Есеп
Осы жылдың 17 шілдесінде әскер бөлімінің азық-түлік қоймасынан асханаға жаңа ұсталған балық алу кезінде асхана меңгерушісі оның сапасы жөнінде күдіктенді. Сіз әскер бөлімінің аға дәрігері ретінде шақырылдыңыз және кешкі ас дайындау үшін балықты пайдалану мүмкіншілігі туралы сұрақты шешуге тиіссіз. Қойма меңгерушісінің айтуынша балықты 14 шілде күнінің екінші жарысында жергілікті балық комбинатынан 2 күндік қажеттілік мөлшерінде алынған сөйтіп мұзханада сақталған. Қарау кезінде бір түрдегі балық екені анықталды. Үлкендігі шамамен бірдей жәшікке жақсылап салынған. Жәшікте заттаңба жоқ. Балық комбинатының зертханасының қорытындысы 13 шілде күні жазылған: теңіз алабұғасы, жаңа ауланған, мұздатылған, ГОСТ талаптарына сай. Жүкпен бірге жүретін қағазы (накладная) да 13 шілде күні жазылған. Балықтардың жеке даналары бұлыңғыр, жағымсыз иісті кілегей сұйықпен жабылған. Қабыршығы мөлдір емес, кейбір жерлері соғылған, қабыршақтары жеңіл алынады. Балықтың кейбір экземплярларының іші кепкен. Көздері күңгірт, ішіне қарай кеткен. Желбезектері – боз, кілегей сұйық басқан, жағымсыз, сәл шіріген иісі бар. Кескен кезде еттері қара – қоңыр түсті, бос, сүйектерінен жеңіл ажырайды. Балықтың партиясының сапасы туралы сіздің пікіріңіз және азық-түлікпен қамтамасыз ету қызметінің бастығына ұсынысыңыз қандай?
Есеп
Тұздалған балығыбар (тұздалған табан балық) бөшкені ашқан кезде кейбіреулерінің бетін кілегейлі сұйық басқаны байқалады. Желбезегі сұрғыл-қоңыр түсті, кілегей сұйық басқан. Иісі қышқылдау. Балықтың жеке даналарында бактерия колонияларының пішінін еске түсіретін, қызыл түсті ошақтық дақтары бар. Ет тіндері мен майларының органолептикалық көрсеткіштері қанағаттанарлық. Сіздің талабыңыз бойынша қоймадағы ішінде балығы бар 10 бөшкенің тағы екеуі ашылды. Ашылған бөшкелердің біреуіндегі балық бірінші ашылған бөшкедегі сияқты, екіншісінде – тұздығы жоқ. Балықтардың көп бөлігінде қызыл түсті тері астына өтетін тұтас кілегейлі сұйық тұтқан (басқан), балықтың бетінен және желбезектерінің астынан өткір, жағымсыз, белгісіз иіс шығады. Ет тіндері босаған, шіріген иісі бар.
Балықтың бұзылуының себебі туралы сіздің пікіріңіз және оны пайдалану жолдары туралы жөн сілтеуіңіз.
Есеп
Әскери бөлімнің қоймасынан 11 тамыз күні таңертең алынған ішінде тұздалған майшабақ балығы бар бөшкені ашқан кезде нұсқаушы аспаз оның сапасына күдіктенді. Азық-түлік қызметінің бастығы майшабақтың сапасы туралы және әскер құрамына тамаққа пайдалану мүмкіншілігі туралы мәселені шешу үшін сізді шақырды. Жолдама құжатттарымен танысу кезінде сіз майшабақ балығы аз тұздалған Сахалин балық комбинаты өндірген тынық мұхиттың балығы екенін 15 мамыр күні әскери округтің қоймасынан ЖК 022327 чек бойынша қойылған талапқа 600 кг мөлшеріне берілгенін анықтадыңыз. Балықты ашық ауада брезентпен жауып сақтаған тиісті үлесін беріп тұратын қойманың зертханасының мәліметтері бойынша бұл партияның майшабағы ГОСТ талабына сай, тез пайдалануды қажет етеді. Ашылған бөшкеде тұздық жоқ. Балықтың жеке даналарының көлемі бірдей, бір тұқымға жатады, жақсылап салынған. Басында, ішінде, көздің ойдымында аммиакті-сілтілік иісі бар лас ақ түсті пайда болған ошақтар бар. Балықты тілшелеу кезінде сұр түсті желі созылады. Іші кеппеген, жарылмаған. Желбезектері сұрғыш –қоңыр түсті жеңіл қышқыл иісті, шіріген иіс сезілмейді. Еттерінің консистенциясы қанағаттанарлық, жеке даналарынікі – босаған. «Загар» жоқ. Тұздалған майшабақ партиясының сапасы туралы сіздің шешіміңіз және оны әрі қарай пайдалану жөніндегіұсыныстарыңыз қандай?
Есеп
Әскери бөлімнің асханасына горнизонның наубайханасынан нан әкелінді. Нанның пішіні дұрыс. Сыртқы қабығында жарықтары көп, түсі бозғылт. Кескен кезде ішкі жұмсақ бөлігі ірі қуысты, жеке нандардың жұмсақ бөлігінде қабаттар бар, иісі мен дәмі айқын қышқыл. Телефон арқылы сұрағанда наубайхананың зертхана қызметкері нанның берілген партиясының физикалық-химиялық көрсеткіштерін хабарлады: қуыстылығы- 46 %, ылғалдылығы – 52 %, қышқылдығы – 14º.
Нанның сапасы туралы және оны тағам үлесіне қолдану мүмкіншілігі туралы сіздің қорытындыңыз қандай? Айтылған кемістіктерінің ықтималдық себептері. Нанды қабылдау кезіндегі сапасының тректік көрсеткіштері. Нан қабылдайтын адамның міндеттері және дәрігердің ролі.
Есеп
Қара бидай ұнынан жасалған, қалыпқа салынған нан тұтыну кооперациясы жүйесіні жергілікті наубайханасынан алынған. Кесек нан аласа, жоғарғы қабығы жайпақ. Кесілген жеріндегі жұмсақ бөлігі ірі қуысты, ұстап көргенде ылғал. Иісі мен дәмінде ерекшелік жоқ. Қышқылдығы - 10º, қуыстылығы – 14 %, ылғалдылығы – 50 %.
Нанның сапасы, оның «ҚР ҚМ азық-түлікті жеткізіп берудің негізгі шарттары» ГОСТ –ы талаптарына сай келуі туралы сіздің ойыңыз. Сіздің азық-түлікпен қамтамасыз ететін қызметтің бастығына ұсыныстарыңыз.
Есеп
Қара бидай ұнынан жасалған қалыпқа салынған нанды асханаға келісім бойынша әскери бөлім үшін нан жабатын тұтыну кооперациясы жүйесінің жергілікті наубайханасынан әкелген. Нандардың едәуір бөлігінің қабығы жұқа күйіңкіреген. Жұмсақ бөлігі тығыз, иілгіштігі төмен, ортасында піспеген жері бар. Қуыстылығы – 42 %, қышқылдығы - 12º, ылғалдылығы – 51 %. Нанның сапасы туралы сіздің қорытындыңыз. Нанның берілген кемшіліктерінің себептері. Нанның сапасының гигиеналық көрсеткіштерін баяндаңыз.
Есеп
Әскер құрамының тамақтануына 250 кг ет қажет. Әскер бөлімінің қоймасынан 150 кг 1 – санат сиырдың жас етін, қалған бөлігіне – 2 - санатқа жататын сиырдың жас етін жаздырып алатын болды. Бірінші және екінші санатқа жататын сиыр етінің тамақтық құндылығындағы айырмашылықтары қандай? Бұл жағдайда айырмашылығына өтем беру қажет пе?
Есеп
Макарон өнімдерінің («ұлу қабыршағы» - 400 кг) партиясын зерттеу кезінде – түсі бірыңғай; зең, қамба зиянкестері, бөгде қоспалар, иістер, ауызға келетін дәмдері жоқ Ылғалдылығы – 14,5 %, қышқылдылығы - 8 º. Магниттік қоспалар – 4 мг/кг. Стандартта қарастырылған зерттеулердің бәрі де жүргізілген бе. Макаронның сапасы туралы және ұзақ уақыт сақтау мүмкіншілігі туралы сіздің қорытындыңыз.
Есеп
Тиеуге болмайтын қорда (НЗ) сақталып тұрған армиялық кептірілген нанның партиясын қарау кезінде сіз белгілі мөлшерде оның қағаз қапшыққа салынғанын анықтадыңыз. Ластануының және ыдыстан су өткен белгілер байқалған жоқ. Кептірілген нандар бүтін, сарғыш-қоңыр түсті. Иісі, дәмі – кептірілген нанға тән, жеңіл шірік иісі байқалады. Қағаз қаптардың тігісінде қоңыр түсті тірі жәндіктер анықталды. Кептірілген нанның жеке кесіндісінде зең ошақтары бар.
Кептірілген нанның сапасы және азық-түлікпен қамтамасыз етеін қызметтің бастығына ұсыныстар туралы сіздің қорытындыңыз.
Есеп
Ауруларды кезектегі амбулаториялық қабылдау кезінде сізге қатардағы С* және К* дене жұмысы кезінде жоғары дәрежеде қажығыштық, бас ауруы, бас айналуы, сан еттерінің ауыратынына, қызыл иегінен қан шығатынына тісін жуған кезде, нан тістеген кезде қан шыққан белгілері пайда болуына шағым айтып келген. Сұрау нәтижесінде анықталды: қатардағы С* соңғы бес ай ішінде екі рет баспамен ауырған, ал қатардағы К* сәуір айында сыздауық шығып ауыруы жөнінде стационарлық емдеуде болды. Солдаттың екеуі де соңғы екі аптаның ішінде жұмыс күнінің соңына қарай әлсіздік, өте шаршағандық сезетінін айтады, оны зорығумен байланыстырады, себебі олардың бөлімшелері соңғы ай бойына арнайы нысан салумен айналысатынын және 30º тан 34º дейінгі температура жағдайында ашық ауада үлкен жер қазу жұмыстарын орындауға мәжбүр болғанын айтады. Қарау кезінде екі солдаттың да көрінетін шырышты қабықшасының бозарыңқылығы, терісінің құрғақ, кедір-бұдырлығы көңіл аудартады. Қатардағы С*-ның оң бөксесінің жоғарғы сыртқы квадратында түсі өзгере бастаған көгерген жері бар, оның бар екені және себебі жөнінде ешнәрсе білмейді, соңғы бес күн бойына соғылғаны туралы есінде жоқ. Сіздің диагнозыңыз және әрі қарай жүргізетін әрекетіңіз.
Есеп
1 – мотоатқыштар әскер бөлімінің асханасы үшін ақпан айының бірінші аптасына мәзір-жіктемесін құрастыру керек. Сейсенбіден бейсенбі күндері бойынша әскер бөлімінің сардары дала жағдайында үйретуді жоспарлап отыр, оны жүргізу кезеңінде әскер құрамын тамақтандыру тағамдық азық үлесін беретін шаруашылық пункті арқылы ұйымдастырылады. Әскер бөлімінің қоймасында азық-түлік үлесінің іс жүзіндегі нормасы бойынша тамақпен қамтамасыз ету үшін жеткілікті мөлшерде жаңа және консервіленген тағамдық азықтардың, концентраттардың, далалық рациондардың барлық ассортименті бар. Алда тұрған үйретудің түпкі ойы бойынша ыстық тамақты тек екі рет беру қамтамасыз етілетін мүмкіншілігі болатын ең көп жүктеме түсетін жағдай сейсенбі күні күтімді. Құрастырылған мәзір-жіктемесіне толық гигиеналық сипаттама беріңіз.
Есеп
Ауа-десанттық бөлімнің әскер құрамы үшін мамыр айының екінші аптасына мәзір-жіктемесін құрастырыңыз. Әскер бөлімінің азық-түлік қоймасында жаңа піскен көкөністер жоқ, ашытқан капуста бар; қалған азық-түліктер толық ассортименте және жеткілікті мөлшерде. Түсініктеме қағазда ауа-десанттық әскерлердегі тағам үлесі нормаларының ерекшеліктерін және олардың жалпы әскери тағам үлесінің нормасынан айырмашылығын көрсетіңіз.
Есеп
Бірінші танк полкінің асханасы үшін мамырдың үшінші аптасына мәзір-жіктемесін құрастыру керек. Әскер бөлімінің қоймасында ет консервілерінің «пісірілген сиыр еті», басы жоқ тұздалған треска, балық консервілерінің (өз сөліндегі камбала) жеткілікті қоры, жармалардың, макарон өнімдерінің, ұнның, майлардың, кептірілген көкөністердің, дәм беруші заттардың толық ассортименті, қанттар, сәбіздің екі апталық қоры бар. Гарнизон қоймасынан жас ет, балық және басқа да азықтардың келуі (түсуі) жақын апталарда күтілмейді. Құрастырылған мәзір-жіктемесіне толық гигиеналық сипаттама беру керек.