Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


Тақырып №7. Тамақтан уланулар мен инфекциялар және олардың алдын алу– 4 сағат




Мақсаты Тағам инфекцияларының, гельминтоздарының, және тамақтан уланулардың дамуындағы тағам факторының рөлі және олардың алдын алу туралы түсінік беру, алдын алу шараларын жүргізуді үйрету жөніндегі білімін қалыптастыру.

Оқыту міндеттері:

- Тамақтан уланулардың жіктелуін, себебін, көздерін, механизмдерін, қоздырғыштардың берілу факторларын, табиғаты микробты және микробты емес тамақтан уланулардың белгілері жөніндегі білімін қалыптастыру;

-тамақтан улануды зерттеудің санитарлық-эпидемиологиялық тәсілі жөнінде білімін қалыптастыру;

- Тамақтан улануларды тексеру кезіндегі дәрігердің атқаратын міндеттері жөнінде білімін қалыптастыру;

- Тамақтан уланудың алдын алу жөнінде нақтылы шараларды әзірлеу жөнінде білімін қалыптастыру;

Өткізу түрі: кіші топтарда жұмыс істеу ситуациялық есептерді шешу, дискуссия

Тақырып бойынша тапсырмалар:

Тапсырма № 1. Тамақтан уланудың алдын алу бойынша шаралар

Тапсырма № 2. Тамақтан уланудың алдын алу және анықтау шаралары бойынша ситуациялық есептерді шешу

Таратылатын материал: жоқ

Әдебиеттер:

Негізгі:

1. Гигиена / Под ред. Акад.РАМН Г.И.Румянцева.- М.: ГЭОТАР Медицина,2000.- С.272- 286.

2. Пивоваров Ю.П., Королик В.В., Зиневич Л.С. Гигиена и основы экологии человека.- Ростов н/Дону: «Феникс».2002.- 225-279 беттер.

3. Пивоваров Ю.П.- Руководство к лабораторным занятиям по гигиен и основам экологии человека. -М.: ГОУ ВУНМЦ МЗ РФ,2001.-133-138 беттер.

4. Гурова А.И., Горлова О.Е.- Практикум по общей гигиене. -М.: Издательство Университета дружбы народов. 1991-80-84, 103-106 беттер.

5. Кенесариев Ү.И. «Гигиена» оқулығы Алматы 2010 жыл 322-349 беттер

Қосымша:

1. Ванханен В.Д., Лебедева Е.А.- Руководство к практическим занятиям по гигиене питания.- М.: Медицина, 1987- 68-72 беттер.

2. Инструкция по расследованию и лабораторной диагностике пищевых отравлений.- Алматы, 1996г.

3. Королев А.А. Гигиена питания.– М.:Изд.центр «Академия», 2006.–245-332 беттер.

4. Минх А.А.- Общая гигиена. - М.: Медицина, 1984-408-417 беттер.

5. Петровский К.С., Ванханен В.Д. – Гигиена питания.- М.: Медицина, 1982-

284-320 беттер.

6. Пивоваров Ю.П.- Руководство к лабораторным занятиям по гигиене. -М.: Медицина, 1983- 35-41, 135-139.

7. Рубина Е.А. Санитария и гигиена питания. - М.:Изд.центр «Академия», 2005. – 101-

151 беттер.

8. Румянцев Г.И., Вишневская Е.П., Козлова Т.А.- Общая гигиена. - М.: Медицина, 1985- 81-105 беттер.

9. СанПиН № 4.01.060.02 РК «Санитарно-гигиенические требования к условиям хранения и срокам реализации скоропортящихся продуктов»

10. СанПиН 4.01.071.03 РК – Гигиенические требования к безопасности и

пищевой ценности пищевых продуктов.

11. СанПиН № 4.01.069.03 РК «Санитарно-гигиенические требования к объектам общественного питания»

12. СанПиН РК «Требования к устройству и содержанию больничных учреждений и организаций охраны материнства и детства» от 24.06.2002 г.

Бақылау:

1. Тамақтан уланулар, түсінігі, жіктелуі.

2. Этиологиясы бактериялық тамақтан уланулар-токсикоинфекциялар және токсикоздар, көздері, қоздырғыштардың берілу механизмдері мен факторлары, симптоматикасы, алдын алу шаралары.

3. Тағам микотоксикоздары (эрготизм, фузариотоксикоздар, афлотоксикоздар) этиологиясы, симптоматикасы, алдын алу шаралары.

4. Табиғаты микробтық емес тамақтан уланулар:

5. Улы өсімдіктерден және жануарлардың тіндерінен уланулар және олардын алу;

6. Белгілі бір жағдайларда улы азықтардан (тағамнан) болатын тамақтан уланулар және олардын алу.

7. Этиологиясы анықталмаған тамақтан уланулар және олардың алдын алу.

8. Тамақтан улануды тексеру үлгісі.

9. Тамақтан улану жағдайындағы емдеу қызметкерінің тактикасы және оның міндетті түрде жүргізетін шаралары

10. Тағам инфекциялары мен гельминтоздарының алдын алу

11. Тағам өнімдерінің эпидемиялық қауіпсіздігін қамтамасыз етілуін бақылаудағы санитарлық дәрігердің жұмыс істеу тактикасы.

 

Тамақтан улануды анықтау бойынша ситуациялық есептерді мына сұрақтарға жауап бере отырып, шешу (тәжірибелік дағдылар құзіреттілігі бойынша):

1. Қандай микроорганизмдер, олардың тіршілік өнімдері, органикалық және бейорганикалық қосылыстар т.б. көрсетілген аурулардың себебі болуы мүмкін?

2. Қандай азық немесе тағам ауру тудырды?

3. Азық немесе тағам аурудың себебі болуына қандай жағдайлар әкеп соқты?

4. Осы жағдайда кім және қандай төтенше шаралар жүргізу қажет?

5. Зертханалық зерттеуге қандай материалдарды және кім жіберуі қажет. Диагнозын анықтау үшін қандай зертханалық зерттеулер қажет.

6. Ауруға қандай сұрақтар қойған жөн?

7. Медицина қызметкері қандай алдын алу шараларын жүргізуі тиіс?

Есеп.

Жазда Н-облысының аудан орталығының бірінде екі отабасында бір уақытта улану жағдайы тіркелді. 8 адам ауырды, олардың 3 балалар. Ауру тағамды қабылдаған соң 10-12 сағаттан кейін басталды. Аурулардың шағымы: қатты ауру сезімі, құсу, іш өту, әлсіздік, кейбірлері балтыр етінің ауратынына шағымданды. Ауыру дене қызуының 37-37,8 С градусқа дейін көтерілуімен жүрді. Аурулардың бәрі 5 шілдеде жақын ауруханаға жатқызылды. Аурудың ұзақтығы 3 күннен 5 күнге дейін болды. Аурулардан сұрау кезінде екі отабасында да түскі ас кезінде тек қана бұзаудың піскен өкпесін жеген адамдар, басқаларында-бұзаудың пісірілген етін жегендер ауырғаны анықталды. Бұзаудың еті және шикі заттары базардан сатып алынған. Содан кейін бұзаудың аяғы сынып сояр алдында үш күн ауырғанына байланысты союға мәжбүр болғаны анықталды. Еті және өнімдері ешқандай тоңазытусыз үйде сақталған. Өкпесі толығымен пісіріліп түскі тамақтану кезінде порцияларға бөлінген. Басқа отбасында, бұзау еті 2 кг шамасында үлкен кесекпен 1 сағат қайнатылған. Тамақтану алдында сорпасынан алып, порцияларға бөліп қайта қайнатпай тамақтануға берген. Зертханаға бактериологиялық зерттеуге аурулардың барлық сынамаларында сальмонелдер анықталды. Ауырғандардан аурудың 6-шы 15-ші күндері алынған қанның сары суы еттің және ауырғандардың нәжесінен бөлінген штамдармен оң агглютинация реакциясын берді.

Есеп.

Қ-қаласының жабық ұжымдарының бірінде ауру пайда болды. 105 адамның 40 адамы ауырды. Ауруларды сұрау және тексеру кезінде анықталғаны: инкубациялық кезеңі 4 сағаттан 39 сағатқа дейін созылған. Ауырғандардың іші өткен, іші ауырған, құсқан және буындары, белі, балтыр еттері ауырған. Барлық аурулар жүрек айнауына, жалпы әлсіздік және басы ауыратынына шағым айтқан. Дене қызуы 38-40 градусқа дейін көтерілген. 4 аурудың нәжісінде қан анықталған. Ауру 3-5 күнге созылған. Лабораториялық зерттеулер нәтижесінде аурулардың 25–н нәжісінен сальмонеллалар бөлінген (анықталған). Бөлініп алынған микроб түрі 1:32 қатынасында сұйытылған қанның спецификалық сары суымен агглютинацияланады. Ақ тышқандарға жүргізілген биологиялық сынама оң болды. Ауырғандардың қанынан аурудың 3-ші күні алынған сары суы 1:50-1:1000 сұйылтқанда сол қоздырғыштың лабораториялық штамымен агглютинацияланады.

Ауырғандардан сұраудан анықталғаны, бәріне бірдей жалпы тағам түрі, үстіне жұмыртқа қоспасы құйылған тартылған етпен макарон запеканкасы болды. Жұмыртқа қоспасы үйрек жұмыртқасынан дайындалған. Тартылған ет пісірілген еттен жасалған, олар жеке порция түрінде бір уақытта қосылған. Порцияланған етті жеген адамдардың еш қайсысы да ауырған жоқ. Запеканка дайындауға арналған тартылған ет (фарш) екінші рет жоғары температурада өңдеуге түскен. Үйректің жұмыртқасын зерттеген кезде, оның ақ уыз қабқшасының ішкі жағында “қара дақтар” болды, олар скорлупасының бетінен өткен зең саңырауқұлақтары. Жұмыртқа қоспасы құйылған макарон запеканкасы духовканың екі қаңылтыр табасында болған, біреуіндегі запеканка қызармаған.

Есеп.

Н-қаласында сәуір айының соңында, жергілікті шұжық фабрикасы дайындаған пісірілген шұжықты қабылдау нәтижесінде жабық оқу орнының оқушыларының арасында жаппай (52 адам) тамақтан улану болды. Шұжықты таңертең (сағат 9) жеген, кешке ауру пайда болды. Көпшілік ауырғандардың негізгі симптомдары жүрек айнуы, құсу, іш ауыруы, түсі ет жуындысы тәрізді ішінің өтуі, жалпы әлсіздік, дене температурасы 37 градустан 39,2 градусқа дейін. Аурулардың бірі ауруханаға жатқызылған. Аурулар 3-4 күннен кейін сауқты. Тексеру кезінде пісірліген (қайнатылған) шұжық дайындалғаннан кейін асханада үй температурасы жағдайында 2 күн сақталған. Басқа мекемеде осы шұжықты түскен күні сатқан, ауру тудырған жоқ..

Зертханалық зерттеуге, шұжықтың қалдықтары, құсық массасы, нәжіс және асхана заттарының жуындылары жіберіледі. Шұжықтың бұзылмағандығына жүргізілген химиялық талдау 4 сынаманың біреуінен аммиак анықталғанын көрсетті, күкіртті сутек анықталған жоқ. Бактериологиялық талдау кезінде шұжықтың барлық сынамаларынан 0,01 мл титрде протей бөлініп алынды.

Протей және ішек таяқшасы құсық, нәжіс массаларында, асхана заттарының жуындыларында анықталды. Ауырғандардың қанының сары суларының агглютинация реакциясы бөлініп алынған протея микроб түрімен 1:50 –1:200 сұйылтқанда оң болды, ал ішек таяқшасының бөлінген түрімен теріс болды. Контрольдық топтағы қанның сары суы барлық штаммдарымен теріс агглютинация реакциясын берді.

Есеп.

К. қаласында 7 тамызда тамақтан улану болды. 5 адамнан тұратын отбасы (ері-42 жаста, әйелі-30 жаста, қызы-7 жаста, ұлы-9 жаста, әжесі-65 жаста). Түскі асқа қаймақта қуырылған саңырауқұлақ жеген. Саңырауқұлақты үйіне әкелген белгісіз әйелден алған. Түскі астан кейін күн бойына және кешкі ас кезінде отбасының барлық мүшелері жақсы сезінген. Түнде шамамен сағат 2-ге қарай бірінші балалары ауырады, біршама кешірек әкесі, шешесі, әжесі ауырады.

Улану құсудан, іш ауырудан, іш өтуден басталды. Құсу және іш өтуі жиі болды. Құсық массасы және нәжісі құрамында қорытылмаған саңырауқұлақ бөліктері болды. Ауырғандар қатты шөлдеді, шөл қандыру қиынға соқты, себебі су ішісімен құсып тастайды. Балалары мен әжесінде балтыр етінің сіресіп тартылуы байқалды. Таңертең барлық аурулар ауруханаға жатқызылда. Осы күннің кешінде балалар едәуір әлсізденді. Құсуы мен іш өтуі тоқтап ұйықшылдық пайда болды. Үлкен адамдарда құсу мен іш өтуі және келесі күні де жалғасып жатты. Балалары мен әжесінің пульсі жиі, толуы аз болды. Қатты іші ауырғаны, әсіресе бауырының тұсында ауыратыны белгілі болды, бірақ бауыры үлкеймеген, сипағанда анықталмады. Келесі күні таңертең жүрек жұмысының әлсіздігінен қызы қайтыс болды, бір сағат кейін ұлы қайтыс болды, кешке, екі сағаттай ес-түссіз жатып әжесі қайтыс болды. Әкесі мен шешесінде улану ауыр түрінде болғанмен де (іш ауырып, беті сарғайып, бауыры өсіп, сипағанда білініп, бірнеше рет есінен танып қалды т.б.) жетінші күннің соңына қарай жағдайының жақсарғаны байқалды: құсусыз іші өтуі тоқтады, бауыры кішірее бастады, тамаққа тәбеті тартты т.б., екі жарым аптадан кейін әкесі мен шешесі өз еркімен, әлі әлсіздік болса да ауруханадан шықты.

Балалары мен әжесінің мәйіттерін жарған кезде бауырының майға айналғаны, аз дәрежеде жүрегі мен бүйректерінің майға айналғаны анықталды.

 

Есеп.

Пионер лагерінің дәрігеріне түскі астан кейін 3-5 сағат өткен соң келесі шағым айтып балалар келе бастады: жүрегі айну, құсу, суық тер шығуып, эпигастрий аймағында ауыратынын айтып. 6-8 сағат өткен соң мұндай шағымдар пионер лагерінің барлық балаларында және қызметкерлерінде болды. Түскі тамақтан ауырғандар ет сорпасына дайындалған картоп сорпасын ішкен, етпен құймақ және кептірілген жемістен дайындалған компот қабылдаған. Құймаққа пайдаланған тартылған ет қайнатып пісірілген еттен жасалған. Суға пісірілген ет ет майдалағышта тартылған. Етті өңдеумен және құймақ жасаумен, сол қолының үлкен саусағының күбірткесі жөнініде жұмысқа жарамсыздық қағазын алып жүрген, бірақ лагердің ас блогінде жұмысын жалғастыра берген асхана жұмысшысы айналысқан.

Құймақ жасау үшін етті тартқаннан кейін жоғары температурада өңдеуге түспеген, ал құймақтар үлестірер алдында духовкада қыздырылған. Пионер лагерінде жұмыс істейтін дәрігер, түскі асты берер алдында барлық тағамдардың сынамасын алған, дәмнің өзгергені көрсетілмеген, түскі асты үлестіруге рұқсат етілген.

Есеп.

Түскі ас кезінде балалар бақшасының тәрбиешісі, балалардың бір бөлігі басы ауыратынына, іш ауыратынына, өзін сезінуі нашарлауына байланысты тамақ ішпегенін айтты. Барлық балалардың 37,4-37,8 0 С температурасы бар екені анықталды. Күндізгі ұйқы уақытында тағы 9 балада құсу басталды, олар іші ауыратынына шағымданды, температурасы 37,9 0 С үшеуінде көбіктенген нәжіс болды. Ауырған балалардың бәрі (14 адам) жұқпалы аурулар ауруханасының балалар бөліміне жатқызылды. Осы күні кешке осы топтың тәрбиешісінде іші ауруы, жүрек айнуы, құсу, көп қайталап іші өтуі, өзін-өзі сезінуінің нашарлауы пайда болды. Басқа қызметкерлер және басқа топтардың балалары ешқандай шағым айтқан жоқ, өздерін жақсы сезінді. Таңертеңгі асқа балаларға келесі ұсынылған:

1. Сүтке пісірілген ұнтақ ботқасы.

2. Бетіне сыр салған нан

3. Сүт қосылған кофе

4. “Мерей тойлық” печенье

Ауру пайда болған топтың балалары көрсетілген тағамдардан басқа, крем жағылған бисквитті торт жеген. Тортты таңертең (ауырған күні) бір баланың ата-анасы әкелген. Тортты қабылдаудан бір күн бұрын “Аспаздық” дүкеннен сатып алған, үйде асхана столында сақталған, ал түнде мұздатқышқа қойған.

Есеп.

Құрылыс отрядының дәрігеріне түскі астан кейін 5-6 сағат өткенен соң студенттер келесі шағымдарымен келе бастады: жүрек айнуы, құсу, іші ауыруы, сұйық көбік тәрізді болып жиі іші өтуі, ауырғандардың кейбіреулерінде дене температурасы 37-380С дейін көтерілген. Түскі астан 10-12 сағат өткеннен кейін құрылыс отрядында аурулардың саны 120 жетті. Дәрігер ешкімді ауруханаға жатқызған жоқ, бірақ аудандық жұқпалы аурулар ауруханасының дәрігерін шақырды.

Құрылыс отрядындағы таңертіңгі ас сағат 7-8 шамасында болды, оған бидай ботқасы, май, сыр, нан, ыстық қайнаған сүт берілген. Таңертеңгі астан кейін бәрінің жағдайы дұрыс болған, құрылыс жұмыстарымен айналысқан. Таңертеңгі асты асханада кезекші болған студенттер дайындаған. Түскі ас жаңа орамжапырақ жасалған щиден, қарақұмық ботқасынан суға пісірілген еттен, жаңа алма компотынан тұрды. Түскі асты үлестірген күні дайындады. Етті сорпасынан шығарып түскі асқа дейін кастрюльде ұстады. Тамақтану алдында аспаз етті ботқа пісірген қазанға салды да (ботқа ыстық болатын) студенттерге үлестірді. Студенттердің айтуынша түскі астың органолептикалық қасиеттері жақсы, бірақ ет ыстық емес болатын. Шақырумен келген жұқпалы аурулар ауруханасының дәрігері ас блогінің, асхана заттарының жағдайын қарады. Аспаздар бұл кезде жұмыста болмады. Отряд дәрігері бұдан 6-7 күн бұрын аспаз қол басының күйігі жөнінде көмек алуға келгенін есіне түсірді, дәрігер күйген жерін біріншілік өңдеу жүргізіп синтомицин майын жағуды ұсынды. Әрі қарай құрылыс отрядының дәрігері онымен айналысқан жоқ, аспаз өзін-өзі емдеп жұмысын істей берген.

Есеп.

“Т”-іріленген ауылда медициналық көмек алуға үш отбасының мүшелері келді. Шағымдары: іші ауырады, көп қайталамалы құсу, 3-5 жастағы балалардың жағдайлары ауырлау болды. Ауру күн ортасында басталды. 8 адам ауырды. Үш отбасының да мүшелері әртүрлі тағам қолданған, бәріне бірдей болған тағам сүт, оны көрші ауылдың тұрғынынан сатып алатын. Барлық отбасында да ауыратын күні тағамға қайнатпай сүт ішкен (кофеге, какаоға қосқан, ботқаға араластырған). Ауырар алдында бір күн бұрын сүт сататын әйел сүт әкелмейтінін айтып ескерткен, себебі ветеринарлық қызмет сиырды мастит жөнінде емдеуді талап еткен.

Есеп.

Кезекші мейірбике үйге дәрігер шақырау қабылдады. Шақырған дәрігер ауырғандардың көршісі келесі шағымдарын айтқан: іштері ауратынын, іштері өтетінін, құсатындарын, дене температурасы 38,50 С дейін көтерілгенін.

Келген дәрігер, аурулардың жағдайы орташа ауырлықта екенін, ауру түскі астан 3-5 сағттан кейін басталғанын, отбасының барлық мүшелері (5 адам) аурғанын айтты. Түскі асқа тамақтану алдында дайындалған сорпа, сыр, қуырылған тауық етін, қарақат компотын қабылдаған. Тауық етін өңдеп жуып, табада майға қуырған, жоғары температурада өңдеудің басқа түрлерін қолданбаған. Тауық етін бөлу кезінде бұзылған белгілері білінбеген, еті арық болған. Жансаяның иесі сол күні тауық сойған, біреуін сатқан, ал қалған екеуін жер төлеге қойған. Сойған тауықтар иесінің сөзіне қарағанда (дәрігердің сұрауы кезінде) ауру сияқты болған.

Есеп.

Кудиновтар отбасының кешкі асы келесі: суға піскен картоп, сары май, балық хариус-тұздап сүрленген, бисквитті торт, шай. Кешкі асты ішкендер: шешесі - 32 жаста, қызы- 5 жаста, әжесі –61 жаста, әкесі-35 жаста, кешкі асты ішпеді, тек бисквитті тортпен шай ішті. Келесі күні таңертең әжесі мен немересі нашар сезінді. Бірақ әжесі немересін балабақшаға апарды. Күйеуі мен әйелі жұмысқа кетті. Бала бақшадағы тәрбиеші қыздың тамақ жұтуының қиындағанын аңғарды. Қарау кезінде: ауызы құрғауы, көзіне қос көрінуі, эпигастрий тұсында аурытаны, аздаған сіңір тартылуы байқалған. Бала бақшаның дәрігері қызды бастапқы диагнозы “полиомиелит” деп жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызуды ұйғарды.

Әжесі емханаға қиналып жетті, көз алдында тұмандану өсе бастады. Учаскелік дәрігер шағымын тыңдап көз дәрігеріне баруды ұсынды, себебі ол адамның көп жылдар бойы глаукомамен ауыратынын білетін. Ауру көз дәрігерінің қабылдауына жазылды. Күн ортасында шешесі барған сайын күшее түскен іш ауруын сезді, құсу, жұтындың қиындай бастауы. Цех дәрігері аурудың шағымын тыңдап, жатырдан тыс жүктілік диагнозымен ауруханаға жатқызу туралы шешім қабылдады.

Әкесі өзін жақсы сезінді. Сурау кезінде бисквитті тортты “Аспаздық” дүкенінен сатып алғаны, хариус балығы үйде дайындалғаны анықталды. Балықшылар ұстап құмның үстінде сойып бөлшектеген балықты әкесі әкелген, аздап тұздап 4 сағатқа кастрюльге салып қойған, сонан соң күнге қақтаған. Кешкі асқа дейін балықты жемеген.

№11 есеп

Морозовтар отбасында дәрігер-терапевт шақырылды. Ауырғандар (6 адам) жағдайларының болмауына, әлсіздік, бас ауруы, бас айналуы, көруінің бұзылуы, көз алдында тор көрінуі, көзіне заттың қос көрінуі, ауыз құрғауы пайда болғанына, іш ауыратынына, жұтынуы қиындауына шағым айтты.

Дәрігер ауруларға аурухананың жұқпалы аурулар бөліміне жатуын ұсынды. Ауруханаға жолдау қағазында “Тамақтан улану” диагнозы көрсетілген. Дәрігер ешқандай спецификалық көмек көрсеткен жоқ.

Дәрігер ауырғандардан сұрау арқылы ауырар алдында келесі тағамдарды қабылдағандарын анықтайды: картоп езбесі, үйде дайындалған шошқаның тұздап ысталған еті, нан, май, сыр, мұраппа. Кешкі асты кешкі сағат 6-да ішкен. Түнгі сағат бір шамасында аздап іштері ауыратынын, ауызы құрғағанын сезді, таңертең жоғарыда келтірілген симптомдар пайда болды.

Шошқаның тұздап ысталған етін сойған шошқаны сабанның үстінде бөлшелеген етінен үй жағдайында дайындалған, тұздыққа салған кезде үстінен бастыру үшін топырақпен өте ластанған тасты пайдаланған. Ыстау кезінде ет ілмектен жерге түсіп кеткен. Ыстағаннан кейін ет подвалда сақталған, содан соң тағамға пайдаланған. Кешкі аста оны бірінші рет жеген. Ысталған еттің органолептикалық сапасы қанағаттанарлық болды.

№12 есеп

Жаз мезгілінде саяжайға барған балалар бақшасының тобында (4-5 жастағы), дәрігер тексеру кезінде балалардың барлығында әлсіздікті, адинамияны байқаған, кейбіреулері бас ауруымен шағымданған. Дәрігер балаларды оқшаулау бөлмесіне қалдырмай, оларды топ жағдайында бақылады. Балалардың күнделікті қызуы өлшеніп, шырышты және тері қабаттарының жағдайы бақыланып отырды. Бірнеше күннен кейін дәрігер шырышты және тері қабаттарының сарғайғанын, бауырының үлкейгенін байқады.Сарғаюдың пайда болуын ескеріп, дәрігер «Боткин ауруы» диагнозын қойды және балаларды жұқпалы аурулар ауруханасына жедел жатқызып, сол мезетте СЭҚБ –на «жедел хабарлама» жіберді. Саяжайда аталған балалар тобынан басқа, 4 топ болды. Қызмет көрсетуші персоналдар мен басқа төрт топтың балалары ондай шағымдар жасамады. СЭҚБ –ның мәліметтері бойынша, осы ауру жайында «жедел хабарлама» болмаған. Балалар бақшасы саяжай мезгілі ашылар алдында тексеруден еш ескерусіз қабылданды, балалар бақшасының бөлмелері канализация жүйесіне қосылған, орталықтандырылған сумен қамтамасыз етілген, «Ауыз су» судың сапасы ГОСТ талаптарын қанағаттандырады. Барлық топтағы балалардың ас мәзірі саяжайға барған сәттен біркелкі, азықтар совхоздардағы азық қоймаларынан жеткізілген, азықтардың мерзімі қатаң сақталып және бақыланып отырды. Балалар бақшасына ата-аналар келмеді. Бірақ, анықтай келе ата-аналардың өтініші бойынша тәрбиеші жергілікті тұрғыннан құлпынай сатып алған және ағын суға 3 рет жуғаннан кейін ғана балаларға берген. Жергілікті тұрғыннан сатып алған балалар ғана ауырған. Құлпынай сатқан сатушыдан сұрағанда жемістердің гүлдеуі мен пісуі кезінде бақша зиянкестерімен күресу мақсатында құлпынай бұталарының ДДТ ұнтағымен тозаңданғанын әкімшілік анықтады.

 

Есеп

Балалар бақшасының тәрбиешісі балаларды орманда қыдыртқан соң 2-3 сағаттан кейін кенеттен топтағы 8 баланың қозғыштығын және сандырақтауын байқаған. Балаларға шипажай дәрігері шақыртылды. Дәрігер балалардың есінен жаңылысқанын, саңдырақтауын, айқын брадикардиясын, әлсіз пульс жиілігін, қарашықтың кеңеюін байқаған. Топтың қалған балалары өздерін жақсы сезінді, ешқандай шағым жасамады.және дәрігер ешқандай патологиялық белгілерін анықтамады. Барлық топтың балалары сағат 9-дан 11-ге дейін орманда қыдырған. Таңғы аста ұнтақ ботқасын жеген, какао, бутерброд маймен және ірімшікпен, бутерброд тосаппен, шұжықпен және печеньемен жеген. Балалар орманда доп ойнады, жүгірді, ешқандай шағым жасамады. Сау балалардың айтуына қарағанда ауырған балалар шиеге ұқсас жеміс жеген, жемістерді біреуден қалған кесілген ағаштың түбірінен алған. Сау қалған бір баланың айтуы бойынша ол да сол жемістен жеп көрген, дәмі тәтті болған, бірақ ол тәрбиешінің тыйым салғанын есіне түсіріп, оны жұтпаған. Ауырған балалар тез арада балалар ауруханасының неврологиялық бөлімшесіне жатқызылды. Дәрігер ауруханаға жатқызған кезде диагнозды бірден қоя алмады. Балалар қыдырған орманда ағаштардан басқа аюбадам (бузина), шәңгіш (калина) бұталары, жаңғақ ағашы, итжидек (белладонна) болған.

№14 есеп

«К» елді мекенінде Филатовтар жанұясында бір мезетте 6 адам - әкесі, шешесі, апасы және 3 баласы ауырып, участкелік дәрігер шақыртылды. Барлық ауырған адамдар бір типті шағымдар жасаған: бас ауруы, бас айналу, құсу, адинамия, ыстығы көтерілу, сілекей бөліну (саливация), субфебрильді қызба. Дәрігердің тексеруі кезінде ауыздың шырышты қабатының жаралануы және ісінуі, ішінің жұмсақтығы, ауырмауы, қол саусақтарының дірілі байқалған. Дәрігер айрықша ауыр белгілерді апасынан және балалардан байқаған. Барлық жанұя мүшелерін алғашқы диагнозын анықтай алмай аудандық ауруханаға жатқызған. Ауруларды сұрастыра келе дәрігер олардың кешкі астан соң 15-18 сағаттан кейін нашар сезінгендіктерін білген. Кешкі аста барлық жанұя мүшелері құймақ (жартысы сүзбемен, жартысы тосаппен), шай, қайнатылған макарон жеген. Түскі ас осы күні қайнатылған картоптан, қайнатылған еттен, жаңа пісірілген щиден, алма компотынан тұрған. Апасы мен балалар ғана түстенген. Ауырған күні тек әкесі мен шешесі таңғы ас ішкен, қалғандары өздерін нашар сезінгендіктен тамақ ішпеген. Құймаққа сүзбе жергілікті дүкеннен сатып алынған, тосап тамаққа бірнеше рет пайдаланылған. СЭҚБ-на екі күн ішінде ауру жайында хабарлама түспеген. Құймақты кешкі ас алдында апасы өзі дайындаған, қамырына тауықтың жұмыртқасын, сүт, қант қосқан. Ұнды дүкеннен сатып алмай ауырған Филатов жұмысынан алып келген. Филатов А.Н. астықты дәрілейтін машинада жұмыс істейді, дәрілеу үшін гранозан (сынаптың органикалық қосылысы) қолданылады. Филатов А.Н. астықтың дәріленгенін білмей бункерден алып жергілікті диірменде тартқан.

 

№15 есеп

«О» елді мекеніндегі аудандық ауруханаға 3 сағаттың ішінде 12 ауру адам түскен, барлық ауырған тұрғындар бір ауылдан, бірақ олар әртүрлі жанұядан болған. Ауруханаға түскен кездегі аурулардың жағдайы: естерінен жаңылысуы, сандырақтауы, ұстама, артериялық қысымының төмендеуі, брадикардия, қолдарының дірілдеуі байқалған. Барлық ауырғандар жұмыста және үйде түстенген, ал кешкі астарын үйлерінде ішкен. Түстен кейін аурулардың жағдайы жақсы болған, ал кешкі астан соң 3-4 сағаттан кейін әлсіздік, бас ауру, бас айналу, құсу, жүрек айну, «бұлшықеттер тітіркенуі» байқалған. Осы белгілер үдей түскен соң зардап шегушілер медициналық көмекке жүгінген. Жедел жәрдем дәрігері бірінші шақыруда диагноз қоймай екі адамды ауруханаға жатқызған. Содан кейін жедел жәрдем бекетіне 2 шақыру түсті. Осы шақыруларға да сол дәрігер барады, аурулардың жағдайы орташа ауырлықта болған. Клиникалық белгілері анық болмаған соң дәрігер диагнозын анықтай алмады. Аурулардан сұрастыра келе 3 жанұя да түскі және кешкі асты әртүрлі тағамдармен тамақтанғанын анықтады. Дәрігер 3 жанұядан да ортақ тағам таба алмай, өзінің тамақтан улануы туралы болжамын дәлелдей алмады. Ауырған адамдар көршілес көшелерде тұрған, бір жанұяда – зейнеткерлер, басқа екеуі елді мекен жұмысшылары – балалар бақшасының қызметкерлері, аудандық базаның қоймашысы болып жұмыс істейді. Дәрігер аурулардан екінші рет сұрастыру жүргізген кезде олардың балық және картоп қуырғанын, өсімдік майын пайдаланып қияр мен қызанақтан салат әзірлеген, ол май аудандық базаның қоймашысынан сатып алынған. Май бөтелкеге құйылып аузы полиэтилен тығынымен жабылған. Осы майды қоймашының жанұясы да пайдаланған. Қоймашының түсіндіруінше, қоймаға жақын күндерде өсімдік майы құйылған ыдыстар партиясы алынған, ыдыстарда заттаңба қойылмаған, бірақ нөмірленген. Тауар алуға ұсынылатын құжатта қоймаға әкелінген ыдыстарда «Д» дәруменінің майлы ерітіндісі толтырылғандығы көрсетілген. Бөлменің іші жеткіліксіз жарықтандырылмағандықтан қоймашы «3» санын «8» санына шатастырып алған және бөтелкені «8» деген ыдыстан толтырған. Тауар алуға ұсынылатын құжатта көрсетілгендей 6-8 ыдыстарында «Д» дәруменінің майлы ерітіндісі болған.

 

№16 есеп

Науқас А.-ны алдын ала медициналық тексеру кезінде астеновегетативті бұзылыстар, гипохромды анемия, токсикалық гепатит, гастрит, колит, невропатия белгілерінің бар екендігін анықталды. Шеткі қан анализі ретикулоцитозды және базофильді-түйіршікті эритроциттердің санының артқанын көрсетті. Тексерілушінің жолдасы мен ұлында ұқсас патология байқалды. Бір жыл бұрын әйелі жүкті кезінде түсік тастаған. Ұлы 10 жаста, бірақ оның сөздік қоры шектелген. Мектепте мұғалімдер оның сабақ үлгерімінің төмендігіне және ұшқалақтығына шағымданады. Науқасты сұрастыра келе, ол жанұя қаланың ортасында жер үйде тұратындығы және үй маңындағы учаскесінде өздері пайдалану үшін жеміс және көкөністер өсіретіндіктері анықталды. Сонымен бірге үй иелері қаймақ, сары май алу үшін сүтті өздерінің үйлеріндегі сиырдан алады. Қалада автокөліктің көп болу себебінен жолда жиі тығын болады. Әсіресе күз және қыс кездерінде тұман болып тұрады.

Тақырып № 8. ЕПМ-нің негізгі құрылым бөлімшелерінің ішкі жоспарлануын гигиеналық бағалау. Аурухана ішілік инфекциялар, олардың алдын алу - 4 сағат.

Мақсаты. Аурухананың негізгі құрылымдық бөлімшелерінің және арнайы мамандандырылған бөлімшелерінің ішкі жоспарлануын бағалауды және аурухана ішілік инфекциялардың алдын алу шараларын ұйымдастыруды үйрету жөніндегі білімді қалыптастыру.

Міндеттері:

1. Аурухананың арнайы мамандандырылған бөлімшелері мен негізгі құрылымдық бөлімшелерінің ішкі жоспарлануы мен орналасуына қойылатын гигиеналық талаптар жөніндегі білімді қалыптастыру;

2. Аурухана ішілік инфекциялардың алдын алуы жөніндегі шаралар кешені жөніндегі білімді қалыптастыру

3. Аурухананың арнайы мамандандырылған бөлмелері мен негізгі құрылымдық бөлімшелерінің ішкі жоспарлануының гигиеналық талаптарға сәйкес келуі жөніндегі дағдыны қалыптастыру.

4. Аурухана ішілік инфекциялардың алдын алу шараларын ұйымдастыру жөніндегі дағдыны қалыптастыру.

5.ЕАБ-нің санитарлық режиміне бақылау жүргізу жөніндегі дағдыны қалыптастыру.

Өткізу түрі: кіші топпен жұмыс істеу ситуациялық есептерді шешу, дискуссия


Тақырып бойынша тапсырмалар:

Тапсырма № 1. АІИ алдын алу бойынша шаралармен танысу

Тапсырма № 2. Ауауханалардың арнайы мамандандырылған бөлімшелері мен ішкі жоспарлануын гигиеналық бағалау бойынша ситуациялық есептерді шешу

Таратылатын материал: жоқ

Әдебиеттер:

Негізгі:

1. Гигиена / Под ред акад. РАМНГ.И.Румянцева. – М.:ГЭОТАР Медицина.2000. – С.360-392.

2. Пивоваров Ю.П.,Королик В.В., Зиневич Л.С. Гигиена и основы экологии человека.- Ростов н/Д: «Феникс»Ю,2002.-С.280-290.

3. Пивоваров Ю.П. Руководство к лабораторным занятиям по гигиене и основам экологии человека., 3-е изд.- М.:ГОУ ВУНМЦ МЗ РФ, 2004. – С.153-189.

4. Гурова А.И., Горлова О.Е. Практикум по общей гигиене.-М.:Изд-во Унив. Дружбы народов,1991.- 107-115

Қосымша:

1. Анамбаева А.Н. Гигиена лечебно-профилактических организаций. /Учебное пособие. – Алматы, 2003.- 66с.

2. Минх А.А. “Общая гигиена”, 1984. -С. 198-201.

3. Пивоваров Ю.П. и др. Руководство к лабораторным занятиям по гигиене М.: Медицина, 1983.- С. 59-64.

4. Румянцев Г.И. и др. Общая гигиена, М.: Медицина, 1985.- С. 230-245

5. Санитарные правила и нормы РК «Требования к устройству и содержанию больничных организаций и организаций охраны материнства и детства» от 4.06 2002 г.

Бақылау сұрақтары:

1. ЕАБ-ң негізгі құрылымдық бөлімшелері, олардың қолданылуы. ЕАБ қабылдау бөліміне, секциялық палатаға, емдік-диагностикалық бөлімшеге, рентгенологиялық функционалдық диагностикалық, анестезиология және реанимация, қайтадан қалпына келтіру, операциялық блокты жоспарлауға, бөлмелер құрамына және орналастыруға қойылатын гигиеналық талаптар.

2. Ас блоктарының орналастырылуына, жабдықталуына гигиеналық баға беру.

3. Ас блогының санитарлық тәртібіне қойылатын гигиеналық талаптар. Ыдыстар мен жабдықтарды зарарсыздандыру тәртібі. Ас блогының құжаттары.

4. Хирургиялық бөлімшелердің жоспарлануына және орналастырылуына қойылатын гигиеналық талаптар.

5. Жұқпалы бөлімшелер мен ауруханаларды жоспарлау және орналастыру принциптері. Қарау-қабылдау бокстары, жабдықталуы.

6. Акушерлік бөлімшелер мен перзентхана үйлерін жоспарлау қағидалары.

7. Балалар бөлімшелерін жоспарлау және орналастыру принциптері.

8. Емханалық бөлімшелерді орналастыру және жоспарлау ерекшеліктері.

9. аурухана ішілік инфекциялардың алдын алудағы санитарлық дәрігердің атқаратын жұмысы. АІИ алдын алу шаралары: арнайы және арнайы емес.

Ситуациялық есептер:

Есеп № 1

Аудандық аурухананың 2 қабатты павильонында жер учаскесінің түпкірінде, басқа аурухана ғимараттарынан асфальталынған жол арқылы бөлінген, жеке кіретін жолы бар, жұқпалы аурулар бөлімі орналасқан. Барлық аурулар бір қабылдау-қарау боксында қабылданды. Әрбір науқастан соң, бокс және науқасты әкелген санитарлық машина арнайы бөлмеде дезинфекциядан өтеді. Өте қауіпті инфекциямен ауырған науқастарды қабылдау-қарау боксынан өткеннен кейін, бөлімше дәлізі арқылы 1-қабатта орналасқан бокстарға аустырады. Тәуір болғаннан соң, олар бокстан сыртқы есік арқылы шығады. Ауа-тамшылық инфекциясымен аурғандар 1- қабаттағы бокстарда жайластырылған, ал басқа инфекциялармен аурғандар - 2-қабатта. Әртүрлі инфекциямен сырқаттанғандардың бәрі бір бөлімде орналасқан. Диагнозы анықталмаған науқастар, диагнозын анықтағанға дейін бөлек палаталарда орналастырылады, екі қабатқа да бір ғана жедел көтергіш пен шығып-түсу басқышы бар. «Таза» және «лас» жолдарға бөлуді, уақыт бойынша шектеу арқылы іске асырылады. Дәліздер екі жақты орналасқан, палаталар мен бокстар солтүстік шығысқа және оңтүстік батысқа бағытталған, палаталық және боксты бөлімшелерде асхана мен балалар ойнайтын бөлме бар. Асқазан–ішек инфекцияларымен ауратын науқастар бәрі бір канализация жүйесін пайдаланылады. Тағам қалдықтары залалсыздандырылып, ыдыс-аяқ жуғыш заттармен өңделеді, 80 градус ыстық сумен шайылады. Төсек - орындар бөлімінің ішінде жуылады. Аурулардың ауруханада болған кездегі жағдайы, оның микроклимат, жарық режимінің, желдету жүйесінің жұмысы мен жылыту, және сумен қамтамасыз етілуінің, ауаның химиялық және бактериялық ластануы көрсеткіштері бойынша бағаланды.

Қыста бокстың ішіндегі температура 15 - 20 град., температураның ауытқыуы көлденеңі боынша - 3,8 град., тігі бойынша - 2,6 град. Ауаның ылғалдылығы 80 %, ауа қозғалысының жылдамдығы- 0,06 м/сек, ауаның құрамындағы СО2 -0,30%.Бокста бір науқас бар, ауданы 15 м2,биіктігі-3 м.. Терезелері солтүстік-шығысқа бағытталған. ЖК-1:10. ТЖК- 0,5%. Палатадағы шамдардың меншікті қуаты- ­20 вт/м2. Ауаны дезинфекциялау БУВ-15 бактерицидтік шамы арқылы іске асырылады. Жасанды желдету: барлық бокстарға және палаталарға ауа берілуі және одан сорып акетуі бір каналмен жүргізіледі.. Ауа алмасу есесі: +1,5/ -2. Жылытатын құралдардың температурасы 56 град. аспайды. Сумен қамтамасыз ету - жергілікті, артезиан суынан. Судың сапасы:

Түсі - 20 град.

Мөлдірлігі – 20 см.

Иісі- 2 б

Дәмі - 3 б

сульфаттар - 520 мг/л

Хлоридтер - 120 мг/л

Жалпы кермектілігі - 10 ммоль/л

Аммиак - жоқ

Нитраттар - 10 мг/л

Фтор - 2,3 мг/л

Жалпы микроб саны - 150

Лямблий цисталары 50 мл суда –1.

 

Сұрақтар:

1. Жұқпалы аурулар бөлімін жоспарлаудын қандай принциптерін білесіз?

2. Аурухананың жер учаскесінде жұқпалы аурулар бөлімі дұрыс орналасқан ба?

3. Жұқпалы аурулар бөлімі басқа бөлімдерден қалай қоршалуы тиіс? Шешілетін есепте ережелер сақталған ба?

4. Жұқпалы аурулар бөліміне өз алдына жеке көлік кіретін жолы болуы керек пе.Неге?

5. Жұқпалы аурулар бөлімінің қабылдау бөлімшесі қалай ұйымдастырылуы керек?

6. Жұқпалы ауруларды басқа қабылдау бөлімі арқылы қарауға болады ма?

7. Қабылдау-қарау боксы дегеніміз не? Қандай бөлмелері болуы керек? Шлюз бен 2 шығатын есік болуы, оның сыртқысы екі есікті және тамбурлы болуы не үшін қажет?

8. Әртүрлі инфекциямен ауырған науқастар қалай қабылданады? Барлық ауруды бір бокста қабылдауға болады ма? Есептегі ауруларды қабылдау дұрыс ұйымдастырылған ба?

9. Қандай ауруларды қабылдау-қарау боксында қалдырады немесе емдеу үшін басқа бөлімдердің бокстарына ауыстырады? Ауруды бөлімге жатқызуды қалай жүргізеді: ішкі дәлізі арқылы ма, әлде қарайтын-қабылдайтын сыртқы есігі арқылы жибереді ме? Есепте ауруды жатқызу дұрыс жүргізілген бе?

10. Жұқпалы аурулар бөлімін жоспарлаудың ерекшеліктері. Барлық ауруларды бокстарда орналастыру керек пе?

11. Аурулардың жұқпалы ауруларының таралу жолдарына байланысты науқастар қалай орналасуы тиіс? Берілген есепте дұрыс орналастырылған ба?

12. «Таза»ң және «лас» жолдар дегеніміз не? Оларды қалай бөледі? Берілген есепте бұл талап орындалған ба? Ондай талаптарды орындалмау неге акеп соғыу мүмкін?

13. Жұқпалы аурулар бөлімінде дәліздердің қандай құрылысы оптималды болады, неліктен? Берілген есепте қандай?

14. Жұқпалы ауралар бөлімінің терезелері қай жаққа қарай бағытталауы тиіс, неліктен? Терезелердің солтүстікке, солтүстік –шығысқа бағытталуы неге акеп соғуы мүмкін?

15. Бөлімшедегі тағам қалдықтары мен ыдыс-аяқтар дұрыс өнделеді ме?

16. Аурлардың жалпы тұрмыстық канализацияны пайдалануылына болады ма, егер болатын болса, қандай жағдайларда?

17. Бокста микроклимат жағдайы қолайлы ма? Гигиеналық талаптарға сәйкес емес ауытқуларды атаңыз? Орын алып отырған микроклимат жағдайлары аурулардың ағзасына кандай әсер етуі мүмкін? Қолайлы микроклимат қамтамасыз ету үшін қандай шаралар жүргізу керек?

18. Бөлімде желдетуіш дұрыс ұйымдастырылған ба? Оның тиімділігін қандай көрсеткіштер бойынша анықтауға болады? Ауаның құрамындағы СО2 концентрациясы нені көрсетеді?

19. Жұқпалы аурулар бөлімдегі желдетудін мұндай неге әкеп соғуы мүмкін? Теріс салдарының алдын алу үшін қандай шаралар жургізу керек?

20. Бөлмелердің ауасын залалсыздандыру үшін бір экрандалмаған бактерицидті БУВ-15 шамы жеткілікті ме? Адамдар бар кезде оны қолдануға бола ма? Осы бөлмені зарарсыздандыру үшін қанша экрандалған БУВ-15 бактерицидтік шамы керек?

21. Судың сапасын бағалаңыз, медицина қызметкерінің жұмыс жағдайына және науқастардың ағзасына қандай әсерін күтуге болады? Судың сапасын жақсарту үшін қандай шаралар ұсынасыз?

22. Жұқпалы аурулар бөлімі жоспарлануы мен ішкі ортасының гигиеналық талаптарға сәйкес келуі туралы қорытынды беріңіз, жағдайды жақсартуға мүмкіндік беретін шараларды көрсетініз..

 

Есеп

4 қабатты аудандық аурухананың бас корпусының оң жақ шетінің 1-ші және 2-ші қабатында хирургия бөлімі орналасқан. 1-ші қабаттың сол жақ шетінде біріктірілген хирургия және терапия бөлімдерінің қабылдау бөлімшесі, анестезиология және реанимация бөлімі және операциядан кеінгі палаталар орналасқан; 2-ші қабатта – балалар бөлімі. Жоғарғы қабаттарында терапия, эндокринология, зертханалар және функционалды диагностика бөлімшелері орналасқан.

1-ші қабатта іріңді хирургия бөлімі орналасқан, 2-ші қабатта - травматология бөлімі. Бұл екі бөлімде өтпелі емес, палаталар дәліздердің бір жағында орналасқан. Палаталардың терезелері оңтүстік-шығысқа бағытталған. Бөлімнің құрамына палаталар, аурулардың күндізгі демалатын орны, дәрігерлер бөлмесі, емшара бөлмесі, медбике орындары, буфет, асхана, төсек-орын, шаруашылық бике бөлмесі, аға медбике және санитарлық бөлмелелер. Іріңді бөлімшесінде жара таңу бөлмесі бар, таза бөлімшедегі ауруларға жара таңулар процедура бөлмесінде жүргізіледі. Бөлімде 9 палата бар, әрқайсысының ауданы 30м2, 6 науқастан жатады, сондай-ақ, ауданы 10м2 2 төсекке есептелген 2 палата бар. Палатаның сыртқы қабырға мен төсектің арасындағы қашықтық - 0,3 м, төсектердің арасындағы қашықтық -1 м. Палаталардың биіктігі- 3,3, м. ЖК-1:8 ТЖК-1%. Жасанды жарық люминисцентік шамдардан тұрады, жарық деңгейі – 60 лк. Палаталардағы температура -28 градус, ылғалдылық - 55%, ауа қозғалысының жылдамдығы – 0,05 м/сек. Желдетілуі табиғи, 1 сағатта 1 рет 15мин. форточка арқылы (ауданы 40 см, ауа қозғалысы-0.5 м/сек) желдетіледі. Санитарлық жүйелер тек екі төсекті палаталарда ғана бар, басқа палаталардағы аурулар дәліздің шетінде орналасқан жалпы санитарлық жүйені пайдаланады. Палаталық дәліздің ені- 2м. Медбикенің орны бөлімге кіре берісте орналасқан. Оперблок ғимараттың оң жақ шетінде, хирургиялық палата бөліміне қарсы орналасқан, одан дәліз арқылы бөлінеді. Бірінші қабатта іріңді бөлімнің оперблогі, 2-ші қабатта таза бөлімнің оперблогі орналасқан. Науқастар оперблокқа операция алдындағы бөлме арқылы өтеді. Операция алдындағы бөлмеде хирургтар мен медицина қызметкерлері қолдарын дезинфекциялық өңдеуден өткізеді, киімдерін стерилді киімдерге ауыстырады. Ауруды операцияға соңғы дайындауды операциялық бөлмеде анестезиолог жүргізеді. Оперблоктың құрамында 3 операциялық бөлме бар, әрқайсысының аудандары-36 м2, биіктігі-3 м, 2 операциялық столға есептелген. Операциялық бөлмелердің арасында стерильдеу бөлмелері бар. Операциялық бөлмелерідің терезелері солтүстік-батысқа бағытталған ЖК- 1:7, ТЖК- 1%. Бөлмелер люминисценттік шамдармен жарықтанады. Жасанды жарық деңгейі - 280 лк. Желдету, кондиционер арқылы, ауа алмасу есесі +5 / -10, ауа төменнен беріледі. Операцияға дейін және операциядан соң дезинфекциялаушы заттармен өңдеу жүргізіледі және төрт экрандалмаған БУВ-30 бактерицидті шаммен 15 минут бойына сәлелендіру жүргізіледі.Операция жасайтын бөлменің температурасы 18-20 градус, ылғалдылығы-60-70 %, ауа қозғалысының жылдамдығы -0,3 м/сек. Температураның ауытқыуы көлденеңі боынша жазда – 2,6 град, қыста -2,1, тігі бойынша жазда - 3,1 град. және қыста - 1,8 град. Ауаның құрамындағы СО2 жазда -0,15%. Микроорагинзмдердің жалпы саны операцияға дейін-800, операциядан соң 2000, оның ішінде операцияға дейін1м3 ауда алтын түсті стафилококк -0, гемолитикалық стрептококк - 1, операциядан кейін әрқайсысы -6-дан. Сумен қамтамасыз ету –жергілікті су құбырынан, оларда авариялық жағдайлар болып тұрады.

Сынамаға алынған су сапасы:

Жалпы микробтар саны – 200

Ішек таяқшасы түрендігі бактериялардың жалпы саны 100 мл суда - 5

Нитраттар - 25 мг/л

Фтор - 1,2 мг/л

Аммиак - 0,25 мг/л

Нитриттер - 0,03 мг/л

Тотыққыштығы – 5 мг/л

Хлоридтер -150 мг/л

Сульфаттар - 80 мг/л

Жалпы кермектілігі - 5 ммоль/л

Иісі -3 балл

Дәмі-2 балл

Түсі -28 град

Мөлдірлігі-30 см

Кейінгі 2 жылда хирургия бөлімде операциядан кейінгі іріңді асқынулар мен асқазан ішек инфекцияларының саны көбейді.

Сұрақтар

1. Хирургиялық бөлімдерді жоспарлаудың қандай қағидаларын білесіздер?

2. Хирургиялық бөлім қандай бөліктерден тұрады?

3. Хирургиялық бөлімнің қабылдау бөлімшесі қалай ұйымдастырылуы керек?Басқа бөлімдердің қабылдау бөлімшесінде хирургиялық аурулдарды қабылдауға бола ма?

4. Аурухана корпусында хирургия бөлімі дұрыс орналасқан ба?Хирургиялық палата бөлімін қандай жерде орналастыру ұсынылады? Олар өтпелі болуы мүмкін бе?

5. Палаталық хирургиялық бөлімнің құрамында қандай бөлмелер болу керек? Есептегі бөлмелер құрамы талаптарға сәйкес келе ме?

6. Таза және ірінді ауруларды бір бөлмеде орналастыруға бола ма? Болмаса, қалай орналастырады? Берілген есепте осы талаптар сақталған ба? Талаптардың орындалмау неге әкеп соғуы мүмкін?

7. Көпшілік палаталарда талаптар бойынша қанша төсек болу қажет? 1 және 2 төсектік палаталар қанша болу керек? Еепте бул талаптар орындалған ба? Палаталардағы төсек санының көбеюі неге әкеп соғуы мүмкін?

8. Төсектердің және төсек пен қабырғаның аралықтары жеткілікті ме? Қандай болу керек?

9. Медбикенің орны қай жерде орналасу тиіс, неліктен? Есепте дұрыс берілген бе?

10. Дәліздер неге кең болу керек? Есептегі ені дұрыс па?

11. Есептегі сан. жүйенің орналасуы дұрыс па?

12. Оперблок қай жерде орналасуы қажет? Таза және іріңді аурулар үшін бір опер блокты пайдалануға болады ма? Есептегі берілген оперблок гигиеналық талаптарға сәйкес пе?

13. Тазалық дәрежесі бойынша оперблокта қандай зоналарды бөліп көрсетеді? Есепте қандай кемшіліктерді байқадыңыздар?

14. Бір столға есептелген операциялық бөлменің ауданы қандай? Бірнеше столға есептелген бір операциялық бөлме дұрыс па немесе бір столға есептелген бір операциялық бөлме дұрыс па?

15. Операциялық бөлмелердің биіктігі неге 3,6 м болуы тиіс? Операциялық бөлменің терезелерін қай бағытка бағыттайды? Неліктен?

16. Операциялық бөлмеде табиғи және жасанды жарыққа қойылатын гигиеналық талаптар сақталған ба?

17. Операциялық бөлмеде желдету қалай ұйымдастырылуы тиіс және неге олай? Кондиционирлеудің артықшылықтары мен кемшіліктері? Есептегі желдетудің ұйымдастырылуы гигиеналық талаптарға сәйкес келе ме?

18. Операциялық бөлмелердегі дезинфекциялық өндеу дұрыс жүргізіледі ме? Есепте ол қаншалықты тиімді, оның тиімділігі туралы сіз қандай көрсеткіштер бойынша пікірге келесіз?

19. Залалсыздандыру үшін қанша БУВ-30 шамдары керек, және оны қанша уақыт жүргізу керек?

20. Есептегі операциялық бөлмелер мен палаталардағы микроклимат жағдайына қанадай баға беруге болады?

21. Ауруханаға берілетін су қауіпсіз бе? Қандай көрсеткіштері юойынша қауіпсіз?

22. Операциядан кейінгі іріңді асқынулардың және аурухана ішілік ішек инфекциялардың көбеюнің себептері қандай деп ойлайсыздар?

23. Хирургия бөлімінің жоспарлануы мен ішкі ортасының гигиеналық талаптарға сәйкес келуі туралы қорытынды беріңіз, жағдайын жақсарту туралы шараларды ұсыныңыз?

Есеп

Облыстық аурухана құрамына кіретін перзентхана жеке 2 қабатты ғимаратта, негізгі емдеу корпусынан 10м қашықтықта және шаруашылық алаңынан 20м қашықтықта орналасқан. Ұзындық осі бойынша ғимарат батысқа бағытталған, басқа ғимараттардан 3м қашықтықта отырғызылған ағаштардың жасыл жолағымен қоршалған. Перзентхананың акушерлік бөлімінде 40 төсек, жүкті әйелдердің патология бөліміне 20 төсек және гинекология бөлімінде 40 төсектік орын бар.

Перзентханаға босанатын әйелдер бас есіктен кіреді, вестибюльден қаралу кабинетіне бағытталады, ол жерден дәрігер тексергеннен және туу жоспарын жасағаннан кейін санитарлық өңдеуге бағытталады, содан кейін физиологиялық немесе обсервациялық бөлімге түседі. Обсервациялық бөлімге дене қызуы көтерілген және терінің іріңді аурулары бар, сонымен қатар жұқпалы ауруларға күдікті босануға келген әйелдер бағытталады. Негізгі кіретін есік арқылы гинекологиялық бөлімге де аурулар түседі. Босанған әйелдерді перзентхананың физилогиялық және обсервациялық бөлімінен шығару бір бөлмеде жүргізіледі. Обсервациялық бөлімі бірінші қабатта, физиологиялық екінші қабатта орналасқан. Бір бөлімнен екінші бөлімге өту үшін баспалдақ немесе лифт пайдаланылады. Бұл бөлімдердің әрқайсысының құрамына босану алдындағы палаталар, босану блогы, операция блогы, қарқынды терапия палаталары, босанғаннан кейінгі палаталар және қосалқы бөлмелер кіреді. Емдік-диагностикалы





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2017-02-11; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 1422 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Велико ли, мало ли дело, его надо делать. © Неизвестно
==> читать все изречения...

2459 - | 2138 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.013 с.