Упрощенная HTML-версия
К полной версии
Содержание
Стр. 190
Стр. 192
Қазақстанның ашық кітапханасы
—
Қашты, қашты!.. Үр, соқ, тапа! -—деген дауыстар шабуылдың қол-төмпеш кезеңіне
кіріп қалғанымызды аңғартады.
Матрос бар салмағын маған салып, әлі сүйеніп тұр. Әл-дәрмені біткен көрініп тұрған
жалғыз кезден қуаныш жасы бұршақтай домалайды. Матросты бір құлап жатқан тас
аққудың үстіне отырғыза беріп:
—
Сен енді дем ал, жолдас... Қазір санитарлар да келер...— дедім, ілгері қарай жүгіре
жөнелуге ыңғайланып. Матрос иығыма аюдай асыла құшақтай алып тура келді де:
—
Дем ал!.. Алға деген әмір жалғыз саған ғана айтылған ба екен? — деп, жұлқынып
алға қарай ұмтылды. Сылти адымдап, қиралаңдай секіріп, біраз ғана жер менімен
қатарласып отырды да, кейіндей берді. Толып жатқан жарасын елегісі келмей, қарлығып
қалған даусымен «ұр! Тапа жыланды»! деп, кек күшімен ғана жүгіріп келе жатқан
адамның азабына мен шыдай алмай, озып кеттім.
—
Алға!..— деп қырылдаған дауыс қала барды.
Орыс ұлдарының әрнеге де шыдамдылығында шек жоқ сияқты. Қырық жерден қапы
сорғалап жатса да қыңқ ету дегенді білмейді олар. Түнде кездескен жаралы солдат та,
мына матрос та сол шыдамды орыс ұлдары еді. Бірі айқасты тағы бір көргісі келіп,
басымды жоғары көтеріп отырғызып кетіңдер деп еді, бірі, міне,— әл-дәрменнің бар-
жоғына қарамай, айқасқа тағы бір кіргісі келеді. Мүмкін, бұл — өмірмен оңай қоштаса
алмаудың бір белгісі болар, мүмкін, бұл — «Сұңқар жырының» әсері болар. Мүмкін...
Горький жырлаған сұңқары осылар болар...
Таң ата жау қолы жығыла-сүрініп, құлай қиратылып қаладан шықты. Бұл шегіну емес,
апалаң-топалаң, қашу еді. Қашу деген әскер өміріндегі ең бір абыройсыз, ашылған
шашылғаныңа қаратпайтын хал. Осынша үркіп, осынша ұшырап бара жатқан жау қолы
тағы да есін жиып, да қарсыласар-ау деп ойлай алмайтындайсың!.. «Ақтабан
шұбырынды» деген сияқты, сай-сала, жіңішке соқпақтармен шұбырған босқын «Алқакөл
сұламасына» қарай өтіп бара жатыр. Таланып қалған бұралқы иттей, артына бұрылып арс
етуге де шамасы жоқ, әр тасадан бір қылт етіп қалады.
Арса-арса боп сүйегі ғана қалған үлкен қала әлі түтіндетіп жатыр. Қаланың кейбір жерлері
құлап та болған, жанып та болған; ескі моладай опырылып, түтін де жоқ, үн де жоқ,
сарала күлге айналып, үйіліп қалған. Бұл маңайда ит те үрмейді, мысық та жолыңды кесіп
өтпейді. Денесіндегі жараларын күнге тосып, қала дәрменсіз талықсып жатқандай
сезіледі.
Осы үйілген күлдерге, опырыла құлаған үйлерге тіреліп, тоқтап қалған көп машиналар
тұр. Алдыңғы жағын қирата жол салып барып, ақырында кептеліп қалған танкылар көп
кешелерді тығындап тастапты. Орта көшелердің көбі осындай сығылысып, соқтығысып,
шайнасып қалған кек темір, жаяу адамды да өткізбейді.
Біз қашанғы әдетіміз бойынша, қалаға бұрын кіріп, соң шығамыз... Қазір жарым-жарты
сау қалған үйлердің астына түсіп, төбесіне шығып, бұғып қалғандарды тұтқынға алып
жүрміз. Бет-ауыздары қарала, торала, тізелері күстен жылтырап тұрған екі жүздей адамды
Сережа мен Самед соңымыздан айдап келеді.
—
Сендердің қаруларың қайда? — дейді Вася Гришин, әрқайсысына бір төніп.
Тұтқындар көшеде шашылып жатқан автоматтарды нұсқайды:
—
Әне жатыр ғой!.. Аз көріп тұрмысың? —дегендей, Васяға ренжіп қарасады.