1. Нормалау алгоритмі әртүрлі қоршаған орта нысандарындағы химиялық факторлар (су, атмосфералық ауа, топырақ) үшін құрастырылған болуы қажет.
2. Алгоритмді схема түрінде көрсету қажет.
3. Алгоритмді қрастырған кезде схемада әрбір кезеңі бойынша түсінік беру қажет.
4. Нормалаудың 9 қағидасы бойынша кем дегенде 3 тест құрастырылуы қажет.
5. Тесттерде 1-3 дұрыс жауабы болуы мүмкін немесе есеп және сурет түрінде берілуі мүмкін.
6. Дұрыс емес жауаптары дұрысқа ұқсас болуы және дұрыс жауаптары көрсететін сұрақтарды бейнелеп көрсетуі тиіс.
7. Тест сұрақтары оқушылар үшін қажетті ақпараттар алып жүруі керек және ЖОО тесттерін қайталамауы тиіс.
8. Тесттерге жауаптар берілуі қажет.
Өткізу мерзімдері: күнтізбелік-тақырыптық жоспарға сәйкес.
Бағалау критерийлері:
Сапа критерийлері | Үздік | Жақсы | Қанағаттанарлық | Қанағаттанарлық-сыз |
Реферат мазмұнының тақырыпқа және қойылған міндеттерге сәйкестігі | Реферат мазмұны тақырыпқа және қойылған міндеттерге толығымен сәйкес келеді | Реферат мазмұны тақырыпқа және қойылған міндеттерге толығымен сәйкес келеді | Реферат мазмұны тақырыпқа және қойылған міндеттерге негізінен сәйкес келеді | Реферат мазмұны тақырыпқа және қойылған міндеттерге сәйкестігі толық емес |
Тақырыпты ашуы мен қолданылған әдебиет көздерінің толықтығы | Тақырып толық ашылған, қазіргі әдебиет көздері жеткілікті мөлшерде қолданылған | Тақырып ашылған, дегенмен кейбір жағдайлар анықтауды қажет етеді, негізгі әдебиет көздері қолданылған | Тақырып жеткілікті ашылмаған, негізгі әдебиет көздерінің барлығы қолданылмаған | Тақырып жеткілікті ашылмаған, қоданылған әдебиет көздері аз |
Материалды қорытындылау және қысқаша тұжырымдар жасай білуі | Материал қорытындылан-ған, анық және түсінікті тұжырым жасалған | Материал қорытындыланған, анық тұжырым жасалған | Материал қорытындыланған, бірақ тұжырым тым үлкен, анық емес | Материал қорытындыланбаған, тұжырым жоқ |
Көркемделуі, олардың ақпараттылығы | Ақпараттылық сапасы жоғары | Ақпараттылығы бар, сапасы жақсы | Ақпараттылығы жеткіліксіз | Ақпараттылығы жоқ |
Рефераттың рәсімделуінің қойылған талаптарға сәйкестігі | Рефераттың рәсімделуі қойылған талаптарға толық сәйкес келеді | Рефераттың рәсімделуі қойылған талаптарға толық сәйкес келеді | Рефератты рәсімдеуге қойылған негізгі талаптар сақталған | Рефератты рәсімдеуге қойылған негізгі талаптар сақталмаған |
· Құрастырылған тесттер үшін:
Сапа критерийі | үздік | жақсы | Қанағаттанарлық | Қанағаттанарлық-сыз |
Құрастырылған тесттер саны | 24-27 | 20-23 | 14-19 | 0-13 |
Күрделілік деңгейі | 1,2,3 | 1,2,3 | 1,2 | |
Тесттердің дұрыс құрастырылуы | Дұрыс құрастырылған | Дұрыс құрастырылған | Кейбір тесттерде сұрақтарға жауаптар екі мағыналы шындыққа ұласпайды келмейді | Көп тесттерде сұрақтарға жауаптар екі мағыналы шындыққа ұласпайды келмейді |
Тесттерді құрастырған кезде әдебиет көздерінің қолданылуы | Оқулықтар, монографиялар, Интернеттен ақпараттар нормалау құжаттары | Жалпы гигиена бойынша және басқа да гигиеналық пәндер бойынша оқулықтар, периодтылығы,Интернеттен ақпараттар,нормалау құжаттары | Жалпы гигиена бойынша және басқа да гигиеналық пәндер бойынша оқулықтар. | Жалпы гигиена бойынша оқулықтар |
Оқытушы көмегінің қажеттілігі | Тесттер өз-бетімен құрастырылса | Тесттер өз-бетімен құрастырылса | Жеке сұрақтар бойынша | Көптеген тесттерді оқытушының көмегімен құрастырылса барысында |
· Нормалау алгоритмі үшін
Сапа критерийлері | Бағалар | ||||
Үздік | Жақсы | Қанағаттанарлық | Қанағаттанарлықсыз | ||
Құрастырылған алгоритмдер саны | |||||
Тапсырманы орындау барысында қателіктер мен кемшіліктер | Студенттің өзімен түзетілген принципи-алды емес кемшіліктер | Студент өзі жөндеген принципиалды емес дәлкел-меушіліктері немесе принци-пиалды қателер | Студент оқытушының көмегімен жөндеген принципиальды емес немесе дәлкелеушіліктері принципиальды қателері | Өрескел қателер | |
Қолданылған әдебиет көздері | Оқулықтар, монографиялар, Интернеттен ақпараттар нормалау құжаттары | Жалпы гигиена бойынша және басқа да гигиеналық пәндер бойынша оқулықтар, периодтылығы,Интернеттен ақпараттар, нормалау құжаттары | Жалпы гигиена бойынша және басқа да гигиеналық пәндер бойынша оқытушы ұсынған оқулықтар. | Жалпы гигиена бойынша оқытушы ұсынған оқулықтар | |
Алгоритмнің құрастырылуы | Алгоритм өз-бетімен құрастырылған көптеген аспектілерді астарлайды, аргументтелген | Алгоритм өз-бетімен құрастырылған көптеген аспектілерді астарлайды қосымша сұрақтар түсініктеме беруді қажет етеді | Алгоритмді құрастыруда қиналған болса қосымшасұрақтар бойынша оқытушының көмегін қажет етті | Оқытушының көмегінсіз алгоритмді құрастыраалмады | |
Ұсынылатын әдебиеттер:
Негізгі:
1. Гигиена / Под ред. акад. РАМН Г.И.Румянцева.- М.:ГЭОТАР:Медицина,2000.- С.12-29, 309-359.
2. Гончарук Е.И., Кундиев Ю.И., Бардов В.Г. и др. Общая гигиена: пропедевтика гигиены.- К.:Вища шк.,1999.- С.20-46, 155-512.
Қосымша:
1. Камалиев М.А., Бигалиева Р.К., Хабиева Г.Х. История народной медицины и общественного здравоохранения Казахстана. – Алматы, 2004. – 173 с.
2. Коростелев Н.Б. В царстве Гигии. – М.: Советская Россия. 1980. – 192с.
3. Муминов Т.А., Кенесариев У.И., Балмахаева Р.М.Страницы истории профилактической медицины в Казахстане. – 25 с.
4. Петров Б.Д. От Гиппократа до Семашко: преемственность идей (очерки и портреты). – М.:Медицина,1990. – 168 с.
5. Послание Президента Республики Казахстан Нурсултана Назарбаева народу Казахстан «Новый Казахстан в новом мире». – Астана, 28 февраля, 2007 года //Казахстанская правда, 1 марта 2007г.- № 33. – С.5-8.
6. Рахманин Ю.А., Румянцев Г.И., Новиков С.М., Ревазова Ю.А., Иванов С.И. Интегрирующая роль медицины окружающей среды в профилактике, ранней диагностике и лечении нарушений здоровья, связанных с воздействием факторов среды обитания человека. // Гигиена и санитария. – 2005. - № 6.- С. 3- 7.
7. Румянцев Г.И. с соавт. – Общая гигиена.- М.: Медицина,1985.- С.10-27.
8. Чокин А.Р. Очерки развития санитарно-эпидемиологической службы в Казахстане. – Алма-Ата: «Казахстан», 1975. – 176 с.
Бақылау:
Сұрақтар:
· Гигиенаның қысқаша даму тарихы.
· IX және XX-ғасырлардың басындағы гигиена ғылымның негізін қалаушылар және көрнекті өкілдері: Эрисман Ф.Ф., Доброславин А.П., Хлопин Г.В., Сысин А.Н., Мольков А.В. және т.б.
· Гииенаның дамуына үлес қосқан клиницисттер –Зыбелина С.Г., Мудрова М.Я., Пирогова Н.И, Боткина С.П. және т.б.
· Қазіргі замандағы ҚР-ң және ТМД-елдерінің әйгілі ғалым-гигиенисттері: Сидоренко Г.И., Буштуева К.А., Измеров Н.Ф., Амрин К.Р., Шарманов Т.Ш., Алтынбеков Б.Е., Неменко Б.А., Кенесариев У.И. және т.б.
· ҚР-ғы әртүрлі саладағы гигиена ғылымның дамуы және мазмұны.
Гигиеналық нормалау, зиянды факторлады әсерін қауіпсіз деңгейге дейін төмендетуге бағытталған гигиена әзірлейтін шаралар жүйесіндегі негізгі звеносы ретінде. Гигиеналық норматив, анықтамасы. Гигиеналық нормативтер жүйесі. ШРеК, ШРеД, ЗШАКД (ОБУВ), ШАРЕК, ШАРЕД және басқалар.
Нормалаудың бірінші кезектілігі. Бірінші кезекте нормалауға жататын фактолар.
· Гигиеналық нормалаудың негізгі приницптері.
Медициналық көрсетуінің бірінші дәрежелі (негізгі) болу принципі, олар негіздейтін шарттардың рөлі: гигиеналық норматив орнату кезінде басқа критерийлердің алдында медико-биологиялық критерийлердің бірінші дәрежелі болуы зиянды факторды пайда болуынан бұрын нормативті негіздеу.
· Ағзаның биологиялық жауаптарын дифференциалдау принципі. Биологиялық жауаптардың түлері және оларды заттың биологиялық активтілігне, дозасына және ағзаның қарсылық күшіне байланыстылығы. Осы принциптен туатын шарттардың маңызы: нормативті халытың ең сезімтал топтарына бағдарлау, норматив қамтитын жауап деңгейлері.
· Қоршаған ортаның нысандарын бөлу приницптері: Қоршаған ортаның әртүрлі нысадарындағы заттың бір түрі үшін нормативті жеке-жеке орнату. Әрбір нысан үшін бөлек нормалаудың қажеттілігін анықтайтын жағдайлар.
· Барлық қолайсыз әселер мүмүкіншілгін ескеру приницпі және қоршаған ортаның әртүрлі нысандарындағы факторды нормалау үшін осы приницппен негізделетін көрсеткіштерінің маңызы.Атмосфералық ауаға, суға, топыраққа арналған зияндылық крсеткіштері және олардың мазмұны.
· Табалдырықтық (порогвость) приницпі және оның гигиеналық нормалауда негіз болатын рөлі зиянды әсердің табалдырығы түсінігі табалдырықтық және табалдырықсыз әсерлер концепциясы.
· Зияндылықтың лимиттеуші көрсеткіш принцпі. Зияндылықтың лимиттеуші көрсеткіші түсінігі, гигиеналық нормативтің соңғы мөлшерін орнату үшін оның маңызы.
· Гигиеналық эксперимент приницпі. Гигиеналық нормалаудағы гигиеналық эксперименттің рөлі. Жедел, жеделдеу, созылмалы эксперименттен алынған мәліметтердің гигиеналық норматив орнату үшін маңызы.
· Эффектінің концетрацияға және уақытқа байланыстылық принципі және оны адаптациялық компенсаторлық және патологиялық реакцияларды анықтау мен ажыратудағы рөлі.
· Нормативті салыстырмалы түрде болу принципі және оның маңызы.
· Нормалауды кезеңдік принципі және оның мақсаты. Гигиеналық нормалаудың кезеңдері. Жылдам нормалау мүмкіншілігін анықтайтын жағдайлар. Тұрақты және уақытша нормативтер. Гигиеналық нормативті клиникалық және гигиеналық акробация кезеңдерінің маңызы.
· Кешенді нормалау принципі және онымен негізделетін барлық көптүрлі әсерлерді ескеру қажеттілігі. Қазіргі жағдайдағы қоршаған орта факторларының адам ағзасына аралас, қабаттасқан, кешенді әсерлері. Біраз уақыт өткеннен кейін әсер салдарының даму қауіптілігі. Балалар мен жасөспірімдер гигиенасындағы нормалау ерекшеліктері.
Тақырып№ 2. Ауаның физикалық қасиеттерінің, химиялық және биологиялық құрамының гигиеналық маңызы. Климаттық және ауа райы жағдайларының адам денсаулығына әсері. Олардың қолайсыз әсерлерінің алдын алу.Қолайсыз әсерлерінің алдын алу. – 2 сағат
Мақсаты: Ауа ортасындағы әртүрлі факторлардың, соның ішінде ауа райының қолайсыз әсерлерінің адам организміне әсері туралы түсініктеме беру және олардың алдын-алу.