Сұрақтар:
1. Балалар мен жасөспірімдер гигиенасының мақсаты мен міндеті, санитарлық дәрігердің жұмысының тәртібі.
2. «Денсаулық» анықтамасы. Денсаулық жағдайын бағалайтын көрсеткіштер.
3. Балалар мен жасөспірімдердің денсаулық топтары.
4. Физикалық даму-денсаулықтың негізгі көрсеткіші ретінде. Балалар мен жасөспірімдердің дамуының негізгі заңдылықтары, олардың гигиеналық маңызы.
5. Балалар мен жасөспірімдердің физикалық дамуының көрсеткіштері, анықтау әдістері.
6. Физикалық дамуды зерттеу әдістері: жекелендірілген және жалпылама.
7. Физикалық дамуды зерттеудің кешенді әдісі. Биологиялық дамудың көрсеткіштері.
8. Балалар мен жасөспірімдердің дене тәрбиесі, дене тәрбиесінің топтары.
9. Шынығу, принциптері. Шынығу түрлері мен заттары.
10. Күн тәртібінің физиологиялық негіздері. Оның құрамдас бөліктері.
11. Мектептерде балаларды оқытуды ұйымдастырудың гигиеналық қағидалары. Оқу үрдісін құру негізі ретінде оқушылардың жұмысқа қабілеттілікі динамикасы.
12. Оқытуды гигиеналық нормалау. сабақтың ұзақтығы, құрылымы, оқу күнін, аптасын, жылын құру, үзілістерді ұйымдастыру, оқу кестесін құрастыруда және бағалауда пәндердің қиындық шкаласын пайдалану.
13. Техникалық оқу құралдарымен, компьютерді қолданып оқу үрдісін ұйымдастыруға қойылатын гигиеналық талаптар.
14. Компьютермен жұмыс істеу кезіндегі денсаулық жағдайын әсер ететін негізгі факторлар.
15. Компьютерлік сыныптарда жұмыс бөлмелерінің, жұмыс орындарындағы жарықтануға, жабдықталуына қойылатын гигиеналық талаптар.
· Студенттің өзіндік жұмысын орындау нәтижесіне қарай білім деңгейін бақылау
Тапсырма №1.
Ситуациялық есеп бойынша баланың физикалық дамуын кешенді әдіспен гигиеналық бағалаңыз
Тапсырма №2.
Алынған мәліметтерді қолдана отырып, баланың денсаулық тобын анықтау.
Тапсырма №3.
Жалпы білім беру мекемелерінде оқу үрдісін ұйымдастыруға қойылатын талаптар бойынша оқу құралымен танысу
Тапсырма № 4.
· Сабақ кестесін бағалау бойынша ситуациялық есептерді шешу.
Ситуациялық есептер
Есеп
Борисова Таня
Туған күні – 1992 ж. 2 наурыз
Тексерілген күні 2005 ж. 10 мамыр
Биологиялық даму деңгейі
Бой ұзындығының жылдық қоспасы, см – 3,0
Тұрақты тістерінің саны – 28
Екінші жыныстық белгілерінің даму дәрежесі – АХ1 Р1 Ма1, менархе жоқ
Соматометриялық көрсеткіштері
Бой ұзындығы, см – 153
Дене салмағы, кг – 38,3
Кеуде торының шеңбері, см – 68,0
Соматоскопиялық көрсеткіштері
Дене бітімі дұрыс, терісі және көрінетін қабықшалары таза. Бұлшық еттерінің дамуы нашарлау. Тері асты май қабаты жоқ. Дене тұлғасының мүсіні дұрыс. Омыртқасының деформациясы жоқ. Жалпақ табан.
Физиометриялық көрсеткіштері
Оң қолының күші – 20,0
Сол қолының күші – 18,0
Өкпесінің тіршілік сиымдылығы, мл – 2200
Пульс жиілігі,мин – 74,0
Мах.қан қысымы, мм.рт.ст. – 100
Мин. Қан қысымы, мм.рт ст. – 60
Тыныс алу жиілігі, мин. – 19
Денсаулық жағдайы
2,5 - жасында корь ауруымен ауырды,асқынусыз, 4 - жасында паротитпен, 9 жасында – жұқпалы гепатитпен. Диспансерлік есепте тұрмайды.Жылына 5 – 6 реи суық тигендегі аурумен ауырады.
Есеп
Бобров Валера
Туған күні – 1992 ж. 12 қаңтар
Тексерілген күні 2005 ж. 15 наурыз
Биологиялық дамуы
Бой ұзындығының жылдық қоспасы, см – 5
Тұрақты тістерінің саны – 20
Екінші жыныстық белгілерінің даму дәрежесі – АХ0 Р0
Соматометриялық көрсеткіштері
Бой ұзындығы, см – 148
Дене салмағы, кг – 49
Кеуде торының шеңбері, см - 78
Соматоскопиялық көрсеткіштері
Дене бітімі дұрыс,терісі және көрінетін қабықшалары таза.Бұлшық еттерінің дамуы нашарлау.Тері асты май қабаты жоқ.Дене тұлғасының мүсіні дұрыс.Омыртқасының
қисаю бар (сколиоз), дене мүсіні алға қарай еңкіш, иықтары салбыраңқы,.
Физиометрикалық көрсеткіштері
Оң қолының күші – 19,0
Сол қолының күші – 18,0
Өкпесінің тіршілік сиымдылығы, мл – 2200
Пульс жиілігі,мин – 79,0
Мах.қан қысымы, мм.рт.ст. – 98
Мин. Қан қысымы, мм.рт ст. – 58
Тыныс алу жиілігі, мин. – 20
Денсаулық жағдайы
Бала жиі суық тию ауруларымен ауырады. 4-жасында скарлатинамен ауырған,. Диспансерлік есепте ревматизм ауыруы бойынша тұрады, кейінгі 2 жылда ревматикалық процестің белгілері білінбейді.
Есеп
Петрова Оля
Туған күні – 1992 ж. 28 наурыз
Тексерілген күні 2005 ж. 20 мамыр
Биологиялық дамуы
Бой ұзындығының жылдық қоспасы, см – 6,0
Тұрақты тістерінің саны – 26
Екінші жыныстық белгілерінің даму дәрежесі – АХ2 Р2 Ма 2 менархе жоқ