудағы басымдылық бағыттарын таңдаудан тұрады.
Ұлттық экономиканың құрылымы өрістің, секторлардың салалардың сандық арақатынасымен сипатталады.
Кез келген елде ұлттық экономиканың құрылымы тұрақты шамада болмайды. Онда әрбір өрістің, сектордың, саланың салыстырмалы мәні келтіріледі. Мұндай факторлараға жиынтық сұраныстың деңгейінің ұлғаюы, оның құрылымдық өзгеруі, бар ресурстардың сапасының жоғарылауы және техника бойынша білімнің қайта бөлінуі мен өрістеуі жатады. Сонымен, барлық дамыған елдерде өнеркәсіптік және ауыл шаруашылық өндірістер үлесінің азаюы байқалады, ЖІӨ құрылымында қызмет көрсету өрісінің өсуі байқалады.
Осындай үдеріс қазақстандық ұлттық экономикасында да көрінеді.
Ұлттық экономика құрылымының өзгеру қажеттілігі көбінесе шаруашылықтың нарықтық әдісіне көшу және даму басымдылықтарының өзгеруіне байланысты болып отырады.
Ұлттық экономика, оның өрісі, секторлары, салаларының өзгеуі екі жолмен жүзеге асырылады:
-нарық тетігінің әсерімен;
-мемлекеттік құрылымдық саясатының әсерімен.
2. Бүгінгі күні қоғамдық өндірістің даму бағыты – әлемдік нарықта инновацияға негізделген бәсекелі өнім шығару. Соның нәтижесінде еліміздің экономикасы алдағы келе жатқан он жылдықта әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кірмек. Мемлекетіміздің аталған экономикалық саясатын іске асыруда кәсіпорындардың атқаратын рөлі өте зор, себебі олар қоғамдық өндірістің негізгі буыны болып саналады. Кәсіпорын деп өнім өндіріп, оны өткізетін, орындалған жұмыстар мен көрсетілген қызметтер нәтижесін сата алатын заңды құқығы бар дербес шаруашылықты айтамыз. Кәсіпорын құрамына басқа заңды құқығы бар мекемелер енбейді. Кәсіпорын өндіріс құрал жабдықтарының меншік түріне қарамай шаруашылық есеп айырысу бойынша жұмыс істейді.
Нарықтық тетікті пайдалану капиталдың табыстылығы жоғары болатын салаға ауысуын, бәсекесі төмен ашық нарықтың болуына мүмкіндік жасайды. Сонымен қатар нарықтық тетік ұлттық экономика салаларында инновациялық, инвестициялық, материалдық-техникалық, кадрлық әлеуеттерінің жүйесі болғанын қалайды.
Тек қана нарықтық тетікті пайдалану ұлттық экономиканы толығымен қайта құруға болмайтынын өмір көрсетіп отыр. Бұл жағдай мемлекет меншігін жекешелендіргенде, сыртқы экономикалық саясатты және валюталық бақылауды ырғақтандырғанда белгілі болады. Қазіргі кезде ықпалы инвестициялық, инновациялық және құрылымдық саясаттың жаңа жүйесін қолдану керек екені анық болып отыр. Қазақстан Республикасының Үкіметі 2003-2015 жылдарға индустриялық-инвестициялық бағдарламаны қабылдап, оны жүзеге асыруға ат салысып жатыр.
Индустриялық саясат дегеніміз мемлекеттің бәсекеге түсуге қабілетті және тиімді ұлттық өнеркәсіпті қалыптастыруы үшін кәсіпкерлікке қолайлы жағдайлар жасауға және қолдау көрсетуге бағытталған шаралар кешенін білдіреді.
Индустриялық-инновациялық дамудың мемлекеттік Стратегиясы 2010 жылға дейінгі кезеңге арналған. Стратегиялық жоспарда белгіленген мақсаттарға қол жеткізуді қамтамасыз етуі, сондай-ақ одан кейінгі жылдары қазақстандық экономиканың сервистік-технологиялық негіздерін қалыптастыруға бағытталған.
Стратегияның басты мақсаты шикізаттық бағыттан бас тартуға ықпал ететін экономика салаларын әртараптандыру жолымен елдің тұрақты дамуына қол жеткізу; ұзақ мерзімді жоспарда сервистік-технологиялық экономикаға өту үшін жағдай жасау болып табылады.
Өңдеуші өнеркәсіпте және қызмет көрсету саласында бәсекеге түсуге қабілетті және экспортқа негізделген тауарларды және көрсетілген қызметтер өндірісі мемлекеттік индустриялық-инновациялық саясаттың басты нысаны болып табылады.
Бәсекеге түсу қабілеті дегеніміз қазақстандық кәсіпорындардың экспортқа шығарылатын өнімдерді өндіру қабілетін білдіреді. Басқаша айтқанда, өңдеуші өнеркәсіптің өнімі осындай әлемдік стандарттара сәйкес келуі керек және баға бойынша бәсекелесуге қабілетті болуы тиіс.
Эконом иканың шикізаттық секторын дамыту Үкіметтің салалық және секторлық Стратегиялары бойынша жүзеге асырылады.
Стратегияның міндеті:
-өңдеуші өнеркәсіпте орташа жылдық өсу қарқынын 8-8,4% мөлшерінде қаматамасыз ету, 2000 жылмен салыстырғанда 2015 жылы еңбек өнімділігін кемінде үш есе арттыру және ЖҮӨ энергия сыйымдылығын екі есе төмендету;
-өңдеуші өнекәсіптің негізгі қорларының өнімділігін арттыру;
-жеке секторды бәсекелестік басымдылық жасау мен жетілдіруге және қосылған құны барынша жоғары элементтерін көбейте отырып, нақты өндірістерде қосылған құн тізбегіндегі элементтерді игеруге ынталандыратын кәсіпкерлік ахуалды, қоғамдық институттардың құрылымы мен мазмұнын қалыптастыру;
-ғылымды көп қажет ететін және жоғары технологиялық экспортқа негізделген өндірістер құруды ынталандыру;
-экпорттық әлеуетін қосылған құны жоғары тауарлар мен қызметтер пайдасына қарай әртараптандыру;
-сапаның әлемдік стандарттарына көшу;
-дүниежүзілік ғылыми-хникалық және инновациялық үрдістерге қосылу арқылы әлемдік шаруашылық жүйесіне және өңірлік экономикаға ықпалдасуды үдету болып табылады.
Осы міндеттерді шешкенде, экономика құрылымы түбегейлі сапалық өзгерістерге ұшырауды, ол әртараптандырылған кезде ғана Қазақстандағы тұрақты экономикалық дамуы туралы айтуға бюолады.
Стратегия мынадай қағидаға негізделген:
-жеке сектормен серіктестік;
-инвестициялық және инновациялық ұсыныстардың өнеркәсіптің шикізаттық емес салаларында өндірілетін тауарлар мен қызметтердің бәсекелестік қабілетін арттыруға бағытталуы;
-өнеркәсіпті жаңғыртуға, оларға қолдау көрсету жөніндегі рәсімдердің жариялылығы мен ашықтылығы қаржылық және өзге де қолдау көрсету;
-қосылған құн тізбегінің дамуын қамтамасыз ететін салаларға мемлекеттік қолдау көрсету шараларының кешенді сипаты;
-теңдес бәсекелестік жағдайларды және салауатты бәсекелестік ортаны қалыптастыруды қамтамасыз ету;
-да болсын жеке сипаттағы жеңілдіктерден және преференциялардан бас тарту;
-индустриялық саясаттың бәсекелестік артықшылықтарды қалыптастыруға бағытталған.
Аталған қағидалар сақталғанда және экономика құрылымында түбегейлі сапалық өзгерістер болғанда, ол әртараптандырылған кезде алға қойылған мақсаттар мен міндеттерді шешу Қазақстанда тұрақты экономикалық дамуға қол жеткізуге мүмкіндік береді.
3. Нарықтық экономиканың басты принципіне байланысты, қандайда болмасын шаруашылық субъектілері, ол адам болсын, жанұя, топ, ұжым, кәсіпорын, мүмкіндік түрде жұмысты іске асыруына және экономикалық қызметте кәсіпкерлік түрін таңдап алуына құқықты.
Нарық – тауар өндірісі және пайдалану заңдарына сай ұйымдастарылған тауар айырбасы қатынастарының жиынтығы. Нарық – сатып алушылар мен сатушылар арасындағы өзара байланысты жүзеге асыру механизмі, яғни сұраныс пен ұсыныс қатынасы болып табылады. Нарық – ел ішінде және мемлекетаралық айырбас шеңбері, өнімді өндірушілермен тұтынушыларды байланыстырады. Осылай, нарықты тауар айырбасы жиынтығы немесе тауар өндірісі мен пайдалану заңдарына сай ұйымдастырылған тауар айырбасы ретінде қарастырады. Ф. Котлердің еңбегінде нарық қазіргі уақытта бар және болуы мүмкін сатып алушылардың жиынтығы деп айтылады.
Нарық шаруашылығының қазіргі заманғы моделдері. Өмір сүріп жатқан нарыќтық жүйелер және олардың бағыттау дамуына байланысты:
1) жағырафиялық орналасуынан;
2) табиғи ресурстардың бар болуынан;
3) дамудың тарихи жағдайын;
4) халықтың дәстүрі мен болмысынан;
5) өндірістік күштің даму деңгейінен;
6) қоғамның әлеуметтік бағытынан;
Сонымен бірге барлық нарық моделдерінде жалпы мінездер бар, оларға жататындары: меншіктің көптүрлі ќалыптарының болуы; тауарға және қызметке еркін бағаның болуы; еркін бәсекелестің дамыған жүйесі; кәсіпкерлік қызметтің таратылуы; экономиканың мемлекеттік реттестіруінің ерекше бір жүйесі; Нарықтық экономиканың моделдерін бөліп айтуға болады, қазіргі жағдайда пайдаланатын.
2. Экономикалық қызметте кәсіпкерлік түріне әртүрлі өнім, тауар өндіру, қызмет көрсету, сол сияқты сауда-делдалдық, қаржы-несие, ғылыми-ақпарат, басқару жұмыстары, яғни өндіріс шеңберіндегі кез-келген жұмыс түрі, бөлісу және қайта бөлу, айырбас, тұтыну және қоғамдық өнімді пайдалану және т.с.с. жобалануы тиіс. Бұлардың бәрі заңға сәйкес, оған қайшы келмеуі керек.
Кез келген экономикалық өндіріс үрдісінде жаңалау цикліндегі типтік фазамен байланысты (өндіру – айырбас – бөлу – тұтыну) экономикалық қызметтерді кәсіпкерлік жұмыстарға, өндірістік, коммерциялық және қаржылық түрлеріне бөлуге болады.
Өндірістік кәсіпкерлік – бұл түріне өндіріс тауарларын өндіруге бағытталған, өнімді тұтынушыларға сату жұмыстарын орындау, қызмет көрсету, ақпарат ұсыну жатады. Сонымен қатар, өндіріс міндетінде негізгі мақсаттан, атап айтқанда өндірістік ресурстармен қамтамасыз етілуінен басқа: өнімді сақтау, тасымалдау, өткізу және т.с.с. қосымша қызметтер кәсіпорынның негізгі міндетін толықтырады.
Коммерциялық кәсіпкерлік – бұл түріне негізінен тауар-ақша және тауар айырбастау міндетіндегі операцияларды жатқызуға болады. Мысалы, тауарды сатып алу барысында сатудың төмендегідей негізгі коммерциялық кезеңдері анықталады:
• тауардың (қызметтің) түрін таңдау;
• жоғары сапалы тауарға сатып алу бағасын белгілеу;
• өндірген тауарға деген сұранысын бағалау.
Қаржылық кәсіпкерлік — коммерциялық кәсіпкерліктің бір түрі, сату, сатып алу объектісі ретінде ақша және құнды қағаздарды сату немесе несиеге беру арқылы жүзеге асырылады. Мұнда пайда қаржылық ресурстарды сату нәтижесінде пайыз есебімен анықталады. Қаржылық кәсіпкерлік құнды қағаздар нарығын талдау мен маркетингтік қызмет арқылы жүзеге асырылады.
Егер кәсіпкерде құнды қағаздарды сатып алатын нақты ақша болмаса, оны несиеге алады немесе банкілерден қарызға алады.
Егер қаржылық кәсіпкерліктің жеке қызмет орны мен құрал-жабдықтары және әр түрлі техникалары болмаса, белгілі бір мерзімге жалға алуға және бұл үшін ақша қаражатын жұмсауға тура келеді.
Қаржылық кәсіпкерліктің негізгі мақсаты - құнды қағаздарды, валютаны, ақшаны тұтынушыларға сату.
Барлық кәсіпкерлік сияқты, қаржылық кәсіпкерлікке де салық салынады. Салықтар арқылы көсіпкер пайданың белгілі бір бөлігін бюджетке аударуы тиісКәсіпкерлікке тән негізгі қасиет — іздену. Клиент табу, ақша, валюта, материалдар, мекемелер, байланыс және керек адамдарды іздеп табу, сондай-ақ, проблемаларды шешу жолдарын іздеу және оларды тандау - кәсіпкердің басты міндеттерінің бірі.
Кәсіпкер — кез келген уақытта да өз бетінше шешім қабылдайтын, жаңалықтарын белсенді түрде тез іске асыратын, барынша тапқыр, тәуекелшіл, жігерлі, жауапкершілікті адам.
Қазіргі кезде республика көлемінде кәсіпкерлікті дамыту, оны көтермелеу мақсатымен арнайы заң қабылданып, өндірістің қай саласында болсын, қорғауға жол ашылып отыр.
Кәсіпкерлікті жолға қою ісінде оның қай түрі, қай бағыты болсын, оларды жандандырудың негізгі шарттары: мемлекет тарапынан барлық шаруашылық салаларына олардың меншігінің талан-таражға түспей сақталуына еркіндік беру, экономикалық еркіндік беру, шаруашылықты жүргізудің нарықтық тәртібіне көшу, қолдағы пайда көзі, несие, ақпарат құралының еркін де ашық болуы, бұрыңғы заңдардың кәсіпкерлікке тежеу болатын баптарын алып тастау және қазіргі нарықтық талаптарға сай жаңа заңдар қабылдау.
Кәсіпкер — өнеркәсіп, сауда, т. б. фирмалардың иесі, тиімді істерді амал-ретін тауып ұйымдастыра білетін іскер адам. Ал кәсіпкерлік — кәсіпкерге, оның ісіне тән қызмет істеуді ұйымдастыру, яғни олардың бірлескен одағы.
Кәсіпкер, кәсіпкерлік үғымдары ежелгі арабтарда «пайда табу, кіріс, мамандық, өнер тіршілік» мағынасында орын алған.
Атақты ортағасырлық араб ғүламасы Ибн Халдун кәсіпкерлікті адамдардың өз мүмкіндігі мен адал еңбегі арқылы молшылыққа кенелу іс-әрекеті деп бағалады.
Кәсіпкерліктің негізгі белгілері: өндірушінің экономикалық дербестігі, оның құрал-жабдықтарға иелік етуі және бәсекелестік нарықтық ортаға қызмет жасауы.
Кәсіпкерлік өз ынтасымен, тәуекелге бел буа алатын, жеке табыс пен пайда табуға ұмтылған азаматтардың қызметтері болып табылады.
Кәсіпкерлік меншіктің жеке, ұжымдық және мемлекеттік түрлеріне байланысты болады.
Кәсіпкер немесе кәсіпкерлік субъектісі ел заңында бекітілгендей, сол елдің азаматтары болып табылады.
Ал шет ел азаматтары немесе азаматтығы жоқ адамдардың кәсіп-керлікпен айналысуы ел заңында бегітілген құқықтары негізіңде жүзеге асырылады. Кәсіпкер заңды және жеке тұлға ретінде қызмет атқарады.
Кәсіпкер тұтынушылардың тауар және жалпы қызмет түрлеріне деген сұранысын қанағаттандыру үшін ақшаға тауарды сатады. Кәсіпкер тұтынушыларға тауарлар және қызмет түрін сату, сатып алу процесін жүзеге асыру үшін кәсіпкерлік қызметке қажетті өндіріс құралдары мен тауар айналымы сияқты негізгі факторларды тартуы тиіс. Бұл факторларға: жұмыс күші, материалдық, ақпараттық, қаржылық ресурстар және тауар сату мен жеткізу жатады.
Кәсіпкерлік кең ауқымды: өндірістік, коммерциялық, қаржылық, т. б. қызметтерді қамтиды.
Өндірістік кәсіпкерлік - еңбек заттары мен жұмыс күші факторларын пайдалана отырып, өнім өндіретін және қызмет түрлерін сатып алушылар мен тұтынушыларға сату арқылы кәсіп еткен жағдайдағы, кәсіпкерліктің ең негізгі басты түрі. Кәсіпкер өндірісті жұмыс күшін жалдай отырып және материалдар мен ақпараттарды, өндірістік қорларды сатып алу арқылы қаматамасыз етеді. Ал инфляция және тапшылық жағдайларда бартерлік келісімдер негізінде жүзеге асырылуы мүмкін. Кәсіпкерлік қызмет барысында кәсіпкерлердің құрылыс, тасымалдау, ақпараттандыру жұмыстарын өзі атқаруға мүмкіндігі болмаған жағдайда, бұл қызметтер үшін кәсіпкер тарапынан ақша қаражаттары талап етіледі.
Коммерциялық кәсіпкерлік кәсіпкер-коммерсант ретінде тұтынушыларға басқа тұлғалардан жеткізілген дайын өнімдерді сатады. Бұл кәсіпкерлік тауарлы-ақшалай, сауда-айырбас операцияларымен сипатталады. Өндірістік кәсіпкерліктен айырмашылығы - өнім шығаруға байланысты өндірістік ресурстармен қамтамасыз ету қажеттігі болмайды, материалдық ресурстар дайын тауар күйінде сатылады. Бұл кәсіпкерліктің негізгі факторы - тауар, ал пайда тауардың бағасын өсіру негізінде, сату арқылы түседі. Сондықтан белгілі бір тауар түріне сұраныс болуы қажет.
2 Дәріс тақырыбы
Кәсіпорын – шаруашылық объектісі ретінде
Жоспар:
сіпорын – шаруашылықты жеке жүргізетін субъект және нарықтық қатынастардың негізгі жүргізушісі. Кәсіпорындар қалыптастырудың негізгі қағидалары. Кәсіпорынның басты міндеттері және функциялары.
сіпорындар қалыптастырудың негізгі қағидалары. Кәсіпорынның басты міндеттері және функциялары. Кәсіпорынның кәсіпкерлік міндеттемелері және құқықтары. Әр түрлі белгілері және меншік нысандары бойынша кәсіпорынадрдың жіктелуі. Кәсіпорындардың жаңа түрлері – халықтық кәсіпорындар, әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар.
анкроттықтың түсінігі және белгілері. Банкроттық және дағдарыс кезіндегі кәсіпорындарды қайта құру және басқару.
1. Өндіріс процесіндегі кәсіпорынның маңызы және негізгі мақсаттары. Кәсіпорын - экономиканың даму сатысының негізгі бір бөлігі болып табылады. Өйткені кәсіпорындарда қоғамға қажетті өнім шығарылады және жұмысшы мен жұмыс құралдарының арасында байланыс орнатылады. Еркін өнеркәсіп кәсіпорны дегеніміз өндірістік-техникалық, ұйымдастыру-әкімшілік және шаруашылық еркіндігі бар өндіріс бірлігі. Кәсіпорындар белгілі бір өндіріс өнімін шығару үшін, ие болмаса жұмыс атқару үшін, әртүрлі қызметтер көрсетулер арқылы қоғамның қажеттілігін қанағаттандыру және пайда табу мақсатында құрылады.
Өндірістік жүйе ретінде кәсіпорынның ішкі және сыртқы ортасы болады.
Сыртқы ортаға - экономикалық саясат, құқықтық жағдай, экономикалық, әлеуметтік, экологиялық және технологиялық жағдайлар жатады.
Ішкі ортаға - еңбек ресурстары, техника және технология, бәсекелестік, маркетинг және т.б. жатады.
Кәсіпорынның ңарықтық экономикадағы негізгі мақсаты - бәсекелесуге қабілетті өнім шығару арқылы, неғұрлым көп пайда табу және ең аз шығынмен, ең жоғарғы пайда табу негізіңде сұранысқа ие және бәсекелесуге қабілеті бар өнім шығару болып табылады.
Өнеркәсіп кәсіпорынның функциялары мыналар:
• өндірісте және жекеше тұтынылатын өнім шығару;
• тұтынушыға өнімді жеткізу және сату;
• өнімді сатып болғаннан кейін қызмет атқару;
• кәсіпорындардағы өндірісті материалдық-техникалық жабдықтау;
• кәсіпорын жұмысшылардың еңбегін ұйымдастыру және басқару;
• кәсіпорындағы өндіру көлемін жан-жақты дамытып, ұлғайту;
• салықтарды төлеу, мемлекеттік бюджеттің және басқа да қаржы ұйымдарының міндетті және міндетті емес төлемдерін орындау;
• мемлекеттік заңдарды, нормативтер мен стандарттарды орындау.